Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68

 
86 
1.  Ақпараттық  модельдердің  (натура  емес)  нөмірлерін  жазып 
шығыңыз: 
а)  театр қойылымының декорациялық рәсімдеуінің макеті; 
б)  театрдағы спектакльге қажетті костюмдердің эскизі; 
в)  кітап немесе журналдың макеті; 
г)  глобус; 
д)  судың молекуласының түзілуінің макеті;  
е)  генеалогиялық ағаш;  
ж) CO
2
 + 2NaOH = Na
2
CO
3
 + H
2
0;  
з)  адам скелетінің макеті; 
и)  сабақ кестесі;   
к)  ойыншық паровоз; 
л)  метрополитеннің  схемасы; 
м) кітаптың мазмұны. 
2. Кестені дайындаңыз және толтырыңыз. 
Термин 
Түйінді 
сөздер  
Мысалдар 
Граф 
 
Метрополитен 
схемасы, 
молекулалар 
құрылымы,  жол  картасы,  компьютерлік 
желі. 
Графтың 
төбесі 
 
Метро стансалары, молекуладағы атомдар, 
жол картасындағы қалалар. 
Доғалар   
Шежіре ағашындағы сызықтар 
Қабырғал
ар  
 
Молекуладағы  атомдарды  жалғастырушы 
сызықтар, жол картасындағы және  метро-
политен жолдарындағы жолдар сызығы. 
Бағыттал-
ған  граф 
 
Әртүрлі  классификациялар  (биологиялық, 
ұйымдастырушылық және т.б.) 
Ағаш 
 
Генеалогиялық  ағаш,  жіктеулер,  файлдық 
жүйе 
Желі 
 
Дүниежүзілік тор 
V. Тақырып бойынша бір сабақтың  конспектісін даярлаңыз. 
VI.  «Модельдер»  тақырыбы  бойынша  бақылау  жұмысының  
мысалын келтіріңіз. 
 
 


 
87 
5-тарау. Алгоритмдеу және бағдарламалау сызығы  
Адам  мен  компьютер  арасындағы  тіл  қатысу,  хабар  алысу 
әрекеттері  тек  алгоритм  арқылы  ғана  іске  асырылады.  Сондықтан 
есептеуді  меңгергісі  келген  адам,  алдымен,  алгоритм  сөзі  мен  сол 
ұғымның мән, мағынасын терең білуі қажет. 
Алгоритмдеу  бағытының  мазмұны  мына  түсініктер  тізбегі 
арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді 
орындаушылар,  орындаушының  бұйрықтар  жүйесі,  алгоритмді 
формалды  орындау,  алгоритмді  ұсыну  формалары,  негізгі 
алгоритмдік құрылымдар, шама ұғымы, көмекші алгоритмдер
Мектеп  информатикасында  алгоритмдеуді  оқытудың  екі 
мақсаттық аспектісі бар: 
біріншісі  дамытушылық  аспекті,  оқушылардың  алгоритмдік 
ойлауының дамуы; 
екіншісі    бағдарламалық,  кәсіби  бағытталған  аспекті.  ЭЕМ 
үшін 
бағдарлама 
құру, 
алгоритм 
құрудан 
басталады: 
бағдармалаушының  ең  маңызды  кәсіби  сапасы  –  логикалық-
алгоритмдік ойлаудың дамуы. 
Алгоритмдеу  және  бағдарламалау  тармақтарына  бөлінген, 
мазмұндық  «Алгоритмдеу  және  бағдарламалау»  бағытының  негізгі 
ұғымдарының  құрылымы  4-схемада  ұсынылған  (1-қосымша).  Бұл 
тармақтардың «Шамалармен жұмыс жасау алгоритмдері» блогынан 
басталатын  ортақ  бөлігі  бар.  Атап  айтқанда,  схемада  алгоритмдеуді 
және  бағдарламалауды  оқыту  әдістемесінің  тірегі  –  құрылымды 
бағдарламалау әдістемесі  екені байқалады.   
5.1. Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі 
Қарастырылатын сұрақтар: 
 
алгоритмнің анықтамасы; 
 
алгоритмнің қасиеттері; 
 
алгоритмді сипаттау тәсілдері; 
 
алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.  
Алгоритмнің  анықтамасы.  Алгоритм  –  берілген  деректерден 
ізделетін  нәтижеге  әкелетін,  орындаушыға  түсінікті  және  анық 
шектеулі бұйрықтардың тізбегін орындау нұсқамасы.   
Бұл анықтамада алгоритмнің негізгі ұғымдары және оның басты 
қасиеттері айтылған. 5.1-суретте [26,42] ұғымдардың өзара байланысы 
бейнеленген.  
Бұл  жүйеде  алгоритмді  ОРЫНДАУШЫ  түйінді  объект  болып 
табылады.  Орындаушы  –  айқындалған  әрекеттер  жиынын 


 
88 
орындауды білетін объект (автомат немесе робот) немесе субъект 
(адам).  
5.1-сурет. Алгоритмді орындаушының жұмыс істеу сызбасы 
Алгоритмді 
басқару 
жағынан, 
орындаушының 
негізгі 
сипаттамасы
ол 
орындаушының 
бұйрықтар 
жүйесі. 
Орындаушының бұйрықтар жүйесі (ОБЖ) – орындаушының атқара 
алатын 
шектеулі 
бұйрықтар 
жиынтығы
Әр 
алгоритм 
орындаушының бұйрықтар жүйесінің мүмкіндіктерін ескере құрылуы 
керек.  
Алгоритмнің  бұйрықтарын  бұлжытпай  бірінен  кейін  бірін 
формалды  орындау  –  орындаушының  негізгі  жұмысы.  Яғни, 
алгоритмнің  формалды  орындалуы  –  орындаушы  есептің  мағнасын 
білмесе де, дайын алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін 
бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару. 
Алгоритмнің  қасиеттері.  Қойылған  есепті  шешу  үшін 
орындаушы  кірісінде  алгоритімді  және  деректерді  алады,  ал 
шығысында  керек  нәтижелер  алынады.  Алгоритмге  тек  ОБЖ-ға 
жататын  бұйрықтар  кіреді.  Бұл  талапты  –  алгоритмнің  түсініктілік 
қасиеті  деп  атайды.  Сонымен,  алгоритмнің  түсініктілігі  – 
бұйрықтар  жүйесі  арқылы  жазылған  алгоритмді,  орындаушының 
түсініп, орындай алатындығы. 
Алгоритмнің  басқа  қасиеті,  ол  –  дәлдік  (анықтылық). 
Алгоритмнің  кез  келген  бұйрықтары  және  олардың  орындалу  реті, 
орындаушы  үшін  тек  бір  мағыналық,  бір  мәндік  түсінік  беруге  тиіс. 
Алгоритмнің  орындалу  үрдісінде  ешқандай  еркіндікке  жол  берілмеуі 
керек.  Мысалы,  орындаушы-аспазшы  үшін  аспаздық  рецепті  тағам 
дайындау  алгоритмі  деп  қарастырайық.  Әйтсе  де,  рецептің  бір 
пунктінде:  «Бірнеше қасық қант салу керек» – деп жазылса, онда ол, 
бұйрық  анық  емес.  Неше  қасық?  Қандай  қасық  (шәй  немесе  ас 
қасық)? Әр аспазшы өзінше түсінуі мүмкін, сондықтан нәтиже әртүрлі 
болады. Дәл бұйрықтың мысалы былай болуы керек: «2 ас қасық қант 
салу». 
Деректер 
ОРЫНДАУШЫ 
ОБЖ  
(
орындаушының 
бұйрықтар жүйесі

Алгоритм: 
 
1- бұйрық 
2- бұйрық 
..................... 
N-бұйрық 
 
Нәтижелер 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау