Тақырыбы: Керамзитті бетон Орындаған: стр-21-1м тобының магистранты Ж. Демесбаева Қабылдаған



жүктеу 432,53 Kb.
бет10/31
Дата19.02.2022
өлшемі432,53 Kb.
#37543
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
керамзобетон

Керамзитті құм – бөлшек өлшемдері 0,14-5 мм болатын жеңіл бетондар мен ерітінділердің толтырғышы, оны айналмалы және шахталы пештерде сазды құмдарды күйдіру кезінде немесе керамзиттің аса ірі кесектерін ұсақтау жолымен алады (сурет 1-ді қараңыз) [1].

Сурет 1 - Керамзиттің әртүрлі фракциялары


Айналмалы пештерде қарапайым технологияны қолдана отырып, керамзитті құмдарды өндіру тиімсіз. Құмды фракцияның кейбір қоспалары керамзитті қиыршықтас өндірісі кезінде термоөңдеу үрдісі барысында түйіршіктер бөлігінің бұзылуы есебінен түзіледі, алайда ол аса ауыр әдіс, себебі сазды шикізаттың ұсақ бөлшектері айтарлықтай кебінбейді (яғни, саз пиропластты күйге өткенге дейін газ түзілу қоры сарқылып қалады). Сонымен қатар, жоғары температуралар аумағында ұсақ түйіршіктер ірі бөлшектерге қарағанда көбірек қызады, осындай жағдайда олардың балқып, қиыршықтас дәндеріне жабысуы мүмкін.

Көптеген өндірістерде керамзитті құмды - керамзитті қиыршықтасты дестелейтін ұнтақтағыштарда ұсақтау арқылы алады. Ұнтақталған керамзитті құмның өзіндік құны жоғары болады, себебі ұнтақтауға қосымша шығындар жұмсалады, сондай-ақ, құмның шығымы ұнтақталған қиыршықтас көлемінен әрдайым төмен болады. Құмның шығу коэффициенті 0,4-0,7 құрайды, яғни орта есеппен 1м3 қиыршықтастан шамамен 0,5м3 ұсақталған керамзитті құм алынады. Осындай жағдайда оның үйінді тығыздығы екі есеге артады.

Қазіргі таңда керамзитті құмды алу үшін қайнау қабатында күйдіру технологиясы тиімді деп саналады.

Тік пешке кептірілген сазды ұсақтау жолымен алынған немесе пластикалық тәсілмен арнайы дайындалып, кейіннен кептірілген түйіршіктерден алынатын ірілігі 3 немесе 5 мм дейінгі сазды үгінділер салынады. Пештің астынғы бөлігіндегі торлы (кеуекті) қабат арқылы қысым астындағы ауаны және газ тәрізді отынды (немесе оқшаулағыш оттықтан ыстық газдар) береді.

Газдарды берудің белгілі-бір жылдамдығы кезінде сазды үгінділер қабаты қопсиды, жалған сұйықталған күйге өтеді, ал жылдамдықты одан әрі жоғарылатқан кезде қайнай бастайды. Газ тәрізді отын қайнау қабатында жанып таусылады. Жылу алмасуды қарқындату көмегімен қайнау қабатында материалдың жылдам және бірқалыпты қызуы орын алады. Саздың бөлшектері 1,5 минуттың ішінде күйдіріліп, кебеді. Күйдіру пешіне орналастырудан бұрын сазды үгінділер термодайындау реакторының қайнау қабатында 300°С дейін қыздырылады, ал күйдірілгеннен кейінгі дайын құм тоңазытқыш құрылғының қайнау қабатында салқындатылады. Алынатын керамзитті құмның үйінді тығыздығы – 500-700 кг/м3. Керамзитті құмның дәндік құрамына қойылатын талаптар табиғи құмға қойылатын талаптарға ұқсас болады, тек мұнда ірі фракциялар көбірек болуы тиіс.

Қасиеттері және өзіндік құны бойынша айтарлықтай тиімді керамзитті құмды алу проблемасын толығымен шешілген мәселе деп айту қиын. Керамзитті бетонды алу кезінде ұсақ толтырғыш ретінде кебінген перлит және табиғи құм жиі қолданылады.




жүктеу 432,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау