Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты. Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда).
Достарыңызбен бөлісу: |