Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


V.  Тақырып  бойынша  күнделікті  сабақ  жоспарының  мысалын  келтіріңіз.  VI



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет60/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68

 
175 
V.  Тақырып  бойынша  күнделікті  сабақ  жоспарының  мысалын 
келтіріңіз. 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың  конспектісін жасаңыз. 
VII.  Сандық ақпаратты өңдеу теориясы бойынша қорытынды 
жұмыстың мысалын келтіріңіз. 
4-зертханалық жұмыс. «Ақпаратты сақтау» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 
 
Мәліметтер қоры; 
 
Ақпараттық жүйе; 
 
Геоақпараттық жүйе; 
 
МҚБЖ (СУБД); 
 
жазу; 
 
өріс; 
 
негізгі  (алғашқы) кілт; 
 
сұраныс; 
 
форма; 
 
есеп беру. 
II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Мәліметтер  қорын  қолдану  аумағын  оқушыларға  қандай 
мысалдар арқылы түсіндіруге  болады? 
2.  «Мәліметтер  қоры»  мен  «ақпараттық  жүйе»  ұғымдарының 
айырмашылығы неде? 
3.  Оқушылар  информатиканың  базалық  курсында  мәліметтер 
қоры теориясының қандай элементтерімен танысады? 
4.  Информатиканың  базалық  курсында  мәліметтер  қорын 
оқытқанда қандай білімділік мақсаты қойылады?  
5.  «Өріс типі» ұғымы қалай түсіндіріледі? 
6.  Осы  бөлім  бойынша  мысалдар  арқылы  үй  тапсырмаларын 
көрсетіңіз (компьютерлік және компьютерсіз). 
7.  Оқушыларда  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істегенде  қандай 
практикалық дағды қалыптасуы керек? 
8.  «Мәліметтер қоры» ұғымын түсіндіру үшін  көрнекілік мате-
риал дайындаңыз (дайын МҚ, картішкелер, плакаттар т.с.с.). 
III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Реляциялық  типті  МҚБЖ-нің  бәріне  ортақ  қандай  жалпы 
мүмкіндіктері бар? 
2.  Мәліметтер қорының құрылымын құру дегеніміз: … 
3.  МҚБЖ-де  сұраныс  жасау  үшін  логикалық  өрнектерді  жазу 
тәсілдерін дайындаңыз. Мысалмен көрсетіңіз. 
4.  Мәліметтер қорында ақпаратты іздеу қалай іске асырылады? 


 
176 
5.  Сүзгілеу мен іріктеудің айырмашылығы неде? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.  Мына  ақпаратты:  +18,  Алматы,  солтүстіктен,  Астана, 
жаңбыр,  жаңбыр,  оңтүстіктен,  +20,  +15,  Павлодар,  оңтүстіктен,  
жауын-шашынсыз,  жауын-шашынсыз,  Семей,  +17,  шығыстан  – 
кестенің  атын,  әрбір  өріс  пен  алғашқы  кілтті  анықтап  кестелік  түрге 
келтіріңіз.  
2.  МҚ-да «Телехабарлардың апталық бағдарламасы» атты жоба 
жасап, оның көмегімен төмендегі сұрақтарға жауап алу керек: 
 
бейсенбі күні қандай фильмдер көрсетілетіні; 
 
жексенбі  күні  сағат  12.00-ден  16.00  –ға  дейін  қандай 
хабарлар болатыны туралы; 
 
КТК  каналында  сенбі  күні  қандай  шоу-бағдарламалары 
болатыны? 
3.  Төмендегі  өрістер  бойынша  «Спортсмендер»  атты  МҚ 
құрыңыз:  спортсменнің  аты-жөні,  тұратын  елі,  тұратын  қаласы, 
спортсменнің 
туған 
күні,айы, 
жылы, 
спорттың 
түрі, 
жаттықтырушының аты-жөні, жарыстың аты, жарысты өткізу уақыты, 
алған орны. 
4.  10  оқушының,  бес  түрлі  пәннен  алған  бағасы  көрсетілген 
және  оқушының  орташа  балын    есептейтін  мәліметтер  қорын 
құрыңыз.  Орташа  балдары    4,2  мен  4,7  диапазон  аралығына  түсетін 
оқушыларды іріктеңіз.   
V.  Оқу  материалындағы  өзіңізге  ұнаған  ең  жақсы  күнделікті 
жоспардың  мысалын  келтіріңіз  (өзіңіз  дайындаңыз  немес  оқу 
бағдарламасын таңдаңыз). 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін даярлаңыз. 
VII.  МҚ  құру  және  онымен  жұмыс  істеудің  кешенді 
тапсырмасын даярлаңыз. 
5-зертханалық жұмыс. «Мультимедиалық технологиялар» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 
 
мультимедиа; 
 
компьютерлік презентация; 
 
слайд. 
II.  Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Презентацияны құру технологиясын айтып беріңіз. 
2.  Анимация,  дыбыстық  сүйемелдеу,  басқарушы  батырмалар, 
гиперсілтемелер  т.б.  пайдалана  отырып  презентация  құруға 
қорытынды тапсырма даярлаңыз. 
3.  Білім  стандартына  сәйкес  берілген  тақырыпты  оқыту  үшін 


 
177 
қандай программалық жабдықтар  қажет? 
4.  Берілген  тақырыпты  оқыту  үшін  оқушыларды  қандай 
аппараттық жабдықтармен таныстыру  қажет? 
5.  Осы мазмұндық-құрылымдық компонентті (МҚК) оқытқанда 
жоба әдістемесін іске асыру нұсқаларын құрыңыз.  
III. Келесі  мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Ақпараттық объектілерге мысал келтіріңіз. 
2.  Әртекті  ақпараттық  объектілер  арасындағы  байланыс 
электрондық түрде ..... көмегімен ұйымдастырылады  
3.  «Презентация» терминінің шығуын түсіндіріңіз. 
4.  Слайдтың құрылымдық  элементтерін атаңыз. 
5.  «Мультимедиа»,  «Гипермедиа»,  «Гипермәтін» ұғымдарының 
қайсысы кең ауқымды? Жауабыңызды негіздеп түсіндіріңіз. 
6.  Презентацияға қойылатын талаптар қандай ? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.  Төмендегі  хабарламаның  гипермәтіндік  моделін  құрыңыз 
және оны өзара байланысқан графикалық схемалар арқылы көрсетіңіз. 
«“Мультимедиа”  ұғымы  технолгияға,  бағдарламаға  және 
аппараттық  жабдыққа  жатады.  Мультимедиа  технологиясы  деп 
мәтінмен,  сандармен,  кескіндермен,  дыбыспен,  анимациямен  бір 
жоба  аумағында  істелінген    жұмыстың  әдістері  мен  тәсілдерінің 
жиынтығын  айтады.  Мультимедиялық  программалар  әртекті 
ақпараттық объектілерді өңдеуге және біртұтас ақпараттық өнім 
даярлауға  мүмкіндік  береді.  Мультимедиялық  компьютер  құрамына  
мультимедиалық  ақпараттық  өнімді  енгізетін,  өңдейтін  және 
баспаға шығаратын құралдар кіреді». 
Тапсырманы  орындауға  нұсқаулар:  мәтін  фрагменттерін 
ерекшелеп,  оларды  графикалық  схемада  гипермәтіндік  объектілер 
түрінде қолдануға болатындай етіп нөмірлеңіз; объектілер арасындағы 
байланысты тілсызық (стрелка) арқылы көрсетіңіз. 
2. Өздеріңіздің презентацияңыздың жеке шаблонын құрып,  оны 
дәптерге салыңыз. 
3. Дыбыстық файл құрыңыз. Оны құру технологиясын айтыңыз. 
V.  Мысал  арқылы  оқу  материалының  ең  жақсы  шыққан 
күнделікті  жоспарын  көрсетіңіз  (өзіңіз  құрастырыңыз  немесе  оқу 
бағдарламасынан дайынын алыңыз) 
 
 
VI. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін дайындаңыз. 
VII. 
Компьютерлік  презентацияны  қолдану  мүмкіндігін 
демонстрациялайтын презентация даярлаңыз. 
5-зертханалық жұмыс. «Коммуникациялық  технологиялар» 
I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау