168
Мәтіндегі суреттерге, олардың реттік нөмірін құрайтын (сурет 1, сурет 2
және т.б.) түрде сілтеу жасалады. Әр суретті сурет асты жазбамен жазылу
керек, ол жазба негізгі мәтін мен мағынасына сәйкес келу тиіс.
Сурет асты жазба төрт түрлі элементтерден құралады:
■
графикалық
көріністің атауы, «сурет» сөзімен айқындалады;
■
араб цифрімен, нөмір белгісін қоймай жазылған реттік нөмір;
■
салынғанды қысқаша сипаттайтын мәтін, тақырыптық атау;
■
экспликация: көрініс бөлшектері цифрмен, кейін жазбаға
шығарылады, мәтінмен ілеспе жазу секілді белгіленеді.
Машина, механизм құрылымын немесе олардың бөліктерін максималды
айқын көрсету үшін сызба пайдаланады, оны сызу қағидасын нақтылы
сақтау арқылы жүзеге асырады. Түсініктеме хатта сызу – ең біріншіден,
жұмыс сызбасына қарағанда ешқандай іс-қимыл немесе құрылғының
құрылымын талап етпейтін сурет көрінісі. Мұндай сызуда түйін мен
бөлшектердің аттары әдетте жазылмайды. Егер де мәтіннің мағынасына
қарай жеке бөліктерді белгіле десе, онда сызуда араб цифрімен (сағат
тілімен солдан оңға қарай) нөмірлейміз. Бұл цифрлердің (позицияның)
мағынасын ашу барысында не мәтінде не сызу астындағы жазбаға
енгізіледі.
Фото суреттер – шындықты көрнекі айқын жеткізу құралы. Зат немесе
құбылысты оның барлық жеке ерекшеліктерімен қоса құжатты түрде
сипаттау қажеттілігі туындағанда ғана қолданады.
Сұлба – процесс пен заттың негізгі идеясының қарқыны мен шартты
белгілерін сақтамайтын және негізгі элементтердің өзара байланысын
көрсететін көрініс.
Диаграмма — көлем арасында өзара қатынасын білдіру әдістерінің бірі
графикалық көрініс. Салу формасына қарай диаграмманың келесі түрлерін
келтіруге болады: жазықтық, ұзындық және көлемдік. Ең көп тарағаны
ұзындық диаграммасы, ал жазықтықтың арасында – бағандық (ленталық)
және секторлық түрлері қолданыста.
Сандық мәліметтерді өңдеу нәтижелерін график арқылы беруге болады.
Яғни көлемдердің шартты көріністері және олардың геометриялық
пішіндері, нүкте мен сызық және олардың ара қатынасы арқылы
белгіленеді. Кестелер талдауды көрсету және суреттелген материалдың
көрнекілігін жоғарылату үшін қолдануға болады.
Кесте геометриялық пішіннен бөлек бірқатар қосымша элементтерді
құрайды:
■
жалпы атау;
■
графикалық пішіннің жеке элементтері мен шартты белгілердің
мәніне сөзбен түсіндірме беру;
169
■
координата өзектері (біліктері), межелік масштабтарымен және
сандық тор;
■
көрсеткіштер кестесіне енетін анықтау немесе толықтыру көлемдері,
сандық мәліметтер.
Кестенің абсцис пен ординат өзектері (біліктері) тегіс сызықпен
сызылып тасталады. Координаталық біліктердің тілін белгілемейді. Кейбір
жағдайларда кестелер абсцисс пен ординат біліктері бойынша межелік
масштабқа сәйкес координаталық тормен қамтылады. Координата біліктері
бойынша (әріп түрде) шартты белгілер және жалпы қабылданған шартты
қысқартулер күйінде кері қойылған көлемдердің мөлшерімен жасалады.
Қисық сызықтар мен нүктелерге қатысты жазбалар олар шамалы не қысқа
болған жағдайлар кезде ғана жазылады. Көпсөзді жазбаларды цифрмен
алмастырады, ал түсініктемесін сурет асты жазумен келтіреді.
Егер де кестеде көрсетілген қисық сызық кішігірім орын алса, онда
орынды үнемдеу үшін координата біліктеріндегі сандық бөлімдерді нөл
санына емес, функциоанлды ара қатынасты қарастыруға болатындай
шеңберінде сандармен шектелуге болады.
Әрбір шығармашылық жұмыс секілді жобамен жұмыс жасау да
еркіндікті талап етеді. Сондықтан жоба авторы материалды реттілікпен
жеткізуді өзгертуге құқылы, ұсынылған тізімінен жеке тарауларды қоспаса
да өз еркі немесе жұмыс сапасын жақсарту үшін өз пікірінше, қосымша
қосса да жөн. Жобаны қорғау кезінде презентацияларды даярлау
бағдарламасын, әсіресе PowerPoint бағдарламасын қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: