|
Су тіршілік көзі. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыстық тіршілігінде маңызы өте зорCу тұтыну нормалары және ағынды суларды пайдалану есептері
|
бет | 4/11 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 61,07 Kb. | | #36128 |
| Ғылыми Жоба CУ10 ә Аяжан1.3. Cу тұтыну нормалары және ағынды суларды пайдалану есептері
Тұрмыстық канализацияны жобалаған кезде су тұтыну нормалары СанПиН бойынша көрсетілген су пайдалану нормалармен тең болу керек. Су тұтыну нормалары климаттық жағдайға, сумен жабдықтаушы көзінің қуатына, су сапасына, жабдықталу денгейіне және сол жердің жалпы жағдайы бойынша алынады. Елді мекеннің ағынды сулар мөлшерін есептеу үшін өнеркәсіп өндірістерінен, халықты жабдықтаушы, шыққан сулар және де есептелмей қалған шығындардың тек 5% елді мекеннің қосынды көлемінен алынады. Бос шығарылған судың ағынды судың тәуліктік мөлшерінің тек 20 % есепке алынады. Өндірістен және өнеркәсіптен шыққан ағынды сулардың мөлшерін үлкейтілген су тұтыну және су пайдалану нормалары бойынша анықтайды. Тұрмыстық ағынды сулардың шығының төмендегі формулалар арқылы есептейді (2): Q max.с = N gи Kтәулік Kс / (24*1000) (2) G max.т = N gи Kт Kс / 86400 Q орт.т – тұрмыстық ағынды сулардың орташа тәуліктік шығыны м 3 /т; Q max т – тұрмыстық ағынды сулардың тәуліктік су тұтыну максимум шығыны, м 3 /т; N – тұрғындар саны, адам; g и – бір адамға шаққандағы су пайдалану нормасы, л/т; Кт - ағынды сулардың канализацияға түсуінің тұрақсыз тәуліктік коэффициенті (тәуліктік максималды шығынның жылдық орташа тәуліктік шығындарға қатынасы); 15 Кс – ағынды сулардың канализацияға түсуінің тұрақсыз сағаттық коэффициенті (максималды сағаттық шығынның максималды су пайдаланудың тәуліктегі орташа сағаттық шығынға қатынасы) . Моншада бір адам суды пайдаланудан кейін шығарылатын ағынды сулар былайша есептелінеді жууға 40 л кір жууға 20 л. Еденді жуғаннан кейін түсетін ағынды сулар мөлшерін есептеген кезде 0,2 л 1м2 бөлме көлеміне сәйкестендіреді. Орталықтандырылған жүйелі инженерлі қондырғылары бар базалық ауылдар төмендегідей су пайдалану нормаларымен есептелінеді (л/т): Көпқабатты үйлер әжетханамен және жуынатын бөлмелермен жабдықталған (1 адамға) 60-80. Жатақхана жуынатын және әжетханамен жабдықталған (1 адамға) – 40-60. Мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелер (1 бала) – 25 Стационарлар (1 төсек орны ) – 40-60. Нан наубайханасы бар асхана (1 тағам) – 5-10. Монша (1 келуші) – 50-60. Кір жуатын бөлме (1кг құрғақ киім ) – 20 /10/.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|