Мақсаты:
бейімділік
ойлау
зейін тұрақтандыру
тілдік таңбаларды дұрыс қолдану
сөздік қорын байыту
Тәрбиелік:
адамгершілік
еңбексүйгіш
эстетикалық
ұйымшылдық
патриоттық
Дамытушылық:
қабілетін
тіл байлығын
өз бетінше жұмыс істеуін
ізденімпаздық
қорытынды жасауға үйрету.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.
Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының психологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен интернаттардағы) немесе білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты.
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық және психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің педагогикалық-психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Бұлардың әрқайсысы білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігіне кепілдік бере отырып, өздеріне қатысты да тиісті мәселелерде бірлесіп жұмыс істеуді нақты білуі тиіс.
Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:
жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық
кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып,
мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша
оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің,
сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды
сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;
мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық-
педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.
Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері.
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады. [16].
Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б.
Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени,
Шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу - екінші жағынан, оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оларды қолдана білу. Психология адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне жл сілтейді, оның өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі.
Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өз орнын алуы оны ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі.
Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті
баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
пәнге терең қызығушылығын арттыру;
оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
білім базасын арттыру;
пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану.
- педагог; психолог; тәрбиеші; ақылшы; қамқоршы; жетекші;
мейірімді жан.
Ал Педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет.
Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушылары мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды. [17].
Моральді-психологиялық хал-ахуал негізінде ұжымда басымырақ көрінген өнегелі күй танылады. Бұл кейде адамдардың тіршілік әрекеті үшін басты деп саналған жан құбылысы мен толқыны адамдар әрекетінің реттелуі, олардың бір-біріне, жұмысына, әлемдегі болып жатқан оқиғаларына деген қатынасы өз бастауын алады.
Педагог пен оқушылардың арақатынасы әрқашан көптеген күтпеген жағдайларға толы. Үнемі болатын рухани өсу, мінездің қалыптаса бастауы (мектеп жасындағы байсалдылықтан жасөапірім жасындағы күрт өзгерістерге дейін), көңіл күйдегі ауытқулар (өзін еркін сезінуден ызаланғанға дейін) лезде талдауға келмейтіндіктен, ұстазға бір қарағанда оқушылармен жақсы қарым-қатынасы өзін тыныш тандыруға мүмкіндік бермейді, себебі нақты әр жағдайда педагог қарым-қатынаста тура бағытты табуы керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасы өз алдына бір-бірімен байланысқан және өзара шартты тізбек болып, түрлі формалар мен жағдайларда жүзеге асады. Бұл тізбектк мұғалім ерекше рөл атқарады.
Педагог-психолог мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас мәдениетінің төмен екекнін көрсетеді. Мұнда ең аз дегенде үш себеп айтуға болады:
Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны ұйымдастыруды ойламайды.
Мұғалім практикалық жұмысында адам психикасына көз жұма қарайды.
Әр мұғалімнің өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.
Үш мәселеде мынадай педагогикалық ситуацияда кездеседі:
Сабақта материалдарды қандай мөлшерде және қалай жеткізу;
Уақтылы оқу бағдарламасын орындау;
Қайталауға және сабақты қорытындылауға қандай материалдар беру.
Мұғалім сабақ жүргізу барысында көп сөйлемейтін балалардың сенімділігін арттыру, белсенді балалардың белсенділігін түсірмеуді жоспарлайды.
Педагог-психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер атқарады.
Қазіргі кезеңде мектепте және кәсіби орта оқу орындарында педагог-психологтың қызметі өте қажет. Біз педагогикалық практика барысында байқағанымыздай, көптеген мектептерде кәсіби мамандығы педагог-психологтар емес, сағат жетіспеген физик, математик, тарихшы мамандар педагог-психолог қызметін атқарып жатыр. Олар тек тәрбиелік іс-шаралар, сынып жетекшісінің қызметі деңгейінде жұмыс жасайды. Ол дұрыс емес, біз осы тақырыпты алғаннан бастап, ізденушілік жұмыс барысында №138, №81 және «Дарын» гимназияларына барып, бірнеше топ мүшелеріне сауалнамалар жүргіздік. Сыныпқа мінездеме жаздық. Енді ары қарай әлі де педагогикалық-психологиялық тест, тренинг, іскерлік ойындар, ой толғау, т.б. іс-шараларын жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) өзінің оқытушыларға арналған «Адам-тәрбиенің объектісі» деген еңбегінде оқытушының балалардың жан дүниесін жете білуі өте қажет екенін айрықша ескере отырып, «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен, оны барлық жағынан білуі тиіс» деген болатын. Ұстаздың айтуынша, тек жағдайлар ғана емес, сондай-ақ балалардың психикасы да, мінез-құлқы да әр түрлі болып кездеседі. Сондықтан тіпті дұрыс деп саналатын педагогикалық әдістің өзі де кейбір жағдайда айтарлықтай нәтиже берсе, ал басқа бір жағдайда нәтиже бере алмайтыны осыдан болады.
К.Д.Ушинскийдің осы пікірлеріне сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысында балалардың өзіндік ерекшеліктерімен санаса білу жөнініде тамаша ойлар таратқан және оны қазақ мектебінің тәжірибесіне тұңғыш егізген Ы.Алтынсарин болатын [18].
Кеңес үкіметі аясында педагогика-психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне біраз тұсау салынып, кедергі болғаны рас. Мәселен, 1947 жылы КазГУ-де ашылған логика және психология бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан кейін ғана жұртшылықтың үлкен дабылынан кейін орыс тілді жиырма бес шәкіртке педагогика-психологиядан білім алуға мүмкіндік туды. Оның қазақ бөлімі төрт жылдан кейін ғана барып ашылды.
Өркениетті елдерде жас ұрпаққа психологиялық білім беру ертеден келе жатқан дәстүр және ол жақсы жолға қойылған. Бізбен тағдырлас Ресей, Украина, Өзбекстан, Армения, т.б. ТМД елдерінде педагогика-психология пәні орта мектептерде оқытылып жүр.
Елдік пен еркіндікке қол жеткен қазақ елі бүгін де қоғам іргесін бекемдеп, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Осындай еліміздің ары қарай алға қарай дамуына өзіндік үлес қоса білетін азаматты тәрбиелеп шығару үшін, алдымен біз мектеп қабырғасындағы тәрбиеге аса мән беруіміз қажет.
Тәрбие беру сынып жетекшілерінің немесе пән мұғалімдерінің міндеттері ғана емес, сонымен қатар қазіргі кезде мектептерде педагог-психолог мамандарының құзырында.
Білім беру мекемелерінде педагогика және психология мамандарының қандай қызмет атқаратындығына тоқталмай тұрып, осы сала бойынша қандай ғалымдар қарастырғандығына тоқтала кететін болсақ, әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби білімнің мазмұнын – мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. [15].
Сөйтіп ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі рөл атқарады. Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен, үлгілі тәжірибемен және оқумен байланыстыра уағыздағанын білеміз.Ол өзі жазған «Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде адалдық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде – тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. Ал «Бақытқа жету» тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан адамгершілік, ақыл – ой, еңбек тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті еңбек етуге үйретеді. Сонымен қатар жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан – жақты ұлағатты ұғымдар, өсиеттер трактаттар, үлгілі - өнеге сөздер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, халық педагогикасының қазынасына айналды.
Сонымен қатар психология саласы бойынша адамның жан қуаттарының әр қилы жақтарын түсіндіруде «Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», « қыл және ұғым», «Жас өспірімнің ақылы туралы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап », «Темперамент туралы», жазған еңбектері бар. [19].
XV ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық ойлар дала философы атанған Асан Қайғы толғауларымен, қара үзген шипагер Өтегібойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянынан» ерекше көрініс тапқан. Дала ғалымы – аталған еңбегінде адамның жан құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабілет т.б.) туралы біраз мағлұматтар келтіреді. Ғұлама адам иіс түйсігін – мұңк (қазіргіше иіс), татым (дәм), ойлауды «ойламалық», сөйлеуді «сөйлемелік», миды «миақ», атауларымен өрнектейді. Оның адам есіне, ойлауына байланысты ой түйіндері мен нақты мысалдары қазіргі ғылым тұрғысынан дәйекті де, нанымды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық – психологиялық ой – пікірлердің қазақтың үш ой алыптары Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты.Ыбырай Алтынсарин ағартушы – педагог тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал – жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырырып, қазақ балаларына арнап «Оқу құралын» жазды. Сондай – ақ ол әдістемелік мәні бар «Семья мен мектеп», «Халық мектебі» журналдары басылып шығарылған. [19].
Абай Құнанбаевтің педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым – қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу.
Шоқан Уалиханов еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны – халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.
Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен қол жазбалары – құлжа сапарының күнделігі «Қашқария сапарының күнделігі» психологиялық жағынан құнды дүниелер. Табиғатты көз алдына әкеліп кісіні қызықтыратындай. [20].
XX ғасырдың бірінші ширегіндегі педагогикалық – психологиялық ой – пікірлердің дамуы – А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т.б. еңбектерімен айырықша ерекшеленеді.
Ш. Құдайбердиев психологияға байланысты көзқарасын «Анық пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттары» т.б. шығармаларынан
кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып – біл оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми берді білу, нану, ұғыну, тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.
Ж. Аймауытовтың психология саласындағы еңбектерінің («Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Комплекс пен оқыту жолдары» т.б.) басты бір ерекшелігі бұлар төл тіліміздегі тұңғыш психологиялық туындылар болуымен қатар, бұрынғы кеңес елін мекендеген түркі тілдес халықтар тілдерінде (қырғыз, өзбек, түрікпен, әзербайжан, башқұрт, т.б.) алғашқы жарық көрген басылымдар екендігінде.
М. Жұмабаев ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстіне оқу- әдістемелік құралдарын жазған. Ал ақынның «педагогика» кітабы, бүгінге дейін мұғалім, жалпы қазақ қауымы үшін таптырмайтын үлгі, тұнғыш қолтума оқулық.
М. Жұмабаевтің «Педагогика» оқулығы әрі оқулық, әрі әдістемелік тұрғыдағы құрал, автордың көзінің тірісінде екі мәрте жарық көрген. Бірі 1922 ж. Орынборда, екіншісі 1923 ж. Ташкент қаласында басылған.
XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т. Тәжібаев пен профессор М. Мұқанов, доцент Ә. Сыдықов т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерін қамтиды. [21].
Т. Тәжібаевтің ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде, атап айтқанда ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру мен халқымыздың педагогикалық және психологиялық ой–пікірлерінің даму, қалыптасу жолын зерттеу ісіне бағышталады. Т. Тәжібаев бұрын әр жерде шашырап, белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психологиялық терминдерді саралап, бұл ғылымның төл тілімізде тамыр жол түсуіне жағдай жасады. Т. Тәжібаевтің «Жалпы психология» деген атпен «Қазақ Университеті» баспасынан жарық көрген еңбегіне ( 1992 ) психология ғылымының теориялық негіздері баяндалады.
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың бірі – М. М. Мұқанов. Оның 1979 жылы жарық көрген «Дәстүрлі мәдениет өкілдеріндегі когнетивті эмпатия мен рефлексияның зерттелінуі» атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген «Ақыл ой - өрісі» кітабынан жекелеген тараулары да осы кітапта орын алып отыр.
Профессор М. Мұқановтың қазақ психологиясына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол өзінің артына 10-нан астам жеке кітап (оқу құралдары, монография, әдістемелік жинақтар т.б.) қалдырды. Өзінің 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерінде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзінде – ақ ой - өрісі өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген. [23].
Шәрапи Әлжанов 30 жылдары мұғалімдерге арнап «Ес және есте сақтау мәселелері, Ой мәселелері, Дағдылану мәселелері» атты көлемді еңбегінде шәкірт психологиясының жас және жеке дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады. [24].
Ғалым психологиялық мәселелерді өз еңбектерінің қай – қайсысында болмасын кең пайдаланып отырған. Мәселен оның «Оқу кітабы коммунистік тәрбие беру жөніндегі құрал», «Эстетикалық тәрбие негіздері» т.б. мақалаларында жалпы психологияның көптеген теориялық қисындары, жекелеген терминдік сөздері біршама сөз болды.
Ресейдің педагогика – психология ғылымдарының негізін салушылардың бірі – А. П. Начаев. Ол араласпаған психология саласы кемде – кем. А.П. Начаев елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері» (1922) «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927) «Шахмат ойынының психологиясы» (1928) «Ес және оны тәрбиелеу» (1930) т.б. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап «Психология» оқулығының қол жазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты еңбегі бұл автордың психология саласындағы қырық жылдық еңбегінің қорытындысы. [23].
XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Песталоццидің айтуы бойынша, «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистерберг (1790-1866), К.Д. Ушинский (1824-1870), П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) өзінің есімдерімен көрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл-педагогтардың педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері өздері қарастырған мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы; оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі, оқытуды ұйымдастыру және көптеген басқа мәселелер. Алайда бұл – аталған процестің мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндірудің тек алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің шынайы психологиялық жақтары толығымен ашылмағандығы жөнінде П.Ф. Каптерев «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабында осы кезеңдегі педагогикалық теорияның дамуына терең және жүйелі талдау жүргізу негізінде дәлелдер келтіреді. П.Ф.Каптерев « ... Коменскийдің дидактикасына тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал ретінде ұсынылған әдіс дидактикасы; Бұл дидактикада оқушылардың қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем сөз жоқ; ... Коменскийдің дидактикасына психология жетіспейді» [24 ].
Ал, И.Песталоццидің рөліне талдау жүргізе келе, П.Ф.Каптерев «Песталоцци оқудың барлығын оқушының өз шығармашылығы деп түсінген, ал барлық білімді әрекеттің іштен дамуы, өз бетімен әрекет жасау, өзін-өзі дамыту акт ретінде түсінген ». Алайда, сонымен қатар П.Ф.Каптерев айтқандай «...Оның оқытуда әдістің әсерін тым асыра көтеріп, оқытуда мектепте қолданылатын әдіс, тәсілдерді механизациялауға көп мойын бұрғаны анық. Мектептегі көрнекті фактор ретіндегі мұғалімнің жанды тұлғасы әлі түсініксіз. Жалпы, Песталоцци білім беру процесінің психологиялық жағын, оның негіздері, жолдары мен нысандарын қажетті деңгейде ашпаған ». Педагогикалық психологияға И.Гербарттың қосқан үлесін бағалай келе, П.Ф.Каптерев «...Гербарт дидактикасының аса маңызды басымдылықтары бар: ол педагогикалық әдіске психологиялық талдау берді, ол оқуға қызығушылық туралы аса маңызды мәселені көтереді, ол оқыту мен тәрбие беруді бір-бірінен ажыратпайды. Гербарт дидактикасының жетіспеушілігі- оның бір жақты интеллектуализмі және кейбір мәселелерді толығымен игермеуінде, мысалы, оқушылардың қызығушылықтары жөнінде ».
Бұл жерде «тәрбиелеп оқыту» ұғымы И.Гербарттың тұжырымдамасынан бастау алады. [25]. ынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің байланысы ретіндегі «білім беру» ұғымын кіргізді. Сонымен бірге мұғалім еңбегі мен мұғалім дайындаудың педагогикалық психологиялық мәселелері, эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің өзін П.Ф.Каптерев психологиялық тұрғыдан қарастыруы өте маңызды, ол жөнінде «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші тарауы «Білім беру процесі-оның психологиясы» дәлел болды. Автордың ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі әрекетінің көрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа үрдістер кіреді. [26].
Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезде пайда бола бастаған әлеуметтік психология өкілі С.Т.Шацкийдің (1878-1934) қосқан үлесі орасан зор. С.Т.Шацкейге әлеуметтік-педагогтың субъектісі ретінде оның тұлғасы мен кәсіби құзырлығына қойылатын жалпылаған талаптарды қамтитын педагог моделін құрған.
XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүз жылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.
Педагогикалық психология эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П.Ф.Каптеревтың, Э.Трондайктың, Л.С.Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы саладағы алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді. Л.С.Выготский Г.Мюнстербергпен келісе отырып, педагогикалық психология – соңғы бірнеше жылдардың өнімі; бұл медицина, юриспруденция және басқа ғылымдармен бірге қолданбалы психологияның бір бөлігі болып табылатын жаңа ғылым екенін атап өтеді. Сонымен қатар бұл дербес ғылым.Шынайы педагогикалық мәселелер, есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту, зерде дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б.
Осы кезеңде С.Л.рубинштейн «Психология негіздерінде» оқу – білімді меңгеру деген жан – жақты сипаттама берді. Меңгеруді ары қарай әртүрлі тұрғыдан Л.Б.Ительсон, Е.Н.Кабанова-Миллер және т.б. ежіктеп зерттеген болатын. [26].
Педагогтар үшін психология ғылымының зерттеулерімен танысудың өте қажет екенін К.Д.Ушинский ескерте келіп, егер оқытушы баланың жан дүниесін жақсы білсе, « Онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал табудың көзі болмақ және осыған негізделіп табылған құрал орасан күшті болмақ » - дейді.
К.Д.Ушинскийдің педагогтар үшін баланың психикасын жете білуге мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық көзқарастарын, әсіресе оқыту методикасына байланысты дидактикалық ережелерінің көпшілігін, сол кездегі жаңадан дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып дәлелдейді.
Бұл пікірде оқытушының сөзі түсінікті, айтылатын мазмұндар оқушының санасына қонатындай болуы үшін, сол баланың психикасымен, жас ерекшеліктерімен санасу әр түрлі мөлшерде өзгеріп отыру керектігі жайында айтылып отыр.
Қазіргі кезде оқу – тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оны бір ізділікпен жүргізуде балалар психикасының ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттілігі жұртшылық тарапынан толық қолдау тауып, бұл жөніндегі ғылыми зерттеулер тәжірибеде елеулі табыс жетті.
Балалар психикасының өзіндік ерекшеліктерімен танысудың оқу – тәрбие жұмысының жемісті болып келуіне ететін әсерін екі түрлі мағынада түсінуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |