Буссоль – жергілікті жерде түсіру барысында бұрышты өлшеу үшін қолданылатын аспап. Ол жер бетінде магниттік азимуттар мен румбтарды өлшеу үшін қолданылады (8 сурет). Былайша айтқанда буссоль компастың күрделі түрі.
Буссоль ішінде 100 сайын жазылған градустық немесе жартылай градустық бөліктері бар шығыршық бекітілген тұрқыдан тұрады. Тұрқының ортасында магниттік нұсқар киілген сүмбі (шпиль) бар.
Буссолдар штативті (өлшеу кезінде арнаулы үшаяқты-штативке бекітіледі), қолда ұстайтын (қолда жұмыс істейді) және үстелге қоятын (карта немесе жоспар үстіне қояды) болып бөлінеді.
Шығыршықты цифрлауда азимуттық және румбтық бөліктерін ажыратады. Азимуттық шығыршықта (8 сурет, б) бөліктер 0-ден 360°-қа дейін сағат нұсқарына қарсы бағытта көрсетілген, ал азимуттық шығыршықтың диаметрі 0-180°-та бекітілген және нөлдік диаметр деп аталады.
8 Сурет. Буссоль және олардың шығыршықтарын (кольцо) цифрлеу:
А – сыртқы түрі: 1- нұсқар, 2 – граустық бөліктері бар шығыршық, 3 - заттық диоптр, 4 - шаш, 5 - көз диоптрі, 6 - тұрқы (корпус), 7 - көз диоптрінің саңылауы, 8 - тығын (втулка), 9 - винт; б – азимуттық шығыршық; в – румбтық шығыршық
Румбтық шығыршықта (8 сурет, в) нөлдік диаметр 0-0° цифрларымен бекітілген.
Буссолдың шығыршығы бойынша өлшемнің дәлділігі 15/ (+,-)-ке дейін.
Буссолдық түсіру жерге орналастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (шамалы учаскелердің жоспарын құру, топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік және басқада арнаулы тексерулер, жайылымдар мен шабындықтар аумағын ұйымдастыру және т.с.с.). Сонымен қатар әсіресе жоспарлар мен карталардың аса жоғары дәлділіктері қажет емес, бірақ жергілікті жердің графикалық нұсқасын тез алу қажет болу жайдайында пайдалынады.
Буссолдық түсіруді жергілікті жерді қарап шығу, сипаттық (бұрылыстық) нүктелерді таңдау, учаскенің схемасын жасау және жергілікті жерде нүктелерді (қадағалар, қазықтар, бағаналар және т.б.) бекітуден бастайды.
Сипаттық нүктелердің ара қашықтығы 50-ден 200 м-ге дейін, ал буссолдық полигонда жақтарының саны 20-25-тен аспау керек.
Буссоль арқылы азимутты өлшеу реті:
- буссольді бағдарланатын сызықтың бастапқы нүктесіне орналастыру;
- буссольді деңгей немесе көзбен қарау арқылы горизонтальды жағдайға қою;
- буссолді нысаналау: нөлдік диаметрді (0-1800) соңында қадаға тұрған сызықтың бағытымен қиыстыру және шығыршықтың 0 бөлігі қадағаға (немесе рейка), ал 1800 бөлігі бақылаушының көзіне қаратылады;
- арретирді жіберіп буссольдың магниттік нұсқарын немесе тілін босатады;
- магниттік тіл тоқтаған кезде буссольдық шығыршықта тілдің солтүстік шығыршығында градустың төрттігіне дейін өлшем алынады.
Буссоль арқылы румбты өлшеу реті:
Бұл жұмыста азимутты өлшегендей, тек румбтық шығыршық арқылы жүргізіледі. Градус мөлшері магниттік тілдің екі шетінен өлшенеді де, орташа арифметикалық нәтижесі алынады. Румб атауының бірінші әріпі (С немесе О) тілдің нысаналанған сызыққа жақын шетінен, ал екінші әріпін анықтау үшін солтүстікке қарап тұруымыз керек, сосын анықталатын сызық магниттік тілге қарасты қай жақта екенін анықтаймыз, егер оң жақта болса - Ш (шығыс), сол жақта болса - Б (батыс).
Буссолмен жұмыс істеу кезінде жақын жерде металлдық заттар болмауы крек, үйткені олардың әсерінен магниттік тіл ауытқуы мүмкін және нәтижелері қате болады.
Достарыңызбен бөлісу: |