154
жадысымен хабарласуына, өз компьютерлеріне немесе өзінің файлын
басқа компьютерлерге көшіруіне болады.
Осындай алмасу мүмкіндігін арнаулы желілік операциялық
жүйе қамтамасыз етеді. Желілік ОЖ құралдарымен ақпаратты сыртқы
бейтаныс қатынастан қорғауға болады.
Жергілікті желіні ұйымдастырудың басқа түрі – бөлінген басты
компьютері бар желі. Оны файл-сервер деп те атайды. Әдетте,
мектептің компьютерлік сыныптарында дәл осындай ұйымдастыру
қолданылады.
Файл-серверге мұғалімнің ғана кіруге мүмкіндігі бар, сондықтан
оны – мұғалімнің жұмыс орыны (МЖО), ал оқушылар жұмыс
станцияларда жұмыс жасайтын болғандықтан – оқушылардың жұмыс
орыны (ОЖО) деген атаулар қалыптасқан.
Барлық жұмыс станциялары басты компьютермен «жұлдыз»
схемасы бойынша жалғасады. Сондықтан ақпаратпен тікелей алмасу,
сервермен және әр жұмыс станциясының арасында жүреді. Әрине,
мұндай жүйеде де оқушылар файлдарымен алмасуына болады, әйтсе
де ол әрекет сервер арқылы жүзеге асады.
Әдетте, сервер – жұмыс станцияларына қарағанда, аппараттық
жағынан қуаттырақ болады. Ол үлкен көлемді қатты дискімен,
қосымша сыртқы құрылғыларымен (мысалы, CD–RW, DVD –
дискжетегімен, принтермен, модеммен) жабдықталады.
Жергілікті желі осылай ұйымдастырылғанда жоғарыда аталған
мақсаттардың екіншісі – сервердің жалпы аппараттық және
ақпараттық ресурстарына пайдаланушының кедергісіз қатынасуы
жүзеге асады. Атап айтқанда, сервердің дискісінде сақталған
бағдарламаларды жұмыс станцияларының жедел жадына жүктеуге
және орындауға болады. Пайдаланушы өзінің жұмыс орнынан
сервердің қатты дискісінде файлды жазып, сонда сақтай алады.
Желінің жұмысын желілік операциялық жүйе басқарады.
Операциялық жүйе – желідегі ақпарат алмасу стандарттарын
(протоколдарды) қолдайды, әртүрлі пайдаланушылар бір ресурсқа
қатынасқанда, оларды кезекке қояды және т.б. басқару
жұмыстарын жасайды.
Желілік операциялық жүйенің негізгі қызметі – жергілікті
желіде пайдаланыушылардың біріне бірі кедергі келтірмей, жұмыс
жасауларына мүмкіндік беру. Бір рангалық желілердің жұмысын
Windows XP, Windows 7 т.б. осы тектес операциялық жүйелер
қолдайды. Сервері бөлектелген желілер үшін кең тараған
операциялық жүйелер – Novell NetWare, Windows NT.
155
Оқу жоспары жергілікті желі тақырыбына ұзақ тоқтауға
мүмкіндік бермейді. Мұғалім, ең алдымен, компьютерлік сыныптағы
жергілікті желі туралы түсінік беруге тиіс. Практикалық жұмыс
ретінде бір оқушының жұмыс орнынан басқаға желі арқылы
оқушылар арасында мәтіндік файл түрінде хабарламалар жіберуді
ұйымдастыруға болады.
Ғаламдық желілердің (ҒЖ) құрылымы және қызметі.
Ғаламдық компьютерлік желілер алыста үлкен қашықтықта (аймақ,
ел, дүниежүзі масшабында) орналасқан ЭЕМ өзара біріктіреді. Егер
жергілікті желіні оқушылар өз көздерімен көре алатын болса, ал
ғаламдық желілермен таныстыру көбінесе сипаттамалық түрде
жүретін болады.
Мұнда тағы да көмекке ұқсастық әдісі келеді. Ғаламдық
желінің құрылу жүйесін телефондық байланыс жүйесі – телефондық
желімен
салыстыруға
болады.
Абоненттердің
телефондары
коммутаторлар түйіндері арқылы байланысады. Өз кезегінде барлық
қалалық коммутаторлар өзара байланысқан, сондықтан кез келген екі
абонент арасында байланыс орнатылады. Барлық жүйе қаланың
телефондық желісін құрайды. Қалалық (аймақтық) желілер өзара
қалааралық тораптар бойынша байланысады. Басқа елдердің
телефондық желілеріне шығу халықаралық байланыс торабы
бойынша жүзеге асады. Сөйтіп, барлық дүниежүзі телефондық
желілермен «шырмалған». Осы желіге қосылған екі абонент, дүниенің
кез келген бөлігінен бірімен-бірі байланыса алады.
Осы туралы баяндаған соң оқушыларға абоненттерде
телефонның орнында дербес компьютерлер орнатылғанын елестетуді
ұсыныңыз. Коммутаторлардың орнында – қуатты компьютерлік
тораптар және осындай желіде әртүрлі ақпарат – мәтіндіктен бастап
бейне және дыбысқа дейін айналып жүреді. Міне, қазіргі дүниежүзілік
ғаламдық компьютерлік жүйе осы болады.
ARPANET деп аталған алғашқы ғаламдық компьютерлік желі
АҚШ-та 1969 жылы жұмыс жасай бастады, ол алыстатылған тек
4 компьютерді ғана біріктірді. 1981 жылы Нью-Йорк университетімен
Йель университін біріктірген BITNET желісінің негізі жасалды.
BITNET – аралық жинақтаушы электрондық коммуникациялар
желісі болып табылады. BITNET АҚШ–та 560 астам мекеменің
(зерттеу орталықтарын, университеттерді, колледждерді, мектептерді
қосқанда) компьютерлерін байланыстырды.
Қазіргі таңда BITNET желісі Европа, Азия және Америка
құрылықтарының 52 елінінің 1500 астам мекемесін біріктіреді.
BITNET ғылыми зерттеулерді және білім алуды қолдау үшін
156
электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
көптеген шлюздар BITNET-пен Интернет арасында электрондық
поштаны жіберіге мүмкіндік береді.
1990 жылы жасалған Ресейдің орасан зор желісі RELCOM
болып табылды. RELCOM европалық желі EUNET-тің құрамына енді,
өз кезегінде EUNET – әлемдік алып бірлестігі INTERNET-ң
қатысушысы болып табылады. Мұндай иерархиялық құрылымдау
ғаламдық желілерді ұйымдастыру үшін тән нәрсе.
6.4-суретте
ғаламдық желінің өзіне тән архитектурасы
ұсынылған. Желі – торапты хост-компьютерлерден
(У1, У2,...), желі
абоненттерінің ДК-нен (A11, ,A12, ...) байланыс жолдарынан тұрады.
Әдетте, желінің торабында бір емес, көптеген компьютерлер болады.
Әр алуан желілік қызмет көрсетуде серверлік қызметті әртүрлі
компьютерлер атқаруы мүмкін.
6.4-сурет. Ғаламдық желіге тән архитектура
Хост-компьютерлер – үнемі ақпаратты қабылдауға/жіберуге
дайын, әрқашанда қосылып тұрады. Ондай жағдайды, олар – on-line
режімінде жұмыс жасап тұр дейді. Абоненттердің компьютерлері
желімен байланысқа тек белгіленген уақытта – байланыс сеансында
шығады. Қажет ақпаратты қабылдап жіберген соң, абонент желіден
ажыратылып, одан әрі алынған ақпаратпен дербес (автономиялы) –
off-line режімінде жұмыс жасайды.
Ақпаратты жіберу маршруты, әдетте, пайдаланушыға белгісіз.
Ол тек ақпараттың қосылу торабынан өтіп, қажетті пунктіне
жеткеніне
сенімді
болуы
керек.
Жіберілетін
деректерді
маршруттаумен желінің жүйелік құралдары айналысады. Бір
корреспондентпен, байланыстың әр сеансында, ақпарат әртүрлі
маршрутпен жүруі мүмкін.
Шлюз – берілген желіні басқа ғаламдық желілермен байланысты
үйымдастыратын компьютер.
У3
У1
У5
У4
У2
А12
А41
А42
А21
А22
А31
А11
Шлюз
Достарыңызбен бөлісу: |