Жыл құстарын атау (доппен ойын)
Допты лақтыру әдісі арқылы жыл құстарын тез атау.
Өзіндік әрекет: Балаларды өз рольдері мен серіктестерінің рольдерін есте сақтауға оқыту, ойын барысын толық орындауға және 1 сюжетте 2-3 рөл сомдауға үйрету; қарым-қатынас ережесін білу – бағыну, теңдік, басқару.
Карточка№22 Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек, шырша, шетен ағашы, қарағаш)
Бақылау: Балаларға аулада өсіп тұрған ағаштарды айыра білге үйрету. Күз айында ағаштардың қандай өзгерістерге ұшырайтынын баяндау. Себебін сұрау? Жапырақты және қылқанды ағаштар туралы түсіндіру. Балаларға ағаштарды күтуге, олардан табиғат сұлулығының көркін сезінуге тәрбиелеу.
Көркем сөз Көше бойы аралас, Қаптап өскен қарағаш. Жемісі жоқ болса да, Саясы көп дара ағаш (А. Шаяхметов)
Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. Салқын түссе шешіліп, Қалады өзі жайрап. (Ағаш)
Ырымдар: Егер де қайың ағашының жапырақтары жоғарыдан бастап сарғайса күз ерте түседі, ал төменнен болса – кеш түседі.
Қимыл - қозғалыс ойыны: «Аталған ағашқа жүгіру»
Сыртқы көріністері ұқсас бола тұрса да ағаштардың айырмашылығын табу, қандай ағаш аталды, және сәйкес келсе «бір, екі, үш – жүгіреміз біз!» деп дабылмен жүгіру.
Еңбектену әрекеті:Құстарды қыста тамақтандыру үшін ағаш дәндері мен талдарын жинау
Балаларды жұмыс жасай білуге үйрету, ол еңбектің мәнін түсіндіру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар.
Тәжірибе жасау. Түрлі ағаштардың жапырақтарын қарау, ұстау, көру арқылы ағаш жапырақтарының кедір-бұдыр ма әлде тегіс пе екенін анықтау.
Түйін. Ағаштардың жапырақтары әр түрлі.
Өзіндік әрекет: Ойынды ұйымдастыру кезеңінде (бастапқы және ойын барысында) балаларға роль таңдаудың, біреуге көмек жасау, қамқорлық көрсету, қиындықтан құтқару, тосқауыл болудың мәнін түсіндіру.
Карточка№ 24 Шөптерді бақылау
Бақылау: Балаларға салқын түскен соң шөптердің солатынын түсіндіру; біржылдық өсімдіктердің сабақтары мен түбірлері қурап қалады, тек келесі жылға ұрықтандыратын тұқымы қалады. Көпжылдық өсімдіктер жер бетінде қурайды, өмірлері жер астында сақталады, түбірінде, түйнектерінде, бастарында. Өсімдіктердің құрылыстары туралы білімдерін бекіту.
Көркем сөз: Дала кілемі. Ол не? (Шөп, өсімдіктер)
Достарыңызбен бөлісу: |