Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет52/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68

 
151 
басты  кілттің  мәні  бойынша  іріктеледі,  басты  кілттің  мәндері  бірдей 
топтың ішінде, екінші кілт бойынша іріктелу жүзеге асады және т.с.с. 
Access  ДҚБЖ  бүкіл  кестенің  жазбаларын  іріктеумен  қатар 
сұраныстың  нәтижесінде  шыққан  кестенің  жазбаларында  іріктеуге 
мүмкіндік береді. 
Деректер қорын құру – үш кезеңнен тұрады: 
1)  ДҚ  жобалау.  Бұл  жұмыстың  теориялық  (компьютерсіз) 
кезеңі. Бұл кезеңде мыналар анықталады: 

ДҚ құрамына қандай кестелердің кіретіні; 

кестелердің  құрылымы  (әр  кестеде  қандай  өрістер,  қандай 
типті және өлшемі болатыны); 

әр  кестенің  басты  кілті  ретінде,  қандай  өрістер  таңдалады 
және т.с.с. 
2)  Құрылымды  жасау.  Бұл  кезеңде  нақты  ДҚБЖ-ң  көмегімен 
ДҚ кіретін кестелердің құрылымы сипатталады.  
3)  Жазбаларды  енгізу.  Бұл  кезеңде  деректер  қорының  кестелері 
нақты ақпаратпен толтырылады.   
Практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 
Практикалық тапсырмаларды үш типке бөлуге болады: 
1)  есептер:  негізгі  ұғымдарды  бекітуге  арналған  теориялық 
тапсырмалар; 
2)  жаттығулар:,  ДҚБЖ  ортасында  жұмыс  жасау  үшін,  жеке 
дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалар;  
3)  дербес 
жұмыстар, 
сынақ 
тапсырмалары
бұл 
тапсырмаларды  орындауға  қойылатын  талап:  оқушылар  теориялық 
материалды игеріп және практикалық дағдылары қалыптасуы қажет.  
Жаттығулар компьютерде  орындалады.  Мұғалім қарастырылып 
жатқан  ДҚБЖ  құралдарымен,  ДҚ  жұмыс  тәсілдерін  көрсету  үшін  
түсіндіру  барысында  жаттығу  материалдарын  қолдануына  болады. 
Осындай  түсіндіруден  кейін  сондай  типті  басқа  жаттығуларды 
оқушыларға  топпен  орындауға  ұсынылады.  Жаттығулар  үшін  жұмыс 
материалдарын  (кестелер  сақталған  файлдарды)  мұғалім  алдын  ала 
дайындап алуы керек. 
Мұғалімнің  міндеті  –  қойылған  оқыту  мақсатына  сәйкес 
практикалық  жұмыстарды  ұйымдастыру  үшін  тапсырмалар  жүйесін 
жасап алуы керек. 
6.5. Желілілік ақпараттық технологиялар  
Компьютерлік 
телекоммуникациялар 
– 
ақпараттық 
технологиялардың  ерекше  серпінді  дамушы  аймағының  бірі. 
Ақпараттық  технологиялардың  басқа  бөлімдерімен  салыстырғанда, 


 
152 
оның технологиялық құрамы, теориялық құрамнан анағұрлым басым 
түседі.  Сондықтан  бұл  тақырыпты  оқыту  тиімділігі,  компьютерлік 
желілермен  оқушылардың  практикалық  жұмысын  ұйымдастыру 
мұмкіндігіне қатты байланысты.  
Базалық  курстың  осы  бөлімі  аясында  педагогикалық 
мақсаттардың мына тізімі жүзеге асырылады: 
1)  жергілікті 
және  ғаламдық  желілердің  қызметі  және 
құрылымы жөнінде түсінік беру; 
2)  желілердің  негізгі  ақпараттық  қызметтері  мен  Интернеттің 
мүмкіндіктерін оқушыларды таныстыру; 
3)  компьютерлік  сыныптың  жергілікті  желісінде  файлдармен 
алмасу әдістерін оқыту; 
4)  Интернетте 
ақпаратты 
іздеу 
әдістерімен 
таныстыру 
(техникалық мүмкіндік болған жағдайда). 
Бұл  бөлімінің  мазмұны,  компьютерлік  желілердің  бөліну 
принципі бойынша, екі бөлікке бөлінеді: 
▪  жергілікті желілер; 
▪  ғаламдық желілер. 
Компьютерлік  желілер  тақырыбында  ұғымдардың  саны  өте 
ауқымды  болғандықтан,  жан-жақтылы  баяндалу  дәрежесі  де  әртүрлі 
болуы мүмкін.  
Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар 
Қарастырылатын сұрақтар: 
 
Жергілікті желі (ЖЖ), құрылымы және қызметі. 
 
Ғаламдық желілердің (ҒЖ) құрылымы және қызметі. 
  Internet деген не. 
 
Деректерді маршруттау және тасу. 
 
Электрондық пошта; «клиент/сервер технологиясы; 
 
ҒЖ желілердің аппараттық құралдары; 
 
Internet және World Wide Web ақпараттық қызметтері. 
Жергілікті  желі  (ЖЖ),  құрылымы  және  қызметі.  Егер 
мектептің  информатика  кабинетінде  компьютерлер  жергілікті  желіге 
біріктірілген  болса,  онда  тақырыпты  оқыту  қиындық  туғызбайды. 
Компьютерлік  желілерде  ақпаратты  жіберу  туралы  әңгіме  дәл  осы 
мектептің компьютерлік сыныбының жабдығы негізінде қозғалады.  
Компьютерлік  желіні  –  ақпаратты  жіберу  арналармен 
байланысқан, компьютерлер жүйесі – деп анықтап алған соң, мұғалім 
компьютерлік  сыныптың  жабдығын  көрсетеді.  Осындай  желіні 
жергілікті деп аталатынын хабарлайды.  
Жергілкті  компьютерлік  желілер  –  масштабы  бойынша 
шағын,  бір  бөлме,  ғимарат  немесе  мекеме  аймағында  жұмыс 


 
153 
жасайды.  Мектепте  әр  бөлмеде,  оқу  кабинеттерінде,  директордың 
кабинетінде,  бұгалтерияда  және  т.б.  қойылған  компьютерлерді 
біріктіретін,  жергілікті  желі  жұмыс  жасап  тұруы  мүмкін.  Дәл  осы 
сияқты,  әдетте,  кәсіпорынның  әртүрлі  бөлімдері,  фирмалар, 
мекемелер жергілікті желіге жиі біріктіріледі
Жергілікті  желілерде,  техникалық  шешіміне  және  қызметіне 
байланысты,  компьютерлерді  біріктіру  құрылымы  әртүрлі  болады. 
Оларды  желінің  архитектурасы,  конфигурациясы,  топологиясы  деп 
атайды.  6.3-суретте  ЖЖ  топологиясының  төрт  типі:  сақиналық, 
радиалды (жұлдыз), шиналық және ағаш топологиясы бейнеленген. 
6.3-сурет 
Жергілікті желіні қолдану негізгі екі мақсатқа жауап береді: 
1)  желіні 
пайдаланушыларының 
арасында 
файлдармен 
алмасуға; 
2)  жалпыға  рұқсат  етілген  ресурстарды:  дискілік  жадының  
үлкен  көлемін,  принтерлерді,  ортақтандырылған  ДҚ,  бағдарламалық 
жасақтаманы  қолдануға.  
Жалпы  жергілікті  желінің  пайдаланушыларын  –  жұмыс  тобы 
деп,  ал  олардың  жұмыс  жасап  отырған  компьютерлерін  –  жұмыс 
станциясы  деп  атайды.  Егер  желіде  бүкіл  компьютерлер  тең 
құқұқты, яғни тек қана пайдаланушылардың жұмыс станцияларынан 
тұратытын болса, онда оны  бір рангалық желі деп атайды.  
Бір  рангалық  желі,  аталған  мақсаттардың  тек  біріншісін: 
файлдармен  алмасуды  жүзеге  асыру  үшін  қолданылады.  Мұндай 
желіде  әр  компьютердің  өз  аты  болады.  Осы  атаулар  бойынша 
жұмыс  тобының  мүшелері  өздерінің  әріптестерінің  ДК  дискілік 
Радиалды топология (жұлдыз)
 
Сақиналық топология 
Шиналық топология
 
Ағаш топологиясы
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау