- Қан топтары.
- Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тіршілігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді. Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында бұл әрі қарай кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және βагглютининдер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |