Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет83/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92

191 
 
Республикасының  Қарулы  Күштерінде  ғылыми  және  ғылыми-техникалық 
қызметтің  тиімділігін  арттыру  үшін  мынадай  ғылыми  бөлімшелерді 
оңтайландыруды жүргізу ұсынылады: 
а) Ұлттық  қорғаныс  университетінің  ғылыми  орталығын  Ұлттық 
қорғаныс  университетінің  Ғылыми-зерттеу  институтына  (ҰҚУ  ҒЗИ)  қайта 
құру; 
3) ұжымдық 
пайдалану  қағидаты  бойынша  Ұлттық  қорғаныс 
университетінің ғылыми-эксперименттік базасын дамыту; 
4) Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Күштері  үшін  әскери 
мамандықтар  бойынша  ғылыми  кадрларды  даярлау  және  әскери  ғылымды 
дамыту үшін олардың әлеуетін пайдалану; 
5) Қазақстан 
Республикасының 
және 
шет 
елдердің 
ғылыми 
ұйымдарында 
магистранттар 
мен 
докторанттардың 
ғылыми 
тағылымдамадан өткізуін жүргізу; 
6) Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  ғылыми  қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру; 
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ғылыми қызметкерлерін 
ынталандыру тетігін енгізу. 
 
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 
 
ТЖМ жүйесінде ғылыми-қолданбалы қызметті мынадай ғылыми ұйымдар 
жүзеге асырады: 
1. «Өрт  қауіпсіздігі  және  азаматтық  қорғаныс  ғылыми-зерттеу 
институты» АҚ (бұдан әрі –  «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ) (Алматы қ.). 
Институттың  қызметі  Қазақстанда  табиғи  және  техногендік  сипаттағы 
төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және  жою  саласындағы  ғылыми-зерттеу 
жұмысын  дамытуға,  сондай-ақ  жұртшылықты  өрт  қауіпсіздігі  мен  азаматтық 
қорғаныстың проблематикасына тартуға бағытталған. 
Қызметкерлердің  штаттық  саны  46  қызметкерді  құрайды,  олардың  32-сі 
ғылыми-техникалық  персонал,  оның  ішінде  5  ғылым  кандидаты,  2  магистр,  1 
профессор. 
ТЖМ  «ӨҚжАҚ  ҒЗИ»  АҚ  зертханалық-сынақ  базасы  өрт  сынақ 
зертханасы  мен  сынақ  полигонынан,  азаматтық  қорғаныстың  химиялық-
радиометрлік зертханасынан тұрады. 
Өрт  сынақ  зертханасының  (бұдан  әрі  –  ӨСЗ)  негізгі  міндеті  – 
заттардың,  материалдардың  және  олардан  жасалған  бұйымдардың  өрт 
қауіптілігіне  зерттеулер  жүргізу,  сондай-ақ  өрт-техникалық  өнімнің  ҚР 
нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сәйкестігіне  зерттеулер  және 
сынақтар жүргізу. 
ӨСЗ  жыл  сайын  заттардың,  материалдардың  және  олардан  жасалған 
бұйымдардың, 
атап 
айтқанда 
құрылыс 
құрастырылымдары 
мен 
материалдарының,  кәбіл  және  электр  техникасы  өнімдеріне,  металл 
құрастырылымдары  мен  ағаштан  жасалған  бұйымдардың  отқа  төзімділігін 
арттыруға арналған оттан қорғау жабындары мен құрамдарының, өрт және өрт-


192 
 
күзет  дабылдамаларының,  мұнай  өнімдері  мен  мұнайхимиясының,  лактар, 
бояулар,  желімдер  және  басқа  да  материалдардың,  декоративтік  маталар  мен 
еден  жабындарының,  әртүрлі  жабдықтардың,  алғашқы  өрт  сөндіру 
құралдарының,  өрт  жабдығы,  көбіктүзгіштер,  автоматты  өрт  сөндіру 
қондырғылары  элементтері,  өрт  сөндірушінің  жауынгерлік  киімі,  өрт 
сөндірушінің  керек-жарақтарының  өрт  қауіптілігіне  40-тан  астам  көрсеткіш 
бойынша 800-ге жуық сынақ жүргізеді. 
Өрт  сынақ  зертханасы  Қазақстан  Республикасының  Техникалық  реттеу 
жүйесінде аккредиттеуден  өтті. 
ТЖМ  «ӨҚжАҚ  ҒЗИ»  АҚ-мен  жүргізілетін  ғылыми-зерттеулерді 
қаржыландыру  мемлекеттік  тапсырыстарды  орындау  аясында  және 
шаруашылық  келісімдер  есебінен  мемлекет  бюджетінің  қаржысы  арқылы 
жүзеге асырылады. 
Ұйымдар мен жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша заттар, материалдар 
және олардан жасалған бұйымдардың өртке қауіпсіздігіне зерттеу жүргізіледі, 
өртс  кезінде  өрттің  таралуын  шектеу  үшін  нысындардың  өрт  қауіпсіздігін 
зерттеу  және  шараның  технологиялық  үдерісін  әзірлеу,  өртке  қарсылықты 
қысқарту, қауіпті өрт факторына ықпал ету дәрежесін төмендету, өрт тәуекелін 
бағалау ьойынша зерттеулер жүргізу өткізіледі. 
ТЖМ  «ӨҚжАҚ  ҒЗИ»  АҚ-ның  инфрақұрылымы  үшін  базалық 
қаржыландыру бойынша 2013 жылы 26,185 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржы 
нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптарға сай жұмсалды. 
«Төтенше  жағдайлар  саласындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер» 
бюджеттік  бағдарламасы  аясындағы  ҒЗЖ-ын  қаржыландыруға  2012  жылы 
ТЖМ «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ-на 34,99 млн.теңге бөлінді. 
ҒЗЖ орындалу барысында келесі нәтижелер алынды: 
-әлеуметтік-экономикалық, 
табиғи-климаттық 
және 
республика 
аймақтарының  басқа  да  ерекшеліктері  бойынша  мәліметтерді  өрт 
статистикалық  және  эмпирикалық  ақпараттар  мен  Қазасқтандағы  оперативтік 
жағдайын жинау және әзірлеу жүргізіледі; 
-өрт  қауіпсіздігіне  және  өртке  қарсы  қызмет  бөлімшелерінің  жұмысына 
әсер ететін негізгі қауіп төндіруші факторлар анықталды; 
-елді  мекендердегі  мемлекеттеік  және  мемлекеттік  емес  өртке  қарсы 
қызметті  құру  үшін  критерийлер  әзірлеу  үшін  жиналған  мәліметтердің 
талдауын өткізу үшін математикалық модель анықталды; 
2.  Астана  қ.  «Өнеркәсіп  қауіпсіздігінің  ұлттық  ғылыми-техникалық 
орталығы»  АҚ  (бұдан  әрі  –  ӨҚҰҒТО),  құрамында  салалық  бағыттылығы 
бойынша 4 филиалы бар:  
Қарағанды  өнеркәсіп  қауіпсіздігінің  ғылыми-зерттеу  институты 
(ҚарӨҚ ҒЗИ филиалы) (Қарағанды қ.)
Қызметтің  негізгі  мәні  өнеркәсіптің  тау-кен  және  көмір  саласы,  қара 
металлургия,  сондай-ақ  тауда  құтқару  ісі  саласындағы  кәсіпорындарда 
ғылыми-өндірістік қызметті жүзеге асыру болып табылады. 
- Шығыс филиалы (Өскемен қ.)


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау