Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет5/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

4.3.9 Бір  және екі  қабатты  МДТБҰ  ғимараттары оның сыйымдылығына қарамастан, 
отқа төзімділігі ІІІ дәрежеден төмен болмауы тиіс. Үш қабатты МДТБҰ ғимаратының отқа 
төзімділігі ғимарат сыйымдылығына қарамастан ІІ дәрежеден төмен болмауы тиіс. 
4.3.10   МДТБҰ  тұрғын  үйлерге  немесе  мектеп  ғимаратына  кіріктіре  салғанда, 
оқшаулағанда, олардың жайлары өртке қарсы І-ші тұрпатты арақабырғалармен және ІІІ-ші 
тұрпатты аражабынмен бөлінуі тиіс. 
4.3.11 Үшінші қабатқа тек ересек топтарға арналған бөлмелерді, музыкалық және дене 
шынықтыру  сабақтарына  арналған  залдарды,  сонымен  қатар  қызметтік-тұрмыстық 
бөлмелерді және серуендеу дәліздерін орналастыруға болады. 
4.3.12 Екінші  және  үшінші  қабаттағы  бөлмелерден  екі  басқыш  алаңдарға 
дайындықсыз тез арада шығу қарастырылуы қажет. 
4.3.13 Биіктігі 0,15 м және одан да артық болатын деңгей айырмаларында сәйкесінше 
баспалдақтар (пандустармен) және қоршаулар болуы тиіс.  
3-тен артық басқышы бар баспалдақтардың балаларға арналған тұтқасы болуы тиіс.  
4.3.14 Тұтануды  байқауға,  өрт  туралы  дабылдама  беруге,  өртті  өшіру  немесе 
бақылауға  арналған  барлық  жүйелер,  құрылғылар  мен  жабдықтар  немесе  олардың  кейбір 
құрамдары жұмыс істеп тұрған күйде болуы тиіс. 
4.3.15 Ішінде  адамдардың  бар-жоқтығына  қарамастан,  МДТБҰ  ғимараттарында 
түтінді, өртті хабарлаушылардың бірі немесе бірнешеуі орналастырылуы және жұмыс істеп 
тұрған күйде болуы қажет. Олар мынадай орындарда орналастырылуы тиіс: 
а) ұйықтайтын  бөлмелерден  тікелей  жақын  ұйықтайтын  әр  бөлек  аймақтың  шетінен 
тыс бөлменің төбесінде немесе қабырғасында; 
б) ұйықтауға арналған әр бөлмеде;  
в) дәліздерде, баспалдақ ойықтарында және т. б.; 
г) шатыр  бөлмесінен  басқа,  жер  асты  қабаты  мен  жертөле  қабатын  қоса  алғанда 
МДТБҰ ішінде әр қабатта.  
4.3.16 Өртті  қолмен  хабарлаушыларын  қабырғаларға  және  жер  немесе  еден  
деңгейінен 1,5 м биіктікте конструкцияларға орналастыру керек. 
4.3.17 Өртті қолмен хабарлаушыларын келесі қашықтықта орналастыру керек: 
а) ғимараттың ішінде бір бірінен 50 м артық емес
б) ғимараттың сыртында бір бірінен 150 м артық емес
в) хабарлаушыны  еркін  алуға  кедергі  болатын  басқа  басқару  тетіктері  мен  
заттардан 0,75 м кем емес. 
4.3.18   МДТБҰ  өрт  сигнализациясы  жергілікті  бөліммен  немесе  жедел  қызметпен 
тікелей байланысқан болуы тиіс. 
4.3.19 Аймақтарға 
бөлу 
мүмкіндігі 
бар 
командалық 
микрофонды 
өрт 
сигнализациясының  панелімен  қатар  орналастыру  керек.  Хабарлау  аймағының 
эвакуациялық  аймақтармен  және  кезеңдік  эвакуациямен  сәйкес  келуін  қамтамасыз  ету 
қажет. 
4.3.20 Өрт сигнализациясының жүйесі мыналармен байланысуы тиіс:  
а) ғимаратты басқару жүйесімен; 
б) телефонмен; 
в) радио байланысымен; 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

г) кедергісіз  эвакуация  және  өрт  бригадасының  кедергісіз  ену  (кіреберіс  кедергілер  
және т. б.) мүмкін болу үшін бақылау жүйелерімен.  
 
4.4 Көлемдік-жоспарлық шешімдер 
 
4.4.1 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының тұрпаттары 
 
4.4.1.1 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымы бекітілген тәрбиелеу мен 
оқыту  бағдарламалар  негізінде  1  бастап  6  (7)  жасқа  дейінгі  балаларға  тәрбиелеу,  оқыту, 
күтім жасау және оларды қарау бойынша педагогикалық және медициналық қызметтерді, 
сонымен қатар, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға әдістемелік көмекті 
ұсынады. 
4.4.1.2 Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  есептік  сыйымдылығы 
(орындардың жалпы саны) ұйымдық  құрылым, балалар тобының есептік сыйымдылығы, 
қала құрылысы және әлеуметтік-демографиялық жағдай нәтижесінде жобалауға арналған 
тапсырмамен анықталады.  
3  жасқа  дейінгі  балалар  топтарының  саны  жалпы  сыйымдылықтың  25  %  артық 
болмауы тиіс. МДТБҰ ғимараты орындарының есептік саны 500 аспауы тиіс.  
4.4.1.3 МДТБҰ  балалар  топтарының  есептік  толымдылығын  екі  жасқа  дейінгі 
балалар үшін кемінде 10 орын; 3 жасқа дейінгі балалар үшін – кемінде 20 орын; 3 бастап   
7 жасқа дейінгі балалар үшін – кемінде 25 орын етіп қабылдау керек.  
4.4.1.4 МДТБҰ  топтық  ұяшықтарды  әмбебап  етіп  жобалау  ұсынылады:  3  жасқа 
дейінгі  балалар  тобының  ұяшығында  15  баланы  орналастыру,  3  жастан  басталатын 
балаларға  арналған  топтық  ұяшыққа  –  20  баланы  орналастыру  үшін  қажетті  алаң  мен 
санитарлық-техникалық қондырғылар жиыны болуы тиіс.  
4.4.1.5 МДТБҰ-ның  тиімді  сыйымдылығы  50,  95,  140,  190  және  280  орынды 
құрайды. 
4.4.1.6 Қысқа 
мерзімді 
қараудың 
серуендеу 
топтарындағы 
орын 
саны  
жобалауға  берілген  тапсырмамен  анықталады  және  ықшамауданның  (елді  мекеннің)  
әрбір 1000 тұрғынына қысқа мерзімді қараудың серуендеу топтарына 5 орыннан, кезекші 
топтарға 1 орыннан бекітіледі.  
4.4.1.7 МДТБҰ  жеке  бөлек  тұрған  және  жапсарлас  (тұрғын  үйлерге  жапсарлас) 
ғимараттар болып қарастырылуы мүмкін. 
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру  ұйымы  -  жалпы  білім  беру 
мектептерінің бірінші сыныптарымен бірге, сонымен қатар, ғимараттарда және телімдерде 
де  БДО  мектеп  және  мектепке  дейінгі  бөлімдерді  ішінара  қызметтік  және  кеңістіктік 
оқшаулау жағдайында жеке немесе жиынтықпен жобаланады. 
4.4.1.8 Топтық 
ұяшықтар 
түрлерінің 
жиынтығы 
мен 
олардың 
құрамы,  
сонымен  қатар  МДТБҰ  ғимаратындағы  арақатынасы  жобалау  тапсырмасымен  
В  қосымшасына  сәйкес  немесе  балалардың  жасын  іріктеуге  сүйене  отырып  есептеу 
бойынша анықталады. 
 
Ескертпе  –  Жергілікті  басқару  және  білім  органдарының  келісімі  бойынша  жалпы  тұрпаттағы 


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау