ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
27
*Жатын бөлмелерде, жатын аймақтары бар топтық бөлмелерде, оқшаулау
палаталарында және күзет үй-жайларында эвакуациялық жарықтандыру желісіне
қосылған кезекшілік (түнгі) жарықтандыруға арналған құрылғыларды қарастыру керек
(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 23.11.2018 ж. №240-НҚ бұйрық).
Логопед бөлмелерінде айнаның маңайына иілу бұрышы мен биіктігін ауыстыруға
мүмкіндік беретін кронштейндегі (биіктігі 1,2 м) жергілікті жарықтандыратын қабырға
шырағын қарастыру керек.
4.6.3.3 Жалпы үлгідегі МДТБҰ ғимараттарында мына құралдардың болуы
қарастырылады:
а) радионүктелер (радиотрансляциялық желілер) - топтық бөлмелерде, музыка және
гимнастика залдарында, «үй бұрышында», меңгерушінің кабинетінде, қызметкерлер
бөлмесінде, шаруашылық меңгерушісінің бөлмесінде, күзетші бөлмесінде;
б) телефондар - меңгерушінің кабинетінде, медициналық кабинетте, топтық ұядағы
«үй бұрышында», қызметкерлер бөлмелері мен әдістемелік бөлмеде, күзетші бөлмесінде;
в) факс - меңгерушінің бөлмесінде;
г) штепсельдік розеткалар;
д) кабельден нөл фазалы штепсельдік розеткаларды - топтық бөлмеде, оқу
сыныптарында, музыка және денешынықтыру залдарында, әмбебап үйірме бөлмелерінде,
меңгерушінің кабинетінде, компьютерлік ойындарға арналған бөлмеде, компьютерлік
сыныпта оқытудың техникалық құралдарын қолдану үшін;
е) интернет – меңгеруші бөлмесінде, медициналық бөлмеде, топтық ұяшықтың «үй
бұрышында», қызметкерлер бөлмесі мен әдістемелік бөлмеде, компьютерлік ойындар
жайлары мен компьютерлік сыныптарда;
ж) орталық телевидение берілісін қабылдау үшін телевизиялық жері – топық,
музыкалық және гимнастикалық сабақтарға арналған залдарда, меңгеруші бөлмесінде,
әдістемелік бөлмеде;
и) жерге тұйықтау қорғанысы - физиотерапия бөлмесінде.
4.6.3.4 Есту қызметінің бұзушылығы бар балаларға арналған түзету үлгісіндегі
МДТБҰ бөлмелерінде мынадай жағдайлар қарастырылады:
а) топтық бөлмеде, оқу сыныбында, музыка және денешынықтыру сабақтарына
арналған залдарда еден деңгейінен 1,8 метрден аспайтын биіктікте оқытудың техникалық
құралдарын пайдалану үшін штепсельдік розеткаларды орнату;
б) ортақ жарықтандыру жүйесі үшін энергия үнемдейтін және люменесцентті
шамдармен жарықтандырғандағы жарықтық деңгейі топтық бөлмелерде, сабақ
сыныптарын, музыка және гимнастика залдарында - еденнен 0,5 м деңгейде көлденең
жазықтықта 300 лк кем емес; киім ауыстыратын бөлмедегі еденде - 200 лк кем емес;
тігінен тұрған қабырғадағы сынып тақтасындағы жарықтық деңгейі - 300 лк кем емес;
в) сабаққа арналған сыныптарда - педагог үстеліндегі басқару тетігінен
сурдотехникалық құралдармен жабдықталған балалар үстеліне дейін әлсіз токты
желілерді дайындауға арналған каналдар.
4.6.3.5 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған МДТБҰ-да мына жағдайларды
қарастырған жөн:
а) сабақ сыныптарында, топтық бөлмелерде және көз дәрігерінің кабинетінде -
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
28
еденнен 0,5 м деңгейдегі көлденең жалпақтықтағы ортақ жарықтандыру жүйесінде
жарықты қаматамасыз ету үшін ЛБ үлгідегі ақ түсті люменесцентті шамдары бар
шырақтармен жарықтандыру 500 лк кем емес, сабақ сыныптарында - тік жазықтықта
жарықты қамтамасыз ету үшін қабырғадағы сынып тақтасының жоғарыдан жарық түсетін
жарығы - 500 лк кем емес;
б) плеопто-ортоптия бөлмелері мен көз дәрігері бөлмелерінде - құрал-жабдықты
орналастыруға сәйкес еденнен 1,8 м аспайтын биіктіктегі 4 қосарлы штепсельдік
розеткалар.
4.6.3.6 Ақыл-ой бұзушылығы бар балаларға арналған МДТБҰ мыналарды қарастыру
керек:
а) топтық ұяшық жайлары мен изоляторда, музыкалық, дене шынықтыру
сабақтарына арналған залдарда және түзету жаттығуларында – қыздыру шамы бар
шырақтар немесе ЛБ типіндегі ақ түсті люминесценттік шам;
б) жалпы жарықтандырудан басқа топтық ұяшықта – демонстрациялық жоғарғы
көмескі жарық және қабырға сынып тақтасы;
в) топтық ұяшықтан және медициналық бөлменің жатын бөлмесіне (кезекші
медбике) дыбыстық және сыртқа шығатын палаталық сигнализация.
4.6.3.7 Түзету үлгісіндегі МДТБҰ-да негізгі өтетін жолдарда (дәліздер мен баспалдақ
аймақтары) және баспалдақ басқыштарында 5 лк болатын төтенше жағдай жарығын
қарастыру керек.
4.6.3.8 Түзету үлгісіндегі МДТБҰ-ның топтық бөлмелерінде, ойын, жататын
бөлмелерінде, асханада, оқшаулау палаталарында, музыка және денешынықтыру
залдарында қарастыру керек:
а) эритемді увиолалы (ЭУВ) немесе люминесцентті эритемді (ЛЭ) ультракүлгін
сәуле көздері бөлмеде бөлмеге 3 Вт/м
2
-ден кем емес еденнен 2,7 бастап 2,9 м дейін
биіктіктегі есеп бойынша орналастыру керек;
б) ДБ 15 үлгідегі бактерицидті сәуле көздері бөлмеге 1 Вт/м
2
-ден кем
емес
еденнен 2,7 бастап 2,8 м дейін биіктіктегі есеп бойынша орналасу керек.
4.6.3.9 Түзету үлгісіндегі МДТБҰ-ның логопед бөлмелерінде айнаның маңайына
иілу бұрышы мен биіктігін ауыстыруға мүмкіндік беретін кронштейндегі (биіктігі 1,2 м)
жергілікті жарықтандыратын қабырға шырағы орналастырылады.
4.6.3.10 Жалпы жасанды жарық барлық бөлмелерде қарастырылады. Жеке
функционалдық аймақтар және жұмыс орындарына жарық түсіру үшін жергілікті
жарықтандырғыш орнатылады.
4.6.3.11 Ғимараттың сыртқы жарықтандыру құрылғысы аумақты біркелкі таралған
жарықпен қамтамасыз етуі қажет. Кешкі уақытта жер телімі аумағында, сондай-ақ,
санитарлық-аула құрылғыларда қызатын шамдармен жерде 10 лк кем емес,
люминесцентті шамдар 20 лк кем емес, арнайы білім беру түзету мекемелерінде тиісінше,
20 лк және 40 лк нормадан тыс жасанды жарық қарастырылады.
4.6.3.12 Жалпы үлгідегі МДТБҰ ғимараттарында ортақ жарықтандыру үшін қызатын
және люминесцентті шамдарды Р қосымшасына сәйкес пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |