Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет23/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

Сарыұйғырлар

Бұлар  түркі  халықтарының  бір  бұтағы,  жалпы  саны  10  мыңға 
жуық,  өз  алдына  халық  атанған  үлкен  бірлестік.  Түркі  халық-
тарының ішінде мұсылман дінін қабылдамаған. Сары-ұйғырлар 
бір  мың  жылдықтан  бұрын  Моңғолияның  Орхон,  Селенгі  өзе-
нінен  және  Шығыс  Түркістаннан  қоныс  аударған.  Діні  –  
буддизм мен шаман діні.    


 
56 
Сарыүйсін  және  Суан  тайпалары
  –  Ұлы  жүз  құрамында 
болған  көне  тайпалар.  Сарыүйсін  туралы  ХІХ  ғасырдағы  этно-
графтар  П.И.Рычков,  А.Левшин,  Ш.Уәлиханов,  Н.Абрамов, 
В.В.Радлов, Н.А.Аристовтың зерттеулерінде, Суандарды Рашид 
ад-дин    V-VI  ғасырларда  Дулу  тайпасының  одағына  кірді,  – 
дейді.  Дулудың  қазіргі  аталымы  –    Дулат.  А.Н.Бернштам  V  ға-
сырда  Суандардың  Чубань  атанып,  Ұлы  жүздің  Дулат,  Албан 
одағында болғандығын растайды. Бұл үш тайпа да V  ғасырдан 
бүгінге  дейін  Жетісуды  мекен  етіп  келеді,  негізгі  мекені 
Алтынкөл  мен  Іле  жағалауы.  Таңбасы  –  дөңгелек,  тайпалық 
ұраны –  Райымбек.  
Табын 
–  Жетіру тайпасының үлкен руы. Моңғол шапқын-
шылығына  дейін  Табындар  Батыс  Қазақстан  даласын  мекен-
деген. Табын    туралы    алғашқы дерек М.Тевкелевтің  еңбегінде 
кездеседі.  Табын  ежелгі  ру  болғандықтан  әртүрлі  экономи-
калық-саяси жағдайларға байланысты ыдырап, әртүрлі тайпалық 
бірлестіктерге  кіріп  кеткен.  Табын  башқұрттар  құрамында  да 
бар.  Табыннан  тараған  рулар  –  Шөмішті,  Тарақты,  Көсеп. 
Шөміштілер  Үстірт  өңірі  мен  Жем  өзенінің  бойын  жайласа, 
Тарақтының ұрпақтары Орынбор, Ақтөбе, Елек маңында, Көсеп 
– Борсық құмы мен Торғай, Тобыл өзендерінің бойы. Табынның 
жалпы  рулық  таңбасы  –  тостаған,  шөміш,  тарақ  және  шылбыр 
(әліп- /).  
Адай
 – Кіші жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі.  
Адайлар  –  Геродот  пен Страбонның жазбаларында  келтірілген, 
б.з.д. ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауын мекендеген дайлар. 
Дайлар  туралы  алғашқы  деректі  келтірген  Дарий  патшаның 
«Накши Рустам» жазбасындағы б.з.д. VІ-ІV ғасырда Яксарттың 
төменгі ағысында тарадари немесе парадари сақтар мекендеген, 
олардың  одағына  дахтардың  енгені  жайлы  жазылғанынан 
немесе Л.Гумилевтің «Қиял патшалығын іздеу» атты кітабында 
келтірілген.  «Бір  замандағы  сақтардың  жауынгер  Дай  тайпа-
сынан тарихи із, жазба деректеме қалмады...» деген жолдарынан 
Дайлардың  ежелгі  тайпалардың  бірі  болғандығын  аңғарамыз. 
Кіші  жүз  құрамындағы  Шеркештер  мен  Беріштер  ежелгі  тай-
палар  санатына  қосылады.  Олар  Кіші    Азия  елдеріндегі  мәм-
лүктердің  негізін  қалаған.  Шеркештер  Кавказ-дағы  Қасоқтар 


 
57 
құрамында  болып,  жері  Қазахия  атанған.  Тағы  бір  мысал: 
В.В.Бартольдтың  еңбегінде  Батыс  түркі  халқы  он  тайпа  ел 
болған.  Ежелгі  Үйсін  елінен  тараған  Албан,  Дулат,  Суан, 
Жалайыр  (жігіл),  Шапырашты  (чігіл)  тайпалары  Батыс  Түрік 
қағандығы  кезінде  (VІ  ғ.)  мемлекет  құрамында  болып,  олардан 
шыққан көсемдер мемлекет те құрған. 
Жоғарыда  айтылған  ру,  тайпалардың  әрқайсысының 
өзіндік таңбалары болған. Түрік таңбаларының көсеу, бөрі, өгіз 
сияқты  жануар,  жыртқыштарға  қарата  қойылғандарынан  басқа, 
затқа қатысты қойылғандары да бар. Таңба  көп мағыналы сөз, 
ол  әріп  жазу,  малға  басылатын  тамға,  мөр  ретінде  және  лауа-
зымды  білдірген.  Ежелгі  түріктердің  таңбасы  Шыңғысхан  тұ-
сында  жылқыға  соғылатын  белгі,  мөр  ретінде  пайдаланылды. 
Таңба  әуелде  халықтың  табынатын  құдырет  иесіне  –    күнге, 
зеңгі  бабаға,  түрлі  құбылыстарға  еліктеуден  шыққан,  осыдан 
ежелгі  халықтар  жануарларға,  құстарға,  аңдарға  ұқсатып,  таң-
балық  жазуды  ойлап  шығарды.  Ру-тайпалардың  таңбаларын 
жазуға    қатыстыра  зерттеудің  мәні  зор.  Ру  таңбаларының  көне 
түркі әліпбиіне ұқсастығы туралы біз жоғарыда сөз қозғағанбыз. 
Орхоннан бастап Ертіс, Іле, Сырдария, Әмудария, Еділ, Жайық, 
Дон  мен  Днепр  өзендерінің  жағалауында,  Алтай,  Жоңғар, 
Хантәңірі,  Памир,  Балқан  тауларының  жартастарында  түркі 
халықтарының  таңбасы  қашалған.  Ру-тайпалардың  таңбаларын 
жазуға  қатыстыра  зерттеуде  көне  түркілік  әліпбидегі  таңбалар-
дың  ру-тайпа  таңбаларына  тым  ұқсас  екендігі  анықталды.  Ру-
тайпалар  таңбаларының  өте  әріден,  жазуға  дейінгі  дәуірден  де 
әрі болғандығын ескерсек, көне түркі әліпбиіне негіз болған да 
осы  ру-тайпалардың  таңбалары  екендігі  расталады.  Ру-таңба-
ларының  көне  түркі  әліпбиіне  ұқсастығы  тамыры  тереңде 
жатқан  зор  тарихи  танымды  айғақтайды.  Н.Аристов  Орхон-
Енисей  жазба  ескерткіші  нұсқасы  түркі  халықтарының  таңба-
лары  негізінде  жасалғандығын,  оның  әліпбиіндегі  38  әріпінің 
29-ы түркі тайпаларының таңбасы екендігін айтып, ой салды. 
Орыс тарихнамасының өкілдері біржақты саясаттан туын-
даған зерттеулер жүргізді. Қазақстанның экономикалық дамуын 
сыңар  жақты  түсінген  кейбір  зерттеушілер,  қазақ  елін  капита-
листік даму жолына түсіру керек, оған орыс елі көмектесуге тиіс 


 
58 
деп  түсінді.  Х.А.Сүтееваның  еңбегінде  шолу  түрінде  көрсе-
тілген  И.И.Гейер  мен  В.И.Масальскидің  пікірлерінен  осындай 
ойларды анықтауға болады. «Туркес-танский край» деген еңбе-
гінде  В.И.Масальский  «Бұл  өлке  ХХ  ғасыр  басында  капи-
талистік  даму  жолына  түсті,  енді  оны  дамытуға  орыс  үкіметі 
көмектесуі  қажет»  десе,  И.И.Гейер  өзінің  «Туркестан»  деген 
еңбегінде  «Бұл  өлкенің  экономикалық  дамуының  нашарлығы 
және  халық  тұрмысының  күйзелісте  екендігі  капитализмнің 
дамуынан  емес,  керісінше  оның  дамуының  жеткіліксіздігінен» 
деп тапты. Қазақстанның ресейлік тарихнамасының бірінші ке-
зеңі  мақсатты  түрде  екінші  кезеңге  ұласты  Х.А.Сүтеева  атап 
көрсеткендей,  ресейлік  тарихнаманың  екінші  кезеңі  Ресей  им-
периясының  ХІХ  ғасырдың  60  жылдары  қазақ  жерлерін  толық 
жаулап алуы, ішкі отарға айналдырғаннан кейін, бұл жерді орыс 
үкіметі  пайдалы  отарлау  және  оны  ішкі  зат  қорымен  тауар 
шығаратын  базарға  айналдыру  үшін  мақсатты,  толық,  жан- 
жақты  зерттеулердің  басталуымен  ерекшеленеді.  Қазақ  жас-
тарына ру, тайпалардың шежірелерін білу олардың территория-
лық және мәдени кеңістіктерін жіті зерттеу арқылы отаршылдық 
саясаттан  қазақ  халқының  қаншалықты  жапа  шеккендігін  ұғы-
нуға,  бабалар  күрескен  тәуелсіздіктің  парқын  түсінуге  көмек-
тесуі тиіс. Ру-тайпа шежірелерінде қамтылған ата- тегіңді білу, 
олардың  ежелгі  қоныстарын,  дүниеде  қандай  мемлекеттер  құ-
рып, адамзаттың тарихына қандай үлес қосқандығын зерделеу – 
қазақ деген халықтың бағасын пайымдау үшін де қажет. 
 
 

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау