Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет41/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68

 
121 
жиынынан  тұратын  (әріп,  сөз,  фраза)  мәтіндегі  орынды  табу  үшін 
қолданылады; 
 
буферге көшіру, буферден алу бүйрықтары;  
 
МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар. 
Компьютерде 
практикалық 
жұмысты 
ұйымдастыру 
бойынша ұсыныстар 
Мәтінді енгізу және редакциялау дағдыларын қалыптастыру, кез 
келген  интерактивті  режімде,  қамсыздандыру  бағдарламаларымен 
кәсіптік  жұмыс  жасаудың  негізі  болып  табылады.  Ең  алдымен, 
оқушылар  редакциялаудың  негізгі  стандарттық  әдістерін  игерулері 
қажет.   
Редакциялаудың  негізгі  стандарты  –  символдарды  енгізудің 
барлық  нұсқасына  бірдей  орындалатын  редакциялауды  операциялар 
жиыны. Оған мыналар жатады: 
1.  Мәтін  бойы  жылжыту  пернелері:  [

],  [

],  [

],[ 

],  [Home], 
[End], [PageUp], [PageDown]. 
2.  Символды жою пернелері: [Backspace], [Del]. 
3.  Символды ендіру/ауыстыру режімінің пернесі: [Insert].  
4.  Жолдарды  үзу/біріктіру  үшін  [Enter]  пернесі;  бірінші 
біріктірілетін жолдың аяғы болса – [Del], екінші жолдың басы болса – 
[Backspace] пернелері қолданылады.
 
Мәтін  бойы  жылжу.  Жылдам  пернелер.  Мәтінді  енгізу, 
жыпылықтаған тік сызық – маркер тұрған жерден басталады. Жаңа 
жолға өту, алдыңғы жол толған кезде автоматты түрде жүреді.  
Енгізу  үшін,  керек  символға  тура  жету  үшін  –  оның  алдында 
тінтуір  шеріледі  немесе  мәтін  бойы  жылжыту  пернелер  тобы 
пайдаланылады. Меңзерді құжаттың аймағында жылжыту үшін  мына 
пернелер тіркесі қолданылады: 
Home 
ағымды жолдың басына 
End 
ағымды жолдың соңына 
Ctrl +  
бір абзац алға  
Ctrl +  
бір абзац артқа 
Ctrl +  
бір сөз алға 
Ctrl +  
бір сөз артқа 
Ctrl + Home 
құжаттың басына 
Ctrl + End 
құжаттың соңына 
Page Up 
экран бойы жоғары 
Page Down 
экран бойы төмен 
Ақпараттық  технологиялардың  бағдарламалық  құралдарымен 
жұмыс  жасау  үшін  біліктілікті  және  дағдыларды  қалыптастыру 


 
122 
үрдісінде 
оқушылардың 
алдын 
қойылатын 
педагогикалық 
мақсаттардың тізбегі мұғалімге айқын болуға тиіс. 
«Мәтінмен  жұмыс  жасау  ақпараттық  технологиялары» 
тақырыбының  аясында  аталған  мақсаттар  мына  оқыту  тізімімен 
ұсынылуы мүмкін: 
 
МР табу және жіберу; анықтама алу; 
 
қазақша/орысша  мәтінді  теру;  жоғарғы/төменгі  регистрге 
ауысу (кіші, үлкен әріп); тыныс белгілері;  
 
редакциялаудың  қарапайым  әдістері:  Del,  Backspace 
пернелері; енгізу және ауыстыру режімдері; 
 
мәтінмен  файлды  ашу;  мәтінді  қарау,  мәтін  бойы  жылжу 
әдістері; 
 
берілген  мәтінді  редакциялау:  қателерді  іздеу  және  түзету; 
жолды үзу, жолдарды қосу; 
 
дискіге құжатты сақтау;  
 
құжаттың  пішімін  қою:  өрістердің  өлшемі,  жоларалық  және 
абзацаралық интервалдар, абзацтық шегініс, жолдарды туралау; 
 
ұзінділермен 
жұмыс: 
абзацтарды 
және 
үзінділерді 
ерекшелеу,  алмасу  буфері  арқылы  орнын  ауыстыру,  көшіру; 
абзацтарды пішімдеу; 
 
шрифттермен  жұмыс  жасау:  шрифттің  типін,  өлшемін, 
кескінін, ерекшеленген үзіндінің шрифтін  өзгерту; 
 
колонтитулды және иллюстацияларды енгізу;  
 
іздеу және ауыстыру; 
 
көп  терезелік  режімде  жұмыс  жасау:  бірнеше  құжатпен 
жұмыс жасау, әртүрлі құжаттардың арасында үзінділердің ауысуы; 
 
кестелерді құру және редакциялау; 
 
гиперсілтемелерді құру және қалыптастыру.   
6.2. Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы 
Қарастырылатын сұрақтар: 
 
компьютерлік графиканы қолдану аймағы; 
 
қолданбалы бағдарламалық құралдар; 
 
графикалық редактордың (ГР) ортасы; 
 
ГР жұмыс режимдері; 
 
ГР-мен жұмыс жасау бұйрықтары; 
 
графикалық редактордың өндейтін деректері. 
Компьютерлік  графиканы  қолдану  аймағы.  Компьютерлік 
графиканы 
қолдану 
қосымшаларына: 
ғылыми, 
іскерлік, 
конструкторлық,  көрнекілік  (иллюстрациялық),  көркем  және 
жарнамалық графика жатады. 


 
123 
Компьютерлік  графикалық  технологиялар  мына  негізгі  
салаларда қолданылады: 
 
пайдаланушының графикалық интерфейсі; 
 
арнайы  әсерлер  (орысш.  –  спецэффекты),  көзбен  шолу 
әсерлері  (орысш.  –  визуальные  эффекты,  VFX),  цифрлы 
кинематография; 
 
цифрлы теледидар, дүниежүзілік тор,  бейнеконференция; 
 
цифрлы 
фотография 
және 
фотографияларды 
өңдеу 
мүмкіндіктерінің  өсуі; 
 
цифрлы суреттер; 
 
ғылыми және іскерлік деректерді гафика түрінде көрсету; 
 
компьютерлік  ойындар,  виртуалдық  шындық  жүйелері 
(мысалы, ұшақты басқарудың жаттығу құрылғысы); 
 
автоматтандырылған жобалау жүйелері; 
 
компьютерлік томография; 
 
кино және теледидар үшін компьютерлік графика; 
 
лазер графикасы. 
Компьютерлік  графика  —  бұл  оқушылардың  нақтылы  көзбен 
көруін  қажет  ететін  ақпараттық  технологиялар  аймағы.  Сондықтан 
компьютерде  компьютерлік  графиканың  әртүрлі  өнімдерін:  бояулы 
суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш 
өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды. 
Сонымен  қатар,  балалар  жақсы  көретін  компьютерлік 
ойындарында  –  күрделі  графикалық  интерфейстер  болатынына 
оқушылардың  назарын  аударған  жөн.  Компьютерде  үш  өлшемді 
шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық 
есептеулер  көп  болады.  Графиканы  бағдарламалау  –  қазіргі  заманғы 
бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады. 
Қолданбалы 
графикалық 
пакеттердің 
болуы, 
пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану 
мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет. 
Базалық  курстың  бұл  бөлімінің  теориялық  мазмұнына
компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады. Бұл сұрақтарды оқыту 
әдістемесі  осы  құралдың  6.4.1-бөлімінде  талқыланды.  Компьютерлік 
графиканың 
аппараттық  құралдарын 
оқыту 
6.4.2-бөлімінде 
қарастырылды. 
Қолданбалы  бағдарламалық  құралдар.  Графикамен  жұмыс 
жасауға  арналған  көптеген  қолданбалы  бағдарламалар  бар. 
Компьютерлік  графиканың  әр  саласына  арналған  өз  бағдарламасы 
болады. Мысалы, ғылыми деректерді өңдеу үшін Graher бағдарламасы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау