Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет4/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

органдарының  келісімі  бойынша,  бір  бөлігін  немесе  барлық  ойын  аймағын  МДТБҰ 
ғимаратынан  немесе  оған  жалғасқан  жер  телімінен  бөлек  орналастыруға  жол  беріледі. 
Ғимаратқа кіреберістен немесе жер телімінің шекарасынан ғимараттан бөлек  орналасқан 
жер теліміне дейін 50 м аспайтын арақашықтықты қабылдау керек. 
4.2.11 Ойын аумағының алаңы мыналарды қамтиды:  
- алаңы  бір  орынға  шаққанда  6  м
2
  болатын  әр  балалар  тобына  жеке-дара  арналған 
топтық алаңшалар;  
- әр балалар тобы бойынша 120 м
2
 есебімен алынған көгалдандыру алаңы;  
-  саны  9  және  одан  да  көп  топтан  тұратын  МДТБҰ  үшін  алаңы  250  м
2
  жалпы  дене 
шынықтыру алаңшасы.  
4.2.12 Топтық  алаңдарды  топтық  алаңдардың  арасындағы  өткелдер  арқылы  биіктігі 
кемінде 1,5 м қоршаумен бөлуге жол беріледі.  
4.2.13 Ойын  алаңы  құрамына  қосымша  келесі  элементтерді  енгізуге  жол  беріледі: 
үлкен  өлшемді  ойыншықтар  алаңы,  шаңғы  жолы,  қысқы  мұз  айдын,  велосипед  жолы, 
жолда жүру ережесін үйренуге арналған алаң. Басқа элементтер білім беру органдарының 
келісімі бойынша рұқсат етіледі. 
4.2.14 Әр  топтық  алаңда  күн  мен  жауын-шашыннан  қорғау  үшін  жалпы  ауданы 
кемінде  20  м
2
  еденнің  ағаш  жабыны  бар  көлеңке  қалқа  болуы  керек.  Еден  төсемі  ағаш 
болуы керек. Шағын ауданында көлеңке қалқаны екі жағынан қоршайды. 
4.2.15 Көп  пәтерлі  тұрғын  үй  ғимаратының,  жеке  үйдің  бірінші  қабатында 
орналасқан,  сонымен  қатар  тұрғын  үй  ғимаратына  кіріктірме-жапсарлас  МДТБҰ 
жанындағы  аймаққа  МДТБҰ  50  м  артық  емес  және  МДТБҰ  ғимаратының  немесе  көп 
пәтерлі тұрғын үй ғимаратының сыртқы қабырғасынан 10 м кем емес (жеке тұрғын үйлер 
үшін 5 м кем емес) қашықтықта тек ойын алаңын салуға жол беріледі. 
4.2.16 Қысқа  мерзімді  қарау  кезекші  топтардың  ойын  алаңы  көгалдандырылған  үй 
жанындағы  аймаққа  әр  балалар  тобы  үшін  ауданы  60  м
2
  кем  емес  және  алаңдар 
аралығындағы  қажетті  шегінулері  мен  бөлінулері  бар  топтық  алаңдар  ретінде 
орналастырылады. 
 
Ескертпе -  Егер  қысқа  мерзімді  қарау  топтарының  ойын  алаңы  ғимараттағы  ашық  терассамен 
алмастырылса, онда әр топ үшін терасса ауданы кемінде 30 м

қабылданады. 
 
4.2.17 Ойын алаңдары балалардың жасы мен бойына сәйкес жабдықтау және сенімді 
және берік бекітуді қамтамасыз ету керек. Құрал-жабдықтардың бетінде шығыңқылар мен 
бұдырлар,  шығыңқы  бұрандалар  болмауы  тиіс,  оның  беткі  қабаты  су  өтпейтін  және 
тазалауға оңай болуы шарт. 
4.2.18 Алаңдардағы  құрал-жабдықтардың  ең  биік  биіктігі  әр  жастағы  топтарға 
байланысты қарастырылады: 
а) 12 бастап 24 айға дейін - 0,9 м; 
б) 2 бастап 5 жасқа дейін - 1,2 м; 
в) 5 бастап 7 жасқа дейін - 1,4 м. 
4.2.19 Ойын  құрал-жабдықтарының  алаңдарын  бір  бірінен  0,9  м  кем  емес 
қашықтықта  орналасқан  қорғайтын  бөгеттермен  және  биіктігі  0,5  бастап  0,75  м  дейін 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

тұтқалармен бірге орнату ұсынылады.  
4.2.20 Ойын  құрал-жабдықтарының  ең  биік  биіктігі  жастарына  байланысты  1-кесте 
бойынша қарастырылуы керек. 
 
1-кесте - Ойын құрал-жабдықтарының биіктігі 
Метрмен 
Ойын құрал-жабдығы 
1 - 2 жас 
2 - 5 жас 
5 - 7 жас 
Гимнастикалық бөрене 
─ 
0,3  
0,4  
Тұтқалар 
─ 
─ 
1,4  
Турник 
─ 
1,5  
2,1  
Аспалы көпір 
─ 
0,76  
1,2  
Тар жол  
─ 
1,5  
1,5  
Құрастырылған тар жол  
─ 
1,2  
1,4  
Доғал жол  
─ 
─ 
1,5 
Арқанмен өтетін жол  
(90º бұрышты) 
─ 
2,4 
2,4 
Арқанмен өтетін жол  
(60º бұрышты) 
─ 
─ 
1,4 
Гимнастикалық қада 
─ 
─ 
1,4 
Көлденең баспалдақ 
─ 
1,5 
2,1 
Параллель бөренелер 
─ 
─ 
0,9 
Күрке  
1,8 
1,8 
1,8 
Сақиналы турник  
─ 
─ 
2,1 
Төбешік 
0,9 
1,2 
1,4 
Серіппелі әткеншектер  
─ 
0,7 
─ 
Әткеншектер 
2,1 
2,4 
2,4 
Айналатын әткеншектер 
─ 
2,4 
2,4 
Туннель 
0,9 
1,2 
1,4 
 
4.2.21 «Отбасылық балабақша» үлгісіндегі МДТБҰ жер телімі көгалдандырылған үй 
жанындағы  аумақтағы  ауданы  кемінде  60  м
2
  топтық  алаң  ретінде  қарастырылады  және 
өсімдіктен жасалған қоршаумен қоршалған болуы мүмкін. 
4.2.22 Шаруашылық  аймақ  құрамына  қосымша  жемістерді  сақтау  қоймасын  
(ауданы  30  м
2
  кем  емес),  жеміс-жидек  бау-бақшасын,  үй  жануарлары  мен  құстарды 
ұстауға  арналған  алаңды,  көмекші  шаруашылықтың  басқа  элементтерін  қосуға  рұқсат 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

етеді  (білім  беру  мен  мемлекеттік  санитарлық  қадағалау  органдарының  келісімі 
бойынша).  
4.2.23 Қоқыс  жинағыштар  ғимараттан  25  м  кем  емес  қашықтықта  бетондалған 
немесе асфальтталған алаңда үш жағынан қоршалып орналастырылады. 
4.2.24 Сыйымдылығы  4  топтан  аспайтын кіріктірме  (топтық  бөлімшелерде),  тұрғын 
үйлермен  тұйықталатын  шағын  МДТБҰ-да,  сондай-ақ  серуендеу  топтарында  ойын 
аймақтары  ретінде  аймақтар  арасында  қажетті  бос  жерлері  мен  санитарлық  бөлінген 
жерлері  бар  үй  маңайындағы  аумаққа  орналастырылған  топтық  алаңдарды  қарастыру 
ұсынылады (4.2.8. т.т.). 
4.2.25  Жалпы  тұрпаттағы  МДТБҰ  кезінде,  кіріктірме  шағын  МДТБҰ  (бөлімшелер) 
кезінде тағам блогы, кір жуатын жер үшін жүктеме алаң қарастырылады.  
4.2.26 Нысанның  жер  телімінің  аумағындағы  еріген  және  жаңбыр  суларын  ағызу 
қарастырылады.  
4.2.27 Аумақтағы шолу құдықтары тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады.  
4.2.28 МДТБҰ  аумағының  жанына  3 - 5  балаға  1  орын  есебінен  ата-аналар  
үшін 
4.2.8-т. 
сәйкес 
қашықтықта 
орналасатын 
тұрақ 
қарастыру  
ұсынылады.  
 
4.3 Өрт қауіпсіздігі 
 
4.3.1 МДТБҰ  ғимаратының  өрт  қауіпсіздігі  және  өрт  бөлімшелерінің  кіруі  өрт 
қауіпсіздігі  бойынша  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  
келуі тиіс. 
4.3.2 Отқа  төзімділігі  III  дәрежедегі  МДТБҰ  ғимараттарында  ішкі  өртке  қарсы  су 
құбырын су шығыны 2,5 л/сек кем емес 2 ағын мөлшерінде жобалаған жөн. 
4.3.3  Автоматты  өрт  сигнализациясын  дәретханадан,  душтан,  кір  жуу  бөлмесінен, 
көкністерді  сақтау  қоймасынан,  салқындатқыш  камерадан,  бойлерлік,  сорғы,  желдету 
камераларынан басқа барлық жайларда қарастыру керек.   
4.3.4  Басқыш алаңдарын байланыстыратын дәліздерді әр топтық ұйымдардан дәліздің 
әр  түрлі  бөліктеріне  шығуды  қамтамасыз  ету  үшін  ернеуінде  тығыздатқыш  орнатылған 
өздігінен жабылатын есіктермен бөлу қажет. 
4.3.5 Топтық  ұяшықтан  сыртқа  шығу  жолдарындағы  есіктер  ені  кемінде  0,9  м,  ал 
топтық ұяшықтардан эвакуацияланатын адамдар саны 15-тен жоғары болса, кемінде 1,2 м 
қабылданады. 
4.3.6 Балабақша  ғимараттарындағы  сыртқа  шығу  жолдары  дәлізі  мен  галереялардың 
енін кемінде 1,4 м қабылдау керек. 
Мүгедектер  кресло-арбасымен  қозғалатын  мүгедектердің  қолжетімділігін  ескере 
отырып  жобаланатын  ғимараттар  аймағындағы  эвакуациялық  жолдардың  дәліздері  мен 
галереялардың енін кемінде 1,6 м қабылдау керек. 
4.3.7 Ғимаратта  кез-келген  жерден  сыртқа  шығу  үшін  қауіпсіз  және  еркін  жүру 
жолдары қамтамасыз етілуі қажет. 
4.3.8 Сыртқа  міндетті  шығу  жолдары  кілт  немесе  басқа  құралдардың  пайдалануысыз 
ғимараттан сыртқа қарай бағытта ашылатын болуы қажет. 


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау