ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
3
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-
МДТБҰ) нысандарын 3 қабаттан жоғары жобаламайды. МДТБҰ ғимаратының 3-ші
қабатына естияр жас (4 жастан бастап) тобындағы балалардың топтық ұйымдарын, залдар
мен жұмысқа арналған басқа арнайы бөлмелер, қызметтік-шаруашылық және демалу
бөлмелері орналастырады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан нысандардың шығу есігі
тұрғын үйдің кіреберіс есігінен бөлек болуы тиіс.
4.1.2 Тірек-қимыл жүйесінің бұзушылығы бар және көрмейтін (зағип) балаларға
арналған арнайы түзету оқыту ұйымдары ғимараттарының 2 қабаттан жоғары болмауы
қарастырылады. Естімейтін (саңырау) және өте ауыр тіл кемістігі бар балалар
үшін 3 қабатты ғимарат салуға жол беріледі.
4.1.3 Нысандар жеке ғимаратта немесе бірнеше бөлек ғимараттарда орналасуы
қажет.
Ғимараттарды
жылы
өтпе
жолмен
байланыстыруға
жол
беріледі.
IV климаттық ауданда орналасқан ғимараттар үшін жылытылатын өтпе жолдарды
орналастыру қажет емес.
4.1.4 МДТБҰ барлық бөлмелерінің (залдан басқа) биіктіктері 3,0 м төмен болмауы,
дене шынықтыру залы мен музыкалық сабақтарға, балалар ертеңгіліктеріне және
қойылымдарына арналған зал алаңдарының биіктігі 6,0 м төмен болмауы қарастырылады.
4.1.5 Жалпы дамытатын үлгiдегі
мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу
ұйымдарының ұсынылатын түрлері:
а) тәрбиеленушілердi дамытуда (дене, зияткерлiк, көркем-эстетикалық және т. б.) бiр
немесе бiрнеше бағыттарды басым жүзеге асыратын;
б) тәрбиеленушілердің
физикалық
дамуындағы
ауытқушылықтарды
квалификацялық түзеуді басым жүзеге асыратын түзету үлгісіндегі;
в) гигиеналық және емдеу-сауықтыру шараларын басым жүзеге асыратын қарау
және сауықтыру үлгісіндегі;
г) құрама үлгiдегі (балалар топтарының жоғарыда аталған қызмет бағыттарын қоса
атқаратын негізде);
д) тәрбиеленушілердi дене және
жалпы дамыту, қолдау және сауықтыру
сипатындағы балабақша (Баланы дамыту орталығы).
4.1.6 Саралап оқыту бағдарламасына сүйене отырып, сонымен қатар жарты топ
бойынша ойындарды ұйымдастыру және балалармен жеке жұмыс жасау үшін,
әдеттегідей, сабақ жүргізу барысында балалар тобы 10 баладан 2 шағын топқа бөлінеді.
Шет тілі үйірмелеріндегі балалар саны 10 баладан аспауы тиіс, ал басқа үйірмелер
мен секцияларда 20-дан аспауы тиіс.
4.1.7 МДТБҰ ғимараттары мен кешендерінің типі мен түрі А қосымшасын ескере
отырып, жобалауға берілген тапсырмамен анықталады.
4.1.8 Оларды орналастыру ерекшеліктерін ескере отырып, жаппай құрылыс салу
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
4
үшін МДОТҰ типінің ұсынылатын номенклатурасы Б қосымшасында келтірілген.
4.1.9 Балалардың мектепке дейін тәрбиелеу және білім беру ұйымдарымен
қамтамасыз етілуінің есептік деңгейін 85 % шегінде қабылдау керек, оның ішінде жалпы
типтегі - 70 % (мемлекеттік және жеке меншік МДТБҰ үшін); мамандандырылған-түзету
үлгісіндегі - 3 %; сауықтыру, қысқа мерзімді және тәулік бойғы - 12 %.
4.2 Жер телімін орналастыру, ұйымдастыру және жабдықтау
4.2.1 МДТБҰ жеке тұрған ғимараты жер телімінің жалпы алаңы мынадай
сыйымдылық кезінде 1 орынға шаққан есептен қабылданады: ҚР ЕЖ 3.01-101 және
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес 100 орынға дейін – кемінде 40 м
2
,
100 орыннан жоғары – кемінде 35 м
2
; 500 орыннан жоғары – кемінде 30 м
2
.
Жер
телімдерінің
өлшемдері
қысқаруы
мүмкін:
қайта
жөндеу
жағдайларында - 25 % дейін; 20 % артық бағытпен рельефке орналастыру барысында -
15 % дейін; жаңа салынған елді мекендерде (көгалдандыру алаңдарын қысқарту есебінде)
- 10 % дейін.
4.2.2 Бөбектер тобындағы балаларға арналған топтық алаңдардың алаңы 1 орынға
кемінде 7,5 м
2
қабылданады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын алаңын жалпы
типтегі МДТБҰ учаскесінен тыс орналастыруға жол беріледі.
4.2.3 Дене және ақыл-ой дамуы жағынан кемістіктері бар балаларға арналған арнайы
(түзету) білім беру ұйымдарына 2,2 гектардан кем емес жер телімінің ауданы
қарастырылады.
4.2.4 Балабақшаларды
тұрғын
құрылыс
алаңдарына
жаяу
жүру
радиусы (R) 500 м болатындай және ҚР ЕЖ 3.01-101 сәйкес орналастыру керек.
4.2.5 Жер телімінің көлемі 1 орынға шаққанда есту қабілеті бұзылған балалар
үшін 50 м
2
, көру мен ойлау қабілеті бұзылған балалар үшін 60 м
2
, тірек-қимыл
аппаратының бұзушылығы бар балалар үшін 65 м
2
кем болмауы тиіс.
4.2.6 Тірек-қимыл аппаратының бұзушылығы бар балалар үшін аумақтағы жолдар
мен жаяу жолдардың көлбеуі 5 градустан аспауы, жолдың ені 1,6 м кем болмауы
қарастырылады. Бұрылыстарда және әрбір 6 м аспайтын аралықта демалу алаңдары
орналастырылады.
4.2.7 Нысанның жер телімінің ғимараттан қызыл сызыққа дейінгі арақашықтығы
25 м, ал ауыл елді мекендерінде 10 м кем болмауы тиіс.
4.2.8 Жер телімдері автомобиль санына қарай гараж бен ашық тұраққа дейінгі
қашықтыққа бөлінеді:
а) 10 көлікке дейін - 15 м кем емес;
б) 10 бастап 100 көлікке дейін - 25 м кем емес;
в) 100 жоғары көлікке - 50 м кем болмауы тиіс.
4.2.9 Егер МДТБҰ ғимараты «шудан қорғалған» ретінде жобаланса (топтар алаңы
шу шығатын жерден қарама-қарсы жаққа қараған), онда ойнау алаңын топтар алаңы
жағынан орналастырған жөн.
4.2.10 Арнайы жағдайларда (МДТБҰ кіріктірме, МДТБҰ ғимаратының жеткіліксіз
немесе күн сәулесі тік түспейтін аймағы және т. б.), мемлекеттік санитарлық қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |