112
редакторы MS-DOS жүйесіне бағытталған, сондықтан экранның
символдық режімін қолданады.
Windows операциялық жүйесі және оның барлық қосымшалары
дисплеймен, тек қана графикалық режімде жұмыс жасайды.
Сондықтан экранға символдарды әртүрлі өлшемде және пішінде, кез
келген позицияда шығара беруге болады. Әйтсе де, экранның
дискреттік пиксельдік құрылымы қала береді, соның нәтижесі
символдардың мозаикалық бейнелену принципі болып табылады.
ЭЕМ жадысы. Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау барысында,
компьютердің ішкі (жедел) және сыртқы жадыларының қайсысы
болсын іске қосылып тұрады. Осы жады формаларының қайсысы
қандай мақсатта қолданылатынын оқушылар жақсы білуге тиіс.
Мәтіндік редактордың (МР) өзі (ДК барлық бағдарламалық
жасақтамалар сияқты) магниттік дискіде (винчестерде), яғни сыртқы
жадыда сақталып тұрады. Оқушыларға МР-дың қай каталогта
(қапшықта) тұрғанын көрсетіп, оның жұмысқа қалай жіберілетінін
түсіндіру қажет.
Мәтіндік редактордың жіберілуі – МР-дың бағдарламасының
файлын жедел жадыға көшіру және инициалдануы (алғашқы рет іске
қосылуы) арқылы жүзеге асады. Жұмысқа қосылып тұрған уақыт
бойы МР бағдарламасы жедел жадының белгіленген бөлігінен орын
алып тұрады. МР жабылған соң жедел жады босайды.
Пайдаланушының енгізетін мәтіні, жедел жадының сол үшін
тағайындалған арнайы орынға – МР жұмыс аймағана кіргізіледі.
Жедел жадының тағы бір бөлігінде алмасу буфері орын алады.
Алмасу буфері (ағылш. – clipboard) – ақпаратты уақытша
сақтауға арналған жадының аралық аймағы (6.2-сурет). Буфер
қапшықтардың, файлдардың, құжаттардың, т.б. көшірмесін жасағанда
және қолданбалы бағдарламалардың арасында ақпарат алмасуына
қажет.
6.2-сурет. Буфер арқылы ақпарат алмасу схемасы
Алмасу
буфері
Word
Excel
Access
…
Power
point
Paint
113
Буферге ВЫРЕЗАТЬ және КОПИРОВАТЬ бұйрықтарының
орындалуы бойынша мәтіннің үзінділері түседі. Буферде тұрған
ақпаратты шексіз ала беруге болады.
Буферге ақпаратты жазу – Правка
Копировать (Вырезать)
бұйрықтары (немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе CTRL + С
пернелерін қатар басу арқылы орындалады.
Буферден ақпаратты оқу – Правка → Вставить бұйрығы
(немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе SHIFT + INSERT
пернелерімен орындалады.
Кең тараған Word 2003, 2007, 2010 мәтіндік редакторларында –
кеңейтілген алмасу буфері болады. Ондай буферде 24 объектіге дейін
бірден сақтауға болады. Буфердің мазмұнын көру үшін, мысалы, Word
2003-те – Правка → Буфер обмена Office бұрықтары орындалады.
Экранда редактордың жұмыс аймағының сол жағында буфердің
мазмұнын толық көрсететін терезе пайда болады. Одан кез келген
қажет үзіндіні таңдап, мәтінге енгізу өте ыңғайлы.
Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Мәтіндік ақпаратпен
жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру
қатарына – мәтіндік редакторлармен мәтіндік процессорлар жатады.
Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту
үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің
кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған
Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және
Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.
Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды,
кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар,
мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.
Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды,
олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі
құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған
мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.
Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген,
әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді
(суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол,
графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор.
Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық
мүмкіндіктері,
пайдаланушының
жұмысын
мамандандыруға
ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы
бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.
114
Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса, компьютерді
мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын мамандырылған орындаушы
деп айтуға болады:
Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен
жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның
орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою,
үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.)
орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.
Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық
технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір
орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:
деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;
МР ортасы;
МР жұмыс режімдері;
бұйрықтар жүйесі.
МР ортасы. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор
қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына бес негізгі
аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет:
тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау),
«Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;
мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық
бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі
таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге
жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін,
мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады.
Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң
батырмасы немесе Shift+F10
пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік
мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға
тиіс.
басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің
қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға
қою үшін: Вид
Панели инструментов
шыққан тізімнің ішінен
керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына қанатша
қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная»,
«Форматирование», «Рисование» тақталары тұрады.
терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос
орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы
мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға
ЭЕМ + МР
Мәтінмен жұмысты орындаушы
Достарыңызбен бөлісу: |