Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

 
13 
Адамзаттың  қолымен  жасалған  әр  алуан  құрылғылар  мен 
жүйелердің әрқайсысында қандай да бір дәрежеде ақпарат жинау мен 
өңдеу жүргізіледі.  
1.3. Ақпаратты өлшеудің мағыналық жолы 
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар 
Қарастырылатын сұрақтар: 
 
адам  қабылдайтын  хабардың  ақпараттылығы  (орысш.  –
информативность) неменеге тәуелді; 
 
ақпараттың өлшем бірлігі; 
 
хабардағы  N  теңықтималды  оқиғалардың  ішінен  біреуіндегі 
ақпарат саны. 
Хабардың_ақпаратылығы_–_ұғымын_ашу'>1. Хабардың ақпаратылығы – ұғымын ашу 
Мағыналық  тұрғыдан  қарағанда  мына  ұғымдар  тізбегі 
байқалады:  ақпарат  –  хабар  –  хабардың  ақпараттылығы  – 
ақпараттың өлшем бірлігі – хабардың ақпараттылық көлемі.  
Алғашқы  пайымдау  ол:  ақпарат  –  адамдардың  білімі.  Мына 
сұрақ:  хабар деген не? 
Хабар  –  ақпаратты  жіберу  үрдісінде,  оны  қабылдайтын  
субъектке түсетін  ақпараттық ағын
Хабар  –  біз  еститін  сөздер  (радиодан  хабар,  мұғалімнің 
түсіндірмесі),  біз  қабылдайтын  бейнелер  (фильм,  светафор  сигналы) 
және біз оқитын кітәп мәтіні, т.б.  
Хабардың  ақпараттылығы  деген  ұғымды  мұғалім  өзі  және 
оқушылар келтірген мысалдар арқылы талқылағаны жөн.  
Ереже: адамның білімін толықтыратын, яғни оған жаңа ақпарат 
беретін хабарды  – ақпараттылы дейік. 
Бір хабар, оның ақпараттылығы жағынан, әр адам үшін әртүрлі 
болуы мұмкін. Егер мәліметтер  «ескі», яғни ол адамға белгілі немесе 
түсініксіз болса, онда ол үшін бұл хабар ақпараттылы болмайды. Егер 
қабылдаушы  адамға,  мәлімет  түсінікті  және  жаңалық  болып,  оның 
білімін  толықтырса,  онда  ол  ақпараттылы  және  мағыналы 
(семантикалық) хабар болғаны.  
«Ақпарат» және «хабардың ақпараттылығы» деген ұғымдарды 
бір  мағыналы  деуге  болмайды.  Оны  мына  мысалдар  арқылы  көруге 
болады.  
Сұрақ: 
«Бастауыш 
сынып 
оқушысының 
көзқарасымен 
қарастырғанда  жоғары  оқу  орнында  оқылатын  жоғарғы  математика 
курсы оқулығында ақпарат бар ма?»  
Жауап:  «Иә,  кімнің  көзқарасымен  болсын,  ақпарат бар!  Себебі, 
оқулықта  математикалық  аппаратты  жасаушылардың  (Ньютон, 


 
14 
Лейбниц,  т.б),  оқулық  авторларының,  қазіргі  математиктердің 
білімдері жинақталған». Бұл - абсолютті шындық. 
Сұрақ:  «Осы  оқулық  арқылы  1-сынып  оқушысы  өз  білімін 
толықтыра ала ма? » 
Жауап:  «Жоқ,  себебі  ол  үшін  бұл  оқулық  тым  күрделі,  оған 
түсініксіз,  яғни  ақпараттылы  емес.  Сондықтан  ол  ешқандай  білім 
алмайды».  
Ақпараттың  мағыналық  (семантикалық)  тұжырымдамасы 
шеңберінде,  хабардың  ақпараттылығы  деген  ұғымды  енгізу, 
ақпаратты өлшеу тақырыбына бірінші жақындау болып табылады. 
Қорытынды: Егер адам хабардан ақпарат алмаса, онда бұл адам 
үшін  хабардағы  ақпарат  саны  нөлге  тең.  Ақпараттылы  хабардаға 
ақпарат саны нөльден үлкен болады. 
2. Ақпараттың өлшем бірлігі 
Мағыналық тұрғыдан қарастыру. Ақпараттың көлемін анықтау 
үшін,  өлшем  бірлігін  енгізу  қажет.  Хабардағы  ақпараттың  саны  сол 
хабарды алушы адамға берілетін білімнің көлемімен айқындалады.  
Адам  білімінің  белгісіздігін  екі  есе  азайтатын  хабар  1  бит 
ақпарат әкеледі.  
Бит  –  екі тең  ықтималды  тәжрибенің  (оқиғаның)  белгісіздігін 
өлшейтін бірлік.  
Бит  анықтамасын  –  оқушылардың  қабылдауы  қиын  болуы 
мүмкін,  себебі  анықтамада  оқушыларға  түсініксіз  «білімнің 
белгісіздігі» деген ұғым бар. Алдымен оның мағынасын ашу керек. 
Шектелген  мүмкін  болатын  N  теңықтималды  уақиғаның  біреуі 
болатыны туралы мәлімет – тек дербес уақиға екенін, мұғалім жақсы 
түсінуге тиіс. 
1–мысал.  Жеребеге  тиынды  лақтырғанда  нәтижесі  «герб» 
түскені туралы хабар 1 бит ақпарат әкеледі. Себебі оқиғаның мүмкін 
болу  саны  2-ге  тең  («герб»  немесе  «сан»)  және  екеуі  де  тең 
ықтималды
Демек,  нәтиже  саны  2
х
  =  2  теңдеуін  шешкенде  х  =  1  бит  деп 
шығады.  
Қорытынды:  Барлық  жағдайда  екі  тең  ықтималды  оқиғаның 
біреуінің болғаны туралы хабарда 1 бит ақпарат болады. 
2–  мысал.  Лотерея  барабанында  32  шар  бар.  Бірінші  шыққан 
нөмір (мысалы, 15-нөмір) туралы хабарда қанша ақпарат бар?  
32  шардың  ішінен  кез  келген  шарды  шығару  тең  ықтималды 
болғандықтан,  шыққан  бір  нөмір  туралы  ақпарат  көлемі  мына 
теңдеумен табылады: 2
х
 = 32 


 
15 
Бірақ  32  =  2
5
  демек,  x  =  5  бит  болады.  Жауабы  нақты  қандай 
нөмір шыққанына тәуелді емес екені айқын. 
3.  Хабардағы  N  тең  ықтималды  оқиғалардың  ішінен 
біреуіндегі ақпарат саны 
Американдық  инженер  Ральф  Хартли
1
 1928  ж.  ақпаратты  алу 
үрдісін  алдын  ала  берілген  шектелген  N  тең  ықтималды  мәліметтер 
жиынынан  бір  мәліметті  таңдау  деп  қарастырған,  ал  таңдалған 
мәліметтегі I ақпарат санын, N-нің екілік логарифмі деп анықтаған: 
I = log
2
N  
Белгілі  бір  хабарда  N  тең  ықтималды  оқиғалардың  біреуінің 
болғаны  туралы  мәлімет  алынды  дейік.  Онда  хабардағы  ақпараттың 
саны х бит және саны Хартли формуласымен байланыстырылады:  
2
х
 = N 
бұл көрсеткіштік теңдеудің математикалық шешімінің түрі: 
x = log
2
 N 
3–  мысал.  Сүйек  ойнында  алты  қырлы  кубик  қолданылады. 
Кубиктің әрбір лақтыруынан ойыншы қанша бит ақпарат алады? 
Кубиктің  әр  қырының  түсуі  тең  ықтималды.  Сондықтан 
кубикті  бір  лақтырғандағы  нәтижесіндегі  ақпарат  саны  2
Х
  =6 
теңдеуінен табылады.  
Теңдеудің шешімі: х = Iog
2
  6.  Логарифмдер  кестесінен  (үтірден 
кейін 3-таңбалық дәлдікпен) шығатыны: х = 2,585 бит. 
Егер N екінің бүтін дережелеріне 2, 4, 8, 16, 32, т.с.с. тең болса, 
онда  бұл  теңдеуді  ойша  шығаруға  болады.  Ал  егер  басқаша  болса, 
онда  ақпарат  саны  бүтін  шама  болмай  қалады  да,  логармфмдер 
кестесін қолдануға тура келеді. 
Мұнда, мұғалім екі жолмен кетуі мүмкін: біріншісі – математика 
сабақтарынан  бұрын  логарифмнің  не  екенін  түсіндіруге  мәжбүр 
болады; екіншісі – оқушылармен дербес уақиғалар үшін теңдеулердің 
шешімін  қарастырады.  Екінші  жағдайда  түсіндіру  мына  схемамен 
жүреді: 
Егер N = 2 = 2
1
 болса, онда теңдеудің түрі: 2
i
 = 2
2
, бұдан  i = 1. 
Егер N = 4 = 2
2
 болса, онда теңдеудің түрі: 2
i
 = 2
2
, бұдан  i = 2. 
Егер N = 8 = 2
3
  болса,  онда  теңдеудің  түрі:  2
i
  =  2
3
, бұдан  i = 3 
және  т.с.с.  Жалпы  түрде,  егер  N  =  2
k
,  мұнда  k  —  бүтін  сан,  онда 
теңдеудің түрі: 2
i
 = 2
k
,  демек  i= k.  
Оқушыларға  екінің  бүтін  дәрежелерінің  қатарын  естеріне 
сақтап  алғандары  пайдалы,  ең  болмаса  2
10
  =  1024  дейін.  Келешекте 
олар бұл шамалармен кезігетін болады.  
                                                 
1
 Ральф Винтон  Лайон  Хартли  (1888 –  1970) –  американдық ғалым-электроншы.  Ол Хартли ге-
нераторын ұсынған, Хартли өзгертуін және ақпарат теориясына үлес қосқан. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау