Т. А. Качурина «аспаз» мамандығы бойынша бақылау материалдары



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет154/160
Дата04.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#31675
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   160
ұйымдастыру книга

 
Негізгі бөлім 
Түсініктеме хаттың негізгі бөлімінің құрылымы мен мағынасы жобаның 
түрі мен қойылған тапсырмаға байланысты болады. 
Жұмыстың  өзектігін  көрсету  –  әрбір  жобалық  жұмыстың  міндетті 
талабы.  Дәлелдеу  кезінде  жобаның  маңыздылығын  бағалау  және 
тәжірибеде  қолдануда  ашатын  мүмкіндіктерін  келтіре  отырып  болжамды 
нәтижелерін ұсынады. 
Жобаның  мақсатын  тұжырымдап  болған  соң  нақты  тапсырмаларды 
орындауға көшу керек. 
Әдетте  ол  (...  зерделеу,  ...  сипаттау,  ....  белгілеу,  ....  анықтау,  ....  өңдеу 
және басқа) тапсырмалар тізімдемесі формасында жасалады. 
Жобаның  1-тарауында  ұсынылатын  әдістеме  және  орындау  техникасы, 
сондай-ақ  тақырып  бойынша  әдебиеттерге  және  басқа  материалдарға 
қысқаша шолу жасау қарастыралады. 
Келесі  (іздену)  тарауда  жобада  қарастыратын  мәселені  шешу  бойынша 
ұсыныстар  мен  идея  банкін  өңдеу  қажет.  Ұсынылатын  әр  нұсқаға  дәлелді 
баға беру алды бірқатар нақты критерийлерді қолдану өте маңызды.  


165
 
Кейде іздену  бөлігі  клаузу-рой толықтырады. Ол дегеніміз  еркін суреттері 
бар,  сондай-ақ  жалпы  болашақта  дайындалатын  өнімнің  элементтері  мен 
бөліктері  салынған  салыстырма  түрде  өте  үлкен  парақ  қағазы.  Парақта 
«ренгендік  суреттері»  секілді  көріністер,  тіпті  біріне-бірі  салынған  түстері 
әртүрлі  детальдер  және  жазбалар  болса  да  рұқсат,  бірақ  айқын  аяқталған 
композиция  болу  керек.  Нәтижесінде  бір  немесе  бірнеше  ұсыныстар 
анықталынады. 
Жобаның  технологиялық  бөлігінде  объектінің  орындаушылығында 
реттілікті  талап  етеді.  Оған  кезеңдер  тізімі  (технологиялық  реттілік)  және 
технологиялық  немесе  техникалық-технологиялық  карта  кіріп  келесі 
тараулардан құралады: 
1.
 
Өнім атауы. Қолдану аясы. 
2.
 
Шикізат тізімі. 
3.
 
Шикізаттың сапа талабы. 
4.
 
Шикізатты брутто мен нетто салмағында нормаға келтіру, жартылай 
өнім мен дайын өнімның шығу нормалары. 
5.
 
Технологиялық процесс. 
6.
 
Рәсімдеу, ұсыну, сату мен сақтау талаптары. 
7.
 
Сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштері. 
8.
 
Азықтық және энергетикалық құнарлығы. 
1-бөлімде  тағам  атауынан  басқа  осы  тағамды  шығару  мен  сату  құқығы 
бар өнеркәсіптердің тізімін көрсетіледі. 
2-бөлімде  осы  тағамды  дайындау  үшін  барлық  қажетті  азық-түлік 
түрлері көрсетіледі. 
3-бөлімде  нормативтік  құжаттардың  талаптарына  (технологиялық 
жағдайлар  мен  стандарттарға)  сәйкес  келетін  осы  тағамды  дайындау  үшін 
қолданылатын  азық-түлік  шикізаттары,  тамақ  өнімдері  және  жартылай 
дайын  өнімдер  және  нормативтік  құжаттардың  (стандарттар  мен 
технологиялық  жағдайларға)  талапатарына  сәйкес  болуы  және  сәйкестігі 
туралы сертификатының бар болуы туралы жазбалар болу керек. 
4-бөлімде  1  немесе  10  және  одан  да  көп  порцияның  (калькуляциялық 
карта) шикізатын салу нормалары (брутто мен нетто) көрсетіледі 
5-бөлімде  тағамды  дайындау  технологиясы  толық  сипаттама  беріледі, 
мұнда  тағам  немесе  өнім  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  салқын  және 
жылы  өңдеу режимдері,  сондай-ақ азықтық қоспалар қолданатыны  туралы 
ерекше анықталады. 
6-бөлімде  тағамды  әсемдеу  мен  ұсыну  қағидасы,  сату  және  сақтаудың 
жағдайлары  мен  мерзімдерінің  ерекшеліктері  белгілену  тиіс.  Бұл  талаптар 
қолданыстағы  стандарттар  және  санитарлық  тәртіпті  ескере  отырып 
қалыптасады. 
 


166 
7-бөлімінде  органолептикалық  бағалау  көрсеткіштері,  яғни  дәмі,  түсі, 
иісі,  қоюлығын,  сондай-ақ  физикалық-химиялық  және  микробиологиялық 
көрсеткіштер келтіріледі. 
8-бөлімде азық-түліктің ас пен энергетикалық құнарлығын сипаттайтын 
техникалық-технологиялық  картаның  (4  қосымшасын  қара)  көрсеткіштері 
көрсетіледі. 
Одан  әрі,  жобаның  экономикалық  және  физиологиялық  бағалануын 
қарастыру  керек.  Экономикалық  бөлімде  жобалық  өнімді  дайындау  үшін 
шығындардың толық есебі ұсынылады. Мұнда жарнама және (қажеттілігіне 
қарай) маркетингтік зерттеулер жобасы ұсынылады. Экономикалық есептің 
нәтижесі  жобалық  өнімнің  үнемділігін  және  сату  нарығының  барымен 
негізделеді.  Ерекше  назарды  жобаның  физиологиялық  бағалауға  бөлуді 
талап  етеді,  себебі  бұл  тағам  адамның  тіршілігін  бұзбай,  зиянды 
өзгерістерімен ықпалын жасамайтыны туралы дәлелдейді. 
Негізгі  бөлімнің  тараулар  мәні  жұмыс  тақырыбына  сәйкес  келіп 
толығымен жеткізу тиіс. Бұл тараулар жоба авторының материалды қысқа, 
қонымды  және  дәйекті  жеткізу  ептігін  көрсетеді,  сонымен  қатар  басылуға 
берілген жұмыс талаптарға сәйкес келу міндетті. 
 

жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   160




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау