34
кестелер мен иерархиялық құрылымды құру. Визуалды компоненттер
көмегімен мынадай әрекеттерді істеуге болады:
- негізгі және туынды қосымшалардың түрін қалыптастыру;
- қосымшаларды орындау кезінде мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру
үшін батырмалар мен әртүрлі топтық батырмаларды орналастыру;
- ұяшықтарды енгізу мен мәтіндік жолды өңдеу;
- көп беттік блакнотты құру;
- компоненттерді топтастыру;
- иерархиялық құрылымды құру.
Визуалды емес компоненттер форманы өңдеу кезінде шығады. Жұмыс
барысында байқалмауы да мүмкін. Олар басқа визуалды компонент
қосымшаларын басқарады.
Визуалды емес компонент түрлері: әртүрлі мәзір (меню), таймер және
диалог құру компоненті. Олардың көмегімен мына іс-әрекеттер орындалады:
- әртүрлі мәзірлерді (меню) орындау: басты және кез келген ұяшық
элементінің тууын басқару;
- белгілі бір уақытта қажет ететін әрекеттер үшін таймерді қолдану;
- стандартты диалогтарды құру: файлдарды ашу және сақтау, шрифт
пен түсті таңдау мен орнату, баспаның (принтер) түрі мен жұмыс режимі және
қолданушының хабарламалары үшін тұрақты ұяшықтарды қолдану үшін
арналған;
- нақты мәліметтерге рұқсат етпеу үшін пароль орнату.
Батырмамен ауыстырып қосу көмегімен техника жұмысы және
компоненттері сипатталады [7].
Маңызды визуалды компонент, Windows ұяшығының айқын көрінісі
және кез келген қосымшаның орталық бөлігі ретінде қарастырылатын техника
мен компоненттердің пішіні болып табылады. Хабарлама мен ақпарат сияқты
жай әрекеттерді орындайтын стандартты диалогты ұйымдастыру - процедура
мен жүйені сипаттауда қолданылады. Меню, құрал-жабдықтар панелі және
интерфейс технологиясын құру қосымшасы іс-әрекет механизмінің көмегімен
қарастырылады.
3.2.2 Бағдарламаны құруда қолданылған Delphi компоненттері
Ақпараттық жобаны құруда қолданылған компоненттер палитрасының
бүктемелері:
1. Standard бүктемесі;
2. Additional бүктемесі;
3. Win 32 бүктемесі;
4. System бүктемесі;
5. Data Controls бүктемесі;
6. Data Access бүктемесі;
7. ADO бүктемесі;
35
8. Dialog бүктемесі;
9. Samples бүктемесі;
10. Alpha Tools бүктемесі.
Standard бетіндегі компоненттер тізімі 1-кестеде көрсетілген.
1 кесте
– Standard бетіндегі компоненттер тізімі
Компонент түрі
Компонент сипаттамасы
Frames
Мұрагерлік мүмкіндігі бар панель
MainMenu
Басты мәзір түрі
PopupMenu
Контекстік мәзір түрі
Label
Мәтінді енгізу белгісі
Edit
Бір жолдық ұяшықтарды өңдеу
Memo
Көп жолдық ұяшықтарды өңдеу
Button
Басқару батырмасы
CheckBox
Бақылау индикаторы
RadioButton
Радиобатырма
ListBox
Тізім ұяшығы
ComboBox
Өңделетін тізім
GroupBox
Топтық ұяшық
RadioGroup
Топтық радиобатырма үшін контейнер
Panel
Панель
Қарапайым қосымшалар үшін бір мәзір (меню), ал күрделі қосымшалар
үшін бірнеше мәзір (меню) қолданылуы мүмкін. Delphi-мен жазылған
қосымшаларда мәзірдің екі түрі орындалады:
- MainMenu (басты меню); ол формаға тиесілі панель тақырыбының
астында көрсетіледі;
- PopupMenu (контекстік меню); ол тышқанның оң батырмасын басқан
кезде барлық визуалды компоненттерде пайда болады.
Меню пунктерден тұратын иерархиялық құрылым. Әр пункт тышқан
батырмасын басқан кезде немесе қосымша тәсілдер арқылы таңдала алады.
RadioButton, бір топқа біріктірілген радиобатырма компоненттері
қолжетімді қолданушыларға кез келген нұсқаны таңдау мүмкіндігін
жеңілдетеді.
Радиобатырма объетілер тобынан тек бір батырма таңдалуы мүмкін.
Радиобатырма механизмінің ерекшелігі өшіп-қосу мүмкігндігінде: бір
батырма таңдалған кезде басқалары таңдаусыз қалады.
Edit, бір жолдық редакторға мәтіндік өңдеу және көрсету аясы тән.
Delphi-де көбінесе Edit бір жолдық редакторы қолданылады. Edit компоненті
қосымшаларды орындау кезінде мәтіндерді жазу және көрсетуді өңдеуді,
сонымен қатар пернетақта арқылы енгізуді көздейді.
36
ListBox пен ComboBox компоненттері жолдардың тізімін көрсетеді.
ListBox қолданушыларға мәліметтерді таңдауға мүмкіндік береді, ал
ComboBox мәліметтерді өңдеуге көмектеседі.
ListBox – тіктөртбұрышты жолдары бар жай тізім. Ал ComboBox – көп
құрамды тізім. Ол өңдеу және тізім аясын біріктіреді.
RadioGroup панелі - радиобатырмаларды орналастыруға арналған.
Радиобатырма компоненттері тек бір ғана өзара байланысқан индикаторды
таңдауға мүмкіндік береді. Олар қолданушыларға бірнеше өзара
ерекшеліктерге тән альтернативтерді таңдауға қолданылады.
RadioGroup компонентінің ішінде RadioButton сияқты басқа да
компоненттер орналасуы мүмкін. Бірақ бұл компоненттің меншігі бола
алмайды. Олар бір-бірімен тәуелсіз.
GroupBox панелі өзінде басқа да компоненттердің орналасуына
арналған. Ол Caption сипатына ие. GroupBox копонентінде орналастырылған
компоненттер оның иелігінде болады: компоненттің орын ауыстыруы басқа
компоненттермен бірге жүреді.
GroupBox-та RadioButton және CheckBox батырмаларын топтастыруға
болады. Барлық RadioButton батырмалары бір тұтас топ ретінде жұмыс
істейді. Дәл RadioGroup панеліне орналасу кезіндегідей бір ғана
радиобатырманы таңдайды. CheckBox батырмасы арқылы қажет батырма
тобын таңдау мүмкіндігі туады.
Additional қосымша компоненттер тізімі 2-кестеде көрсетілген.
2 кесте
– Additional қосымша компоненттері
Компонент түрі
Компонент сипаттамасы
BitBtn
Суретті батырма
SpeedButton
Панель жабдықтарын жасауға арналған суретті батырма
StringGrid
Кесте жолдары
Image
Графиктерді көрсететін пиктаграммалар, биттік файлдар
және метафайлдар
Bevel
Шектеу
ControlBar
Панель жабдықтары
BitBtn – Tbutton компонентінің мұрагері. Ол жай ғана батырмаға
ұқсайды, бірақ мәтңнмен бірге пиктограмманы және кішігірім бейнені
орналастыруға көмектесе алады. Әдетте пиктограмма батырма функциясының
мәнін түсіндіреді.
SpeedButton
– оперативті компонент батырмасы. SpeedButton
батырмасымен Caption арқылы мәтінді және Glyph арқылы суретті
орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл батырмалар панель жабдықтарындағы
жылдам батырма ретінде жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |