Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет85/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92

195 
 
Осыған орай, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың 
алдын  алу  мен  болдырмау,  өнеркәсіптік  және  өрт  қауіпсіздігі,  азаматтық 
қорғаныс  салаларындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулерге  мемлекеттік 
тапсырыс  көлемін  ұлғайту  қажет.  Тапсырыс  беруші  ұйымдар  мен  шетелдік 
инвесторлар  қаражатын  белсенді  түрде  жұмылдыру  керек  екені  сөзсіз.  Осы 
ұсыныстардың  іске  асуы  кепілдендірілген  азаматтық  қорғаныстың  ғылыми 
негізделген  әдістерін  жасақтауға,  оларды  тәжірибеге  енгізуге  мүмкіндік 
береді. 
ТЖ  туындау  қапуін  мейлінше  азайту,  адамдардың  денсаулығы  мен 
өмірін  сақтау,  олардың  салдарынан  туындаған  материалдық  шығын  мен 
залал көлемін азайту мақсатында республикамызда халық пен территорияны 
төтенше  жағдайлардан  қорғауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  кешенді  іс-
шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылады.  
 
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі 
 
024  «Құрылыс  саласындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер» 
бюджеттік  бағдарлама  шеңберінде  құрылыс  саласындағы  сейсмикалық 
қатерді  және  мүмкін  болатын  жер  сілкінісінен  шығындарды  азайтуға 
бағытталған  4  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  жүргізілді.  Бағдарлманы 
қаржыландыруға  50,0  млн  теңге  көлемінде  қаражат  қарастырылған.Есептік 
уақытта қаражат 100% игерілді. 
1Фиброармирленген  пластиктермен  күшейтілген  темірбетон 
конструкциялардың  жұмысын  зерттеу,  қалыпты  және  сейсмикалық 
аудандар  үшін  ғимараттар  мен  құрылыстарды  күшейту  және  қалпына 
келтіру  бойынша  ұсынымдар  әзірлеу  (қаржыландыру  көлемі  –  18 000 000 
теңге). 
Келесі жұмыстар жүргізілді: 
- полимерлік  торлармен  орау  арқылы  күшейтілген  сығымдалған  бетон 
элементтерінің жұмысын зерттеу; 
- динамикалық  жүктеме  кезінде  полимерлік  торлармен  орау  арқылы 
күшейтілген сығымдалған темір бетон элементтерінің жұмысын зерттеу; 
- статикалық  және  динамикалық  жүктеме  арқылы  полимер  талшықты 
ленталармен  (ламинатпен)  күшейтілген  иілгіш  темір  бетон  элементтерінің 
жұмысын зерттеу. 
Жүргізілген зерттеулер негізінде «Қалыпты және сейсмикалық аудандар 
үшін  ғимараттар  мен  құрылыстарды  күшейту  және  қалпына  келтіру 
бойынша ұсынымдар» нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
2. Аз қабатты құрылыс үшін қада іргетастарын тестілеу бойынша 
экспресс әдісін әзірлеу (қаржыландыру көлемі – 8 000 000 теңге).  
Келесі  жұмыстар  жүргізілді:  Қада  іргетастарын  экспресс-тестілеу 
саласындағы  аз  қабатты  құрылыс  және  нормативтік  құжаттардың  қазіргі 
жағдайын  зерттеу.  Тәжірибелі  полигонда  қадаларға  экспресс  тестілеу 
жүргізу  әдісін  әзірлеу.Қадаларды  экспресс-тестілеу  үшін  бұрыннан  бар 


196 
 
тәжірибелі жабдықтарды жаңарту. Тәжірибелі полигонда қадаларға экспресс 
тестілеу  жүргізу.  Аз  қабатты  құрылыс  үшін  қада  іргетастарын  тестілеу 
бойынша экспресс әдістерін әзірлеу. Экспресс-тестілеу бойынша қадаларды 
қолданудың  экономикалық  тиімділігінің  есебі.  Қадаларды  қолданудың 
экономикалық тиімділігі бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу 
Жүргізілген зерттеулер негізінде «PDA (Pile dynamic analyze)» әдісімен 
қада іргетастарын тестілеу жүргізуге және қолдануға әдістемелік нұсқаулар» 
нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
3Қазіргі заманғы әдістермен оларды «емдеу» үшін пайдаланылатын 
ғимараттар  мен  құрылыстардың  темір  бетон  конструкцияларының 
қауіпті  ақауларына  байланыссыз  диагностика  әзірлеу  (қаржыландыру 
көлемі – 15 000 000 теңге). 
Қазіргі  заманғы  темір  бетон  конструкцияларының  байланыссыз 
диагностикасы әдісін әзірлеу. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың 
темір бетон конструкцияларының байланыссыз диагностика әдісін қабылдау. 
Бұрыннан 
бар 
ғимараттар 
мен 
құрылыстардың 
темір 
бетон 
конструкцияларының  байланыссыз  диагностикасы  әдісін  қолдану  бойынша 
көрсетілген  әдісті  әзірлеу.  Темір  бетон  конструкцияларының  қауіпті 
ақауларын анықтау бойынша қазіргі заманғы әдістерді және оларды «емдеу» 
бойынша  қолданылатын  әдістерді  зерттеу.  Жүргізілген  зерттеулер  негізінде 
«Тепловизор  арқылы  бұрыннан  бар  ғимараттар  мен  құрылыстардың  темір 
бетон конструкцияларының байланыссыз диагностика бойынша әдістемелік  
нұсқаулар» нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
4. Қалалық  тығыз  құрылыс  жағдайларында  ғимараттар  мен 
құрылыстар-дың  негіздері  мен  іргетастарын  күшейту  технология-сын 
әзірлеу және зерттеулер жүргізу (қаржыландыру көлемі – 9 000 000 теңге). 
Статикалық  және  динамикалық  жүктемелердің  әсер  етуімен  олардың 
тәртіп  ерекшеліктерін  анықтаумен  әлсіз  топырақ  қасиетін  зерттеу. 
Топырақтың 
құрылымдық-фазалық 
деформациялануын 
анықтау. 
Топырақтағы  күшті  бөлудің  заңдылығын  зерттеу  және  топырақтың 
тығыздалған жағдайындағы мүмкін үлгі нұсқаларды әзірлеу. Қалалық тығыз 
құрылыс  жағдайларындағы  топырақтағы  тығыздалған  аймақты  қалыптауға 
бағытталған күшті құру үдерісінің технологиялық параметрлеріне әсер етуін 
зерттеу.  Қалалық  тығыз  құрылыс  жағдайларындағы  негіздер  мен 
іргетастарды  күшейту  технологиясы  бойынша  әдістемелік  ұсынымдарды 
әзірлеу. 
027 «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қолданбалы 
ғылыми  зерттеулер»  бюджеттік  бағдарлама  шеңберінде  сумен  жабдықтау 
және  су  бұру  инженерлік  жүйелері,  тұрғын  үй  қоры,  жылумен  жабдықтау 
инженерлік 
жүйесі 
және 
коммуналдық 
қалдықтарды 
айналдыру 
саласындарында 6 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. 
2013  жылға  қаржыландыру  көлемі  158,4  млн  теңге  көлемінде 
қарастырылған. Есептік уақытта қаражат 100% игерілді. 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау