Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»


Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастардың басты бағыттары



жүктеу 0,62 Mb.
бет2/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#17717
түріДиплом
1   2   3

1.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастардың басты бағыттары.

«Орта Азия мен Кавказ тауының маңында орналасқан түрік мемлекеттерінің арасында экономикалық ресурстарға өте бай Қазақстан қазіргі тұста, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыта отырып, елімізге шетел капиталын тартумен қатар біріккен кәсіпорындарды арттыруға күш салуда. Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері өмірде болып жатқан ауыр экономикалық дағдарысты жоюды реформалық бағдарламаларды жасауды талап етті. Бағдарламаға сәйкес өкіметтің кейінгі бағыты инфлияцияны азайту, макроэкономикалық тұрақтылықты жаңадан қамтамасыз ету, экономикалық тоқыраудан шығу және жеке секторды жандандыру мақсатында әртүрлі реформалар бастатты».

Қазақстанның «ішкі экономикалық саясатын» республика салаларында тағы да экономикалық блок жоспары және жекеленген елдер мен жұмысқа бағытталған басқа экономика біздің экономикамыздың қосымша. Мұнда стратегияны дұрыс таңдау қажет, екі жақты экономикалық қатынасты талдау механизм ЕЖ. ЕҚ. Бұл жоспар ЕЖ. ЕҚ-ның дамуын қызығушылығын Түркия республикасымен қарастыратын Қазақстанның негізгі әріптегі ішкі экономикалық байланыс Таяу және Орта Шығыс аймақтарында.

Түркия тәжірибесі –Қазақстан өндіріс, технологиясы, ауыр машина құру, мұнай-химия, коммуникация, жеңіл және тағам өндірісінде, ауыл шаруашылығында және экономикалық басқа облыстарында Түктің орта және ірі капиталы орнығуы біздің проекттерге инвеститцияландыру. Басқа сөзбен біз ЕЖ.ЭҚ-н ұруымыз қажет экономикалық ел ретінде. Біздің экономикалық әріптесіміз қандай?

Қазіргі Түркия-индустриалды-аграрлы ел орта күшпен шығарушы деңгейде дамыған. Оның экономикалық дамыған жылдамдатылған динамикасы 1980 жылы арасында байқалды. Сайлау нәтижесінде укіметке Отандық партия ірі өндірістерді ьанк капиталына бөлді, материалдық емес өндірістің дамуы. Оған әлеуметтік инфраструктура, сауда және т.б.

1.Қ.А.Ясауи ХҚТУ «профессор –оқытушылар құрамының ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік ҮІІ Ғылым конференциясының еңбектері –Шымкент 2000ж.»

2. Нарибаев М. «Казахстан-Турецкие экономические отношение» Саясат-1999ж. №3 с.69.

«Экономикалық либерализм саясаты жеке кәсіпкерлердің және базар механизимін Түркия мемлекетін реформада 1980 жылдардың өзінде-ақ өте бастады дағдарыстан шығару ірі өндіріс саласында, банкісі, қызмет көрсету, арқылы дағдарыстан шығаруда еді».

Индивифатты жоспарды тану негізінде әлеуметтік-экономикалық жоспар бойынша даму бүтіндей елдің макроэкономикалық тұрақтылығы және ұлттық өндіруші пункттің дамуы.

«1995 жылы шілде айында жетінші бес жылдық жоспар 1996-2000 жылдары дамуын бөлігімен қарастырады. ВНП-ның жылдық өсімі 5,5% көлемде, бес жылдың соңында ВНП –структурасындағы экономика секторлары мынандай салаға бөлінеді. Индустрия-27%, ауыл шаруашылығы-13%, қызмет көрсету-59%, 2000жылға ұлттық табыс, тұрғындар жанына 3340-3530 АҚШ долларын құрады. Жұмыссыздық деңгейі-7,7%-ке дейін төмендеуі мүмкін».

Елдің қазіргі экономикалық жағдайы жеткілікті түрде күрделі болды. Саяси жағдайы отставкаға кеткен үкіметте үш экономикалық пакет қабылдануындағы негізгі мақсатына жете алмады:дағдарыс деңгейін төмендетуге мемлекет бюджетінің тапшылығын тану, сауда байланысының және тағы басқа елдегі ішкі саяси тұрақсыздық және ішкі қарыз ел экономикалық ситуациясында өнудің бір жолын жоққа шығарды.

«1997 жылдың мамыр айында жаңа коалицияндық өкімет құрылды. Оның басында Отандық партия лидері М.Иылмаз жаңа кабинет көңілі негізінен кеткен үкіметтің әрекеті арқасында экономикасы құлдырады».

Түркияда экономикалық проблемалардың шешуші жақсы мамандар қажеттілігі туындады.Себебі бюджет жетіспеушілігі мен дағдарыстан шығару қажеттілігі және әлеуметтік саясатты қайта қарату керек еді, үздіксіз сегіз жылдық білім беру қолға алынды. Бұл үлкен қаржы шығындарын әкеледі. Ал, бұған бюджет қоры дайын емес, экономикалық дамудың түрік басшылығы үшін МЭО активизациясы болып қала беретін тек шет елдермен ғана емес, сондай-ақ интеграциялық дамудың процестері экономикалық структуралары саласында ішкі сауда, шетел инвестициясын тарту және т.б.

Түркиямен екі жақты байланыстардың артуымен бірге Қазақстанның сырқы саудасының үлкен бір бөлімінің ТМД мемлекеттерімен, әсіресе Ресеймен істеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан сыртқы сауда жайында Түркияняң орны өте аз. «Бұл жағдайды таблицадан көре аласыздар».

«1996 жылы Түркия мен Қазақстан арасында сауда айналымы 360 млн.долларға жетті».

Түркия Қазақстанның негізгі саудадағы әріптесі болып табылады. «1997 жылдың алты ай ішінде екі елдің тауар айналымының көлемі 119,11 млн. Долларды құрады, экспорт-42,5 млн. , ал импорт-76,61 млн. Қазақстан Түркиямен тауар айналымы бойынша ТМД елдерінің арасынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленді».

Ерсүңгір мырзаның таблицасының көрсетуі бойынша 1998 жылы Қазақстанның Түркиямен сыртқы сауда байланысы өте төмен: «1998 ж.Қазақстанның Түркияға экспорты-94,3%, импорт-202,4%, айырым-108,1%».

Негізінде Қазақстанның Түркияға экспорт структурасы, шикізат бағытындағы, ауыстыру импорттың негізгі статьялары болып жеңіл және тағам өндірісі тауарлары, көлік құралы, өндіріс айналымында, байланыс және коммуникация құралы. Түрік тауарларының елеулі көлемде тігіндік сауда каналдар өндіріле түсуде.

«Екі ел арасында 2000 ж сауда айналымы 400 млн. АҚШ долларды құрап отыр. Енді екі елдің басшылары сауда қатынасын 1 млрд. Долларға жеткізу туралы жоспарланып жатыр».

Қазақстан мен Түркия Республикасының арасында тронспорт пен коммуникация саласының дамуы.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң тұңғыш рет шетелге әуе қатынасын бастамасы 1992 жылы Түркия Республикасымен болды. «Екі елдің әуе компаниялары екі жақты Алматы-Стамбул рейстері болды» .

Автомобиль траспорты- бұл негізінен мемлекет арасындағы жүк саудасын тасымалдау түрі. 1994 жылы көлікпен тасымалдау шешуші системаны екі жақты бланкаларды-ал алмастыру негізінде бірдей рұқсат етілді. Түркия қазіргі кезде ТМД елдерімен негізгі әріптестік формасы болып: ішкі сауда экспорттық дайын өніммен импорттық шиніні бағыттау (мұнай, газ, көмір, қара темірмен басқа да темірлері т.б.) Түркия үшін міндетті түрде аймақтық және аймақ аралық экономикалық және қаржы блоктарын интеграцияның тереңдету процесі. Мұндай экономикалық әріптестік ұйым Халықаралық реконструкция және даму банкі Ислам даму банкі және басқалар. Айрықша бағыттағы аймақтық интеграция Түркияның ЕҚ қатарына енуі мүмкін: 1996 жылы осы топпен кеден одағына кіруі.

«Бұл ірі Жапон және Оңтүстік Корея капиталындағы (Сони, Тойота, Хюндай, Кия) ірі басшылардың қызығушылығы Түркияға инвестиция беріп, болашақта ЕҚ саудаларына салықсыз өз тауарларын шығару жолын әріптестері Құрама штаттар және басқа да ірі елдер көмек беруде»

Қазақстан Республикасының бауырлас Түркия мен түрлі салалардағы өз ара ынтымақтастығы тәрменді түрдедамытуүстінде.Екі елдің басшылары арасында жүйелі түрде болып тұратын жоғары деңгейдегі байланыстар екі жақты саяси, сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық қарым-қатынастарға қосымша серпін беретін сөзсіз.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1992 жылдан бастап Түркия мен Қазақстанның сауда байланыстары кең қанат жайып, артып келеді.

Түркияның Қазақстанға байланысты бағдарламасы бойынша экспорт толығымен өндірістік аймақтарға, импорт болса Қазақстан экономикасын көтеруге бағытталған. Қазақстан Түркияға тері, цинк, мыс, темір, пластика және анорганикалық химия өнімдерін шикізат күйінде сатуда. Ал «Түркияның Қазақстанға деген экспортында бәсекелестік әдеттегідей басымдылыққа ие болған тамақ өнімдері, тоқымашылық, былғарыдан жасалған киімдер, құрылыс заттары, темір-болат сияқты өнімдерімен басқада шығынт өндіріс құрылғылары орын алып жатыр»

1995 жылы 13 маусымда Түркия Республикасының президенті Сүлеймен Демирел Алматыға ресми сапарамен келді.

Н.Назарбаев пен С.Демирел екеуі екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қол қойылды. Президенттердің кездесуінен кейін өткізілген екі мемлекет делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде Н.Назарбаев: «Қазір Қазақстанда Түркияның 269 фирмасы белсенді түрде жұмыс асыруда. Егер 1992 жылы жалпы тауар айналымы 20 млн. АҚШ долларын құраса, ал, 1995 жылы тауар айналымы 160 млн АҚШ долларға дейін көтерілді. Жалпы соммасы 1 млрд. Долларға жуық болатын бірлескен 34 жоба бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда деп мәлімдеуде»

«1997 жылдары статистика түріктер жағынан бәсекелестікті айтады. Соңғы кездегі байланыстар Қазақтар мен бланктар саны өсті немесе системаны өзгертті. Жолаушыларға арналған вагондарды құрастыру жөнінде тенден өткізу туралы сұрауы тұрды және Қазақстанда тепловоз паркін құру қарастырады Американ және Жапон компаниясы қарастырушы, Түркиядан «Повасаш» және «Тулалсае» компаниясы қатысуда»

«1995 жылы Қазақстан мен Түркия республикасының арасында ынтымақтастыққа қол қою рәсімінде Түркия президенті С.Демирел Қазақстан коммуникация мен көлік саласындағы қарым-қатынастарды ең маңыздылары ретінде айқындады. Болашағы зор байланыста деп көне Жібек жолы негізінде қалпына келтірмек болып отырған байланыс көзінің бір бөлігі ретіндегі Иран арқылы Түркияға теміржол төсеу жобасын, сондай-ақ Еділ-Дон каналын пайдалана отырып су жолдары арқылы қатынас жасауды жолға қоюды және Кавказ арқылы автомобиль тасымалдарын атауға болады, деп есептейді С.Демирел»

Қазақстан байланыс саласында Түркияның «Telsini», « Turkcell» фирмаларының Қазақстанға жасаған инивиститциясы арқылы дүниенің кез-келген фирмаларының нүктесімен байланысуға болады. Халықаралық әдебиетте GSM аталатын бұл жүйе Қазақстанға да мықтап орнықты. «Turkcell»-ді, салтанатты түрде ашқан ел Президенті Н.Назарбаев таяп қалған ХХІ ғасырға өлкесінің техникалық салада нақты адамдармен енуін зор мақтаныш тұтты. Қазақстанда байланыс облыстарында түрік фирмаларының қатысуымен Павлодарда жеке қолдануға АТС берілді. Сонымен қатар телефон станцияландыру жүргізілуде.

Повладар-«Весиет», Оралда-«Комтел», Семейде-«Хесбанламыс» жұмыс істейді.

Қазақстан жерінде Түркия кәсіпкерлері мұнай мен газ саласында өздерінің ерекше орындары бар. 1994 жылы көктемде Анкарада Қазақстан Республикасының Түркия Қазақстан мұнайын өндіру, тазарту, тасымалдау және саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа премьер-министрдің орынбасары Сыздық Әбішев пен Түркия энергетика және табиғи ресурстар министрі Висель Атасой қол қойды.

Келісімге сәйкес бірлескен Қазақстан Түркия фирмасы 1994 жылы тамыз-қыркүйек айларында Республиканың батыс бөлігіндегі кен орындарында жұмыс істеуге келіседі. Мұнда 4 млрд. Барель мұнай мен 387 млрд. текше метр табиғи газ бар. Түрік жағы 36 жыл ішінде 2,16 млрд. Барель мұнай мен 208,9 млрд. доллар құрайды.

Келісімге қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде С.Әбішев: «Қазақстан үкіметі Анкараның мұнайды қара теңіз бұғаздарыарқылы тасуға байланысты мазасыздық танытуына түсіністікпен қарайтындығын атап өтті. С.Әбішев осы проблеманың шешімі мүдделі жартардың қатысуымен табылатындығына сенім білдірді»

С.Әбішев Қазақстан мен Түркия арасында елуге жуық келісім жасалғандығын және олардың көпшілігі жүзеге асырылу сатысында екендігін атап көрсетті.30 Қазақстан мен Түркия банк саласында да ынтымақтастығын жандандыруда. Қазіргі кезде Қазақстанда «Зераат Банк» (KZL Bank-Kazakhstan Ziraat International Bank), «Эмлаж Банк», «Иш Банк» (бірлескен TKI-Bank-Turkish-Kazakhstan International Bank ) «Демир Банк» сынды банктер жұмыс істейді. 1992 жылы Түркия Эксимбанк арқылы серіктестікті кеңейтуде маңызы Надам несие жолы 200 миллион доллар мөлшерінде алынды.(Соның ішінде-55,7 млн тауар бөлігі, инвестиция -14,4 млн доллар). Несиенің қалған бөлігі қолдану сұрағы іс жүзінде Алматыдағы Анкара өтелісі, және балалар реабилитациялық орталық, құрылыс орындарына жабық болуы мүмкін. «Түркия инвестиция салу және алыс-беріс көлемі жөнінен 3-ші орында келеді. Бір ғана оңды мысал: Түркістандағы халықаралық Қазақ-түрік университетіне Түркия 61 млн доллар ақша жұмсаған. Астанадағы және еліміздің басқа да қалаларындағы көптеген құрылыстарды түрік компаниялары жүргізуде пайдалануға берілген нысандар қаншама».

«Түркия мемлекеті Қазақстанға 2000 жылдың ішінде 1,5 млрд доллар инвестиция берді»
1.3. Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорындарының құрылуы және оның қызметі.

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 1991 жылдан бері дамып, кең өріс алып келеді. Әсіресе Түркия республикасының Президенті Тұрғыт Өзал бастаған үкімет делагациясының Алматыға келген сапары бұл қатынастарды дамытуға айрықша серпін берді.

1991 ж. Қазақстан мен Түркия министрліктері ведомоствалары мен ассоцияциялары басшыларының іскерлік байланыстар орнатуға айрықша назар аударып,отырғанын атап өтуге болады.

«Қазақстан Республика министрлер кабинеті Түркияның іскер топтары мен келісімді жүзеге асыру жөніндегі бүкіл қызметті үйлестіру мақсатында үкімет аралық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады». Қазақ КССР сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде болған осы келісімдердің жасалғанына көп уақыт өте қоймаады, Қазақстан Түркияның кәсіпорындары бірлесе бастады.Қазақ жеңіл өнеркәсіп концерні «Мармара консалти» фирмасымен Георгиев тері-былғары комбинатының базасында тері-былғары тауарларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру жөнінде шартқа отырды. Сондай-ақ «Замбак» фирмасымен бірлесіп Жамбыл қаласында теріден жасалатын киімдер шығаратын кәсіпорын құру туралы да келіссөздер болған еді.31

Біздің экономикамыздағы ең бір осал буын-ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу. Міне, сондықтан бұл салада елеулі табыстарға қолжеткізген Түркия компанияларымен ынтымақтастық жасау жөнінде де республикамызда нақты қадамдар жасалды. 1991 жылдың өзінде тері және былғары бұйымдарынан жасалатын өнімдерге байланысты «Актюбмясопром» өндірістік бірлестігі мен Түркияның «Стар мод Лейзор КО» фирмасының бірлескен кәсіпорыны құрылды32.Бұл кәсіпорын енді басқа да өнімдер шығаумен бірге жыл сайын 300 мың теріні өңдейтін болады. Сондай-ақ Алматыда құрылған, «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасымен бірлескен «Алмаст» кәсіпорыны халыққа ақылы жөндеу және құрылыс салу қызметін көрсетіп, құрылыс материалдарының жекеленген түрлерінің шығарудың, терілерді қайта өңдеуден өткізіп, тері былғары бұйымдарын тігудің қамына кірісті. Осы мақсатта «Алаш Дыш Тыжарет» фирмасы тігін машиналары мен тері бұйымдарын жеткізіп беруді міндетіне алды.

1993 жылы Қазақ-Түрік мұнай компаниясы құрылды. Қазақ-Түрік мұнай компаниясы пайда көлемінен Қазақстанның алатын үлесі 51%, ал Түркия үлесі 49% -ға. Қазақстанда 70 млрд. доллар 364 млн барель мұнай 20 млрд м3 табиғи газды ашу жұмыстарына жұмсалды. 2001-2002 жылы 65000 барель мұнай күнделікті өндіру жоспарланып отыр.

1993 жылдан бастап Қазақстанға Түркияның компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындар негізделді. Бірлескен кәсіпорындар «Касфен» батыс Қазақстанда мұнай құбырларын салуға –Кумколь; «Полфин» компаниясымен мұнай скважиналарын жөндеуге келісімге келді. Бірлескен кәсіпорындағы әріптестіктің жемісті жұмысы. ҚазТұрмұнай Түркия жағынан ұлттық мұнай компаниясы болды.

1994ж бастап келісімдегідей барлау, бұрғылауды Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және батыс Қазақстан сияқты төрт облыстардың территориясында жалпы көп елде 25000 кв км аймағын алуда 210 млн долларды Түркия жағы инвистиция берді. Мұнай, газ және Поденсат қорларын барлау жұмыстарын 170000 м «батыстық» менеджменттері Қазақстан кәсіпорындарында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алды.

1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319 түркиялық кәсіпкерлер Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкерімен Қытай алады.

Ал 1999 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін Түркия компаниялары 320-ға жетті. Олардың қатысуымен 90-н астам бірлескен кәсіпорын саны бойынша 3-ші орын алады. Онда тауар сатып алып, тұрғындардың тұтыну тауары, соның ішінде косметика, жуу құралы, тері-былғары өнімі, құрылыс заттары т.б. қызметтер соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдері, минералды шикізат, ішкі ресурстарды өңдеуді бастады.

Алматыда «Сұлтан» макорының шығарушы Түркияның «Окан» компаниясы Алматыда печенье шығаруда. Алматыда ұн тартатын «Юмбул» фирмасы жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның бірнеше облыстарында қазақ-түрік кәсіпорындары бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Олар Қостанай облысында салқындатып тазартылатын су шығарумен «Текфен» фирмасы айналысуда. Шымкентте сіріңке шығарып жатқан Түркия фирмасы бар. Түркияның іргелі «Коч» компаниясы Қазақстанның «Бутясымен» бірігіп, «Рамстор» деп аталатын маркалы өнімдер шығаруда. Қазіргі таңда «Коч холдинг» фирмасы осындай супер маркеттерді Астана мен Шымкентте де ашуды көздеп отыр.

Алматыда Алмер акумлятор зауыты, Шымкентте «Yesilinma» шұлық фабрикасы, Өскеменде «Алтынай» күнбағыс май зауыты өнім шығара бастады. 1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға жуық серіктес кәсіпкерлердің 319-ы Түркия кәсіпкерлері. Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкермен Қытай алады.

Қазақстанда Түркияның құрылыс фирмаларының орны ерекше: Түркістандағы Қ.А.Ясауидің атындағы ХҚТУ-дің қалашығын Түркияның «Зафер» фирмасы құрылысын жүргізді Университет қалашығының көлемі жоба бойынша 300 гектар. Оның 120 гектарына жаңа техника жетістіктерімен жабдықталған оқу корпустары, 80 гектарға жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, ал 100 гектарға ботаникалық бақ пен ғылыми зерттеу орталығы орналасады.

Түркия мемлекетінің құрылыс кәсіпорындары Алматыдағы бес жұлдызды «Анкара» мейрамханасын салды, Астана қаласында алғашқы бес жұлдызды «Астана» қонақ үйін тұрғызды. Сондай-ақ Астанадағы парламент үйін, бірнеше министрліктер мен тұрғын үй салуға да Түркия кәсіпорындары үлес қосты.

Қазақстан территориясында Түркия компаниялары бірінші орында. Мәселен Астана шетел компаниялары арасында 70%-ін Түркия компаниялары алады. Астананың халықаралық презентациясында Президент 4 құрылыс компаниясына медаль беруін оның үшеуі Түркияның компаниялары алды.

Астана қаласында Түркияның мынандай компаниялары көзге ерекше түсті: «Ахсел», «Окан-холдинг», «Жейланлемитет» шетелдік құрылыс компаниялары. Қазіргі кезде Қазақстанда 660-тан астам Түркия компаниялары мен бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындары жұмыс істеуде. Осы орайда Қазақстанда істеп жатқан «Энка, Окан-холдинг, Финтрако, Джейлан, Бурдуж, Анадол, Грубу,Түркуаз, Түріксел» сияқты ірі түрік компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

Түркияның Джейлан және Олан-холдинг компаниялары Астанадағы Евразия университеті мен ұлттық мұражайдың құрылыстарын аяқтауға жақын қалды.

Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлем таныған тұлға екеніне көзі жеткен түрік бизнесмендері ішіндегі аса ірі капиталдары да ата жұртта зауыт, фабрикалар ашуға ынталы болып отыр. 1998 жылдың өзінде 200-ден астам түрік компаниялары Қазақстанға келіп, жағдаймен жан-жақты танысты. Соның 20-30-ы қазірдің өзінде қажетті құжаттар әзірлеп, жұмысты бастап кетті. Бұлар күріш тазалау, мебель жасау, қағаз, керамика, шыны, дәрі-дәрмек шығаратын фирмалар.



2. Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары.

2.1 Қазақстан мен Түркия республикасы арасындағы халықаралық байланыс

Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды. Мүмкін, сондықтан да, мемлекеттің арасындағы қатынастарда ортақ саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымы орын алып отырғандығы да болар, олардың арасындағы қатынастар өте қарқынды дамып келеді.

Осман мемлекетінен Республикаға өтісімен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923-жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсенді түрде әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін.

Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ тәуелсіз тең құқыктылық негізде дүниежүзілік қауымдастыққа ену үшін,- деп түсіндіреді Қазақстан - Түркия қарым-қатынастарын Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ үзбей өз бақылауында ұстап келе жатқан қазақстаңдық ғалым М.Б.Мұхамедов, - Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер байланысын құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен роль атқармай қойған жоқ. Осының бәрін ескерген Қазақстан үшін дүниежүзілік қауымдастықта беделі өте жоғары Түрік мемлекеті Батыстық мол қаражат көздерінен несие алуға кепілдік ете алатын иесіндей көрінді.

Нарыққа негізделген мемлекет құруды мансұқ тұтқан Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы "Түрік үлгісіне" айрықша назар аударады. Дегенмен, шаруашьшық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты алып мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40% жуығы түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этникалық және діни мәселелерде сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі.

1992 жылдың қазан айының 30-ы және 31—1 күндері Анкара қаласында түркі мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесуі болды. Оған Түрік Республикасының сол кездегі Президенті Түрғыт Озал, Әзербайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Элгібей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Рсспубликасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысты. Кездесу барысында оған қатысушыларды Түркия басшылығы кезінде Кемал Ататүрік қолдаған барлық түркі тілдес халықтарды біріктіру идеясымен еліктіруге тырысты. Бұл идеямен басқа мемлекеттер басшылары өздерінің келісе алмайтындықтарын жасырмады. Туындаған осындай қиындықтарға, өзара келіспеушіліктерге қарамастан, кездесуге қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары түркі тілдес мемлекеттердің ортақ рыногін құру идеясын қуаттады. Түрік жағы оларға экономикалық және мәдени салаларда қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың оң дамуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және әрі қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығында қатынастардың жарастығы жолында осы бағьпты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келулері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды. Түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының мұндай кездесулері кейінгі жылдары да арасына жыл аралатып тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұның жақын мысалы ретінде 1994 жылдың қазан айының 19-ында Стамбулде, 1995 жылдың тамыз айының 28-інде Бішкекте, 1996 жылдың қазан айынын 21-інде Ташкентте болып өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесулерін атауға болады.

Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу экономикалық құрылым жасақтай алмайды». Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да. Мысалы, Түркия Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің есептеріне қарғанда, екі ел арасындағы өзара сауда айналымының жалпы сомасы 2001 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асқан. Ал, 1999 жылы Қазақстанға Түркия Республикасынан әкелінген тауарлар экспортының жалпы сомасы 96 миллион АКШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 116 миллион АҚШ доллары болғанды. Ал, Қазақстаннан 1999 жылы Түрік еліне апарылған тауарлар экспортынын жалпы сомасы 296 млн. АҚШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 346 млн. АҚШ долларына жеткен болатын.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау