Кітапханашы-библиограф мамандығЫ: Қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері



жүктеу 54,05 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі54,05 Kb.
#15648


УДК 023.5 

 

КІТАПХАНАШЫ-БИБЛИОГРАФ МАМАНДЫҒЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 

ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Насырова М.А. 

Орал қ. 

 

Қазақ  елі  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  егемен  мемлекет  ретінде  халықаралық  аренаға  шықты. 

Халықтың  көкірек  көзін  ашар  кітаптар  қорына  бай  кітапханалар  заман  талабына  сай  жұмыс  істей 

бастады. Мысалы, ХХ ғасырда кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек 

қолда  бар  ақпараттарды  пайдаланған  болатын.  Ал  қазіргі  таңда  заман  ағымына  сай  кітапхана 

қызметкерлері  кәсіби  біліктіліктері  жетіліп,  өз  жерімізде  ғана  емес,  шет  мемлекеттермен  ақпарат 

алмасып, ондағы оқырмандар сауалдарына жан-жақты, толыққанды жауап бере алатын деңгейге жетті. 

Әсіресе,  оқырмандардың  электронды  кітапханалардың  мәліметтер  базасын,  әлемдегі  ірі  ақпарат 

орталықтары  каталогтарын,  жеке  электронды  топтамаларды  оқып-білуіне  мүмкіндік  туды.  Сондай-ақ 

кітапхана  жұртшылықтың  оқулықтар,  кітаптар  мен  энциклопедиялардың  CD-Rom-дағы,  интерактивті 

оқу  курстарының  электронды  басылымдарын  қарауына  мүмкіндік  жасап,  заман  талабына  сай  өз 

міндетін орындауда.  

XX  ғасырда  жаңадан  кітапхана  қызметкерлері  іріктеле  бастаса,  ал  XXI  ғасырда  кітапхана 

қызметкерлерін  даярлайтын  арнайы  оқу  бағыттары  пайда  болды.  XXI  ғасыр  кітапханалар  мен 

кітапханашылар үшін өркендеу, жаңғыру ғасыры болады. Ол – өркениет талабы.   

Міне,  сондықтан  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  кітапханалардың  құрылуы  және  кітапхана 

қызметкерлерінің қалыптасуының әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болу кезеңдерін ашу -          XX 

ғасыр  басындағы  қазақ  халқының  еуропалық  рухани  байлықтан  кенде  қалуының  себебі  оның  табиғи 

болмыс-бітімінен  емес,  қоғамдық-саяси  себептерден  туындағанын  көрсетуге  мүмкіндік  береді. 

Кітапхана    қызметкерлерінің  материалдық  және  әлеуметтік  жағдайына  байланысты  мәселелерді 

шешудегі  партиялық,  өкіметтік  органдардың  қызметіндегі  жетістіктер  мен  кемшіліктерін,  кітапхана 

мамандары қызметінің мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін нақты фактілермен көрсету тақырыптың 

зерттеу  объектісі  бола  алады.  Тарихи  тәжірибені  объективті  зерттеу  тәжірибеде  пайдасы  бар 

құндылықты  сақтау  үшін  қажет.  Кітапханалардың  қалыптасуы,  кітапхана  қызметкерлерін  дайындау, 

олардың  әлеуметтік  ахуалы  XX  ғасыр  басында  қазақ  қоғамының  өтпелі  кезеңінде  болды,  оның 

таңдаулы  үлгілерінің,  ізденістері  мен  тәжірибесінің  Қазақстандағы  бүгінгі  мәдени  үрдістер  үшін  де 

маңызы зор. 

Бүгінгі күні кәсіби шеберлік пен кәсіби құндылық – кез-келген маманның қоғамдағы сұранысы 

мен  орнын  анықтайтын  басты  принцип.  Әсіресе,  кітапхана  саласы  ақпараттық  және  білім  орталығы 

болғандықтан, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар ең алдымен 

жоғарғы ақпаратты біліммен қаруланған өз ісінің шебері болуы керек. 

Отандық  кітапхана  ісін  зерттеушілердің  пікірінше,  кітапханашылардың  білімін  жаңғырту 

олардың  кәсіби  шеберлігін  ұдайы  жетілдіріп  отыру  жолымен  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ұдайы  оқуда, 

ізденісте  болуы  –кітапханашының  кәсіби  міндеті,  себебі  кітапханаға  түсетін  әрбір  жаңа  ақпарат 

маманнан белсенді қабылдауды және оны іс-тәжірибеде қолдана білуді талап етеді.  

Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын, кітапханашы – білімді бойына жинап, таратушы адам 

ретінде  танылып  келеді,  өйткені  ол  кітаптардың  мазмұнымен,  әртүрлі  басылым  түрлерімен  белсенді 

жұмыс  істейді,  оқырмандардың  жүрегіне  жеткізеді.  Алайда  бүгінгі  ақпарат  көлемінің  ұлғая  түсуіне 

байланысты,  кітапханашылардың  барлығы  бірдей  білімді  оқырманмен  жұмыс  істеуге  қабілетті  деп 

сеніммен  айта  алмаймыз.  Кәсіби  білімге  деген  өлшемнің  өзіндік  салмақты  негізі  бар.  Кітапхананың 

атқаратын  қызметінде  кәсіби  білімнің  маңызы  зор  болғандықтан,  кітапханашының  әркез  өз  білімін 

көтеретін шараларға қатыспауы, айналасында болып жатқан құбылыстарға немқұрайлы қарауы, өзінің 

кәсіби  міндеттеріне  этикалық  тұрғыдан  жауапкершілікпен  қарамауы  кітапхана  қызметіне  кері  әсерін 

тигізеді. 

Қазіргі  мамандықтарға,  әсіресе  тұрақты  негізде  кәсіби  деңгейін  көтеріп  отыруды  қажет  ететін 

мамандарға  міндетті  түрде  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп  отыру  қажет.  Өйткені  кітапханалық  ортада 

мамандықтың  құндылығын  жете  мойындамау,  қызмет  көрсету  деңгейіне  жеткілікті  дәрежеде  көңіл 

бөлмеу  сияқты  келеңсіз  жағдайлар  белең  алып  келеді.  Күні  бүгінге  дейін  кітапханашы  еңбегі 

қоғамдағы жалақысы аз төленетін мамандық болып келе жатқаны жасырын емес.  

Осындай  кейбір  мәселелерге  қарамастан,  қоғам  өзгерісінде  кітапхананың  рухани  орталық 

ретіндегі  мәртебесін  жоғалтпай  келе  жатқаны  көңіл  қуантады,  ал  кітапханашы  мен  оқырманның 

арасындағы  қарым-қатынас    проблемаларын  шешу,  кітапханашының  кәсіби  деңгейін  көтеріп, 

жетілдіріп отыру – кітапхананың әдістемелік орталықтарының міндеті. 



Кітапханашылар  қойылатын  ең  басты  талап  –  жеке  тұлғалық,  коммуникативті  қасиет, 

оқырмандармен  қарым-қатынас  жасай  білу.  Қоғамда  кітапхана  мейірімділікке,  ізгілік  пен 

адамгершілікке  қызмет  ететін  орын  деген  ұғым  қалыптасуы  үшін,  кітапханада  мейірімді,  жақсы 

тәрбиеленген, өз ісіне шексіз берілген кәсіби мамандар жұмыс істеуі тиіс. 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  бәсекеге  қабілетті  экономика  қалыптастырып, 

өзге  елдердің  өркениеті  мен  мәдениетінен  еш  қалыспайтын  білім  жүйесін  дамыту  қажеттігі 

ескертілген. Осы орайда кітапхана мамандарын оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеруде жалпылама 

оқытудан гөрі ғылыми техниканың жаңа жетістіктерін игерген маман даярлау қолға алынуы қажет. 

Сондықтан алдағы уақытта кітапханашылар дайындайтын жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік 

тапсырысты  көбейту  мәселесін  қою  орынды. Себебі  ауыл  кітапханасы  білім  ошағы  ғана  емес, ол сол 

елді  мекеннің  мәдени  және  рухани  ахуалын  көрсететін  құрметті  орын.  Еліміздегі  зиялы  қауымның 

басым  көпшілігі  ауылда  туып-өскендер,  ендеше  ауыл  кітапханасына  оң  көзбен  қарау  –  басты 

міндеттердің бірі. 

Қазіргі  кезде  кітапханатану  саласында  болып  жатқан  ауқымды  өзгерістер,  әр  түрлі  ынталы 

бастамаларға  кең  жол  ашылуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  оқырман  тәрбиелеумен  айналысатын 

кітапханашылық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,  жаңа  сапада  ұйымдастыру  қажеттігі  өзінен-өзі 

туындап  отыр. Бұл  үшін  кітапханашылар кітапхана қызметіндегі  инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-

педагогикалық негіздерін меңгеруді мақсат етуі тиіс. 

Кітапхана  саласындағы  ізденістер,  инновациялық  жұмыстар  ауылға  қаншалықты  тиімділік 

әкелуде?  Кітапхана  ғылымының  өркендеуі  үшін  не  істеу  қажет?  Әсіресе  жас  ұрпақтың  болашақта 

кітапхана мамандығын көптеп таңдауы үшін нендей шешімдер керек? Ауыл кітапханашысының білімі 

мен  біліктілігі,  рухани  әлеуеті,  құқықтық  және  саяси  мәдениеті  қандай  деңгейде  болуы  керек?  Ауыл 

кітапханаларын түбегейлі автоматтандыру мәселесі қашан шешіледі? 

Дамыған  елдер  тәжірибесінде  өңірлердегі  рухани  даму  мәселелерін  мемлекет  пен  бизнес 

қауымдастығының  өзара  бірлесіп  шешуінің  заңдылық  негіздері  бар.  Осыған  орай,  экономикалық 

жағынан  тұрақты  Қазақстандағы  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялардың  жұмысын  мәдени 

жобаларға бағыттап, әлеуметтік даму мәселесін шешу қағидасы бойынша жұмыс істеу принципі жүзеге 

асырылса, ауылдағы мәдениет орындарының біршама дамуына жол ашылар еді. 

Елімізде  жүріп  жатқан  барлық  саладағы  өзгерістер  кітапхана  ісіндегі  тәрбие  жұмыстарын  ғылыми 

негізде  ұйымдастыру  қажеттігін  алға  тартып  отыр.  Қоғам  өміріндегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай 

неғұрлым  күрделене  түскен  сайын  жасөспірімдер  тәрбиесінде  қиыншылықтар  көбейе  түсуде.  Қазіргі 

кітапханашының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жеке бас қызметінің мәдениеттілігі, яғни имиджі, өзін-

өзі  басқару  шеберлігі,  әдебі,  сөйлеу  шеберлігі  және  т.б.  оқырмандармен  қарым-қатынасының  тәрбие 

жұмысында нәтижелі болуымен сипатталады. 

- Жалпы  тәрбие  жұмысында  оқырманның  жеке  дамуын  бақылау,  қабілеттерінің  ашылуына 

оңтайлы жағдай жасау;  

- Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;  

- Кітапханада  қолайлы  психологиялық  ахуал  қалыптастыру  үшін  оқырмандардың  өзара  қарым-

қатынасын ұйымдастыру. 

Қазіргі  кезде  кітапхана  ғылымында  тәрбиені  бірнеше  бағытқа  бөледі,  олар:  қазақстандық 

патриотизм  мен  азаматтық  тәрбие,  зерде  мәдениеті,  рухани  адамгершілік,  салауатты  өмір  салты, 

экономикалық, экологиялық, талғам және отбасылық өмір мәдениетіне тәрбиелеу.  

Көп  жылғы  кітапханалық  тәжірибемізден  байқап  жүрміз,  жоғарыда  аталған  тәрбие  жүйесімен 

көптеген  ұрпақтар  тәрбиеленді.  Алайда  оқырмандарға  тәрбие  беру  ісінің  осы  бір  жүйесін  қазіргі 

заманға  лайықтап  қайта  жасау  керектігі  мәселесі  туып  отыр.  Қазіргі  кезеңде  кітапханалық  білім  – 

тәрбие  беру  жүйесінің  ең  басты  мәселесі  –  кітапханалық  қызмет  көрсетуді  халықаралық  деңгейге 

жуықтату. 

Ол  үшін  кітапханаға  заман  талабына  сай  білім  және  тәрбие  стандартын  енгізу,  соған  сәйкес 

кәсіби  шеберлігі  дамыған  кадрлармен  қамтамасыз  ету,  ғылыми-әдістемелік  бағытқа  ынталандыру 

қажет.  Ауыл  кітапханаларында  бұрын  қалыптасқан  бағдарламалармен  жұмыс  істеу  стилі  ескірген. 

Кітапхана барлық тұлғасымен жаңа оқуға, жаңа жұмыстар қызметіне бейімделуі тиіс. 

Бүгінгі таңда кітапханалық білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – келешек ұрпақтың 

дүниетанымын  дұрыс  қалыптастыру.  Соған  сәйкес  кітапханадағы  оқу-тәрбие  жұмысында  бұл  міндет 

ерекше  назарда  болуы  тиіс.  Оқырмандар  дүниетанымын  қалыптастыруға  әртүрлі  факторлар,  оның 

ішінде  адамның  өмір  сүру  ортасы,  материалдық  жағдайлары,  ақпаратты  алу  құралдары,  оқыту  және 

тәрбиелеу ықпал етеді.  

Ел  ертеңі  –  білім-ғылымда,  білім  көзі  –  кітапта,  кітап  қоймасы  –  кітапханада  десек,  кітапхана 

келешегі  жастардың  қолында  емес  пе?  Өте  жоғары  талап  қойылатын,  алайда  жалақысы  мардымсыз 

жұмысқа жастар қалай мойынсұнсын?! Жастардың кітапхана қызметіне тұрақтамауы алаңдатады, кадр 

мәселесі ойлантар жайт деп ойлаймын. Алысқа бармай-ақ, бүгінгі таңда біздің облысымызда мәдениет 




министрлігіне  қарасты  404  кітапханада  еңбек  ететін  кітапхана  қызметкерлерінің  жалпы  саны  –  778 

адам екен, оның ішінде жас мамандар, яғни 30 жасқа дейінгілер - 154 адам, 30-40 аралығындағылар – 

158,  40-50  жастағылар  –  280,  50  жастан  жоғарылар  -  195  адам  екен.  Байқалып отырғандай,  кітапхана 

қызметкерлерінің басым бөлігі  – егде жастағы мамандардың үлесінде болып отыр.  

Кәсіби мамандар, білікті де білімді қызметкерлер зейнет демалысына шыққанда, олардың орнын 

жоқтатпай,  олардың  атқарған  қызметін  дөңгелетіп  әкететін  дайын  мамандарымыз  бар  ма?  Қазіргі 

жастардың  еңбекақысы  төмен  кітапханашы  қызметіне  белсене  кірісуі  екіталай.  Тоқетерін  айтсам,  не 

бары  30000  мың  теңге  жалақы  алатын  жас  маманның  бағаның  шарықтаған  күнінде  осынша  айлыққа 

күнелтуі  мүмкін  бе?  Ал  білімі  орта-арнаулы  мамандар  оқуын  жалғастырып,  жоғары  білім  алуды 

көздесе, мардымсыз жалақымен құны шарықтап тұрған оқу ақысын ақтай алмасы ақиқат.  

Елімізде  күндізгі  бөлімде  жоғарғы  білім  алу  үшін,  орта  арнаулы  білім  ескерілмейді  ,  яғни 

күндізгі  бөлімде  толығымен  аттай  4  жыл  оқуға  мәжбүрсің,  қойылатын  талап  сондай.  Сырттай  білім 

алушылар ғана 3 жыл оқиды, 30 мың айлықпен сырттай білімнің ақысын өтеу тіпті мүмкін емес екенін 

мойындауға  тура  келеді.  Оқуды  үздік  аяқтаған  түлектердің  де  аталмыш  мамандыққа  тегін  оқуға 

құқығы жоқ, сырттай  оқуға  грант  бөлінбеген. Үздік дипломға ие  бола  тұра,  сырттай  тегін  оқуға  түсе 

алмайтыны,  оқығысы  келгеннің  өзінде  жалақысының  аздығына  бола,  оқуды  жалғастыра  алмайтыны 

жанымызға  батады.  «Біздің  мамандығымыз  құнсыз  болғандықтан,  ақылы  оқуда  4  жыл  оқығанша, 

сұранысқа ие, айлығы мол мамандыққа оқығаным жөн емес пе?» дейді кітапханадағы бір жас маман. 

Көптеген жас мамандардың да осындай ойда екеніне күмәнім жоқ. Егер әр жас маман осылай ойласа, 

кітапханадан сырт айналса, келешекте кітапханаларда кім қызмет етпек?  

Сондықтан да кітапханаларда жас мамандардың тұрақтауы үшін алдымен:  

 

кітапханашылардың еңбекақысын өсіру;  



 

орта  арнаулы  білімді  мамандардың  жоғарғы  білім  алулары  үшін  күндізгі  бөлімде  басқа 

мамандықтар сияқты 2,5 жыл немесе 3 жыл оқуы

 

орта арнаулы білімді мамандардың сырттай бөлімде 2,5-3 жыл оқуы; 



 

орта  арнаулы  білімді  мамандар  сырттай  бөлімге  кешенді  тест  тапсыру  арқылы  емес, 

әңгімелесу, ауызша сынақтан өту арқылы қабылдануы

 

кітапханашы  мамандығы бойынша  жоғары  білім  алу  үшін  сырттай  бөлімде  тегін  оқу  үшін 



гранттар бөлінуі туралы күрмеуі қиын мәселелерді билік тарапына жеткізіп, осы мәселелердің шешімін 

табуға атсалысайық. 

Сонда ғана кітапханашы-библиограф мамандығының мәртебесі өсіп, қажетті деңгейге көтерілер 

еді. 


Елімізде мамандығына берілген кәсіби мамандар бар болғанмен, олардың ізін басар ізбасар жас 

мамандар  жоқтың  қасы.  Келешегінен  үміт  күттірер  жас  мамандар  кәсіби  бейімделіп,  оқырмандар 

сұранысын  әлемдік  деңгейде  өтеуге  тырыса  білсе,  кітапханалар  да  ақпарат  ағынынан  қалыспай,  биік 

талаптарды бағындырары хақ. Олай болса, елімізде кітапхана саласына көңіл бөлініп, кеңінен қолдау 

көрсетілсе,  жас  мамандардың  кітапханашы  мамандығына  қызығушылығы  артып,  кітапхана  ісін 

ілгерілетуге мол үлестерін қосары даусыз 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.  Ахметов    Қ.А.    XX  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  Қазақстан  мәдениеті    (“мәдени 



революцияның” концепциясы, идеологиясы, жүзеге асырылуы):  т.ғ.д. ... автореф//  –  Алматы, 2002.- 

55 б. 

2.  Әуенқұлова Г.Т. Кітапханашы- мамандардың маманы/ Г.Т.Әуенөқлова//Кітапхана -2008-№1-



Б10-11 

3.  Бахмагамбетова  Ш.К.  Подготовка  библиотечных  кадров  в  Казахстане    (1917-1975  гг.): 



автореф.... к.и.н. – Алматы, 1982. – 27 с. ; Бердигалиева Р. А. Становление национальной  библиотеки 

Республики  Казахстан  и  развитие  исторических  исследований  (1931-1945  гг.)  :    автореф....  к.и.н.  – 

Алматы, 1998. - 28 с. 

4.  Көшербаева Б.Қ.  Кітапхана мамандарының жаңа саясат  //Кітапхана-2007.-№3- Б.26-27 



 

 

жүктеу 54,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау