118
• Экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФҚ) өндірісінің мәселелері оны
қоспалардан тазарту тұрғысынан қарастырылады.
• Белгілі бір шамадағы жұмыстар мөлшері фосфор деривативтері
өндірісінің теориялық немесе физика-химиялық негіздеріне арналады. Бұл
құбылысқа түсініктеме бар, өйткені іргелі зерттеулерін Ғылым мен білім
министрлігінің (ҚР БҒМ) бюджеті қаржыландырады. ҒЗТКЖ жұмсалатын
бір жан басына шаққандағы шығыны экономикасы дамыған елдерде мынаны
құрайды (доллармен): АҚШ – 892, Ресей – 420. Қазақстан бойынша мұндай
мәлімет жоқ, мүмкін цифры аса төмен шығар, бұған біздің еліміздегі
жетекші
ғалымдардың
батыстағылармен
салыстырғандағы
жалақы
деңгейінің төмендігі дәлел болады.
• Бірқатар басылымдар фосфориттерді белсендіру әдістеріне, табиғи
фосфат шикізатын өңдеуге немесе байытуға арналады. Мұндай айғаққа да
түсініктеме беруге болады – өйткені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар өткен
ғасырдың 60–70-ші жылдары енгізілген белгілі технологиялық айналымда
жұмыс жасайды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу
институттарының ыдырауы жағдайында ғылыми жобадағы жаңалықтарды
енгізу мүмкін емес.
• Тыңайтқыштарды алуға қажетті қондырғылар мен конструкторлық
ерекшеліктерге арналған басылымдар да қызықты.
Фосфор тыңайтқыштары технологиясының басты проблемалары [70]
жұмыста қарастырылған. Ресейдің фосфаттық шикізат қорын Вятск-
Камскдегі, Егорьевскідегі, Полпинскідегі кенеусіз кендерді өңдеуге кірістіру
арқылы кеңейтуге болатыны, суперфостар сияқты біржақты фосфор
тыңайтқыштарының жаңа түрлерін, сондай-ақ төменгі мөлшердегі фосфор,
күкірт қышқылдары немесе олардың қосындылары арқылы немесе аммоний
сульфатының қышқыл ерітінділерінің көмегімен фосфориттерді ыдырату
арқылы алынатын алуан түрлі ұзақ мерзімдік әсері бар кешенді
тыңайтқыштарды өндіруге болатыны атап көрсетілген.
Өндіріс технологиясын жетілдіру арқылы күрделі минералдық
тыңайтқыштардың сапасын жақсартудың проблемалары қарастырылған.
Кармабид пен аммофос қалдықтарын пайдалана отырып алынған N: P
2
O
5
:
K
2
O = 1:1:1 қатынасындағы кармабид, аммофос және калий тұздарына
негізделетін тыңайтқыштардың физика-химиялық қасиеттеріне зерттеулер
жүргізілген.
Өндірістің қалыптасқан құрылымына және «Казфосфат» ЖШС бар
жабдықтамаға байланысты тазартылған ЭФҚ (ЭФК) алудың және осыны
пайдалана отырып, құрамында фосфоры бар әртүрлі мақсатта қолданылатын
өнімдерді алудың икемді технологиялық сызбасы құрастырылды. Осы сызба
арқылы әртүрлі шикізатты пайдалана отырып, сұранысы мен сапасына орай
бірқатар өнімді шығаруға болады.
Қытай ғалымдары эмульсиялық сұйық мембраналарды қолданып
ылғалды әдіспен фосфор қышқылын магнийден тазалаудың жаңа
технологиясын сипаттаған.
119
Оңтүстік Қазақстан ғалымдары фосфор қышқылындағы шоғырланған
ерітінділеріндегі
монокальцийфосфатының
(МКФ)
кристалдану
жылдамдығын зерттеген. Кальций сульфатының ылғалды жартылай
гидратын сулау арқылы түйіршіктердің орташа өлшеміне, жартылай
гидраттың түйіршікті дигидрадқа топохимиялық ауысуы кинетикасына және
сәйкесінше фазалық ауысуы барысындағы түйіршіктердің беріктілікті
жинақтау кинетикасына немесе олардың жетілуі барысындағы шекті
беріктігіне молибден (V), мыс (II), кобальт (II) қоспаларының әсері
байқалды.
ЭФҚ тақырыбы бойынша зерттеулердің ерекшелігі жоғарыда айтылды
– барлық басылымдар фосфор қышқылын тазартуға арналған [74].
Сапасы төмен де, жоғары да фосфат минералдарына қолданылатын
қышқылсыз өңдеудің жаңа әдістері жасалуы технологиялық та,
экономикалық және экологиялық та тұрғыдан қызықтыруда. Фосфат
шикізатын қышқылсыз өңдеудің әдістеріне жасалынған шолу ұсынылады:
фосфат топтарының, термофосфаттардың, механикалық белсендірілген
фосфаттардың, аралас тыңайтқыштардың, биологиялық өңделген фосфат
минералдардың,
Р-құрамды
біріктірілген
тыңайтқыштар
мен
биотыңайтқыштардың тікелей қолданылуы.
Қоңыр көмірді сілтімен экстрациялау арқылы гумин қышқылдарын алу
тәсілі зерттелді. Фосфорит пен дикальцийфосфаттың өзара гумин
қышқылдарымен араласуындағы суда еритін және сіңірілетін фосфаттың
үлесін арттыруға жасалынған зерттеулер бойынша эксперимент жүргізілді.
Кимовск кенорнының әртүрлі қатынастағы апатит концентраты мен
фосфор ұнтағының қоспасын шикізат ретінде қолдана отырып күрделі
тыңайтқышты алу мүмкіншілігін анықтауға бағытталған зерттеулер жүзеге
асырылды. Верхнекаменск фосфорит ұнтағын (21-23%) Р
2
О
5
азот-фосфор
қышқылдары
ерітінділерімен
ыдырату
нәтижесінде
алынған
қойыртпақтарды аммонизациялау үдерісі зерттелді. Кирово-Чепецк
химиялық комбинатының қызметкерлері тыңайтқыштарды алу тәсілдерін
патенттейді [75, 76]. Аммонизацияланған NP-қойыртпақтарын булап,
алынған қойырпақтарды калий хлоридімен араластырып, өнімді түйіршектеп
және кептіріп, шығатын газдардан тазартып, газдарды тазарту кезіндегі
пайда болған сілті реагенті араласып кеткен тыңайтқыштың сулы ерітіндісін
өңдеп, оны булап, буланған ертіндіні қайта түйіршектеу арқылы минералды
тыңайтқышты алудың тәсілі патенттеледі [72].
Апатитті азот қышқылымен ыдыратып, кальций нитратын бөліп алып,
аналық ерітіндіні аммиакпен бейтараптандырып, бейтараптандырылған
ертіндіні булап, калий хлоридімен араластыру арқылы күрделі
тыңайтқышты алудың тәсілі патенттеледі [76].
Хлортолуролды сілтісіздендірудің деструкциясы мен қарқынына
аммоний сульфаты мен несепнәрдің ықпалына жасалынған зертханалық
зерттеулер мұндай үдерістердің топырақтың тереңірек қабаттарында
қарқындай түсетінін көрсетті. Фосфогипс (ФГ) күкірт қышқылымен таулық
Достарыңызбен бөлісу: |