201
тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Осы ретте қысқы төмен
температура жағдайы мен тас материалдарының қышқыл жыныстарының
пайдаланылуы, көлік жүктемелерінің артуы есепке алынады. Бұдырлы өңдеу
жабынғыларының төзімділігін арттыру, шұқырларды жөндеуге арналған
арнайы суық қоспалар мен асфальтобетон жабынғылар күтіміне арналған
арнайы «жасартатын» құрамдарды жақсарту мақсатында жолдарда
адгезиондық және модифицирленген үстемелерді пайдалана отырып,
зертханалық зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жүзеге асырылды.
Жол ғылымы дамуының әлемдік тенденция сараптамасы, оның келесі
басым жолдарға бағытталғандығын көрсетеді:
1. Техникалық реттелетін құжаттар жүйесінің құрылуымен әлемдік
дәрежеге сай келетін жобалау және жолдарды эксплуатациялау барысында
бағалаудың жаңа әдістерін қолдану мен жол қозғалысының қауіпсізідігін
жоғарылатуда зерттеме жүргізу.
2. Сораптыққа тұрақты, ұзақ мерзімділігі және сынғыштыққа төзімділігі
жоғарлатылған жаңа дәуір жабындылары мен жол киімдерінің
конструкциясын құру мен қолдану.
3. Кұрылымдылық сенімділігі және мерзім ұзақтылығын жоғарылату
мақсатында есептеудің және көпірлік құрылым сынақтарының жаңа
әдістеріне зерттеме жасау және оны қолдану.
Қазақстандық жол ғылымының соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштері
ретінде:
- республиканың
аумағын
асфальт-бетон
төсемінің
пайдалану
температуралары бойынша аудандастыру;
- енгізу үшін пайдалану температураларын және нормативтік базаны
ескере отырып, солардың негізінде органикалық тұтқырғыштардың және
асфальт-бетондардың құрамдарын әзірлеу;
- шағылтасты-шайырлы асфальт-бетон қоспаларын республиканың
талаптарына бейімдеу және оларды кеңінен енгізу үшін ғылыми-техникалық
сүйемелдеу;
- Павлодар МХЗ және «Элвалой» битумының негізінде полимерлі
битумды тұтқырғыштың құрамын әзірлеу және соның негізінде тұтқыр және
асфальт-бетон қоспасының тәжірибелі топтамасын шығаруды ғылыми-
техникалық сүйемелдеуді.
Жол саласындағы проблемаларды сипаттайтын 010 «Көлік және
коммуникация саласындағы қолданбалы зерттеулер» бағдарламасы
бойынша НИОКР жоспарына жыл сайын берілетін ұсыныстарға қарамастан,
Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін құру мен
дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 2010
жылы жоқ болған бюджеттік қаржыландырудың болуын болжайды. Жеке
инвесторлар қаржыландыратын зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес,
инновациялық жұмыстарды «ҚазжолҒЗИ» АҚ жүзеге асырады.
202
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі
«Қоршаған орта және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми
зерттеулер» 003 бюджеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы келесідей
ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылды (бұдан әрі - ҒЗЖ):
1) «Ядролық сынақ салдарын бағалау үшін Азғыр аумағы халқының
жүктемесін жаңғырту» ҒЗЖ аяқталды.
Жер асты суларының элементінің құрамы және радионуклидті
зерттеудің
қорытындылары
бойынша,
талдаудың
дәл
әдістерін
қолданғанымен, техногенді радионуклидттермен ластанудың артуы
байқалмады. Бұрынғы «Азғыр» полигоны аумағын шаруашылығын сумен
қамту және ауыз су үшін, су горизонтындағы жер асты жарылыстары
жолақтарынан техногенді радионуклидтердің көшіп қонуы қазіргі кезде
олардың жоқ болуына алып келді.
Ұсынылған қорытындылардан байқалғандай табиғи уранның біраз
шоғырланған жері негізінен құдық болып табылады. Массалық
белсенділіктің көлемі ауыз су үшін әсер ету деңгейінен аспайды. Құдықтағы
уран мөлшерінің өсуі салыстырмалы қадағалау ұңғымаларына байланысты
алынатын суларға байланысты, араласатын түрде табиғи уранды тартуға
интенсивті үрдісінен туады.
Микроэлементтерді зерттеудің қортындысы және жер асты сулардың
тұздық құрамы ауыз судың ішуге жарамсыз екендігін көрсетеді, құрамында
2 класты қауіпі ауыр элементтердің бар екендігін, ауыз су үшін ШРК асып
кетеді.
Азғыр және Балқұдық елді мекендеріндегі өндірістік аумақтардағы
және тұрғын үйде ауадағы радонның шоғырлануын бағалау, ЭРОАRA
барлық жағдайда 200 Бк/м
3
нормадан аспайды. Осы айғақ зерттелетін елді
мекендерде радондық қауіптің жоқ екендігін білдіреді.
Атқарылған
жұмыстың
қорытыдысы
бойынша
радиациялық
көрсеткіштер бойынша топырақтың сапасы жөнінде Азғыр және Балқұдық
елді мекендерінің аумағының табиғи радионуклидтердің, табиғи шоғырлану
тәжірибе жүзінде бірдей болған. Радионуклидтердің топырақтағы
сынамасының орташа шоғыры алынған мониторингтік аумақтан сәл жоғары,
олардың полигонның технологиялық аумағында орналасқан жеріне
байланысты. Бірақ бұл жағдайда осы аумақ үшін және табиғи
радионуклидтердің жаһандық түсуі табиғи қор деңгейінен аспайды.
Табиғи және қолдағы радионуклидтердің шоғыры өсімдік жануарлар
және табиғи өсінділерінің қолданатын азық-түлігінде сәйкесінше
қолданатын азық-түлік үшін нормаланған деңгейінен төмен. Сонымен қатар,
жергілікті тағам өндірушілер тек ет және сүт болып табылады.
Балқұдық пен Азғыр елді-мекендерінің донор тістерінің ЭПР-
зерттеулерінің қорытындыларына сәйкес, белгіленген халық когортасы үшін
азайтылған дозаның маңызды көрсеткіштері ЭПР-дозиметрия мәліметтері
бойынша 0,1÷0,30 Гр құрайды. 14 нұсқада тіркелген 3,06 гр бірлік
Достарыңызбен бөлісу: |