«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен ізгілендіру (кірікріру, интеграция) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерінің ғылыми негіздеуінде педагогика ғылымдарының докторы М



жүктеу 401,65 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі401,65 Kb.
#17670

Мектепте жаратылыстану пәндері мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау арқылы оқытудың жолдары

Мұңайтбасова Күләш Хамитқызы

Атырау қаласы, С. Мұқанов атындағы №10 орта мектебі

химия, биология және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен интеграциялау (ықпалдастыру, кіріктіру) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда қарастыру мен негіздеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс, - делінген [4,13]. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер бойынша сабақ барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.

Халықтық тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Ғалымдардың пайымдауынша пәнаралық интеграциялаудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылуда. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасу деп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай интеграцияны білдіреді. Ал блоктік интеграция  дегеніміз жалпы білім беру бағдарламалары ның жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы [4].

Осы орайда биология мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыруда «Адам денсаулығы және рухани құндылықтар» атты кіріктірілген таңдау курсының авторлық бағдарламасы құрастырылды.

«Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» атты кіріктірілген курс өзін - өзі тану, биология, химия және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жүзеге асырылады. Аталған таңдау курсы 34 сағатқа негізделіп 8-9 cыныптарға арналған. Курс өзін-өзі тану, биология, қазақ әдебиеті пәндерінің Қазақстан республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізге алып құрастырылды. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен интеграция арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерінің ғылыми негіздеуінде ғалымдардың пайымдауынша, рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп оқыту барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.



Биологиядан адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасын адам ағзасына тән жүйелерді (жүйке, тірек-қимыл, ас қорыту, тыныс алу, қан айналым т.б.) өту барысында жүйелерге тән ауру түрлері және оларды алдын алуды қарастырғанда салауатты өмір сүру үшін адам бойында жақсы қасиеттер, рухани құндылықтардың болуы адамның ауруды алдын алуына себептердің бірі болып табылады. Қоғамдағы ең басты құндылық – адам. Ал адам құндылығы –денсаулық. Адам толық қанды өмір сүру үшін ең қажетті –адам денсаулығы. Дені сау адам ғана қоғамға пайдалы өз үлесін қосуды мақсат етіп қояды. Курсты өту барысында оқушыларға адамның ауруға шалдығу себептерін: зат алмасудың бұзылуы, дұрыс тамақтанбау, экологиялық жағдайлар, жүйкенің тозуы (cтресс), тұқымқуалау аурулары, ағзаға зиянды заттарды (ішімдік, темекі т.б.) пайдаланумен қатар адам бойындағы теріс қасиеттер – қызғаншақтық, сараңдық, көрсеқызарлық, ашуланшақтық, ызақорлық т.б.адамның ішкі мүшелердің сырқаттануына әкеліп соғары сөзсіз. Сонымен қатар ұзақ өмір сүрудің кепілдіктерінің (себептерінің) бірі – еңбекқорлық. Соның ішінде өз жұмысына қызығушылықпен, жауапкершілікпен қарай отырып, жоғары нәтижеге жетуді көздеу. Сабақты өткізу барысында денсаулық сақтау технологиясы, жобалау, сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық –компьютерлік технология орнымен тиімді пайдалану кеңінен жүзеге асырылады. Осы курс арқылы акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтары зерттейтіндігін және жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған адамның жоғары дәрежеде дамуы жөнінде ғылым екендігіне көз жеткізу. Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, болашақта баланың өздігінен білім алуына, өзін-өзі түзетуіне, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігін ашып, дамытуды осы кіріктірілген курс арқылы жүзеге асыруға болатынына ықпал ету.Себебі баланың жас кезінен өзін-өзі реттеп, алған білім, білік, іскерлігі оның даму жолындағы алға қойған мақсаттарына жетуіне қажет екендігі сөзсіз. Сабақта теориялық және практикалық білімдерді меңгертуде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әлемдік мәдениет жетістіктері ескеріліп жүзеге асырылады. Сол себепті осы таңдау курсы арқылы оқушылар адамгершілік қасиеттер адамды жақсылыққа итермелейтінін және тән мен жанның тазалығы қатар жүргенде ғана адамның табиғатпен үйлесімділігінің арқасында ұзақ, әрі салауатты өмір сүруге болатындығын дәлелдеу. Қоғамдағы мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты жандандыру. Рухқа деген махабатты қалыптастырып, дамыту. Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Өткізілетін курстың жаңалығы: Жаратылыстану және өзін-өзі тану пәндерін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыға рухани адамгершілік білім мен тәрбиені қалыптастырып дамытуда жүйелі, бірізділікпен, үйлесімді, тағылымды теориялық білімдерінің рухани биікке жетулеріне ықпал етіп, алған білім, тағылымдарын өмірде қолдануларына бағыт беру. Оқушыларға акмеология ғылымының негізін беріп, болашақта жетістіктерге, білім мен ғылымның шыңына жету үшін рухани құндылықтардың бірі – еңбекқорлыққа баулу.

Өткізілетін курстың педагогикалық маңыздылығы:

Қоғамда мектеп, оқушы, ата-ана осы үштік арасындағы байланысты нығайтуда өзін-өзі тану пәнін басқа жаратылыстану және гуманитарлық пәндермен кіріктіріп оқытудың нәтижесінде қол жеткізуге болатындығын дәлелдеу. Негізгі бағыт – адамның өзін-өзі тануда адам денсаулығы, оны алдын алуда дүниенің біртұтастығы мен деннің саулығы адамның позитивті көңіл күйінің септігін ашу. Педагогикалық маңыздылығының бір аспектісі жеке мұғалімнің ұжыммен, оқушымен, ата-анамен қоян қолтық жұмыстануы. Оқушының болашақта кіріктірілген пән арқылы қоғамда өзіндік тұлғасын қалыптастырып, дамуына септігін тигізері сөзсіз.Соның нәтижесінде жалпы мектепте оқу-тәрбие жұмысының жандануы мен нәтижелілігіне, салауатты өмір денсаулық сақтау технологиясы арқылы үлес қосу.



Курстың мақсаты: интеграциялау оқыту принципі арқылы жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы болғандықтан кіріктіру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани құндылықтар ұғымдары және ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп оқыту барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, дамуына ықпал етері сөзсіз. Жеке тұлға өзінің болашағына мақсат қойып, өз бойындағы қабілеттіліктері мен мінез ерекшеліктерін ескеріп, мамандық таңдауына әсер ету.

Курстың міндеттері:

  • адам бойындағы жағымды қасиеттердің денсаулыққа әсерін рухани құндылықтарды аша отырып меңгерту;

  • жаратылыстану пәндерінің ішінде тәнтанудан адам денсаулығын сактауды алдын алуда өзін-өзі тануына, баланың жас кезінен өзін-өзі реттеп, алған білім, білік, іскерлігі оның даму жолындағы алға қойған мақсаттарына жетуіне ықпал ету;

  • сабақта теориялық және практикалық білімдерді қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әлемдік мәдениет жетістіктерімен байланыстырып меңгерту;

  • таңдау курсы арқылы оқушылар адамгершілік қасиеттер адамды жақсылыққа итермелейтінін және тән мен жанның тазалығы қатар жүргенде ғана адамның табиғатпен үйлесімділігінің арқасында ұзақ, әрі салауатты өмір сүруге болатындығын дәлелдеу;

  • жаратылыстанудан алған білімдерін өзін-өзі танып білуіне әдеби шығармалар, аңыздар арқылы қол жеткізу;

  • оқушының салауатты өмір сүруін болашаққа мақсат қойып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;

  • әрбір ата-ана өз балаларының болашағына балалық кезінен назар аударып, тұлға болып қалыптасып, өзінің мені бар баланы тәрбиелеуге мектеппен байланысын нығайту. Бұрынғы бағдарламадан аталған бағдарламаның ерекшеліктері:

Бұрынғы бағдарламада рухани құндылықтарды оқушы бойында қалыптастыруда бір бағытта және қазақ әдебиеті мен салт – дәстүрлер басымырақ қарастырылған. Ал жоғарыда аталған авторлық курстың ерекшелігі бұрынғы курстың негізін кең көлемді жаратылыстану ғылымы, соның ішінде биология, химия пәндерімен үйлесімді байланыстыру арқылы өзін-өзі тануына, бағалауына, жетілдіруіне фундаменталды ғылым арқылы қызықтырып жеткізу. Аталған курсты апробациядан өткізу барысында оқушы өзінің анатомиялық, физиологиялық, гигиеналық ерекшеліктерін терең меңгеріп, естерінде жақсы сақтау үшін ақын-жазушылардың тағылымды еңбектерімен байланыстырып, өмірлік мысалдармен кең танымал шығармашылықпен еңбек еткен және қазіргі таңда жетістіктерге жетіп жүрген өздеріне белгілі адамдарды (жас, орта жас, қарт адамдар) үлгі ету. Өзінің болашағының нәтижелі болуына мақсат қойып, жүзеге асыра білуіне көмектесу. Курстың негізгі ерекшелігі қоғамдағы ең басты құндылық - адам, ал адам құндылығы – денсаулық. Сондықтан бұл курста денсаулықты сақтау, ауруды алдын алуда ғылыми дәлелденген себептерден басқа рухани құндылықтардың әсерін мысалдармен дәлелдеп жеткізу, оқушыға, ата-анаға, ұжымдағы қызметкерлерге ой салу.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында қатысатын балаларды жасы – 13-14 жас аралығы

Күтілетін нәтижелер:

  • биологиядан тәнтануды өзін-өзі тану пәнімен кіріктіріп оқытуда негізгі биологиялық ұғымдардың мәнін терең түсініп, теориялық білімдерін өмірде қолдана білуіне рухани құндылықтардың әсерін меңгеріп, сезінуі;

  • жан сұлулығы мен тән сұлулығын тани білуі;

  • Өзін, өзгені, қоғамды, әлемді, адамзатты тануына мүмкіндіктер жасап болашақ мүмкіндігіне мақсат қоя біліп, іске асыруын бақылау;

  • әрбір оқушы қайталанбайтын жеке тұлға екендігіне көз жеткізіп, өзін-өзі сыйлауына, реттеуіне, рухани құндылықтардың адам денсаулығына оң ықпалын тигізетіндігін, салауатты өмір сүруіне баулу;

  • адам бойындағы негативті қасиеттер мен теріс ойлар денсаулықтың төмендеуіне әкеліп соғатындығы туралы ғылыми дәлелдермен меңгеру;

  • қазақ салт-дәстүрлерін, әлем мәдениетінің жетістіктерін сабақтың тақырыбына сай пайдалану арқылы өз ұлтына деген сүйіспеншілік, басқа ұлт мәдениетінің жақсы жақтарын негізге алып, өз бойларына дарыту;

  • Абай, Мәшhүр Жүсіп, Баласұғыни, Шәкәрім тағылымдары рухани биікке бастайтынына көз жеткізу;

  • өз ой пікірін жинақтап, сауатты, мәдениетті түрде жеткізе білуде сөйлеу шеберлігіне мән беру;

  • жеке тұлға ретінде алға қойған мақсатына жетуде рухани құндылықтардың ішінде еңбекқорлықтың ролін сезіну;

  • өз бойларындағы жағымсыз эмоциялардың өзінің денсаулығына, қоршаған адамдарының көңіл-күйіне теріс әсерін түсініп, өзін-өзі реттеп, тежей білуге бағыттау;

  • теріс әрекеттерден аулақ болуда ортада өзін ұстау, өз пікірінде тұру, басқаның сөзіне, іс әрекетіне еліктемей өзіндік қасиеті мен құнын жоғалтпау;

  • мамандық таңдауында өзіндік білімі мен талғамын, таңдауын, қызығушылығын ата-анамен, ұстазбен ынтымақтастықта шеше білу.

Курстың мазмұны

Кіріспе (2 сағат)

Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Адам гигиенасы. Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негізін қалаушы ғалымдар. Денсаулық түрлері (қоғамдық, экологиялық, рухани (ойдың), эмоциялық денсаулық).


І. Ішкі мүшелердің зақымдануы, ауруды алдын алуда рухани құндылықтардың оң әсері (11 сағат) Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуынан туындайтын ауру белгілері мен ауруларды алдын алуда рухани құндылықтардың рөлі . Жүйке жүйесінің гигиенасы. Темекінің жүйке жүйесіне әсері. Салауатты өмір сүруде дене шынықтырудың, дұрыс тыныс алу ережелері. Алкогольдің жүйке жүйесіне әсері. Адами қасиеттер. Денсаулық үшін күрес.Көру мүшесі – көздің гигиенасы. Адамның өмірге көзқарасында рухани құндылықтардың маңызы. Көру мүшесі – көздің гигиенасы. Адамның өмірге көзқарасында рухани құндылықтардың маңызы . Есту мүшесі – құлақтың гигиенасы. Тіршілікте, адами қарым-қатынаста есту мүшесі саулығының өмірді жеңілдетуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Салауатты өмір сүру салтының ұлттық заңдылықтары.


Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу. Адамда жүрек біреу-ақ! Сөз құдіретінің жүрекке әсері. Адамның өзін-өзі реттеуі.

Тірек – қимыл жүйесіндегі сүйек аурулары, оларды алдын алу. Бұлшық еттерді шынықтыру. Практикалық жұмыс (көзге жаттықтығулар; дұрыс тыныс алу; қан тамырларының соғуы).



ІІ.Адамның өміріндегі рухани азық пен дұрыс тамақтанудың үйлесімділігінің ағзаға әсері (6 сағат)

Тағамның маңызы, құрамы. Ұлттық (қазақ) тағамдардың адам ағзасына әсері. Ас қорыту мүшелерінің аурулары, оларды алдын алуда теріс қасиеттер - қызғаншақтық, сараңдық, көреалмаушылықтан арылу жолдары.

Тіс гигиенасы. Жақ формасының (пішінінің) сөйлеу мәдениетіне ықпалы. Витаминдер. Авитаминоз және оны алдын алу. Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау. Микроэлеметтердің жетіспеушілігін алдын алу. Дұрыс тамақтанудың ағзаға, көңіл күйге әсері. Практикалық сабақ «Аукцион сабағы»

ІІІ. Адам денсаулығы және қоршаған орта (5 сағат)

Жабық бөлмедегі және тазартылған бөлмелердегі ауаның құрамы. Санитарлық-бактериологиялық зерттеу. Өндіріс қалдықтары, олардың қоршаған ортаға әсері. Қалдықсыз технологияны дамыту. Нанды қадірлеу. Адам генетикасы. Кейбір тұқымқуалайтын ауруларды алдын алу. Қазақтың салт – дәстүрлерінің отбасын құрудағы маңызы. Практикалық сабақ «Ғылыми жобалар шеруі»



ІV. Акмеология ғылымының негіздері (8 сағат)

Акмеология ғылымы туралы түсінік [8]. Адам өмірінің негізгі кезеңдері. Жеке тұлға болып қалыптасудағы еңбектің рөлі. Жетістікке жету жолы – еңбектену. Адамның мінез-құлығы. . Мінездің жетістіктерге жету жолындағы рөлі.Жоғары жүйке жүйесі. Еске сақтауды жақсарту жолдары. Миды жаттықтыру. Практикалық сабақ «Мнемотехника». Әр саладағы еңбекқор адамдардың өміріне саяхат.



V. Білімді қорытындылау (2 сағат)

Рухани құндылықтардың адам денсаулығына әсері. Қорытынды тест. Меңгерген білім мен білікті қорғау.


ІІІ. Нормативті бөлім

«Адам денсаулығы және рухани құндылықтар» атты кіріктірілген курс ( өзін - өзі тану, биология, қазақ әдебиеті пәндері) бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

р/р

Тараулар

Сағ.саны

Оның ішінде




Теориялық сабақ

Практикалық сабақ




Кіріспе

2

2

-

І.

Ішкі мүшелердің зақымда- нуы, ауруды алдын алуда рухани құндылықтардың оң әсері

11

6

2

ІІ.

Адамның өміріндегі рухани азық пен дұрыс тамақтанудың үйлесімді лігі нің ағзаға әсері

6

5

1

ІІІ.

Адам денсаулығы және қоршаған орта

5

3

2

ІV.

Акмеология ғылымының негіздері

8

6

2

V.

Білімді қорытындылау

2

1

1


Тақырыптық жоспар

Сабақ №

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны




Кіріспе

2

1.

Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Адам гигиенасы. Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негізін қалаушы ғалымдар

1

2.

Денсаулық түрлері (қоғамдық, экологиялық, рухани (ойдың), эмоциялық денсаулық).

1

І.

Ішкі мүшелердің зақымдануы, ауруды алдын алуда рухани құндылықтардың оң әсері

11

3.

Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуынан туындайтын ауру белгілері мен ауруларды алдын алуда рухани құндылықтардың рөлі .

1

4.

Жүйке жүйесінің гигиенасы. Темекінің жүйке жүйесіне әсері. Салауатты өмір сүруде дене шынықтырудың, дұрыс тыныс алу ережелері

1

5.

Алкогольдің жүйке жүйесіне әсері. Адами қасиеттер. Денсаулық үшін күрес.

1

6.

Көру мүшесі – көздің гигиенасы. Адамның өмірге көзқарасында рухани құндылықтардың маңызы .

1

7.

Көру мүшесі – көздің гигиенасы. Адамның өмірге көзқарасында рухани құндылықтардың маңызы.

1

8.

Есту мүшесі – құлақтың гигиенасы. Тіршілікте, адами қарым-қатынаста есту мүшесі саулығының өмірді жеңілдетуі

1

9.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Салауатты өмір сүру салтының ұлттық заңдылықтары

1

10.

Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу. Адамда жүрек біреу-ақ!

1

11.

Сөз құдіретінің жүрекке әсері. Адамның өзін-өзі реттеуі.

1

12.

Тірек – қимыл жүйесіндегі сүйек аурулары, оларды алдын алу. Бұлшық еттерді шынықтыру.

1

13.

Практикалық жұмыс (көзге жаттықтығулар; дұрыс тыныс алу; қан тамырларының соғуы)

1

ІІ.

Адамның өміріндегі рухани азық пен дұрыс тамақтанудың үйлесімділігінің ағзаға әсері

6

14.

Тағамның маңызы, құрамы. Ұлттық (қазақ) тағамдардың адам ағзасына әсері. Тамақтанудағы ұлттық салт-дәстүрлер

1

15.

Ас қорыту мүшелерінің аурулары, оларды алдын алуда теріс қасиеттер - қызғаншақтық, сараңдық, көреалмаушы- лықтан арылу жолдары.

1

16.

Тіс гигиенасы. Жақ формасының (пішінінің) сөйлеу мәдениетіне ықпалы.

1

17.

Витаминдер. Витаминдер жетіспегенде пайда болатын аурулар. Авитаминоз және оны алдын алу. Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау.

1

18.

Микроэлеметтердің жетіспеушілігін алдын алу. Дұрыс тамақтанудың ағзаға, көңіл күйге әсері.




19.

Практикалық сабақ «Аукцион сабағы»




ІІІ.

Адам денсаулығы және қоршаған орта

5

20.

Жабық бөлмедегі және тазартылған бөлмелердегі ауаның құрамы. Санитарлық-бактериологиялық зерттеу.

1

21.

Өндіріс қалдықтары, олардың қоршаған ортаға әсері

1

22.

Қалдықсыз технологияны дамыту. Нанды қадірлеу.

1

23.

Адам генетикасы. Кейбір тұқымқуалайтын ауруларды алдын алу. Қазақтың салт – дәстүрлерінің отбасын құрудағы маңызы.

1

24.

Практикалық сабақ «Ғылыми жобалар шеруі»

1

ІV.

Акмеология ғылымының негіздері

8

25.

Акмеология ғылымы туралы түсінік.

1

26.

Адам өмірінің негізгі кезеңдері. Жеке тұлға болып қалыптасудағы еңбектің рөлі.

1

27.

Жетістікке жету жолы – еңбектену.

1

28.

Биологиялық ырғақ. Адамның мінез-құлығы. Мінездің жетістіктерге жету жолындағы рөлі.

1

29.

Жоғары жүйке жүйесі. Еске сақтауды жақсарту жолдары. Миды жаттықтыру.

1

30.

Практикалық сабақ «Мнемотехника»

1

31.

Әр саладағы еңбекқор адамдардың өміріне саяхат

1

32.

Әр саладағы еңбекқор адамдардың өміріне саяхат

1

V.

Білімді қорытындылау

2

33.

Рухани құндылықтардың адам денсаулығына әсері

1

34.

Қорытынды тест. Меңгерген білім мен білікті қорғау

1


ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен білімдік қазынасы:

1. Практикалық жұмыстар

2. Аукцион сабағы

3. Рольдік ойындар, сот сабағы

4. Дебат, дөңгелек стол

5. Интернет-сайттармен ізденіс жұмыстары.

6. Ғылыми жобаларды презентациялау.

7. Шығарма, эссе, баяндамалар.

Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:

  1. Күнбе-күнгі бақылау, тексеру: сабақ барысында әңгімелесу, диалог жүргізу

  2. Тақырыпқа сай ой-толғаныс, эссе жазу

  3. Жағдаяттарды шешуде ұшқыр ой білдіргендерге мотивация жасау «Жарайсың!» , «Керемет!» мадақтау




  1. Шығармашылық деңгейдегі оқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми жобаларды қорғау.

  2. Бағалау жүйесі рейтингілік : репродукті деңгей 1-3 ұпай, конструктивті деңгей 4-6 ұпай, шығармашылық деңгей 7-9 ұпай.


Бағалау тәсілі: рейтингілік, кестелік, «меңгерді» деген белгілермен.

Бағалау әдістері: мұғалімнің оқушыны өз ара бағалауы, топпен жұмыс нәтижесі, өзін-өзі бағалау.
Білім мен біліктерге қойылатын талаптар
Оқушылар білуге тиіс:
Адамгершіліктің бес құндылығын:

  • Сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

  • Дұрыс іс-әрекет – ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс жүзіне асырылады. Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

  • Қиянат жасамау - ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық пен жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс. «Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі.. Абай

  • Жан тыныштығы – адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.

  • Ақиқатты тану – рухани кәусар бұлақ көзіне жолды іздеп табу-бұл әрбәр жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті

Әр құндылықты ашатын қасиеттерді білу
Оқушылар дәлелдеуі тиіс:
- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сай сындарлы тұрғыда шешуі;

- адамдарға көмек көрсету, туыстарын, жақындарына мейірімді болу;

- өз ойын жеткізу, сөзі мен ісі сай болуын қадағалау;

- қоғамға қызмет етуді іс жүзінде дамыту (бүгінгі жас ерекшелігіне сай)

- ойы, іс-әрекеті шынайы болуы;

- өзі табиғатпен үйлесімді өмір сүруге дағдылау;



- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абай энциклопедиясы, А., «Атамұра»1995ж

2. Абай Өлең – сөздің патшасы шығармалар жинағы, халықаралық Абай клубы, «Жидебай» 2008ж

3. Алаш мұрасы Мәшhүр Жүсіп, көп томдық шығармалар жинағы (1-7) А., «Ел шежіресі» 2008ж

4.Әкім Ысқақ Күн ұлымын.Тараз «Сенім» 2002ж

5. Әлімқұлова Р., Р,Сәтімбеков Биология 8 сынып А., «Атамұра» 2008ж

6. Елдің бағы: Елбасы, елбірлігі, ел сенімі Формула успеха Астана, 2011ж

7. Ғабит Мүсіреп «Рухыңды түсірме, ұлым» А., «Азия-Арна» 2010ж

8. Жарықбаев Қ. Ақылдың кені Алматы: «Ана тілі»2008ж

9. Денсаулық. Республикалық ғылыми-көпшілік журналы 2010-2012ж нөмірлер

10. Қабдолқайырұлы Тұлға Ағартушы Халел, А., «Арыс» 2004ж

11. Карен Блюменталь Стив Джобс человек, который думал иначе М., «Астрель», 2012

12. Мырзагелді Кемел, Өзіме сабақ, Астана, 2010ж

13. СейтақовА. т.б. Ақиқатты тани біл, Алматы, 2008ж

14. Смайлова А. Қазақтың мақал-мәтелдері , Алматы, 2006ж

15.Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері А., «Алматыкітап», 2010ж

16.Сердалиев Қ. Дана далалары А., «Дәуір», 2012ж

17.Пучко Л.Г. Многомерная медицина, М.,2010г

18.Райымбеков Қ т.б. Сен білесің бе? Энциклопедия. А., «Аруна» 2010ж

19. Интернет-сайттар (денсаулық сақтау, рухани құндылықтар тақырыптары)
VI. Техникалық жабдықтардың тізімі:

- интерактивті тақта;

- аудиокассета;

- видеокадрлар;

-видеофильмдер;

- дискілер;

-музыкалық центр.

«Адам денсаулығы және рухани құндылықтар» атты кіріктірілген курс ты өткізуде тақырыптық - әдістемелік жоспар 1-кесте

Р/р

Биолиогиядан денсаулық сақтау тақырыбы

Өзін-өзі тануда ғы рухани адамгершілік құндылықтар

Оқытудағы күтілетін нәтижелер

Сабақты өткізу түрлері


1.

Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері

Тұрақтылық, табандылық, біртұтастық, қайталанбау

Қоғамдағы басты құндылық адам екендігін, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Сипаттау, пікірталас, ой қозғау

2

Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негізін қалаушы ғалымдар.

Еңбекқорлық, табысқа жету, патриоттық, білімпаздық, даналылық, дарындылық

Ғылым, білім шыңына жеткен адамдардың еңбек жолының нәтижелілігінің кілтін тану.

Интерактивті демонстрация

лау


3.

Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуынан туындайтын ауру белгілері, ауруларды алдын алуда рухани адамгершілік құндылықтардың рөлі

Өзін-өзі реттеу Тепе-теңдік сақтау, ата-бабаны құрметтеу, сыйластық



Құндылықтың үш түрінің (әлеуметтік, рухани, материалдық) мәнін ашып, ең жоғары рухани құндылықтың рөлін меңгертіп, рухқа деген махаббатын ояту

Демонстрация, видеокадрлар, ақпараттық технология

4.

Жүйке жүйесінің гигиенасы. Темекінің жүйке жүйесіне әсері. Салауатты өмір сүруде дене шынықтырудың, дұрыс тыныс алу ережелері.

Тазалық, қажырлық, қайраттылық, табандылық

Салауатты өмір сүру салтын ата –бабамыздың салт дәстүрлері мен байланыс тырып, эколо- гиялық таза өнімдер туралы ой қозғау

Аутотренинг,

Дебат сабағы




5.

Алкогольдің жүйке жүйесіне әсері. Адами қасиеттер. Денсаулық үшін күрес.

Ізгілік, мәдениеттілік, тазалық, имандылық, қамқорлық, жанашырлық, өмірге құштарлық



Өзіне, өзгеге жауапкершілік -пен талап қоюшылықты алға тартып, адами қасиеттерін сақтап, салауатты өмір сүру салтын ұстану.

Рольдік ойын-сот сабағы, интерактивті сабақ

6.

Көру мүшесі – көздің гигиенасы. Адамның өмірге көзқарасында рухани құндылықтардың маңызы .

Адалдық, әділдік, шынайылық, дербестілік,

Көздің құрылысын, қызметін жақсы меңгере отырып, әр адамның өз көзқарасын қалыптастыруда сөзге ермей өз пікірін, көзқарасын қорғай біліп, табандылық танытуы

Шығармашы

лық жұмыс,

рольдік ойын, психологиялық тренинг


ЕСКЕРТУ! Әрі қарай жоғарыдағы үлгідей мұғалім өз тәжірибесі, пікірі, көзқарасын, білім мен біліктілігін қолданып жалғастыра алады.


Сабақтың түрлері және тәртібі

Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, көңіл бөлген.Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екендігін мойындай отырып, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оның іске асыру жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге тырысатын. Әрине, бала тәрбиесінің барлық әлеуметтік топтарға ортақ, бәріне бірдей қажетті жақтары да аз емес. Мұндай ортақ жағдайлар ең алдымен баланың адамгершілік қасиеттерін, елжандылық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады. Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз жан-жақты мазмұны кең құбылыс. Әркім, әр отбасы өз ұрпағына адам баласына тән барлық жақсы, жағымды қасиеттерінің бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны да даусыз. Бірақ, өмірде әр адамның мұндай ізгі тілегі орындала бермейді. Өйткені, біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі қабілет, әр түрлі мүмкіндік беруі болса; екіншіден, әркімді қоршайтын орта оған өз ықпалын жасамай қоймайды.Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі-қайырымдылық, достық. Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтылықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Жеке тұлғаны рухани жағынан дамыта оқыту дегеніміз тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай ұйымдастыру, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы дамыту. Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халықтық дәстүрлерді пайдалануда, бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен мұғалімдер, ата-аналар мен мұғалімдер т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, адамгершілік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда.

Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым ақпаратты-технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды әдістемелік аспектісі болып шығады. Ал енді осы мәселелерді шешуде биология пәнін оқытуда теориялық білім берумен қатар сабақ барысында теориялық материалдың мәнін терең түсініп, биологиялық ұғымдарды еске сақтап, өмірде іс жүзінде пайдаға асыру үшін өз еңбегімнің барысында мысалы, Абай тағылымын мектепте қазақ, орыс, шет тілдері және әдебиет пәндерін оқытуда ғана емес, биологияны оқытуда да Абайдың қара сөздерінің жинағы мұғалім үшін бірден-бір рухани қазына екендігіне тоқталғым келеді. М.О.Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген мақаласында («Абай» энциклопедиясы, 13-бет) «Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі»,- деп атап көрсеткен. Абай тағылымындағы жастарға білім мен тәрбие беру мәселесі халықтық педагогикамен үндесіп жатқандығын әбден байқауға болады. Мектептерде «Атамекен», «Елім-ай», С.Ғаббасовтың «Ізгілік әліппесі», З.Ахметованың «Кәусар бұлақ», М.Мақатаев атындағы Қарасаз мектебінің «Алтын көмбе» т.б. бағдарламаларына байланысты өткізілетін тәрбие жоспары – халықтық педагогиканың тармақтары. Ал пәндерді оқытуда халық педагогикасы элементтерін қолдану пәннің ерекшелігіне, мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысы барысына тығыз байланысты. Ол мұғалімнің ізденісі, шеберлігі және шығармашылығы арқасында жүзеге асырылады. Абай тағылымын мектептерде оқушылардың білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыстыруға, керек болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа үйретуге кеңінен пайдалануға болады. Мысалы, 8 сыныпта «Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі» тарауын өткенде Жан қуаты туралы ұғым беруде Абайдың қара сөздері оқушылардың алған іргелі білім элементтерін еске сақтап, мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.Себебі, қара сөздердің психологиялық астары – мақал-мәтелдерде, ал Абайдың көптеген қара сөздері мақал-мәтелдерден басталады. Сол мақалдардың мазмұнын ақыл-кеңестері арқылы түсіндірсек көп ұтамыз. Бірнеше мысалдар келтірейік. Абай: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе», дейді де соның ерекше үш түрін айтады. «Біреуі... Не көрдің, не естідің әрнешік білдің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан, алды қайда барады, сол жағына да ақылды жібереп, қармаққа тез қозғап жібереді». Бұл оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, түсініп отыру деген сөз. Яғни, сонда ғана оқу тиімді болады. Ал жан қуатының екінші міндеті деп жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттігін көлденең тартады.

«Сезім мүшелері және олардың маңызы» тарауын өту барысында адамның ең бір жетілген құралы – сөз. Сөз адамның ақыл – ойының, ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылатындығын, адамның көңіл күйіне келіспейтін өрескел сөздер, қисынсыз әзілдер, мінездің топастығы, менмендік, мақтаншақтық және т.б. сезім мүшелері арқылы қабылданып, ішкі мүшелердің жұмысын өзгертетіндігі түсіндіріледі. Әсіресе физиологиялық жағынан жетіліп келе жатқан жасөспірімдердің психологиясының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Абай:

«Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз», деп жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой», деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ал бұл айтылған сөздердің астарын оқушылармен бірге отырып талдаған жақсы.Сонымен қатар, жоғарыда аталған тарауды өткенде «Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу анализаторлары маңызы» тақырыбын түсіндіруде Абайдың 19-шы «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымының дамитындығын, мектеп қабырғасында-ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқарасын пікірі бойынша жеткізе білуге тәрбиелеуі қажет.Осы тақырыпты түсіндіруде әр адамның өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасынан Мәжнүннің досының Ләйліні сырттай көріп, сыртқы бейнесін суреттеуінен кейін Мәжнүннің досы мен өзінің сұлулық, сезім туралы көзқарастары әр түрлі екендігін талқылай отырып, әр адамның көзқарасы әртүрлі болатындығын, сондықтан басқаның сөзіне ермей , сұраққа өз көзқарасыңмен, өз құндылықтарыңмен жауап қайтара білуге тәрбиелеу.

Сол сияқты, қан айналымы жүйесі тарауы бойынша «Жүрек құрылысы, қызметі, жүрек аурулары, оларды алдын алу» тақырыбын өту барысында Абайдың төмендегі тағылымын келтірген жөн: «...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт нәрсемен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айналасына анық раушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды». Бұл сөйлемнің астары білімді терең игеру үшін жаман қасиеттерге бой бермей, барынша беріліп жұмыс істеу қажеттігін ескертеді. Ал «Жан қуатының бәрінің басты күші – талап», дейді Абай. Абай 44-ші сөзінде «Адам баласының ең жаманы талапсыз», дейді.Ал 17-ші сөзінде: «Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде-қайрат, ақыл, жүрек» үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді.Мұның өзі көрегендік екендігін түсіну қиын емес. 9,11-сыныптарда «Адам нәсілдері» тақырыбында қазақ ұлты, оның шығу тарихына, төл шежіресіне тоқтала келе, жеті атаны білу туралы мәлімет айтылады. Оқушылар өз бетімен қазақ әдебиеті пәнінен алған білімдерінің негізінде «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», «Жеті атасын білмеген жетесіз»т.б. мақал – мәтелдердің мәнін түсіндіреді.Жеті атаны білу, біріншіден, ата-бабаға құрмет, екіншіден, болашақ ұрпақтың тазалығын сақтау, яғни туыс адамдардың некелесуіне болмайтындығы, үшіншіден, мәдениеттілік екендігі ескеріледі. Сонымен қатар Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан Мамырдың ағасы Көкенай Қалқаманмен Мамырдың некелесуіне неге қарсы болғандығын биологиялық тұрғыда оқушылардың өздері қорытынды жасап, қазақ халқының көрегендігі мен болашақ ұрпақтың тазалығына мән бергендігіне көз жеткізеді.

Тағы басқа сабақтарға енетін Шәкәрім, Абай тағылымынан, Жүсіп Баласағұни атамыздың «Құтты білік» кітабынан адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыруда көптеп мысалдар келтіруге болады.Ең бастысы – еңбектерді жинақтап, жүйелі түрде жоспарлау, сабақтың білімдік, тәрбиелік мақсаттарын жетілдіру, оның әдіс-тәсілдерін анықтап алудан қажет деп ойлаймын. Мысалы:

Биологияны оқыту барысында оқушыларға рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы ғылыми негіздеме 2-кесте


р/р

Биологиядан өтілетін тақырыптар, сыныбы

Халық педагогикасын дағы рухани-адамгершілік құндылықтар

Шәкәрім, Абай, Мәшhүр Жүсіп, Баласағұни тағылымдарын оқып үйрену

Оқушылардың өз беттерімен ізденіс жұмысы

1.

2.

3.



Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі. 8сынып.

Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу анализаторлары-ның маңызы.

8 сынып

Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі



Тұрақтылық, мінезділік, ерлік, ақкөңілділік, кешірімділік

Еңбексүйгіштік, талаптылық, ұстамдылық, естілік, білімге құштарлық, ақылдылық, талғампаздық, сабырлық.

Тұрақтылық, мінезділік, ерлік, ақкөңілділік


Абайдың қара сөздері, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегі

Абайдың 19-шы қара сөзі, «Атамекен»бағдар ламасындағы «Бабалар өсиеті» бағыты.

Абайдың 44-ші қара сөзі

ЖАЛҒАСЫ БАР



Қара сөзден «Жан қуаты» туралы айтылған қай қара сөзі, мінез туралы мақалдар жинақтап мәнін ашу, теріс мінездің адам организміне әсері
Нақыл сөздерді жинақтап, төркіндерімен танысу

Теріс мінездің ағзаға әсері абайдың «Жан қуаты» туралы қара сөзі



Халықтық тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті А.Құсайыновтың «Егеменді Қазақстан» газетінің 09.01.2009 жылғы нөміріндегі 12 жылдық білім беруге әзірміз бе? деген мақаласынан үзінді келтірейін, « ...Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі үш өмірлік принципті насихаттайды. Олар:

бірінші, ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп таба біл;

екінші, әдемілікті түсін,өзіңдегі әдемілік сезімді тәрбиеле, жаның сұлу, жүрегің мейірімді болсын, тілектес бола біл; үшінші, денің сау, төзімді, күшті бол.

Қазіргі уақытта Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы жүйе, әрі сол елдің қарыштап дамуының негізі болып отыр.Мұны бүкіл дүние жүзі мойындаған». Мақаладағы осы үзіндіні оқи отырып, Жапон елі мен Қазақ елінің тәлім-тәрбиесінің үндесіп жатқандығын байқауға болады. Дей тұрғанмен, «ол елде бүгінгі жапон мектебі, бірінші кезекте, жапондықтардың ұлттық рухын дәріптейді, өз тәрбиеленушілерінде адамгершіліктің тиісті нормаларын қалыптастырады, олардың бойына ұлттық мінез-құлықтың негізгі белгілерін сіңіріп, дамытады», деп көрсетеді автор. Ал, қарап отырсақ, біздің де білім беру саласында ұлттық негізде тәлім-тәрбие беру ісі жүзеге асырылып жатқанмен, біздің елімізде бұл іс жүйелі түрде міндеттелмеген.

Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндей келе, Абай тағылымы туралы Сағат Әшімбаевтың «Шындыққа сүйіспеншілік» атты сын мақалалар жинағындағы мына бір жолдарына назар аударып көрейік: «...Абайдың тағылымын тұту дегеніміз – Абай тағылымынан шындап үлгі өнеге алу, тәлім-тәрбие көру, Абай тағылымынан үйрену деген сөз. Ол өз өміріне және өзгелерге де Абайдың көзімен әділ баға беруге үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру.Осы тұрғыда Абай көрсеткен кемшіліктерге кеңшілік бермеу дегенді баса айтқымыз келеді. Абайдың беретіні көп, бізден тек ала білу ғана қажет етіледі. Абай біздің еркімізден тыс құпиясы мол құбылыс, ал біз шындап өмір сүргіміз келсе, оның еркінен тыс өмір сүре алмаймыз, осыны ұмытпауымыз керек. Абайсыз өмір сүру – рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулігінен, сезім жұтаңдығынан, айналып келгенде, осыдан туатын жан жарасының қасіретінен арыла алмау деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – ауыр тағылым. Сондықтан да оны еріксіз мойындауға тура келеді, өйткені, ол бәрібір мойындатпай қоймайды». Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды.

Жаратылыстану пәндерін оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақтан тыс өткізілетін шаралар арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуді №3 кестеде берілген. Мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің бірі – «Бұлақ көрсең – көзін аш» дегендей оқушының бойынан байқаған қабілеттілікті аша біліп, болашақ ұрпағымыздың жүректі, парасатты, еңбекқор және ең бастысы функционалдық сауаттылығын, яғни пән бойынша теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне ықпал жасау.


Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижесі 3-кесте

р/р

Рухани-адамгершілік құндылықтар


Жаратылыстану пәндері (өтілетін тақырып)

Оқушылардың ізденіс жұмыстарының түрлері

Өткізу әдістері

Нәтиже

1.

Үнемдеу, бағалау еңбекті қадірлеу, қастерлеу, еңбек адамдарын құрметтеу


Дүниетану

4-сынып


«Нанның дастарханға келуі»

Ғылыми жоба «Бір үзім ананың құдіретін қорғау»

Респанденттермен жұмыс

Анкеталық сараптама

Зерттеу обьектілірін бақылау




Презентация

Республиуалық «Зерде»

Диплом

ІІ орын


Қ.Избанов



2.



Жан, тән тазалығын сақтау

Химия 11- сынып

Биология 8-сынып

«Алкагольдің адам ағзасына тигізетін әсері»


Дәстүрлі емес сабақ «Алкагольді соттау» Аналитикалық сипаттама, әдебиеттерге шолу, ізденіс, мониторинг жүргізу

Сот сабағы

3.


Қоршаған ортаны ластамау

Химия 8-сынып

Биология


«Ауаның құрамы, ластанған ауаның адам ағзасына әсері»

Ғылыми жоба

«Атырау қаласында жабық бөлмедегі ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу»

мониторинг жүргізу, зерттеу обьектілірін бақылау,


Презентациялау

Облыстық ғылыми жоба Диплом І орын

Ж.Баймұқашева


4.

Табиғатты аялау, экологиялық білім, тәрбие, сана, мәдениеттілік, қажеттілік

Химия

Биология


«Өндірістік, тұрмыстық қалдықтардың ауаны ластауы және адам ағзасына әсер»і


Ғылыми жоба «Атырау өңірінде тұрмыстық қалдықтар құрамы және қалдықсыз технологияны дамыту»

Презентациялау

Облыстық ғылыми жоба Диплом ІІ орын

А.Айтжанов


5.

Мәдени мұраға, ұлттық ескерткіштерге сүйіспеншілік

География

Өлкетану


Ғылыми жоба «Азаттық рухы – Алтын адам»

Шығарма

Республикалық сайыс І орын

Қ.Избанов


6.

Өз жерінің қазынасын қастерлеу

табиғатты сүю



Биология 7-сынып


Ғылыми жоба «Атырау өңірінде ақ мақтаны жерсіндіру»

Презентациялау

Республикалық «Зерде» Диплом І орын

Қ.Избанов


7.
8.

9.


Ой тазалығы, өзіне, өзгеге адал болу, салауатты өмір сүру
Салауатты өмір сүру, денсаулық сақтау

Рухани құндылықтар



Биология 8-сынып

9-сынып Биология, химия


Өзін-өзі тану, қазақ тілі 7-сынып



Жалғасы бар

Ой толғау

«Тазалықпен ізіңді қалдыр»

Ғылыми жоба «Кальций мен йодтың ағзадағы маңызы»
Өзін-өзі танудан олимпиада


Шығарма

Презентация

Облыстық ғылыми жоба сайысы ІІ орын

Маликава Н

Жауқашты Е
Қалалық, облыстық олимпиада І орын, республикалық Диплом

Досымбай Бақыт



Қорыта келгенде, жеке тұлғаны рухани жағынан дамыта оқыту дегеніміз тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай ұйымдастыру, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы дамыту болып табылады.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамы­ту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады [5]. Бұл биология пәнінің тікелей мақсаты болмағанымен, оның тәрбиелік аспектісінің бір бөлшегі. Оқушылар теориялық алған білімдерін өмірде қолдана білуі қажет.Бұл мәселе оқыту үрдісіндегі барлық пәнге ортақ міндет. Алайда, бұл әр пәннің өзіндік ерекшелігіне шешілетін мәселе. Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне байланысты қарастырылуы тиіс.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абай энциклопедиясы, А., «Атамұра»1995ж

2. Абай Өлең – сөздің патшасы шығармалар жинағы, халықаралық Абай клубы, «Жидебай» 2008ж

3. Алаш мұрасы Мәшhүр Жүсіп, көп томдық шығармалар жинағы (1-7) А., «Ел шежіресі» 2008ж

4.Айтуқызы Б. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті» «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы сайты

Начало формы

5.Әкімбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудегі өзекті мәселелер Самопознание.kz №9, 2013ж

6.Әкім Ысқақ Күн ұлымын.Тараз «Сенім» 2002ж

7. Әлімқұлова Р., Р,Сәтімбеков Биология 8 сынып А., «Атамұра» 2012ж

8. Елдің бағы: Елбасы, елбірлігі, ел сенімі Формула успеха Астана, 2011ж

9. Жарықбаев Қ. Ақылдың кені Алматы: «Ана тілі»2008ж

10. Денсаулық. Республикалық ғылыми-көпшілік журналы 2010-2012ж нөмірлер

11. Мырзагелді Кемел, Өзіме сабақ, Астана, 2010ж

12.Мұңайтбасова К.Х. Абай тағылымы рухани биікке бастайды Егеменді Қазақстан, №44, 2008ж.

13. Мұңайтбасова К.Х. Мектепте жаралылыстану пәндері мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыра оқыту жолдары Самопознание kz №8, 2013ж

14. Смайлова А. Қазақтың мақал-мәтелдері , Алматы, 2006ж

15.Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері А., «Алматыкітап», 2010ж

17.Пучко Л.Г. Многомерная медицина, М.,2010г

18.Райымбеков Қ т.б. Сен білесің бе? Энциклопедия. А., «Аруна» 2010ж

19. Интернет-сайттар (денсаулық сақтау, рухани құндылықтар тақырыптары)





жүктеу 401,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау