Тақырыбы: «Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның өзекті мәселелері»


Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері



жүктеу 0,62 Mb.
бет3/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#17717
түріДиплом
1   2   3

2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қазақстан тек Түркия Республикасымен ғана емес, жалпы басқа елдермен арадағы сауда-саттықта саудалау заты негізінен шикізат болып келетіндігі ешкімге де жасырын емес. Сондықтан, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев үнемі айрықша атап, нақты көрсетіп келе жатқанындай, Қазақстан өндірісі шикізатты неғұрлым терең өндеуге, қосымша құнды көтеруге басты назар аударуы керек. Демек, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағытында қолға алынатын жұмыс жеткілікті. Бұл жұмыстың негізгілерінің бірі — аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыс саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіруді, дүииежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды бұлжымас мұрат деп білу керек.

Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды сөз ететін болсақ, ең алдымен 1991, 1992, 1996 жылдары Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті мен өнері күндерінің өткізілуі, Алматы және Анкара қалаларында кинофестивальдар ұйымдастырылуы, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары, Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтардың ақындық шығармашылық мерейтойларын атап өту шараларынын ұмытылмайтын, екі ұлт үшін де пайдалы, ұлағатты, тағылымды істер болғандығын айтуға болады.

Сонымен қатар, бұл саладағы өзара туыстық байланыстардың бірегейі ретінде Түркия мен Қазақстан арасында 1992 жылдың 31 қазанында Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы Өкіметтері арасында Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуына келісім жасалуын атап көрсету орынды.

Бүгінде аталмыш университетте түркі дүниесінен келген 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Университет алғашқы түлектерін ұшырды және бұл түлектер Қазақстан-Түркия және басқа түркі елдерінде де биік парасаттылықпен халқымызға қызмет етуде.

Сонымен қатар 1999 жылдың алғашқы айларынан бастап:

Қазақстан мен Түркия өкіметі, министрліктер, түрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар мен ұйымдар, университет және сауда бірлестіктері арасында 100-ге жуық келіссөздер мен протоколдарға қол қойылды;

- Түркия Республикасы коммуникациясы және Түрік Телекомның инвестицияларымен Түркия-Қазақстан арасындағы тікелей телекоммуникация байланысы құрылып, Қазақстанның бүкіл дүниежүзімен болған телефон байланысы Түркияның үстінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Қазақстанда Түркияның теледидар бағдарламалары көрсетілетіндей дәрежеге қол жетті;

- Қазақстанда Түркия Республикасы мердігерлік секторының қызметтерімен іске асқан бағдарламалар 400 млн. доллар, әлі жалғасуда болған бағдарламалар 1 млн. доллар және айрықша қоғамдық ұйымдар тарапынан міндеттемеге алынған бағдарламалардың бағасы 300 млн. доллардан асқан. Осылайша Түркия Қазақстанда жасалған инвестициялары барысында АҚШ, Оңтүстік Корея және Англиядан кейінгі төртінші орынды иемденген болатын;

- Тәуелсіздіктен кейінгі екі жыл ішінде Түркия мен Қазақстан арасында (1992) 22 млн.доллар шамасында іске асқан сыртқы сауда көлемі тарапынан қабылдануына қарамастан Қазақстан мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1998 жылы 29-қазанда Түркия келгенінде "Баку-Жейхан мұнай құбыр жолын Қазақстанның қолдайтындығы жөнінде дүниежүзіне әйгіленген декларацияға Түркиямен бірге қол қойды;

- Түркияда қазір 1200-дың үстінде Қазақстандық оқушы, Қазақстанда 1000 шамасында Түркиялық оқушы білім алуда. Қазақстандағы Түркиялық оқушылардың жартысына жуығын Ахмет Яссауи университетінің оқушылары құрауда;

- Түркиялық қорлар мен жеке фирмалар тарапынан Қазақстанда ашылған арнайлы лицейлерде 500-ден астам Түркиялық оқытушы қызмет етуде. Бұл оқу орындарында 100 мыңға жуық қазақ жастары білім алуда және бұл оқу орындарын бітірген мыңдаған жас Түркия түрікшесін үйрене отырып университетке жолдама алуда.

- Түрік Дін Басқармасы тарапынан Қазақстанда көптеген мешіттерде жөндеу жұмыстары жүргізуде, жаңа мешіттер салынуда және қазіргі таңда Түркия Республикасы Алматы Төтенше Елшілігінің дін қызметтері жөніндегі кеңесшілгінде 16 дін адамы қызмет етуде. Айрықша 1997-1998 жылы Алматыда бір теология факультетінің ашылуына көмек көрсетілген.

Осындай қол жеткен жетістіктерге қарамастан, Түркия мен Қазақстанның гуманитарлық-ағарту саласы бойынша қарым-қатынастық байланыстарда кемшіліктер де болды. Көбіне көп, мұндай кемшіліктер екі мемлекеттің қаржылық және ішкі - саяси проблемаларына қатысты туындаған еді. Соған қарамастан, осы саладағы Түркия мен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастарының келешегі үлкен.

Туған ағасындай бауырласы Түрік мемлекетінен үлгі алған Қазақстан Республикасы халықаралық қатынаста біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда тәуелсіздігін 120 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішінде 105 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Әлемнің 28 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды, Алматыда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымының өкілдіктері жұмыс істейді. Жаңа астанамыз да саяси халықаралық байланыстар орталығына айналып келеді. Қазақстан 800-ден астам мемлекетаралық және үкімет аралық шарттар мен келісімдер жасады, көптеген әлемдік, европалық және азиялық саяси және экономикалық ұйымдар мен одақтарға кірді және қысқа тарихи мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толық мүшесі атанды. Республиканың сыртқы қатынастар жүйесі демократиялық принциптер мен халықаралық құқықтық келісімдерді құрмет тұта отырып нарықтық қатынастар жүйесінс нық қадаммен араласып келеді.

Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.

Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.

Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.

Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.

Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.

Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.

Қазақстанды дамыған елдер қтарына қосатын факторлар қатарына халықтың сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Қазақстан Республикасы экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі оның дамушы елдер қатарына жататындығының дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға, шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға ұмтылысы өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай пошымда болсын қарсылыққа, көптеген кедергілерге тап болуда. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ. АҚШ «таргетинг» дегенді дамушы елдерге негізінен «жаңа индустриялы елдерге» қарсы санкциялар жазалау шаралары ретінде қолданады.

Таргетинг — экспорттық әлуетті, негізінен мақсатты ғана көзден, өсіре беру.

Дей тұрғанмен, кейбір «жаңа индутстриялы елдер» оның ішінде Түркия Республикасы да бар өз экспортының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде мәшинелер мен жабдықтардың үлесі артты. Сондықтан, Түркия Республикасынан тауар экспорттаудың озық тәжірибесін қабылдап үйренудің ешқандай да әбестігі жоқ.

Маман сарапшылардың анықтауы бойынша Түркия Республикасы экономикасы барынша дамып, жан-жақты өркендеген дүниежүзілік жетекші 20 мемлекеттің Г-20 тобы қатарында нақ ортасында нық басып тұр. Олай болса, нарыққа негізделген мемлекет құруды көздейтін Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар, осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы «түрік үлгісіне» айрықша назар аударды. Дегенмен, шаруашылық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40 пайызға жуық түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этностық және діни мәселелерде аса сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі. Өз кезегінде мұндай әлеуметтік-этностық факторлар басқа елдермен, соның ішінде Түрік мемлекетімен де арадағы саяси, әскери және экономикалық қатынастарға әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі халықаралық жағдайда кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеп, дамуы үшін ұлтшылдық негіздерге ғана арқа сүйеп, қол жеткізуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстан мен Түркияның екі жақты сауда, экономика және туризм салаларындағы қарым-қатынастары мен байланыстарында, әсіресе, көлік қатынастарының ортақ жүйесін дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылады. Мұның себебі, екі елдің шекарасы іргелес емес, ендеше сауданы өркендету мен салынып жатқан кәсіпорындарға, тұрғын үй құрылыстарына қажетті құрылыс материалдарын уақытылы жеткізіп отыру үшін қатынастың сенімді жолдарын іздестіру қажеттігінде жатыр.

Реті келіп тұрғанда айта кеткен жөн. Атырау мұнайын тасымалдау мәселесінде Қазақстан бір бағытты ғана ұстанып қалған жоқ. Оған жан-жақты экономикалық қарым-қатынас пеп байланыстарға Ресейдің де мүдделерін ескеруі қажет болды. Оның үстіне республика тұрғындарының 40 пайызға жуығын славян тектес халықтар құрайтындықтан, Ресеймен арадағы қарым-қатынас мәселелерінде үйлесімділік пен икемділік керек-ақ.

Каспий аймағы мұнайының тағдыры оған мүдделі елдердің екі жақты қатынастарының ғана мәселесі емес, тұтастай алғанда аймақтағы экономикалық және саяси процестерді дамытудың да маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан да, бұл маселе байыпты ойластырылып, шешілуді талап етеді.

Сондықтан болар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бұл мәселені тиімді шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, Атырау мұнайын тасымалдау жобаларының ішінен ең маныздыларын таңдап алды. Таңдап алынған жобалардың ішінде Түркия, Әзірбайжан, Грузия, АҚШ мемлекеттері басшыларының өзара келісімімен жасақталған «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырын құру жобасы да бар болатын. Осыған байланысты. Түркия Республикасының Президенті А.Н.Сезер 2000 жылдың Қазан айында ресми іс сапармен Қазақтанда болғанда Н.Назарбаев онымен «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры жобасын байыппен талқылап, бұл жобаның Қазақстан үшін де саяси және экономикалық тұрғыдан тиімді екендігін атап өтті, жобаны іс жүзіне асырудың техникалық негіздері мен қаржыландыру көздері туралы өз пікірін білдірді, жобаның бұрынғы атауын өзгертіп, оны жаңадан Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай тасымалдау құбыры жобасы деп атауды ұсынды.

Бұл мұнай құбырының жалпы құны 2400 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бағалануда. Құбыр ұзындығы 1800/км. Мұндай тиімді келісімнің Қазақстан үшін маңыздылығы негізінен екі жақты біріншісі, бұл құбыр арқылы келешекте 20 млн. тонна мұнай экспорттау мүмкіндігі туындайды. Екіншісі, бұл келісімнен Ресейдің сырт қалуы, Қазақстан мұнайының Батыс елдеріне экспортталуы ОПЕК-ке мүшс елдерден тәуелсіз түрде жүруі болып табылады. Қазақстан мұнайы бұл кұбырмен Түркияға Шығыс-Батыс сауда-экономикалык байланысы аркылы экспортталады. Бұл Қазақстан үшін ТМД шеңберінен шығып, өз алдына дербес сауда жасау мүмкімдігін береді. Дей түрғанмеи, дүниежүзілік рынокқа шығудың оңай жолы жоқ. Ондағы қалыптасқан катаң бәсекеге төтеп беріп, оңтайын таба білу үшін базар бәсекесінің сырларын талмай үйрену кажет. Сонымен бірге Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа кіріктіру барысында кажетті ашықтық пен ақылға қонымды протекционизмді де үйлестіре білу кажет. Онсыз, сондай-ақ, жалпы халықаралық сауда-саттықтың қыр-сырын толық меңгермейінше «арзан береміз» деп есікті шалқасынан ашып тастау, берекесіз анархия, ел байлығын орынсыз оңды-солды шашу ортада делдалдық жасап жүрген алаяқтардың жетегінде кетіріп, сан соқтыруы, отандық өндіріс тауарларының бәсекеге шыдам беруіне кері әсерін тигізіп, ел экономикасының тиімділігін арттырудың орнына халық шаруашылығына зиян келтіруі, сөйтіп экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Француз экономисі М.Пебро дұрыс бағамдағандай, «саудаға абайлап бару керек, оның ережелерін көзжұмбайлықпен қолдану, әдетте әлсіздің күшіне бағыныштылығына апарып соқтырады, сөйтіп елдің экономикалық «отаршылдықтың» жан түршіктірер ауыртпалығына душар етеді».

Халықаралық бәсекеге төтеп беретін күрделі қаржының, технологиялардың және ақпараттың келуін ынталандыратын қолайлы инвестициялық ахуал жасау ел экономикасын дамытудың маңызды тұтқасы болып табылады. Осыған байланысты Қазақстандағы шетелдік күрделі қаржыны тарту бағытында көптеген игі шаралар атқарылуда. Солардың бірі ретінде 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен шетелдік және отандық инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру үшін еліміздегі экономиканың жетекші салаларының тізбесі жасалған болатын. Оның қатарынан өндірістік инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі, Астананың нысандары, ауыл шаруашылығы т.б. орын алады.

Елбасы мен Премьер-министр Қазақстан мен Түркияның "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі ірі жобаға қатысуының, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін оңтайлы пайдалануға бағытталған оңтүстік транзитімен ТРА-злік дәлізін дамытушы. Туысқан елдер арасындағы ынтымақтастық, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстан мен Түркияның ғана емес, Орта Азия өңірін мекендеген барлық халықтардың бейбіт жолмен дамуы мен экономикалық гүлденуіне ықпал ететін болады. Иә, қарыштаған Қазақстанның экономикалық әлеуетінің мүмкіндігін әлем мойындап отыр. Сондықтан да қандай да елмен болсын, әріптестік қарым - қатынастың түсіністік әрі парасаттық деңгейде болуы өз нәтижесін берері ақиқат. Олай болса, өркениетті елдермен терезесі тең тұратын біздің еліміз сыртқы саясатты да сындарлы жүргізе беретініне сенім мол. Бұл тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық болмысын кеңейте бермек.

Қорытынды

Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.

Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ.

Жоғарыда біз екшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.

Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді.

Сондықтан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ой қозғағанда екі ел арасындағы экономикалық рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралаған жөн. Осман мелекетінен Республикаға айналысымен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының, олардың этностық мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа—бағытын белсене әзірлеуге кіріскен болатын. Сол кезде-ақ құрамына Қазақстан да кіретін Орталық Азия елдерінің дербес мемлекеттер ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді Түркия өзінің тарихи миссиясы деп есептеді. Бұл күндері де Түркия түркі тілдес мемлекеттердің саяси-экономикалық одағы арқылы өзіне қолайлы деп санайтын аймақтағы жетекші рөлге ұмтылуға тырысып отыр. Ағайындас түркі тілдес мемлекеттердің тұтас белдеуінің орнауы, — дейді Түркия тарихын зерттеуші ағылшын оқымыстысы— Түркияға аймақтағы өз жағдайын орнықтырып, нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, мұның өзі Түркияның көптен бергі асыл арманы — түркі тілдес бір текті мемлекеттердің одағын құруға ұмтылған тарихи үмітін жақындата түседі.

Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстан тәуелсіз тең құқықтық негізде дүниежүзілік қоғамдастыққа ену үшін — деп түсіндіреді Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын ұдайы қадағалап келе жатқан қазақстандық ғалым М.Б.Мұхамедов, — Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер тепе-теңдігін құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен рөл атқармай қойған жоқ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Фейзуллах Будак «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі» Анкара, 2000ж.

2. Келімбетов М. «Қазақстан-Түркия бауырластық бастаулары» Қазақстан Коммунисі-1991ж. №8-39 бет

3. Келімбетов М. «Қазақстан-Түркия бауырластық бастаулары» Қазақстан Коммунисі-1991ж. №8-36 бет

4. Ph.Robins. The Middle East and the Central Asia in "The new deopolitions of Central Asia and its Neighbovrs". Pinter Publishears. London. 1994. Chapter iv - P. 165.

5. Мұхамедов М.Б. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатында негізгі басым бағыттардың қалыптасуы. Алматы, 1999, 29-бет.

6.Торгово-экономическое сотрудничество. Протокол о торгово-экономическом сотрудничестве между Правительством Казахской Советской Социалистичесхой Республики и Правительством Турецкой Республики от 15 марта 1991 года. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг". 1996. С.149-152.

7.Соглашение между Казахской Советской Социалистической Республикой и Турецкой Республикой в области транспорта и телекоммуникаций от 26 сентября 1991 года. - В" сбор. Казахстан - Турция: 5 летдружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг", 1996. С.158-162.

8. Встречи глав тюркоязычных государств Анкарское заявление. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара, "Билиг',1996, 413-416 бетгер.

9. Встречи глав тюркоязычных государств: Стамбульская декларация от 18-19 октября І994 года; Бишкекская декларация от 28 августа 1995 года; Ташкентская декларация от 21 октября 1996 года. - В сбор. Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. Анкара. "Билиг", 1996, С.416-434.

10. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, Қазақстан, 1996, 43S, 5ІЗ-6.

11.Токаев К. Под стягом независимости. Оценки о внешней политике Казахстана. Атматы. Білім. 1997, С.347.

12. Токаев К. Турция - стратегический партнер Казахстана. - В ин.: Казахстан-Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества Анкара, "Билиг", 1996, C.10.


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


17


18


19


20


21


22


23


24


25


26


27


28


29


30


31


32


i


ii13. Е.Жұхаметұлы. «Жаңа президенттің жаңа сапары» Жас алаш 2000ж. 19 қазан.

14. Нарибаев М. САЯСАТ.1999г. №3.с.69

15.«Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының таяу арадағы мөлшері 1 млрд. АҚШ долларына жететін болады.» Егемен Қазақстан 1995ж. 14 маусым.

16. Таныс, Бейтаныс Түркия Егемен Қазақстан, 1997ж. 14 наурыз 2 бет

17. Самаат Мұса. «Туыстықтың туы жоғары» Егемен Қазақстан 2000ж. 20 қазан.

18. Ғабит Мүсірепов. «Тәуелсіздік. Түркістан. Тұңғыш Президент »

19. Асылбек Рахатұлы «Барша ағайынға амандық, жақсылық тілеймін» Қазақ елі 1997ж. 20 маусым.

20. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы 1996ж.

21. «Казахстан-Туркия 5 лет дружбы и сотрудничества» Анкара-Билинг 1996г.

22. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Профессор оқытушылар құрамының ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік ҮІІІ ғылыми конференциялық еңбектері Шымкент 2000ж.

23. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ: Бес жыл бес белес Алматы,1996ж.

24. Н.Назарбаев «Түркияға сапар жемісті болды» Халық кеңесі 1994ж. 21 қазан



25. Д.Ибрагим. «Түркия мен Қазақстан» Заман қазақстан 1997ж.19 қыркүйек.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау