31
Windows қосымшасы әртүрлі объектілерді қамтиды. Олар бір-бірімен,
сыртқы ортамен хабарлама арқылы және оқиғаға жауап қайтара отырып
байланысады.
Хабарламалардың қайнар көздері:
1. Оқиғаны қолданушы атқаратын қызметтер: пернетақта арқылы
символдарды енгізу, тышқанды орнынан жылжыту, тышқан батырмасын басу
және жіберу;
2. Windows-тан
қосымшаларға жіберілетін хабарлама негізінде
атқаратын Windows жүйесінің қосымшалары;
3. Windows ортасы: ол Windows қосымшаларына хабарлама жібере
алады; Мәселен Windows-та ұяшықпен жұмыс атқару барысында жүзеге
асатын мынадай хабарламалар бар: активтеу, жабу, ауыстыру, ұяшықтың
өлошемін ауыстыру кезінде;
4. Мәліметтермен алмасу үшін Windows қосымшалары бір-бірімен
динамикалық ақпарат алмасады.
Қосымшаларды орындау барысында объектілер жаңадан туындап
жойылуы мүмкін. Бұл дербес компьютердің қорын үнемдеуімен байланысты.
Объектілер жаңадан туындау үшін арнайы әдісінің бірі – конструктор. Ал
жою үшін арналған – деструктор.
Объектіге негізделген бағдарламалау
Бағдарламалау индустриясын қамтамасыз ету жаңа технологиялар
методологияларды жасау бағдарламасы бойынша бірнеше кезеңдерден
тұрады. Жаңа бағдарламаға ауысу үшін бұрыңғы өңдеулермен ұқсастықты
орнату қажет. Объектілі бағдарлау бағдарламасын қолданушы жаңа
бағдарламаның методологиясын ұсынды. Ол өңдеулердің бірнеше рет
қолданылуын және ары қарай дамуын жеңілдетеді. Объектілі бағдарлау тілі
процедуралық бағдарламалауды толықтырады, ол арқылы бірнеше рет кодты
жаңадан шығаруға болады. Процедуралық тілдің көмегімен Windows-қа
қосымшалар шығаруға болады.
Delphi-дің негізгі мақсаты –мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін
арналған қосымшаларды шығару болып табылады. Delphi-де әртүрлі
мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеуге болады.
Delphi-мен
жұмыс істеу барысында объектілі бағдарлау тілі
концепциясын қолданбауға болады, бірақ визуалды өңдеу элементтерін
қолдану автоматты түрде объектілі бағдарлау тілінде орындалады.
Қосымшаларды құрайтын Delphi элементтері: пішін, шектер, батырма,
белгі, таңба және т.б. Пішінге орнатылған визуалды компонент те Delphi-дің
объектісі болып табылады. Бағдарлама орындалмастан бұрын объектілер
экранда көрсетіледі. Сондықтан Delphi бағдарламасы – визуалды.
Барлық Delphi-ге арналған бағдарламаның коды Delphi қосымшасында
орнатыла бермейді. Оның бір бөлігі Windows-тың құрамдас бөлігі ретінде
саналады. Мысалы, стандартты ұяшықтарға арналған кодтар және батырмалар
түгел Windows-тан алынады. Ал Delphi тек оларды қолданады.
32
5 сұлба – Windows және Delphi бағдарламалар қосымшасының байланысу
сұлбасы
3.2.1 Delphi бағдарламалау тіліндегі компоненттер бумасына
сипаттама
Қосымша мен экранды басқаруды ұйымдастыру Delphi амалдарында
қарастырылады. Delphi-дің негізгі әдістері интерфейс бағдарламалау жүйесін
сипаттауды құрайды. Оның ішінде қосымша проектісінің элементтерінің
құрамы мен сипаты жатады. Delphi бағдарламалау тілі мәліметтердің түрімен,
негізгі тілдің құрылымымен, бағдарламалаудың маңызды тәсілдерімен және
объектілі бағдарлау тілінің түсінігімен көрсетіледі. Бағдарламаны қате
орындауға байланысты туындаған кездегі қайта өңдеу, маңызды Delphi
бағдарламасын ретке келтірумен сипатталады. Онда қате түрлері және класс
ерекшелігі сипатталады, сонымен қатар глобальді және локальді қайта өңдеу
ерекшелік нұсқасы қаралады.
Дамытылған интерфейс қосымшаларының элементтері қарастырылады:
жұмыстың диапазондық маңызы, есептеуішті ұйымдастыру, Panel, ToolBar,
CoolBar, Form сияқты кең таралған компоненттерді қолданумен құрал
панельдерінің нұсқасын құру. Қосымшаларды ұйымдастыру: әртүрлі құжат
қосымшаларының құрылуы, кансольді қосымша ерекшелігі, басқа
қосымшаларды техникалық іске асыру.
VCL кітапханасының иерархиялық компоненттері
VCL (Visual Component Library) – Delphi компонентінің кітапханасы. Ол
Windows API функциясының объетілі бағдарлау тілін күйге келтіреді және
визуалды, визуалды емес компоненттерді түзеді. Олардың барлығы қосылып
біртұтас иерархиялық тізімін құрайды. TObject - VCL кітапханасының негізгі
қайнар көзі.
Графикпен жұмыс барысы: бағдарламаны суреттеу процессінде, Image
маңызды графикалық компоненттерінде, бейнетаспа мен мультимедиялық
33
құрылғыларды ұйымдастыруда іске асырылады. Файл, каталогтар және
оларды қолдану мысалдарымен жұмыс істеу компоненттері қарастырылады.
Қосымша
интерфейстерді
шығару
үшін
маңызды
визуалды
компоненттер қолданылады. Визуалды компоненттерді құрайтын Палитра
бетінің компоненттері беріледі; көптеген визуалды компонененттердің негізін
және барлығына тән визуалды компонент қасиеттерін, оқиғаларын және
тәсілдерін TControl классы арқылы сипаттауға болады [6].
Компоненттер мен жұмыстың техникасы мәліметтерді көрсетумен,
енгізумен және өңделумен қарастырылады. Бұл мәліметтер жолы
операциясына негіз болатын TStrings классы мақсатында сипатталады;
жазуларды көрсету үшін қызмет атқаратын Label компоненті; мәліметтерді
өңдеу мүмкіндігін тудыратын Edit, Memo, MaskEdit және RichEdit
компоненттері; тізімдермен жұмыс істеудің амалдары мен техникасы.
6 сұлба – Компонент классының иерархиялық фрагменті
Компонент – компоненттер палитрасында сақталған пиктограмма
классының объектісі. Бұл өңдеу кезіндегі Delphi ортасының байланысы мен
жариялы ерекшеліктердің классы болып табылады.
Барлық Delphi жүйесінің компоненттері:
- визуалды – қосымшаларды орындау кезіндегі өңдеулер түрі, яғни
батырмалар, белгілер және т.б.;
- визуалды емес – қосымшаларды орындау және өңдеу кезінде бір-бір-
бірімен сәйкес келмейтін түр, яғни мәзір (меню), ұяшық, диалог және т.б.
Визуалды компоненттердің топтары: түр, батырма, мәтін, енгізу және
шығару операторы, қосымшаларды өңдеу, компоненттерді топтастыру,