Студенттің өзіндік жұмысы Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



жүктеу 39,05 Kb.
бет1/3
Дата26.01.2022
өлшемі39,05 Kb.
#35226
түріКонспект
  1   2   3
Студентті зіндік ж мысы П ні Ба алауды лшемдік технологияла


AҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік
жұмысы


Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары


Дайындаған: Сақтағанова Мерей
Мамандығы:
Педагогика және психология (қашықтықтан) 2-курс

СӨЖ тақырыптары

1-тақырып: Білім сапасы ұғымына сипаттама. Еліміздегі жəне шетелдегі рейтингтік бақылау жүйесін қолдану практикасы. (конспект)

2-тақырып:Оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бақылау жəне бағалау (конспект)
3-тақырып: Педагогиканы оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің практикасы (кесте)

4-тақырып: Гонконг, Сингапур, Калифорния штатында, т.б. білім сапасын жетілдіру жүйесі (конспект, реферат)
5-тақырып: Білім беру таксономиясының мақсатын қалай түсінесіз? (конспект-талдау)

2020 жыл


1-тақырып. Білім сапасы ұғымына сипаттама. Еліміздегі жəне шетелдегі рейтингтік бақылау жүйесін қолдану практикасы. (конспект)

Қазіргі уақытта кейбір адамдардың түсінігінде «білім берудегі сапа» ұғымы, білім берудегі күтімдердің қамтамасыз етілуі, яғни бір мағынада дипломмен пара-пар. Алайда Вест білім берудегі сапаны күш, əлеует, ерекшелік сөздерімен байланыстырады жəне «сапа» ұғымын бір түр-сипат ретінде қолданатын кезде білім беру бағдарламасының белсенділігі ретінде жориды.

АҚШ Білім министрлігі болса, «білім беру сапасы» ұғымын аз оқушылардан құралған сыныптар, оқушылардың жеке қабілеттерін көрсете алулары, факультеттердің студенттердің күткендерін қамтамасыз ете алу дəрежелері жəне əр түрлі оқыту əдістеріне баламалы əдістер ұсына алатын қабілеттер ретінде анықтауда жəне сапалы білім беруді болса, оқушы-мектеп-отбасы арасындағы ынтымақтастық ретінде түсіндіруде.

Білім беруде сапаны жақсарту жұмыстары біртекті жолға қарағанда, қайталанбалы циклге ұқсас жоспарлау, жүзеге асу жəне жетілу істерінен құралған. Алғашқы деңгей жетілу үшін үздіксіз жоспарлауды қамтиды. Бұл істі жетілдіру жоспарларының жүзеге асуы жалғастырады. Кейінгі деңгейде болса, жетілдіру жоспарларына қатысты клиент қажеттіліктерін анықтауда қолданылатын əдістердің жетілдірілуі болады. Қоршаған орта серпінді бір орта болғандықтан, білім беру саласындағы қызметкерлердің үдерістерді үздіксіз қадағалаулары, ақпаратты да үздіксіз бөлісулері, бірлік ішінде жұмыс істеулері жəне ақпарат алмасуға кедергі болған жəне болатын жайттарды жоюлары міндетті. Бұл тұжырымға қарағанда тəрбиелеушілер мен оқытушылар тек қана мəселелерді анықтаудың орнына сол мəселелердің шешуін табуды негізге алулары керек.

Осы жерге дейін келтірілген анықтамалар мен тұжырымдарды негізге ала отырып, білім беру қызметіндегі сапа ұғымын, білім жəне тəрбие беру жұмыстарында жоғары сапалылық пен мүлтіксіздікке жету үшін бір ұйымның барлық қызметкерлерінің үздіксіз даму мəдениетін иемденгендігі туралы бір философия, бір сенім, бір тұжырым деуге болады.

Білім беруде сапа дұрыс білімнің, дұрыс уақытта, дұрыс мекенде, дұрыс адамдарға, дұрыс оқытушылар мен тəрбиелеушілер тарапынан берілуі арқылы жүзеге асады. Сол себепті, білім беруде сапаны жақсарту, көтеру үшін білім беруді басқаруға да көп көңіл бөлу керек. Білім беруді басқаруда

жасалуы керек ең маңызды жұмыс, бағалау нəтижесінде ортаға шығатын

жəне осы күнге дейін бар болған қажеттіліктердің жүйелі жəне жоспарлы түрде қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің үздік, табысты басқару əдістерін жан-жақты терең зертей отырып, сол үздік тəжірибелерден пайдалану болып табылады.

Білім беру қызметінде сапаның қалыптасуы мейілінше күрделі бір тақырып. Бұл күрделілік білім берудің жəне қызмет көрсету саласының ерекшеліктеріне (нақтылы өнімдерге ұқсамауы, абстрактілі, қолға ұстала алмайтын, өзгермелі, сақтала алмайтын жəне т.б. болуы) байланысты болып отыр.

Қазіргі таңда əрбір деңгейдегі білім беру ұйымдары қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін жиынтық сапа менеджметін бір жүйе ретінде қолдануы жəне бұл қағидаларды негізге ала отырып, тиімді жəне табысты жүйелер құруы керек. Сол себепті білім беру басшылары сапалы білім беру басшылығы үшін білім беру қызметінің барлық жақтарының бірге қолға алынуына орай Жиынтық сапа менеджметі (Total Quality Management) ұғымының керектігін пайымдауы керек.

Білім беру қызметінің сапасын жəне клиенттің қанағаттануын көтеру, жақсарту үшін қызметтердің жəне қызмет сапасының сенімділік, сəйкес жауап беру, жеткіліктілік, қолжетімділік, құрмет, байланыс, бедел, қауіпсіздік, клиентті аңғару жəне физикалық объектілер жəне т.б. элементтеріне көп көңіл бөлу керек. Себебі бұлардың барлығы білім беру сапасын арттыратын жəне оқушылар мен студенттердің бұл қызметтен күткендерін қанағаттандыратын жұмыс  болып табылады.


жүктеу 39,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау