Тақырыбы: Керамзитті бетон Орындаған: стр-21-1м тобының магистранты Ж. Демесбаева Қабылдаған



жүктеу 432,53 Kb.
бет18/31
Дата19.02.2022
өлшемі432,53 Kb.
#37543
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
керамзобетон

2.3 Байыту

Керамзитті қиыршықтасқа қатысты қолданылатын «байыту» ұғымы оларды дәндерінің тығыздығы бойынша кластарға бөлуді білдіреді. Олардың аса жеңілдері қопсылған дәндерге бай, ал аса ауырлары – төмен қопсылған, бірақ аса берік дәндермен байытылған болып есептеледі.

А. А. Эльконюк және басқалар аралық салмақ бергішсіз қайнау қабатында керамзитті қиыршықтастың сепарациялану мүмкіндігін анықтады. Мұндай жағдайда салмақ бергіш ретінде керамзитті қиыршықтастың өзі қызмет атқарады. Ол торлы түбі арқылы желдеткішпен ауа ағыны берілетін сепаратордың жіктегіш камерасына үздіксіз түрде беріледі. Ауа берудің белгілі бір жылдамдығы кезінде жалған сұйылу тәртібі құрылады, және керамзитті қиыршықтас қабаттарға бөлінеді: салыстармалы түрде ауыр дәндер төмен түседі, ал жеңіл дәнедер қабаттың беткі бөлігінде шоғырланады, кейіннен оларды жеке бөліп алады.

Егер, жоғарыда келтірілген сепарациялаудың екі тәсілін – яғни аралық салмақ бергішпен және салмақ бергішсіз тәсілді салыстыратын болсақ, онда бірінші жағдайда сепарация тиімділігі абсолютті болады (белгілі бір тығыздыққа ие ортада жеңіл дәндер бетіне шығады, ауыр дәндер төмен орналасады), ал екінші жағдайда ол тығыздықпен тікелей байланысы болмайтын дәндердің ірілігі, дәндік құрамы, формалары және басқа да факторларға тәуелді болады. Сол себепті аралық салмақ бергішсіз бөлу кезінде жеңіл класта ауыр дәндер болуы мүмкін және ауыр класта – жеңілдер. А. А. Эльконюк деректері бойынша сепарацияланған жеңіл және ауыр керамзиттің үйінді тығыздығын нұсқалау коэффициенті бастапқы нұсқалау коффициентінен екі есе төмен. Осындай жағдайда аралық салмақ бергішсіз сепарация технологиясы және үрдістің аппараттық жабдықталуы жеңілдетіледі.

Керамзитті қиыршықтас және басқа да кеуекті толтырғыштар құрғақ сепарация жағдайында ғана байытуға жатады, әрі оларды ылғалдандыруға болмайды деп есептеледі, себебі ҚР СТ 948-92 бойынша жеткізілетін керамзитті қиыршықтастың ылғалдылығы 2% артық болмауы тиіс. Алайда осы шектемелер тек жеткізілетін қиыршықтасқа ғана қатысты, ал оны пайдалану барысында технологиялық қажеттілігіне қарай ылғалдандыруға болады. Жеңіл бетондар технологиясында кеуекті толтырғыштардың бетондық қоспадан суды сіңіруін азайту мақсатында алдын ала ылғалдандыруға кеңес беріледі.

Осыған орай, автордың пікірінше, жекелеген жағдайларда керамзитті қиыршықтастың суда сепарациясын жүргізу тиімді. Ұсынылған сепаратор екі қырғыш транспортермен жабдықталған суы бар ванна түрінде болады, олардың біреуі ванна түбіне бататын керамзитті, ал екіншісі бетіне қалғыш шығатын керамзитті бөліп алады. Сепарацияға берілетін керамзит суда 5с артық болмайды. Су – керамзитті дәндерінің тығыздығы бойынша екі класқа бөліп алу бойынша лайық орта болып табылады.

Осылайша, керамзиттің біртектілігін арттырудың екі жолы бар: оның біріншісі өндіріс технологиясын жетілдіруге, шикізатты ортақтандыруға және т.б. негізделеді; екіншісі – дайын өнімдерді дәндерінің тығыздығы бойынша кластарға бөлу.

Бірінші жол аз үміт күттіреді, себебі шикізат өңдеуді жақсарту, термоөңдеу тәртіптерін тиімдендіру, және басқа да сол сияқты іс-шаралар керамзиттің сапасын жоғарлатады, бірақ оның біртектілігі біршама ғана артады: әрбір түйіршіктер өзінше қопсиды, әрі түйіршіктердің өзара ұқсас болуына қол жеткізу мүмкін емес, сондай-ақ, пештегі олардың қабыну жағдайы бірдей бола бермейді. Осындай жағдайда шикізат өңдеуді жақсарту, тәртіптерді тиімдендіру қосымша шығындарды талап етеді және өнімнің шығымын төмендетуі мүмкін.

Сондықтан басқа жол ұсынылады: керамзит өндірісінің бірінші сатыларында негізгі критерийлердің бірі – минималды шығындар жұмсай отырып, көбірек өнім алу, кейіннен дәндер тығыздығы бойынша дайын керамзитті қиыршықтасты сепарациялау жолымен қасиеттері және қолданылуы бойынша әртүрлі кластарға жататын сұрыпталған өнім алу болып табылады. Бұл керамзиттің өндіріс көлемін арттыру және өзіндік құнын төмендетуді үйлестіретін керамзит сапасын арттырудың шынайы жолы болып саналады.


жүктеу 432,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау