Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет53/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92

120 
 
топтағы  фосфатты  ыдырату  арқылы  алынатын  фосфор  қышқылы 
өндірісіндегі  жанама  өнім  болып  табылады.  Каир  қаласындағы  Орталық 
металлургия институтындағы египеттік ғалымдар ФГ бөлшектерінің өлшемі 
қышқылды  сүзгілеудің  жылдамдығына  ықпал  етуші  үдерістің  басты 
экономикалық  факторы  болатынын  айтты.  Үстірт  белсендірілген  заттар 
(ҮБЗ)  (ПАВ)  гипс  кристаллдарының  өсуіне  айтарлықтай  тиімді  әсер  етуші 
қоспалар  болып  шықты.  Фосфогипсті  кешенді  өңдеудің  технологиясы 
қарастырылды.  Төменгі  концентрациядағы  тұз  қышқылы  (5-6%)  жоғары 
дәрежеде  (97-98%)бөліп  алынған  ерітіндіге  аммонийді  сілтісіздендіруден 
кейінгі  ерімейтін  қалдықтардан  (е.қ)  (н.о.)  сирек  жер  элементтерін  (РЗЭ) 
(СЖЭ)  айырып  алудың  тәсілі  жасалынды,  бұл  ертіндіге  ауысуы 
барысындағы  ерімейтін  қалдықтарға  ыдырауына  қатысты  қышқылдың 
үлестік  шығынын  айтарлықтай  төмендетуге  мүмкіндік  береді  және  де 
осының  салдарынан  ерітіндіден  сирек  жер  элементтерінің  (РЗЭ)(СЖЭ) 
фосфаттар  мен  сирек  жер  элементтерінің(РЗЭ)  (СЖЭ)  гидроксидтері, 
кальций  мен  жарма  тотықтары  түрінде  бөлініп  шығуының  аралық 
кезеңіндегі  аммиак  шығыны  төмендейді.  Қазіргі  кездегі  әлемдік  іс-
тәжірибеде  фосфат  шикізатының  сапасы  ондағы  Р
2
О

құрамы  мен 
экологиялық  бақылаудағы  элементтерді  (ЭКЭ)  (ЭБЭ)  есепке  алу  арқылы 
кешенді  бағаланады.  Унечск  фосфорит  ұнтағы  мен  кенді  байытудың  ауыр 
фракциясы үлгілеріндегі экологиялық бақылаудағы элементтердің құрамына 
жасалынған  рентгеноспектрлік  талдаудың  нәтижелері  келтірілген.  РЖХ 
ТМД 
елдеріндегі 
фосфор 
өнеркәсібінде 
жұмыс 
жасап 
жатқан 
кәсіпорындардың  өндірісі  жайлы  статистикалық  мәліметтерді  жариялап 
отыратындығы жайлы айта кеткен жөн.  
Патенттелген  және  техникалық  әдебиеттерге  жасалынған  талдау  кең 
көлемді  сұрыптамадағы,  құрамында  магнийі  бар,  байытылуы  қиын  фосфат 
шикізаты біздің елімізде өнеркәсіптік өңдеуге кірістірілген. Шетелде (АҚШ, 
Флорида  штатында)  жоғары  сапалы  шикізаттың  қоры  көп  болғандықтан 
құрамында  магнийі  фосфат  шикізаты  ЭФҚ  өңдеуіне  кірістірілмейді.  Тунис, 
Марокко,  Сирия  фабрикаларында  кенді  бөлшектеу  мен  талдап  даңғырлы 
ұнтақтауды  пайдаланып,  өңдеуге  шамалы  ғана  шығын  шығара  отырып, 
жоғары сапалы концентрат алынады.  
Қазақстандық 
ғалымдардың 
жұмыстары 
Қаратау 
бассейнінің 
минералдық  шикізатын  қышқылды-жылумен  немесе  жылумен  өңдеу 
тәсілдеріне  байланысты  болды.  Шикізатты  өңдеу  әдістеріне  бұрынырақ 
жүргізілген техникалық-экономикалық бағалаулары жылумен өңдеу әдісінің 
экономикалық  тұрғыда  тиімді  емес  (дотация  жағдайында  және  құнының 
бағасына  сәйкес  болмауы)  екендігін  көрсетті,  алайда  баға  құрылымының 
қайта  қаралуы  мен  нарықтық  қатынастардың  енгізілуі  фосфорлық  шағын 
сала  өнімінің  шамалы  қымбаттауына  әкелді.  Аталмыш  шолудың  авторы 
кенді  күкіртті  қышқылмен  өңдеудің  тәсіліне  тегін  сүйеніп  отырған  жоқ. 
Оңтүстік  Қазақстан  аймағындағы  күрделі  қаржылық-экономикалық 
жағдайды (бір шетелдік/жергілікті инвестордан екінші біреуіне шексіз өткізе 


121 
 
беру) ескере отырып, энергия тасымалдаушылардың кенеттен қымбаттауына 
орай  Қаратау  фосфориттерін  жылумен  тыңайтқышқа  өңдеу  тәсілі  жайлы 
әңгіменің  болуы  мүмкін  емес  (ғарыштық  және  әскери-стратегиялық 
зерттеулер үшін өндірілетін аса таза материалдарды айтпағанда).  
Ауыл 
шаруашылығын 
химияландыру 
ауыл 
шаруашылығы 
өсімдіктерінің өнімі көтерілгенді бұрынғы КСРО-ның жағымсыз тәжірибесін 
де  ескерген  жөн.  Алайда  бұл  өсімді  Батыста  ХХ  ғасырдың  50-ші  жылдары 
болған  «жасыл  төңкеріс»  нәтижелерімен  мүлдем  салыстыруға  болмайды. 
«Жасыл  төңкерістің»  мағынасы  мынада  болды:  топырақты  арнайы  өңдеу 
арқылы  жерді  өңдеудің  кешенді  технологиясын  қалыптастыру,  егіс 
айналымдарының  жүйесін  оңтайландыру,  өсімдіктерді  қорғау  амалдары, 
топырақтың сапасына қарай сорттарды  таңдау, топырақтың сапасына қарай 
белгілі  бір  тыңайтқыштарды  (минералды,  органикалық  және  органо-
минералдық)  қолдануға  қатысты  нұсқаулар  және  т.б.  Және  де  «бұл  іс-
шаралардың әрқайсысы ерекше бір ғылыми жетістікті білдірмейді. Кешенді 
тұрғыдан қарап, жекелеген әрекеттерді ақылдасу  арқылы ғана нәтижеге қол 
жеткізуге болады».  
Сондықтан 
минералды 
тыңайтқыштар 
жайлы 
айтқанда, 
«минералдау/химияландыру»  қандай  да  бір  өзіндік  мақсат  емес,  «жасыл 
төңкеріс»  арсеналындағы  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  жеделдетудің 
құралы болатынын айта кеткен жөн.  
Ары  қарай  ғылыми-технологиялық  дамудағы  жаңа  беталыстар  мен 
басымдылықтарды  ескерген  дұрыс.  Кейбір  аналитиктердің  таяудағы 
онжылдықтың  басым  бағыттары  болып  а)ақпараттық  және  телебайланыс 
технологиялары;  ә)  білім;  б)  медицина  мен  денсаулық  сақтау;  в)  қоршаған 
ортаны  қорғау  саналатыны  жайлы  айтуы  тегін  емес.  2011-2012  жылғы 
гранттық  қаржылануына  қатысты  конкурстық  құжаттамада  дәл  осы  басым 
бағыттардың атап көрсетілгендігі қуантады. 
Бүгін,  материалдық  өндірістің  төрт  түрлі  ірі  саласынан  басқа,  атап 
айтқанда:  кен  өндіруші  өнеркәсіптен,  ауыл  шаруашылығынан,  өңдеуші 
өнеркәсіп пен транспорттан басқа жаңа бесінші өндіріс саласы – «қоршаған 
ортаны  қорғау  және  табиғи  ресурстардың  ұдайы  толықтырылуы»  –  жайлы 
айту  орынды  болады.  Қазіргі  таңда  табиғи  ресурстарды  сақтау  мен 
жақсартуға  жұмсалатын  шығындар  мөлшері  жалпы  күрделі  қаржыландыру 
мен  ұлттық  табыспен  салыстырғанда  жылдамырақ  өсуде,  және  мұндай 
үдерістерді барлық дамыған елдерден байқауға болады.  
Республикада  өнеркәсіптік  өндірістің  18  млрд.  астам  әртүрлі 
қалдықтары  жиналып  қалған  және  де  бұл  үдеріс  қарқыны  үдеу  үстінде. 
Олардың  жинақталуы  қарқынын  мынадай  статистикалық  мәліметтерден 
байқауға  болады:  1995  жылы  Қазақстанда  өндірістің  72,2  млн  тонна  улы 
қалдықтары қалыптасты, олардың ішіндегі 2,4 млн тоннасы қолданылды, 0,7 
млн тоннасы залалсызданды, ал 69,1 млн тоннасы «жинақтауыштарға» кетті. 
2001  жылы  өндірістің  130,0  млн  тонна  улы  қалдықтары  «құрастырылды», 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау