Жалпы нұсқаулар: Бұл тәсіл кальций және магний иондарының трилон Б ерітіндісімен тұрақты__кешенді қосылыс түзуіне негізделген. Судың жалпы кермектілігін анықтауды трилон Б ерітіндісімен сілтілі ортада (рН) индикатордың қатысуымен титірлеу арқылы жүргізіледі. Зерттелетін су сол алынған күні талданады. Су қосындыларын хлороформ қосу арқылы
бірнеше күн сақтауға болмайды. Талдау жүргізу үшін лабораториялық жағдайда күні бұрын мынадай қажетті ерітінділерді жасап қояды.
Жұмыстың орындалуы: Судың жалпы кермектілігін анықтау үшін көлемі 250- 300 мл колбаға 100 мл сүзілген суды немесе көлемі 100 мл-ге дистилденген сумен жеткізілген аз мөлшердегі суды құяды. Бұдан соң 5 мл буферлік ертінді және үстіне шамамен 0,1 г құрғақ индикатор қосып, 0,05 н трилон Б ерітіндісімен түсі өзгергенше айналдырып отырып титрлейді (ертінді түсі титрдің аяғында жасыл өңді көк түске бөленеді).
Егер титірлеуге 10 - мл ден артық трилон Б ертіндісі кетсе, онда зерттелетін
судың жалпы қаттылығы жоғары болғаны, яғни кальций мен магний иондарының мөлшері 0,5 мл дан көп. Мұндай жағдайда талдауға 50 мл-суға 50 мл дистилденген су қосып қайта титрлеу керек. Егер титерлеудің аяғында су ерітіндісінің түрі күртөзгермей, бұлыңғырлап кетсе, онда талданатын суда мыс пен мырыштың болғаны. Бұл иондардың титрлеуге теріс әсерін тудырмау үшін суға 1-2 мл натрий сульфидін қосып, қайта титірлеуге қажет.
Егер талданатын суға буферлік ертінді мен индикаторды косқанда ертіндінің
түсі өзгеріп, бозара берсе, онда талдау суында марганец ионы бар болғаны. Бұл жағдайда талданатын су ертіндісіне тұзқышқылды гидроаксиминнің 1%-ті ерітіндісінен 5 тамшы қосып, кайтадан титрлеу керек. Егер талдау суының өте күшті сілтілігінің салдарынан титірлеу жұмысы дұрыс болмаса (тұрақсыз, бұлыңғыр түс) онда талдау суына басқа реактивтерді қоспастан
бұрын сілтілікті залалсыздандырып, нейтралдайтын мөлшерде тұз қышқылын 0,1 н ерітіндісін қосып, 5 минут қайнатып, содан соң салқындатып, одан кейін буферлік ерітінді мен индикаторды қосып, титірлейді. Талдау нәтижесі мына формуламен есептеледі (мг-экв/л)
Х = U· 0,05 · К · 1000 / V
U - титірлеуге кеткен трилон Б ертіндісінің көлемі, мл;
К-трилон Б ертіндісінің түзету коэффициенті;
V - талдауға алынған судың көлемі, мл.
Достарыңызбен бөлісу: |