|
Суды тазарту Жағдаят типі: жаҺандық
|
бет | 12/20 | Дата | 21.10.2023 | өлшемі | 19,92 Mb. | | #43961 |
| Пиза билимцентр материалдары Жауап толық қабылданады
Код 1: Жану, ашу.
Жауап қабылданбайды
Код 0: Басқа жауаптар.
Код 9: Жауап болмаса.
Артқа
Жаттығулар
Қышқыл жаңбырлар
Жағдаят типі: әлеуметтік
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Төменде келтірілген суретте 2500 жыл бұрын Афинадағы Акропоьде салынған Кариатидтер деп аталатын мүсіндер бейнеленген. Мүсіндер мәрмәр деп аталатын тау жынысынан жасалған. Мәрмәр кальций карбонатынан тұрады.
1980 жылы қышқыл жаңбырдың әсерінен бүлінген түпнұсқа мүсіндер Акрополь мұражайына көшіріліп, олардың орнына көшірмелер орнатылды.
Әдеттегі жаңбыр аздап қышқыл, себебі ол ауадан көміртегі диоксидінің аздаған мөлшерін сіңіреді. Қышқыл жаңбыр әдеттегі жаңбырға қарағанда қышқыл, себебі ол күкірт оксиді және азот оксиді сияқты газдарды сіңіреді.
Күкірт оксиді мен азот оксиді ауаға қайдан келеді?
Оқушылар қоршаған ортаның ластануын көрсеткен кезде оның көзін атау керек. Мысалы, төмендегі жауаптарды көрсету жеткіліксіз болады:
қоршаған ортаның ластануы.
атмосфераның ластануы
газдану, ластану, өрт, темекі («газдану» деген мағынада анық емес, «өрт» деген жауап жеткіліксіз, темекі түтіні қышқыл жаңбырлардың маңызды себебі емес)
атом электр станцияларынан ластану.
Жауап толық қабылданады
Код 1: Төменде көрсетілген жауаптардың кез келгені дұрыс деп саналады:
көмір мен газды жаққанда;
зауыттардан және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындардан оксидтер бөлінгенде;
вулкандардан;
электр станцияларынан бөлінетін түтіннен («электр станциялары» жауап ретінде енгізілген, өйткені олар қазба отын жағылатын жылу электр станцияларын қамтиды);
құрамында күкірт пен азот бар материалдар жанғанда.
Жауап қабылданбайды
Код 0: Басқа жауаптар:
олар пластмассадан бөлінеді;
олар ауаның табиғи құрамдас бөліктері;
көмір және мұнай (жауап жеткіліксіз, өйткені «жану» туралы айтылмаған);
атом электр станциялары;
өнеркәсіптік қалдықтар (жауап жеткіліксіз);
Код 9: Жауап жоқ.
Артқа
Жаттығулар
Су электр станциясы
Жағдаят типі: жаһандық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Бұл анимация тұщы сулы өзен мен мұхит суы кездесетін жерде орналасқан электр станциясының жаңа түрін көрсетеді. Электр станциясы электр энергиясын өндіріп шығару үшін екі суайдындағы тұздың концентрациясындағы айырмашылықты пайдаланады. Электр станциясында тұщы су өзеннен құбырлар арқылы бір резервуарға тартылады. Басқа резервуарға мұхиттан тұзды су тартылады. Екі резервуар су молекулаларын ғана өткізетін мембранамен бөлінген.
Су молекулалары мембрана арқылы тұздың концентрациясы төмен резервуардан тұздың концентрациясы жоғары ыдысқа ауысады. Бұл тұзды су резервуарындағы судың көлемі мен қысымын ұлғайтады.
Су молекуласы қозғалысының ұлғайтылған суреті
Тұзды суы бар резервуардағы жоғары қысым астындағы су одан кейін электр энергиясын өндіріп шығару үшін турбиналарды жылжыта отырып, құбыр арқылы ағады.
Электр станцияларының көпшілігі энергияның көзі ретінде мұнай мен көмір тәрізді қазба отынды пайдаланады.
Бұл жаңа электр станциясы қазба отын түрлерін пайдаланатын электр станциясына қарағанда неге экологиялық жақтан таза болып есептеледі?
Оқушылар осы блокта көрсетілген жаңа электр станциясына қарағанда қазба отынды жағатын станцияның қоршаған орта үшін неге зиянды екенін анықтайтын түсіндірме беруі керек, немесе жаңа электр станциясын экологиялық жақтан анағұрлым таза ететін ерекшелігін анықтауы керек
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|