ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
10
МДТБҰ әмбебап ғимараттарындағы ясли тобындағы (3 жасқа дейінгі балалар) топтық ұяшықтарды 3 жастан
бастап балалардың топтық ұяшықтарына ұқсас жайлардың құрамы мен алаңы бойынша жобалауға жол
беріледі.
4.4.1.9 Әртүрлі үлгідегі МДТБҰ-ның қызметтік құрылымы Г қосымшасы бойынша
қабылданады.
4.4.1.10 МДТБҰ ғимараттарының жоспарлы құрылымында әрбір нақты балалар
тобының негізгі орны болып табылатын, топта шағын топтар мен балаға жеке сабақ
өткізу, ойындар, сауықтыру шараларын, демалыс, күндізгі ұйқы, киіну, тамақтандыру
сияқты іс-шараларды жүзеге асыратын топтық оқшаулау қағидасын қарастыру қажет.
4.4.1.11 Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдары келісім берген жағдайда,
тамақтану залында бір уақытта 2 топтың балаларын тамақтандыруды ұйымдастыруға жол
беріледі.
4.4.1.12 МДТБҰ музыкалық және гимнастикалық сабақтарына арналған залдарында
жалпы шаралар (мерекелер, балалар қойылымдары) өткізгенде ең көбі 2 топтың балалары
(немесе балалардың жалпы саны 50-ден аспайтын), БДО зал алаңында топтардың жалпы
саны 5-тен аспайтын (немесе балалардың жалпы саны 100-ден аспайтын) болуы
қарастырылады.
4.4.1.13 Топтық ұяшықтары екінші қабатта орналасқан, 4 жасқа дейінгі балалар
тобының киім шешетін орнын ғимараттың бірінші қабатындағы кіреберісте
орналастыруға жол беріледі.
4.4.1.14 Әрбір топтық ұяшықтың киім шешетін жерінде (немесе, егер киім шешетін
орын жеке жоспарланған жағдайда, топтық) ғимараттан шығу үшін ыңғайлы әрі қысқа
жол қарастырылуы тиіс.
Топтан шығатын, оның ішінде сыртқы екінші көшу жолы оның кез келген
бөлмесінде қарастырылуы мүмкін.
4.4.1.15 МДТБҰ ғимараттарында ең көп дегенде 4 топқа бір кіретін есік болуын
қарастырған жөн. Жалпы үлгідегі МДТБҰ 3 жасқа дейінгі сәбилерді даладан бірден
кіретін жеке есігі болатындай бірінші қабатқа орналастыру керек.
4.4.1.16 Ғимараттың кіреберісінде тереңдігі кем дегенде 1,6 м болатын тамбур
жобалануы қажет.
4.4.1.17 Балалар тобының кіреберісіне қарапайым тамбурдың орнына далаға шығар
алдында барлық топ балаларының жиналып тұруына арналған тамбур-шлюздер
қарастыруға жол беріледі. Ені 1,6 метрден кем емес, тереңдігі (жол бойымен өтетін
қашықтықтан) 6 метрден аспайтын тамбур-шлюзда табиғи жарықтандыру болуы керек.
4.4.1.18 Ғимараттың кіреберісінде сырт жақтан далада серуендеп жүрген балаларға
арналған дәретхана қарастырылуы мүмкін.
4.4.1.19 Балалар топтарына кіреберісте әрбіреуінің ауданы 12 м
2
кем емес шана-
арбаларға арналған орын қарастырылу ұсынылады.
4.4.1.20 БДО ғимараттарында келетін балалар тобына (көрші МДТБҰ-дан) есеп
бойынша, алайда әрқайсысына ауданы кемінде 16 м
2
сырт киім шешетін орын қарастыру
ұсынылады.
4.4.1.21 Негізгі дәліздер ені 2 бастап 2,45 м дейін жобаланады.
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
11
4.4.1.22 МДТБҰ-да әр залында ауданы Д қосымшасы мен Д.1-кестеге сәйкес
қоймасы бар ауданы 80 м
2
кем емес музыкалық және гимнастикалық бір зал болғаны жөн.
Балалар қысқа мерзімде болатын МДТБҰ-да музыкалық және гимнастикалық зал
қарастырылмайды.
4.4.1.23 Топтар саны 8 бастап 14 дейінгі мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру
ұйымдарының кешендерінде ертеңгіліктерге, музыкалық сабақтарға, қойылымдарға
арналаған ауданы 120 м
2
кем емес зал алаңы қарастырылады.
4.4.1.24 6-дан артық топ сыятын жалпы үлгідегі МДТБҰ-да оқшаулау бөлмесі бар
медициналық бөлмелер жиынтығын бірінші қабатқа ғимараттың кіреберіс есігіне тікелей
жақын етіп, немесе оқшаулау бөлмесінен сыртқа жеке шығуды ұйымдастырып
орналастыру керек.
4.4.1.25 7 немесе одан артық топ сыятын МДТБҰ-да оқшаулау бөлмесінен сыртқа
жеке шығуды қарастыру керек.
4.4.1.26 ТКМ ғимаратында тағам блогын, зал жайларын (мектепке дейінгі және
бастауыш оқушылар үшін спорт зал, музыкалық сабақтар, балалар ертеңгіліктері мен
спектакльдер үшін жайлар), балалар үйірмелері мен секцияларын, сондай-ақ өтеу және
сауықтыру функциялары бар медициналық жайлардың бөлігін мектеп және мектепке
дейінгі бөлімшелерде жалпы жобалауға жол беріледі. Осы жайлардың құрамы мен ауданы
Қазақстан Республикасының білім және мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен
келісім бойынша жобалауға арналған тапсырмамен анықталады.
4.4.1.27 Жалпы үлгідегі 6 және одан көп топқа арналған МДТБҰ ғимараттарында кір
жуатын бөлме жанына қалада жуылып келетін кірді іріктеуге арналған ауданы 6 м
2
кем
емес, сыртқа шығатын есігі бөлек бөлме қарастырылуы керек.
4.4.1.28 Жалпы үлгідегі МДТБҰ-дағы кір жуатын бөлмеде кір мөлшерінің 1/3 бөлігі
жуылатыны есебінен жобалануы тиіс. Басқа талаптары, сондай-ақ МДТБҰ-ның басқа
үлгілеріндегі кір жуатын бөлмелердің аудандары мен кір жуудың технологиялық сызбасы
жобалауға берілген тапсырыспен жергілікті талаптарға байланысты анықталады.
4.4.1.29 Ғимараттың ішінде жалпы байланыс-демалу кеңістігінен кір жуатын және
кір кептіру-үтіктеу бөлмесіне кіретін есіктер тамбур арқылы болуы қарастырылады.
4.4.1.30 Бір жақты жарықтандыру кезінде топтық жайлар тереңдігі 6 м аспауы тиіс.
Жай тереңдігі 6 м артық болған кезде, терезе екі жақты қарама-қарсы немесе бұрыштық
орналасуы (саңылаулық желдетуді қамтамасыз етуі) қажет.
4.4.1.31 Бөлмелер терезелерін көкжиек бағыттары бойынша бағдарын былай
қабылдау керек:
а) топтық - 85° бастап 275° дейін жол берілетін секторда 180° (оңтайлы);
б) жатын, медициналық және ем-шара, түзеу бөлмелерінде – жол берілетін кез
келген бағдарда 90° (оңтайлы);
в) музыкалық және гимнастикалық залдарда, үйірме бөлмелерінде, оқшаулау
палаталарында – жол берілетін кез келген бағдарда 180° (оңтайлы);
г) даярлау
цехының
ас
бөлмесінде
–
жол
берілетін
кез
келген
бағдарда 360° (оңтайлы). МДТБҰ-ны жобалаған кезде ҚР ЕЖ 2.04-104 талаптарын ескеру
қажет.
4.4.1.32 Солтүстік ендіктің 60° бастап 45° дейінгі аудандар үшін 200° бастап 275°
Достарыңызбен бөлісу: |