|
Тақырыбы: Жергілікті деректер қорының жұмысын программалау
|
бет | 2/4 | Дата | 11.09.2022 | өлшемі | 32,56 Kb. | | #39211 | түрі | Программа |
| 5-ПРАКТИКАДеректерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтерді ұсыну құрылымын өзгерту, сонымен қатар деректер базасының элементтері арасындағы қатынастарды орнату мүмкіндігін береді.
Деректерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасынан онда сақталған мәліметтерді оқу және оларды қолдану мүмкіндігін береді.
Деректерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасын өзгерту, яғни оған жаңа мәліметтерді қосу, сонымен қатар онда бар мәліметтерді жаңарту немесе өшіру мүмкіндігін береді.
Рұқсат алуды басқару. SQL көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды бекітілмеген рұқсаттан қорғауға болады.
Деректерді біріктіріп қолдану. SQL бір-біріне кедергі жасамас үшін қарама-қарсы жұмыс істеп отырған қолданушыға деректерді біріктіріп қолдануды үйлестіреді.
Деректердің бүтіндігі. SQL келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің қабыл алмауын бұзғандардан қорғай отырып, деректер базасының бүтіндігін қамтамасыз етуге рұқсат етеді.
Сондықтан SQL ДББЖ-мен әрекеттесу үшін жеткілікті түрдегі қуатты тіл болып табылады. Сонымен қатар, SQL тілі бүгінгі таңда реляциялық деректер базасымен жұмыс істеуге арналған жалғыз стандартты тіл болып отыр.
SQL тілінің жетістіктері. SQL – деректерді басқаруға арналған әмбебап программалық құрал. SQL тілінің жетістіктерінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:
нақты ДББЖ-нен тәуелсіздігі;
бір есептеуіш жүйеден басқасына ауысатындығы;
стандарттардың барысы;
IBM компаниясымен мақұлдау;
Microsoft компаниясы жағынан қолдау;
реляциялық негіз;
ағылшын тілін еске түсіретін жоғарғы деңгейлі құрылым;
арнайы интерактивті сұраныстарды орындау мүмкіндігі;
деректер базасына программалық рұқсат алуды қамсыздандыру;
деректерді әртүрлі ұсыну мүмкіндігі;
деректер базасымен жұмыс істеуге арналған толық құнды тіл;
деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;
клиент-сервер архитектурасын қолдау.
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы дербес компьютерлерде деректерді басқаруға арналған SQL тілінің стандартты құрал болуының себептері болып табылады.
SQL -тілінің командалары бірнеше топқа бөлінеді. Командалардың негізгі типтері келесідей:
DDL(Data Definition Language )- мәліметтердің анықталу тілі. Бұл топтың командалары мәліметтер қорының объектілерінің құрылымын құру және өзгерту(мысалы, кестелерді құру және жою үшін) үшін пайдаланылады.
DML(Data Manipulation Language)- мәліметтердә басқару (манипуляция) тілі. DMLкомандалары мәліметтер қоры объектілеріндегі ақпараттарды басқару үшін пайдаланылады.
DCL (Data Control Language)-мәліметтерді басқару тілі. Сәйкес командалар мәліметтер қорында сақталған ақпаратқа кіруді басқаруға арналған.
DQL (Data Query Language)-тілі. Бұл жиі қолданылатын командалар, мәліиеттер қорына сұранымды құруға арналған.(Сұраным дегеніміз сәйкес ақпаратты алу мақсатында мәліметтер қорына хабарласу.
Мәліметтер қорын администрациялау командалары әрекеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру және өндірілетін операцияларыды анализдеуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|