4.3 Топырақтарды жіктеу – топырақтанудың басты және ең күрделі теориялық проблемаларының бірі болып саналады, себебі А. Н. Соколовский айтқандай кез келген жіктеудің мақсаты номенклатурлық тізім жасау емес, және құралдар мен құбылыстарды реттеу, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, оларды басқару заңдылықтарын айқындау.
Топырақтануда топырақты жіктеу проблемасы ең талқылы мәселе болып саналады және А. М. Глазовская айтқандай сонымен қатар ең тозған және ең жас проблема. Топырақты жіктеудің даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады:
1) докучаевқа дейінгі, онда геолого-петрографиялық, химиялық және физикалық жіктеу принциптері басым болды және топырақты тау жыныстары немесе өсімдіктер қалдықтарының өнімі деп санады;
2) докучаевтық, онда В. В. Докучаев, Н. М. Сибирцев, К. Д. Глинка және оның жалғастырушылары топырақты генетикалық жіктеу принципінің негізін қалады;
3) қазіргі кезең (шамамен XX ғ 50-ші жылдарынан), онда таксономикалық бірліктер мен диагностикалық белгілер жүйесі құрылды, әртүрлі елдерде топырақты ұлттық жіктеу дамый бастады, топырақ түзілу режимі және экологиялық жағдайлар ескеріле бастады;
4) жаңа кезең (XX ғ 90-шы жылы басынан), онда жіктеуде антропогендік трансформациялаудың иерархиялық жүйеге сәйкесті әртүрлі деңгейдегі таксондық бірліктер – бөлімдерден бастап типшелерге дейінгі, барлық сатылары есепке алынады.
Таксондау бірлігі (таксон) деп генетикалық сипаттамалардың есептеу жалғасын және топырақты жіктеу жүйесіндегі орнын дұрыс анықтауды айтады. В современной классификации почв основной таксономической единицей является тип почвы.
Топырақтың типі. Бұл топырақтың тобы, ол органикалық зат, минералдық массаның түсу және трансформациялауының, миграция және жиналу процесі мен жалпы топырақ режимінің бір типтілігін, топырақ қимасы құрылысы мен топырақ құнарлығын өсіру шараларының ұқсастығын сипаттайды.
Бұл топырақ түзілу процесінің бір типті жағдайларда дамитын топырақтың тобы және жетекші немесе басқарушы топырақ түзілу процестерімен айқын сипатталады. Топырақ типтірне жатады: күлгіндер, қара топырақ, сортаңдар, солодтар және т.б.Топырақ типтер ішінде типшелері бөлінеді.
Топыратар типшесі. Бұл топырақ тобы топырақ типтері арасындағы көшпелі немесе өтпелі, аралық топырақ түзілімдері болып саналады. Типшелерге бөлгенде аймақастындағы және территорияның фациялық ерекшеліктерін есепке алады.
Топырақ тегі. Типшелер шегінде топырақтар тегін көрсетеді, олар топырақтың генетикалық сипатын анықтайды, әртүрлі жергілікті жағдайлардың әсерлерін есептейді (топырақ түзу тау жыныстарының құрамы, грунттық сулардың құрамы және тереңдігі, топырақ түзілуде реликтік немесе көне және антропогендік сипаттардың болуы және т.б.).
Топырақ түрі. Топырақ тегі шегінде түрге бөлінеді, олар негізгі топырақ түзілу процесініндегі санды айырмашылықтарды анықтайды. Топырақтарды сортаңдану, күлгіндену және басқада процестердің даму дәрежесі, гумусты немесе күлгінді горизонттердің қалыңдығы, гумустену деңгейіне және т.б. байланысты бөледі.
Топырақ түршесі. Топырақ түрі шегінде түршеге бөлінеді, олар топырақтардың үстіңгі горизонттарының гранулометриялық құрамы жағынан айырмашылығын көрсетеді.
Топырақтар әрсаптылығы. Ең дәл және иерархиялық жағынан төмен таксондық бірлік болып топырақтар әрспаптылығы саналады, олар топырақтарды топырақ түзу тау жыныстарына қарай бөледі.
Топырақты базалық жіктеу болып оларды генезисі, қасиеттері және құнарлылық деңгейі бойынша топтарға біріктіру жүйесі саналады, ол «Классификация и диагностика почв СССР» (1977) атты кітапта келтірілген.
Әдебиеттер: 1, 25-131 б; 15, 196-210 б; 17, 184-210 б.
Бақылау сұрақтары
1 Топырақ түзу экологиялық факторларды атаңыз.
2 Жер бетінде топырақтың таралу заңдылықтарын сипаттаңыз.
3 Топырақтардың негізгі аймақтық типтерін атаңыз.
4 Топырақты жіктеу дегеніміз не?
5 Топыраққа техногенез өнімдері қалай әсер етеді?
5 Тақырып Тундра, тайгалы-орман аймақтары топырақтарының экологиясы және экологиялық проблемалары
Мақсаты: топырақ түзілу табиғи жағдайларымен таныстыру.
Жоспар:
5.1 Топырақ түзілу жағдайлары
5.2 Топырақтарды сипаттау және тундра аймағы топырақтарын қорғау проблемалары
5.3 Топырақтарды сипаттау және тайгалы аймақ топырақтарының халық шаруашылығындағы маңызы
5.1 Тундралық аймақ. Тундралық ландшафттар – салыстырмалы жас жаралым. Геологиялық мәліметтер бойынша поляр шеңберінен әрі аудандарда бұдан 1,5 млн жыл бұрын қылқанды-жалпақ жапырақты ормадар таралған. Тундра аймағының қалыптасуы плейстоцен бойында жалпы суық түсу және мұздық дәуірмен байланысты.
«Тундра» жергілікті саам тілінде «ормансыз кеңістік» деген ұғым. Тундралық ландшафттар Кола және Канин түбегі, Оңтүстік Печора бассейні және Воркута, Ямал, Гыдан, Таймыр түбектері және әрі қарай солтүстікке Ортасібір қыраттары, Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздеріның шығыс-сібірлік жағалаулары, Чукотка түбегі, Камчатка және Охот теңізінің солтүстік бөлігінің шығыс жағалауларына дейін таралған.
Тундраның климаттық жағдайлары былай сипатталады: орташа жылдық температурасы -2-ден, Ресейдің европолық бөлігінде, -12°С-қа, Ресейдің азиалық бөлігінде, дейін құбылады; шілденің орташа температурасы +10°С аспайды, ал қаңтардың орташа температурасы өте төмен түседі -30°С-қа дейін; аязсыз кезең шамалы- 3 ай; жауын шашын мөлшері шығыста жылына шамамен 150—250 мм, Ресейдің европалық бөлігінде бұдан артық: 450 мм — Кола түбегіндегі тундрада, 360 мм — Воркута ауданында; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жазда жоғары (80—90%) және күннің жарығы үздіксіз.
Тундра өсімдіктер құрамында бұталар, бұташықтар, шөпті өсімдіктер, мүктер және қыналар басым болады. Тундрада ағаштылар формасы болмайды, себептері: жазда топырақтар тым ылғалданған және анаэробты микробиологиялық процестер дамыған, суық кезеңдерде жас өркендерді құрғататын қатты желдер, төменгі температуралар және т.б. Топырақ микрофлорасы әралуан (бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер). Тундра топырақтарында арктикалықтарға қарағанда бактериялар бірсыпыра артық. Тундраның орталық аймақшасындағы 1 г топырақтарда олардың саны 400- ден 3500 мың-ға, оңтүстік тундра топырақтарында 300-ден 3800 мың-ға дейін (К. Н. Мишустин және В. А. Мирзоева, 1964).
Өсімдіктер сипатына қарай тундралық аймақты аймақшаларға бөледі: қыналы-мүкті және бұташықты, сонымент қатар орманды тундра. Тундраға тән қыналы-мүкті өсімдіктер, онда балшықты кеңістіктерде мүктер және шөптер басым, ал тасты кеңістіктерде- қыналар. Оңтүстікке қарай мүктер мен қыналардан басқа бұталар байқалады (негізінен аласақайың шоғыры), одан оңтүстікке қарай, орманды тундра шегінде оңашаланған орман массивтері кездеседі. Орман өсімдіктері тундра аймағына терең тек өзен аңғарларына кіреді.
Тундрада топырақтарының күшті ылғалдануына қарамастан шымның үлкен жиылымдары құрылмайды. Шымды батпақтардың үлкен массивтері тек орманды тундрада кездеседі.
Тундрада топырақ түзу тау жыныстары ішінде әртүрлі мұздық шөгінділер басым келеді. Оралдан батысқа қарай мұздық шөгінділер құрамында бір жағынан Балтық қалқанының, екінші жағынан Жаңа Жер мен Полярлы Оралдың ірі сынықты материалдар ысырымдары болады. Оралдан шығысқа қарай Батыс-Сібір ойпатының солтүстік бөлігінде топырақ түзу тау жыныстары болып теңіз және көл шөгінділері саналады, олардың құрамында Европаның мореналарына қарағанда қойтас материалдары аз болады. Орал сырты мұздық шөгінділерінің минералдық құрамы қалыптасуының сырылу көзі болып Слтүстік Орал және Таймыр-Норильск ауданы саналады.
Тундра ландшафттарындағы өсімдіктер, топырақ түзілу және геологиялық әртүрлі процестеріне көпжылғы тоңның әсері байқалады. Көпжылғы тоң деп литосфераның ұзақ мезгіл теріс немесе төменгі температура сақтайтын горизонтын айтады. Көпжылғы тоң кей жерлерімен тундра аймағынан бірсыпыра территорияға тарайды.
Тоң грунттардың жақындығы топырақ қабатын күшті салқындатады, топырақ түзілу процесінің дамуын тежейді. Төменгі температура және тундра топырақтарының сумен қанығыуы биогеохимиялық процестерге теріс әсер етеді.
Тайгалы-орманды аймақ. Орман ландшафттары көп аумақтарды алып жатады және солтүстік жарты шарының бореалды және суббореалды климатының кең орман белдеуін құрайды. Бұл үлкен территория біртекті емес, әртүрлі аудандардың орман массивтері топырақ түзілу жағдайларымен өзгеше болады. Ең бірінші рет жақындағанда орман массивінде бореалды тайгалы қылқан жапырақты және суббреалды тайгаасты аралас жапырақты-қылқан жапырақты ормандарды бөлуге болады. Бұл аймақтың оңтүстігінде кей жерлерде жапырақты ормандар таралған. Европа мен Солтүстік Американың суббореалды ормандарының көп бөлігі жойылған, сондықтан бір кезде орман өсімдіктерімен қалыптасқан топырақтар ормансыз, адамның іс әрекетінен өзгерген дандшафттар жайында деуге болады.
Евразия континентінің тайгалы аймағының климаттық жағдайлары радияциялық баланстың артуына байланысты заңды түрде солтүстіктен оңтүстікке ғана емес, батыстан шығысқа да өзгереді. Осы бағытта климаттық континенталды артады. Карелияның тайгасында қаңтардың температурасы -10°С, шілденікі +15°С, атмосфреалық жауын шашын мөлшері жылына шамамен 500 мм. Сол ендікте Енисейден шығысқа қарай климат шұғыл континенталды: қаңтардың орташа температурасы -30°С және одан төмен, орташа айлық температураның амплитудасы 50—60°С, жылдағы атмосфералық жауын шашын мөлшері 150—200 мм дейін төмендейді. Сібірдің тайгалы аудандарында көп жылдық тоң дамыған, бірақ тоыпырақ-грунттық масса жазда 50—100 см-ге ериді (құмдарда 250 см дейін), сондықтан тоң тамыр жүйесі терең емес ағаштардың өсуіне кедергі жасамайды.
Тайгалы аймақтың негізгі ерекшелігі жазының салыстырмалы салқын болуы (орташа айлық темпетатурасы 14—16°С жақын) және оң ылғал балансы (атмосфералық жауын шашынның қосындысы буланудан асады). Бұл көрсетілген климаттық жағдайлар топырақтың шайылу режимін сүйемелдейді, ол шығыс-европалы және батыс-сібірлік тайгада таралған. Шығыс Сібірде бұл су режимінің типін көп жылғы тоң және аз мөлшердегі жауын шашын бұзады.
Ресейдің европалық бөлігінде топырақ түзу тау жыныстары негізінен мұздық шөгінділерден тұрады. Балтық кристалды қалқан территориясында ірі қойтасты құмдар және құмдақтар кедеседі, олардық фонында ауырлау көлді-мұзды шөгінділер сирек кездеседі, мысалы ленталы балшықтар. Орал бағытында топырақ түзу тау жыныстары шамалы қойтасты және саздақты болады. Енисейден шығысқа қарай топырақ түзу тау жыныстары болып тау қыраттарының шамалы қабатты қиыршық тасты шөгінділері және құмайтты-шаңды, ойпаңды тегістікттің құмайтты-саздақты аллювиалды-көлді шөгінділері саналады.
Аймақта негізінен таралған өсімдіктер типтері - қылқан жапырақтылар ормандары, оларды екі аймақшаға бөледі: солтүстік аймақша - мүкті батпақтармен алмасатын батпақты қылқан жапырақтылар ормандарды, ал оңтүстігінде жоғары бағаналы қылқан жапырақтылар ормандары қалыптасқан. Бұл жерлерде мүктермен қатар шөптер да өседі. Тайгалы аймақтың барлық көлемінің 20% батпақты өсімдіктер алып жатады. Шалғындар аумақтары шамалы мөлшерде.
Якут-Вилюй ойпаты өсімдіктер жамылғысымен ерекшеленеді, мұнда далаланған шалғындар және шалғынды далалар таралған, олар қайыңды ормандар мен шөпті-мүкті батпақтамен алмасады.
Қылқан жапырақтылар ормандарының биомассасы бірсыпыра (1000—3000 ц/га), бірақ түсулері биомассадан аздаған мөлшерде (30—40-тан 50—70 ц/га- дейін сәйкесті солтүстік және оңтүстік аймақшада). Түсудегі күлді элементтердің мөлшері шамалы - 50—80 кг/га.
Ресейдің европалық бөлігі мен Батыс Сібір тайгалы ормандарындағы топырақ түзілу процестері салыстырмалы жағынан бірдейлігі көп, бірақ Орталық және Шығыс Сібір тайгалы ландшафттарында бұл процестердің айырмашылығы бар деуге болады. Наиболее хорошо изучены почвы таежной зоны европейской части России. Ресейдің европалық бөлігініндегі тайгалы аймақтың топырақтары жақсы зерттелген.
5.2 Тундралы аймақ топырақтары. Тундралық қиманың жақсы шайылу және оттегінің қолайлы болу жағдайында қалыптасады және бұл топырақтарда анаэробтылық және топырақ суларының тұрып қалу белгілері байқалмайды. Қышқыл қоңыр топырақтардың таралуы көп жағдайда топырақ түзу тау жыныстары мен жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Қышқыл қоңыр тундралық топырақтары таулы аудандарда көп шоғырланған.
Бұл топырақтарға шамалы ыдыраған өсімдік қалдықтарының жиналуы тән, осыған орай қиманың үстіңгі бөлігінде жақсы көрінетін шымды горизонт - Aт қалыптасады. Қиманың астыңғы бөлігі генетикалық горизонттарға шамалы дифференциалданған және қалыңдығы 40—50 см артық емес. А т горизонтынан төмен қалыңдығы шамалы күрең-қоңыр түсті, бірте-бірте топырақ түзу тау жыныстарынан шамалы айрылатын В горизонтына көшетін гумус горизонты қалыптасады.
Мысал ретінде Мончетундра (Кола түбегі) тау платосындағы қоңыр тундралық топырақтың хаттауын келтіреміз. Топырақ түзу тау жыныстары - қалыңдығы шамалы негізгі құрамдағы метаморфтық тау жыныстарында жатқан жамылғы шөгінділер. Өсімдіктер –мүктер, карликті қайың, жидекті бұтақшалар, қыналар, астық тұқымдастар және б.
A Т горизонты – үсті тірі мүктер кілемі және шамалы ыдыраған күрең-қоңыр мүктер мен гүлділердің сабақтарымен өркен өсімдіктер қалдықтарынан тұрады, қалыңдығы 6 - 11 см.
A1 горизонты – қоңыр күрең түсті ірі құмды, өсімдік қалдықтары, қалыңдығы - 1,5—2 см.
ВС горизонты – қоңыр құмды-тасқыйыршық, ылғалды кезінде топырақ түзу тау жыныстарынан әзер айыратын сирек тамырлар, астыңғы жағында қоңыр гумустық қабықшалар кездеседі.
С горизонты – тасқыйыршықты, қоңыр майда үлбір топырақтармен жабылған, қалықдығы – 5- тен 40—60 см –дейін.
Торфты горизонт негізінен органикалық заттан тұрады, оның мөлшері A1 горизонтында шамалы - 1—3% артық емес. Гумус құрамында жеңіл еритін фульватты қосылыстар басым келеді, осыған орай реакциясы қышқыл (су ерітіндісіінің рН топырақтардың үстіңгі қабатында 5, ал қима бойынша төмен 5,5—6,0 дейін жетеді).
Глейлі тундралық топырақтар қышқыл қоңырларға қарағанда топырақ-грунт суларының ауыр дренаждық және оттегінің жетпеу жағдайларында қалыптасады.
Бұл топырақтар мүкті-қыналы және бұтақшалар тундра аймақшасының ойпатты кеңістіктіктерінде кең таралған. Бұл топырақтарға глейлі горизонттың болуы тән. Fe (II) болуына байланысты глейлі горизонт ерекше көкшіл-сұр (көкшіл сұр) түсті болады. Бұл горизонт гумусты горизонттан кейін бірден және көп жылғы тоңның үстіңгі қабатына дейін орналасады. Кей кезде бұлардың арасында қалыңдығы шамалы сұр және сарғылт дақтармен алмасатын дақты горизонт болады. Бұл топырақтарда гумус мөлшері шамамен А горизонтында 1—3%, реакциясы нейтралдыға жақын балады.
Тундраның жұмсақ климаттық жағдайлары бар оңтүстік аймақшасында жақсы көрінетін шымды қабат қалыптасады, бұл жағдайларда шымды-глейлі тундралық топырақтар бөлінеді.
Көп жылғы тоңдар тереңде болған жағдайда глейлі тундралық топырақтар сілтісізден болып келеді және реакциясы қышқыл болады.
Тундраның оңтүстік аймақшасының жер бедерінің теріс элементтерінде батпақты тундралық топырақтар қалыптасады. Олардың қалыптасуы глейлі тундралық топырақтардан ағатын сулардың әсерінен болады. Беткейлерде континенталдығы жоғары жағдайларда тундралық сор топырақтар қалыптасады (Ю. А. Ливеровский, 1965).
Шымды қышқыл топырақтар тундралық аймақта жақсы сорғытылған жағдайларда шөпті өсімдіктер астында қалыптасады. Олар қоректік элементтердің салыстырмалы жоғары деңгейдегі мөлшерімен сипатталады, жақсы көрінген шымды және гумусты қабаттары болады. Гумус мөлшері жоғары деңгейде (5—10%) және шамалы қышқылды, реакциясы нейтралды болады.
Тундра аймағы топырақтарын пайдалану тәжірибесі және топырақ жамылғысын қорғау проблемасы. Ауыл шаруашылық дақылдарын поляр шеңберіне жылжыту тәжірибесінде Ресей ғылым академиясының Полярлық ботаникалық бақшасы мен Хибиндағы ВИР-дың Полярлық тәжірибе стансасының, сонымен қатар Нарьян-Мардағы ауыл шаруашылық стансасы қызметкерлерінің зерттеулері маңызды рөл атқарды.
Тундра аймағының көптеген аудандарының үлкен өндіріс орталықтарында (Норильск, Игарка және б.) көкөністерді өсіреді. Тундраның негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – картоп, қырыққабат, жуа, ал теплицаларда басқада көптеген дақылдар өсіріледі. Арпаны мәдениеттендіру жұмыстары жүргізіуде.
Тундралық топырақтар тыңайтқыштарды қажет етеді, органикалық болсын минералдық болсын, сонымен қатар бактериалды тыңайтқыштардың рөлі маңызды.
Сібірдің минералдық байлықтарын игеру барысында, оның ішінде тау-кен өндіріс кәсіпорындары құрылыстары, геологиялық барлау жұмыстары, газды-мұнай кендерін игеру және газ құбырларын тарту, тундраның табиғатын, оның ішінде топырақ жамылғысын қорғауда проблемалар жасайды. Тундралық топырақтардың үстіңгі шымды қабаты бұзылады және оны орнына қалпына үшін көп жылдар керек. Көлік, бұрғылау және құрылыс жұмыстарының іздері тундра үстіне зақым келтіреді, эрозиялық процестерге жол салады. Топырақ жамылғысын бұзу тундраның уникалды табиғатына орнына келтірілмейтіндей залал келтіреді. Тундрадағы шаруашылықтық іс әрекеттерді бақылау жұмысын ұйымдастыру күрделі, бірақ өте қажетті жұмыс болып саналады.
5.3 Күлгін топырақтар. Күлгіндер құмды және құмайтты топырақ түзу тау жыныстарында пайда болады. Топырақ қимасы қалыптасу процесінде минералдық түйіршіктердің бөлінуі байқалмайды, үйткені жоғары дисперсті түйіршіктер болмайды немесе өте аз мөлшерде болады, ал ірілері түйіршіктер қуысында орнын ауыстыра немесе жылжи алмайды. Осының салдарынан негізгі химиялық элементтер мөлшері күлгіндердің генетикалық горизонттарында шамалы өзгереді. Өте көңіл қойып қарағанда мынаны байқауға болады, А2 күлгін горизонтта Fe (III) оксидінің мөлшері кемиді, ал иллювиалды В горизонтта артады. Абсолютті бұл өлшем шамалы, бірақ А2 горизонтына қарағанда Fe (III) оксиді екі есе артады.
Күлгіндердегі гумус мөлшері мен құрамын зерттеу нәтижесінде мынаны тұжырымдады: оның ең көп бөлігі жылжымалы формадағы гумин және фульвоқышқылдары болып саналады. Ең жылжымалы және агрессивті гумусты қосылыстар- фульвоқышқылдар мөлшері орман төсенішінде болады. Тайгалы өсімдіктердің түсулері микробиологиялық өзгерістерден кейін де гумин қышқылдары пайда болады, бірақ олар орман төсеніштерінен фульвоқышқылдарға қарағанда шамалы шайылады және топырақ қимасы бойынша төмен қарай әзер жылжиды.
Орман төсенішінде фульвоқышқылдар көп болғандықтан A0 горизонтының реакциясы өте қышқылды, рН 3,5—4,0. Фульвоқышқылдары топырақ қимасының төменгі горизонттарға шайылғанда олар нейтралданады және фулваттар түсіп қалады. Бір мезетте рН 5,5-6,0 дейін артады.
Шымды күлгін топырақтар. Шығыс-Европалық жазықтың тайга астындағы ормандарының автоморфты топырақтарының ең сипатты типі болып шымды күлгін топырақтар саналады. Олар құмбалшықты топырақ түзу тау жыныстарында қалыптасады. Бұл топырақтардың ең типті құрылысы құмбалшық жамылғысында қалыптасқанда байқалады.
A0 горизонты – қылқан жапырақтылар мен жапырақтылар түсулерінен тұратын орман төсеніші, қалыңдығы 2—5 см.
A1 горизонты – гумусты, үстіңгі бөлігінде шөптердың тамырлары, олар шым құрайды; түсі сұр әртүрлі реңдегі; жайласуы борпылдақ немесе бос; құрылымы үстіңгі бөлігінде кесекті, берік емес; қалыңдығы 5- тен 20 см-ге дейін.
А2 горизонты – күлгін. Ол ащық-сұр түсті, ақшыл реңді болады, сондықтан солай аталған, күл түсті. Құрылымы пластинка тәрізді, қара немесе қоңыр марганец және темір дақтары кездеседі. Жарықтар арқылы төменгі горизонттарға – 1 м артық, ақ түсті материалдар ағындары байқалады. Қалыңдығы бірнеше сантиметрден 20—25 см ге дейін.
В горизонты - иллювиалды. Түсі қою-күрең-қоңыр, өте тығыз, ауыр, шайылған балшықпен қаныққан, құрылымы жаңғақ тәрізді, изомертлік полиэндрикалы қою-күрең балшық және гумусты-балшық қабыршақтарымен жамылған. Үстіңгі горизонтында құрылымдар бөліктерінде кремнезем шашындылары кездеседі, негізінен кварц минералдарының сынықтары. Горизонт өте тереңге таралады (1 м, кейде одан да тереңге). Төменгі шекарасын призма сияқты құрылымы арқылы анықтауға болады, бұл топырақ түзу тау жыныстары - жамылғы лесты құмбалшықтарға тән.
Тайгалы орман топырақтарын ауыл шаруашылығында пайдаланудың көптеген қыйыншылықтары бар. Тайгалы аймақтың Европа-Батыс-Сібір облыстарының оңтүстік жартысындағы егістік жерлер барлық көлемнен 2%- дан кем, ал солтүстік жартысында 0,1% шамасында. Аймақтың бар жерінде ауыл шаруашылық дақылдарына қолайсыз жағдайлар қалыптасқан: топырақтардың қойтасты болуы, территорияның батпақтылығы, тоңды грунттар, осылардың бәре егіншіліктің дамуына жол бермейді. Дегенмен тайганың шығыс-европалық бөлігінде және Якутияның шабынды-дала топырақтарында бірнеше дәуір бойы жерлерді игеріп келеді. Егіншілікке қолайлысы тайгалы топырақтардың құббалшыұ түршелері.
Тайгалы ланшафттардың топырақтарын тиімді пайдалану минералды және органикалық тыңайтқыштардың үлкен дозаларын енгізу, жоғары қышқылдылықты нейтрализациялауді және қойтастарды алып тастауды қажет етеді. Якутияның шабынды-дала топырақтарын игеруде қайта сортаңдану процесін болдырмауды ескеру керек.
Медико-гигиеникалық жағынан тайгалы-орман аймағы қолайсыз, үйткені интенсивті шайылу барысында бұл аймақтың топырақтарынан көптеген химиялық элементтер жоғалады, оның ішінде адам және жануарлардың тіршілігіне қажетті элементтер де. Осының салдарынан бұл аймақта бір қатар химиялық элементтердің, ең алдымен жеңіл жылжитын – йод, мыс, кальций және т.б. (В. В. Ковальский, 1964).
Әдебиеттер: 1, 185-213 б; 15, 210-249 б; 7, 4-24 б; 17, 211-256 б.
Бақылау сұрақтары
1 Тундра және тайгалы-орман аймақтарында жылу мен атмосфералық жауын шашынның бөліну заңдылықтары бар?
2 Тундралық аймақ өсімдік жамылғысының қандай ерекшеліктері бар?
3 Тоңдану процесі тундра топырақтар қимасының дифференциациялануына қалай әсер етеді?
4 Тайгалы аймақтың автоморфтық топырақтарының негізгі типтерін атаңыз және олардың қима құрылысының айырмашылығы қандай?
5 Күлгіндердің генетикалық ерекшеліктерін талдаңыз. Биологиялық айналымға кіретін күлдік элементтердің негізгі көзі болып не саналады?
6 Шымды-күлгін топырақтар қимасының жалпы құрылысы және кейбір горизонттарының морфологиялық белгілері қандай?
7 Тайгалы-орман аймағын тиімді пайдалану және қорғаудың негізгі проблемалары қандай?
6 Тақырып Орманда дала, дала аймақтары топырақтарының экологиясы және экологиялық проблемалары
Мақсаты: студенттерді орманда дала және дала аймақтарының табиғи ерекшеліктерімен таныстыру және Қазақстан топырақтарының ерекшеліктерін және олардың ТМД-ның Европалық бөлігі топырақтарынан айырмашылығын көрсету.
Жоспар:
6.1 Орманды дала және дала аймақтары топырақ түзілу табиғи жағдайларының ерекшеліктері
6.2 Қара топырақтардың морфологиялық және генетикалық ерекшеліктері
6.3 Қара топырақтардың аймақтық және регионалдық еркшеліктері
6.4 Орманды дала және дала аймақтары топырақтарының пайдалану және қорғау ерекшеліктері
6.1 Шабынды және шабынды-аралас шөптер ландшафттарындағы автотрофты топырақтар қара топырақтар деп аталды. Қара топырақтар через Шығыс-Европа жазықтығы арқылы, Оңтүстік Орал және Батыс Сібірден Алтайға дейін жайылып жатады, шығысқа қарай олар жеке массивтер құрайды. Олардың ең шығыс массиві Байкал сыртында болады. Ресейде қара топырақтарды зерттеу топырақтанудың дамуына маңызы ерекше болды деп санауға болады. Бұл топырақтар олардың аса жоғары құнарлығы мен экономиялық тұрғыдан маңыздылығына байланысты зерттелді. В. В. Докучаев қара топырақты «топырақтардың патшасы» деп атады.
Қара топырақтардың таралу аймағының климаты негізінен континенталдылығы батыстан шығысқа артуымен сипатталады. Шығыс-Европа жазықтығының оңтүстік батысында орташажылдық температурасы 8-10°С, Оралдан тыс -2 -3°С-дейін төмендейді. Батыс аудандарында қыс жылы және жұмсақ, ал шығысында қатал және қары аз болады. Молдавияда қаңтар айының орташа температурасы -2-ден -4°С дейін, ал Байкал сыртында -25 -28°С-ке дейін төмендейді. Батыстан шығысқа қарай аязсыз күндер және жылдық жауын шашын мөлшері азаяды (батыста 500—600 мм, шығыста 250—350 мм).
Сонымен қатар әртүрлі облыстардың климаттық контрастары жылы кезеңдерде тегістеледі немесе бірдейленеді. Мысалы, бар аймақ бойынша жылы кезеңде 200—300 мм жауын шашын түседі, Ресейдің европалық бөлігінде дала ландшафттарында шілде айының орташа температурасы 19—24, ал Оралдан шығысқа қарай 17-20°С болады. Жауын шашынның көп бөліге жазда нөсер түрінде болады, жердің үстіңгі қабатындағы ағынды арттырады да топыраққа түсетін суды азайтады. Жазғы кезеңде топырақ жиі болатын аңызақ желдерден құрғайды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өсы кезеңде 15—20 % дейін төмендейді. Құрғаудан әсіресе күшті жер бедерінің оң элементтері зақым көреді, себесі ол жерлерде қыста қардың өзі де шамалы қабаты қыраттардан желмен ұшырылады, ал жазда оларға желдің құрғату әсері одан жоғары болады.
Топырақтың үстіңгі қабатынан жылдық булану жауын шашынның жылдағы мөлшеріне тең немесе одан кем. Үйткені жауын шашынның көп бөлігі топыраққа сіңбей оның үстіңгі қабатынан ағын ретінде шығынданады. Осыған орай қара топырақтарға тән шайылымсыз су режимі. Бірақ, солтүстік орманда дала аудандарында топырақтар оқтын-оқтын шайылады.
Қара топырақтар шөпті өсімдіктер астында қалыптасқан және негізінен көп жылдық астық тұқымдастар бауырында. Қазіргі уақытта қара топырақты далалардың көп бөлігі жыртылған және табиғи өсімдіктер жойылған. Табиғи өсімдіктер құрамында солтүстіктен оңтүстікке қарай аралас шөптер азаяды да көктемгі эфемерлер мен эфемероидтар көбейеді.
Е. М. Лавренко қара топырақтарты далалар өсімдіктерін келесі аймақшаларға (солтүстіктен оңтүстікке қарай) бөледі: орманды далаға кіретін далаланған шабындықтар немесе шалғындар және шабындықты далалар, сонымен қатар дала аймағына кіретін аралас шөпті-бетеге-боз және бетеге-боз далалары. Бұл далалардың солтүстік бөлігіндегі қалың және әралуанды өсімдіктер құрамында 60—65% астық құқымдастар мен қияқөлең, 30—35% аралас шөптер және 5—10% бұршақтылар болады. шамамен 80—90%. Оңтүстікке қарай өсімдіктер құрамы аралас шөпті-бетеге-боз, онда 60—90% боз немесе ақселеу. Топырақты өсімдіктердің жабу дәрежесі 70% дейін кемиді. Одан оңтүстікке қарай бетеге-бос далалары қалыптасады, онда жабу дәрежесі 60—40% дейін кемиді. Қара топырақтар аумағында топырақ түзу тау жыныстары болып лесті шөгінділер саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |