Адам денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі. - Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері.
- Жаңа туған сәбидің қанының мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмендеп, содан кейін ғана түрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |