- Организмдегі қан қорлары.
- Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшықеттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшықеттерге тасымалданады. Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұнымен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттері ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфоциттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |