12
2.2-сурет. Орталық Азия елдері арасында 2009-2013 жылдары аралығында Қазақстанның
орташа сілтемелік көрсеткішінің деңгейі, Web of Science
Зерттеу барысында 2009-2013 жылдар аралығында қазақстандық
жарияланымдардың басым бөлігі физика ғылымның үлесіне тиіп, 1238-ды
құраса, өмір туралы және биомедицина бойынша жарияланған мақалалар
708-ге жеткен. Қазақстан ғалымдарының техникалық ғылымдар бойынша
жариялаған ғылыми-зерттеу жұмыстары 547-ні құрады. Ал төменгі
көрсеткіш, яғни 12,52% әлеуметтік ғылымдар, өнер және гуманитариялық
ғылымдардың үлесіне тиіп отыр (2.3-сурет).
2.3-сурет. 2009-2013 жылдары Web of Science мәліметтер қорындағы қазақстандық
жарияланымдардың құрылымдық үлесі
Әлемдік ғылыми қоғамдастықта қай елде қандай ғылымның салалары
жоғары және әлсіз екенін анықтаудың өзіндік индексі қалыптастырған
болатын. Ғылымның қай саласы жоғары деңгейде дамығанын, қандайда бір
салаға ғалымдардың мамандану үрдісімен анықтайды. Бұны ұлттық және
ғаламдық жарияланымдарды басшылыққа алып саралайтынын айта кетуіміз
керек [5]. Ғылыми маманданудың индексін анықтауда нақты бір ғылымның
саласы бойынша ауқымды ғылыми мақалалардың жариялаудан байқауға
болады. Егер нақты ғылымның бір саласы бойынша ғылыми мақалалар көп
13
жарияланса, ол ғылыми маманданудың индексін сол сала бойынша жоғары
екенін көрсетеді.
Бүгінде Қазақстанда ғылым мен техника саласында ауқымды ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мұны отандық ғалымдар мен білікті
мамандардың дүниежүзінің жетекші ғылыми журналдарында ғылымның
нақты бір салалары бойынша жариялаған мақалаларын мұқият сараптағанда
көз жеткізуге болады. Тіпті, ғылымның кейбір салалары бойынша
қазақстандық
авторлар
орташа
көрсеткіштен
жоғары
мақалалар
жариялағанынан біраз жайтты аңғаруға болады. Осындай көрсеткіштер
арқылы Қазақстанда ғылымның нақты қай салалары бойынша ғылыми
мамандану қарқынды жүріп жатқанын анықтап, біле аламыз. Белгіленген
мерзім аралығында жарияланған ғылыми мақалаларды мұқият сараптағанда
Қазақстан ғалымдарының тау-кен ісі және пайдалы жерасты байлықтарын
өңдеу, минерология, ядролық физика және технология, аллергия,
палеонтология, астрономия және астрофизика салаларына мамандану
бойынша индекстік көрсеткіші 3-тен жоғары екенін көз жеткіздік (2.2-кесте).
Бүгінде ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы)
дүниежүзінің индустрияланған бірқатар елдерін топтастырып өмір туралы
ғылым, жер және ғарыш, математика, қоғамдық тәртіп бойынша ғылыми
мамандануға баса мән беріп отыр. Осылайша олар дүниежүзі бойынша
ғылыми маманданудың маңызды бағыттарын айқындауда.
Зерттеу барысында Қазақстанда ғылымның бірқатар салалары тиісті
деңгейде дамымағанына көз жеткіздік. Ал өмір туралы ғылым және
биомедицина саласына жататын – вирусология, паразитология, педиатрия,
гематология, аграрлық ғылым және биофизика бойынша даму деңгейіміз өте
төмен. Елімізде қоғамдық ғылымдар пәні бойынша бірқатар алға
жылжушылық орын алғанымен, кейбір сала бойынша мамандану индексінің
2,02 көрсеткішінен аспаған. Бұл ретте өнертану мен гуманитарлық ғылымдар
әлемдік ғылыми контексте өзінінің әлсіздігін байқатқан. 2009-2013 жылдар
аралығында ғылыми маманданудың ең жоғарғы индексіне қоғамдық
ғылымдар пәні салалары қол жеткізіп, мемлекеттік басқару (11,778), бизнес
және экономика (3,395) саласы жоғары нәтижеге ие болған.
Бірлескен авторлық мақалалардың үлес салмағын есепке ала отырып,
әлемдік
ғылыми
қауымдастықта
жекелеген
елдердің
ғылыми
ынтымақтастықтың қаншалықты дамығанын анықтауға болады. 2009-2013
жылдар аралығында бірлескен авторлық шеңберінде қазақстандық
ғалымдардың жариялаған ғылыми мақалаларының үлесі 46%-ды құраған.
Нақтырақ айтсақ, бірлескен авторлық мақалалардың саны 1163-ке жетіп,
Қазақстан ғалымдары дүниежүзінің 98 елінің ғалымдармен әріптестік
байланыс орнатқан. 2.3-кестеде Қазақстан ғалымдары мен өзге елдердің
бірлескен авторлық шеңберде ғылыми мақалалар жазғаны анық көрсетілген.
Бірлескен авторлық жұмыстар еліміздегі жалпы ғылыми жұмыстардың 3%-
ын құрап отыр.
14
2.2-кесте. 2009-2013 жылдардағы Қазақстандағы ғылыми маманданудың
индекстік көрсеткіші
№
Зерттелген салалар
Ғылыми
маманданудың
көрсеткіші
1.
Мемлекеттік басқару
11,778
2.
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өңдеу
5,684
3.
Минерология
4,832
4.
Ядролық физика және технология
4,548
5.
Аллергия
4,016
6.
Палеонтология
3,404
7.
Бизнес және экономика
3,395
8.
Астрономия және астрофизика
3,228
9.
Математика
2,849
10.
Металлургия
2,849
11.
Әлеуметтану
2,720
12.
Физика
2,578
13.
Геология
2,138
14.
Геохимия және геофизика
2,120
15.
Спектроскопия
2,118
16.
Биоалуандық және оны сақтау
2,033
17.
Өмір туралы ғылым. Биомедицина
1,885
18.
Зоология
1,850
19.
Химия
1,759
20.
Елтану
1,748
21.
Археология
1,639
22.
Энергия және жанармай
1,584
23.
Педагогика және білім
1,572
24.
Әлеуметтік ғылымдағы математикалық ғылым
1,394
25.
Иммунология
1,359
26.
Қоршаған орта жайындағы ғылым. Экология
1,301
27.
Биотехнология
1,254
28.
Термодинамика
1,242
29.
Аспаптық және метрология жүйесі
1,209
30.
Материалтану
1,181
31.
Тропикалық медицина
1,118
32.
Инфекциялық аурулар
1,098
33.
Телекоммуникация
1,059
34.
Механика
1,033
35.
Фармакология
1,010
Зерттеу барысында қазақстандық ғалымдар Ресей мен АҚШ-тағы
әріптестерімен бірлесіп физика, астрономия, химия, материалтану және Жер
туралы ғылым бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені
мәлім болды. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science мәліметтер
Достарыңызбен бөлісу: |