Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканы оқыту формалары мен әдістері



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет46/222
Дата07.01.2022
өлшемі1,71 Mb.
#37166
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   222
Т. . ойба арова, Р. А. Ельтинова

2.2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері 
Оқыту формалары
 – 
мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, 
нақты  ұйымдастырылған,  мазмұны  толыққан  және  әдістемелі 
қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың 
өзара  әрекеттестік  жүйесі.  Оқыту  формасы  мазмұнның,  оқыту 
құралдары  және  әдістердің  мақсатты  ұйымдастыру  тұтастығы 
негізінде жүзеге асырылады 
[23, 316 б.]. 
В.Г.  Крысько  [23]  оқыту  формаларын  үш  топқа: 
жоспарлы-
оқыту
  (сабақ,  дәріс,  семинар,  үй  жұмысы,  емтихан  және  т.б.), 
жоспардан  тыс
  (бригадалы-зертханалық  сабақтар,  консультация 
беру, 
конференциялар, 
үйірмелер, 
экскурсиялар, 
ілгерілету 
бағдарламасы  бойынша  сабақтар)  және 
қосымша
  (топтық  және  жеке 
сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі. 
Қазіргі  көптеген  басылымдарда 
жалпы  оқу
  формалары  және 
оқу-тәрбиелік 
процесті 
ұйымдастыру
 
формалары 
болып 
ажыратылады [6,13,45 және б.].   
Жалпы оқу формалары – 
жаппай

ұжымдық

топтық

жұптық

жеке
 және 
оқушылардың ауысымды құрамы
 деп бөлінеді [45]. Жалпы 
оқу  формалары  негізін  –  оқушылардың  өзара  және  мұғаліммен 
оқушылар  арасындағы  ерекше  комуникативті  әрекеттестіктері 
құрайды. 
Жаппай  оқыту
  формасы  –  оқушылардың  бәрі  бір  мақсатта, 
бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде 
қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. 
Бұл, 
ауызекі

көрнекі,
 
практикалық
  әдістерді,  сондай-ақ 
білімді 
бақылау  үрдісінде 
жүзеге  асырғанда  қолданылатын,  оқуды 
ұйымдастырудың  дәстүрлі  түрі,  информатика  сабағында  өз  мәнін 
жойған жоқ.  
А.И.  Бочкин  [3]  айтқандай,  компьютердің  ықпалы  мұғалімнің 
көрсеткенін  оқушылардың  дереу  жаңғыртып  орындау  мүмкіндігімен 
айқындалады.  Бұл  ретте,  мұғалім  оқушылардың  жаппай  және  жеке 
жұмыс  әрекеттерін  ұйымдастыру  және  бағдарламалық 
басқаруымен
 
қатар,  олардың  компьютерлерін  сәйкес  режімдерге  (жаппай  немесе 
жеке  әрекеттерін) 
ауыстырып
,  сондай-ақ  оқушылардың  барлық 
жұмыс  орындарында 
компьютерлік  ортаның  бірыңғай  жағдайын
 
орнатады.  
Оқытудың  жаппай  формасында  оқушылардың  іс-әрететтері 
мұғалімнің  басқаруымен  жүзеге  асатыны  айқын.  Бірақ,  әрекеттердің 
жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене 
түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек. 


 
44 
Ұжымдық 
оқыту
 
формасының 
жаппай 
оқытудан 
айырмашылығы,  сынып  оқушыларының  арасында  лидері  бар  қарым-
қатынас  ерекшеліктерімен  қалыптасқан  жеке  ұжым  ретінде  
қарастырылады. 
Топтық  оқыту  формасында  – 
оқушылар  әртүрлі    негізінде, 
алуан  түрлі  мерзімге  құралатын  топтарда  жұмыс  жасайды.  Бұл 
компьютерлік  техниканы  қолданғанда  оқытудың  әдеттегі  түрі, 
мысалы,  жаңа  бағдарламалық  өнімдерді  игергенде,  жобалармен 
жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. 
Топтың  ішінде  қарқынды  ақпарат  алмасу  пайда  болады,  сондықтан 
деңгейі  және  ынтасы  әртүрлі  оқушылардан  құралған  топтарда 
топтық оқыту түрін
 қолдану тиімді болады.  
Жұптық оқыту – 
негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, 
бірін-бірі  оқытып,  бірін-бірі  бақылап  отыратын  екі  оқушы  арасында 
жүзеге  асады  [45].  Белгілі  бір  кезекпен  оқушылардың  жұптарын 
ауыстырып  оқыту  формалары  бар,  сол  арқылы  жұптық  оқыту  түрін 
ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді. 
Жеке  оқыту  формасы
  –  мұғалімнің  бір  оқушымен  ғана  жұмыс 
жасауы  (сабаққа  қосымша  дайындық,  тьюторлық  жұмыс,  кеңес  беру 
және  т.б.).  Зертханалық  жұмыс  кезінде  сабаққа  дайындықсыз  келген 
оқушыларды  теориялық  материалды  қосымша  оқыту  үшін  ЭЕМ-нен 
алшақтату да кейде пайдалы.  
Оқытуды  ұйымдастыру  түрі  –  уақытпен  шектелген  оқыту 
үрдісінің жеке буынының құрылымы.  
Оқытуды  ұйымдастыру  формасы  – 
бұл  тарихи  қалыптасқан,  
өзіне  тән  жүйелілік  пен  тұтастық,  өздігінен  даму,  жеке  тұлғалық  пен 
әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың  құрамы тұрақты, сабақты 
өткізудің  белгілі  бір  тәртібі  бар,  орнықты  және  логикалы  аяқтаған 
педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы [6].  
ЭЕМ  жекелеп  оқыту  формасын  қайтадан  жаңғыртты. 
Педагогикалық  бағдарламаларды  және  мультимедиа  курстарының 
таралымын  көбейту  мен  Интернет  ресурсын  пайдалану  арқылы 
оқытудың жаппай формаларының мына: 
ең үздік мұғалімдерден сабақ 
алу,  ақпараттың  әртүрлі  көздерін  пайдалану
  артықшылықтары 
сақталады.  Компьютер 
жаппай
  және 
жеке
  оқыту  арасындағы 
қайшылықты жояды.  
Мұғалімнің  ең  маңызды  міндеті

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау