2 Операциялық бюджетті құрастыру
Осы құжатты құрастыру келесі жылға сату бюджетін қалыптастырудан басталады. Берілген бюджет маркетинг бөлімімен ұсынылған мәліметтері бойынша құралады және оған қойылған негізгі талап – шамалы нақтылық пен тұрақтылық.
1.1 Сату бюджеті. Кесте 1 берілгендері бойынша сату бюджетін қалыптастырып А1 кестені толтырыңдар (Қосымша А).
Кесте 1 – Сату бюджетін құрастыру үшін бастапқы мәліметтер
Кезең
|
Жоспарланған сату көлемі, дана
|
Сатылатын баға (жанама салықтарсыз), теңге
|
|
АТ-11
|
АТ-12
|
АТ-11
|
АТ-12
|
Желтоқсан 2003
|
340
|
70
|
800*К
|
1000*К
|
Қаңтар
|
350
|
70
|
800*К
|
1000*К
|
Ақпан
|
360
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
Наурыз
|
370
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
Сәуір
|
400
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
Мамыр
|
430
|
90
|
800*К
|
1000*К
|
Маусым
|
460
|
90
|
800*К
|
1000*К
|
Шілде
|
460
|
90
|
800*К
|
1000*К
|
Тамыз
|
500
|
90
|
800*К
|
1000*К
|
Қыркүйек
|
490
|
90
|
800*К
|
1000*К
|
Қазан
|
460
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
Қараша
|
360
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
Желтоқсан
|
360
|
80
|
800*К
|
1000*К
|
барлығы
|
5000
|
1000
|
|
|
1.2 Сатудан түскен ақша қаражаттарының графигі. Алдыңғы қызметтің сараптамасы негізінде жоспарланған сату көлемінің 30% ағымдағы ай ішінде, 60% – келесі кезеңде, 10% – өнім жүктелгеннен кейін және сатушыға есеп бергеннен кейін екі ай өткен соң төлейтіні орнатылды. Кәсіпорында үмітсіз қарыздар жоқ, өйткені несие жүйесін болжайтын контрагенттермен нақты ұйымдастырылған қарым-қатынас бар.
Ақша қаражаттары түсімдерінің графигін құрастырып, А.2 кестені толтыр, егер 2003 жылдың желтоқсанында дебиторлық қарыз ай басында (50*к) мың теңгеге, осы кезеңдегі күтілетін түсімдер (160*К) мың теңгеге тең болғанын айқын білсек.
Графикті құрудың осы формасы ұйымның әр кезеңде сатудан жалпы қанша алатынын, сонымен қатар нақты кезеңде өндірілген сатудан жалпы қанша алатынын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа графикте әр кезең аяғында дебиторлық қарыздың жағдайын көрсетеді, оны келесідей есептейді:
1.3 Өндірістік бюджет. Сату бюджетін құрастырғаннан кейін өндіріс бюджеті құралады. Оның ерекшелігі, ол сату бюджетін нақтылауға, сонымен қатар жоспарлаудың әр кезеңі үшін өндіруге қажетте дайын өнім санын орнатады. Өндірістік бюджетті құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде сату бюджетінің әр өнім түрінің жеткізуге тапсырыс, өндірістік қуатына ие қор мөлшері көрсеткіштері қолданылады.
Өндірістік бюджетті құрастырған кезде ең алдымен қолайлы қуатты орнату қажет, яғни өндірістік жүйенің жоспарлы кезең ішінде белгілі мөлшерде өнім өндіру мүмкіндігі. Бұл ақпарат ұйымның технологиялық бөлімдерімен орнатылады.
Келесі кезеңде нақты өлшем бірлігінде құралған қажетті дайын өнімді шығару көлемі келесідей есептеледі:
«Орион» ЖШС үшін ең тиімдісі келесі айдың сату көлемінен 20% мөлшерінде, кезең аяғындағы дайын өнімнің қор мөлшері болып табылады. Кезең басындағы дайын өнім қоры алдыңғы кезеңдегі соңғы қорына тең. Жыл басында іс жүзінде блоктардың қоры АТ-11 100 дана және АТ-12 50 дананы құрады. Желтоқсан айының аяғында күтілетін дайын өнімнің жоспарлы қалдық мөлшері: АТ-11 – 70 дана, Ат-12 – 16 дана.
Кесте А.1 мәліметтерін қолдана отырып, сату бюджетін құрастыр және А.3 кестені толтырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |