Праксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс. Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |