Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

13 



5.5.6 Әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы және қызмет көрсету үй-жайлары  

 

5.5.6.1 Әкімшілік-шаруашылық  мақсаттағы  үй-жайлар  құрамы  мен  аумағы  мекеме 



түрі мен ғимарат  пішініне байланысты қабылданады.  

5.5.6.2 Әкімшілік-шаруашылық  мақсаттағы  қызмет  көрсетуге  арналған  үй-жайлар 

құрамында  үй-жайлардың  келесі  топтары  бар:  әкімшілік-шаруашылық,  кіреберіс  және 

қызмет көрсету, техникалық.  

5.5.6.3 Оқушылар  сарайлары  ғимараттарындағы  санитарлық  тораптар  бөлек 

қарастырылуға  тиіс  –  көріністік-бұқаралық  топтағы  үй-жайлардың,  клубтық-үйірмелік 

және  әдістемелік  топтардың  келушілер  мен  дене  шынықтыру-спорттық  дайындық  үй-

жайларға келушілерге қызмет көрсетуге арналған. 

5.5.6.4 Кіреберістер  мен  санитарлық  тораптар  мен  жуынатын  жерге  баспалдақ 

алаңынан  және  үйірме  үй-жайларына  тікелей  кіруге  қарама-қарсы  орналастыруға  жол 

берілмейді.  

5.5.6.5 Оқушылар  сарайының,  жас  техниктер  мен  жас  табиғат  зерттеушілер 

станцияларының  ғимараттарында,  мекеменің  түрі  мен  қызмет  көрсететін  құрамның 

(ғимарат  түрінің)  көлеміне  байланысты    мерзімдік  пайдалану  буфеті  (бұқаралық  және 

әдістемелік  шараларға  қызмет  көрсету  үшін)  немесе  тұрақты  құрамға  (әкімшілік-

шаруашылық  қызметкерлеріне,  ұстаздар  мен  тәрбиешілерге,  оқушылардың  бір  бөлігіне) 

қызмет  көрсетуге  есептелген  тұрақты  жұмыс  істейтін  буфет  (тәулік  бойғы) 

қарастырылады. 

 

5.5.7 Оқушылар  сарайы,  жас  техниктер  мен  жас  табиғат  зерттеушілер 

станциялары мекемелерінің үй-жайлары  

 

5.5.7.1 Әр 



зертхананың  (үйірмелік  үй-жайдың)  ауданы  іс-әрекет  түрінің, 

қатысушылардың  (жұмыс  орнының)  санымен,  жиһаз  бен  қондырғылардың  қажетті 

жиынтығымен және процесті функционалдық ұйымдастыру арқылы анықталады. 

5.5.7.2 Тар әрі ұзын үй-жайлардан аулақ болу қажет.  

5.5.7.3   Музыкалық,  хореографиялық  бөлімшелердің,  дыбыс  жазу  студиялары  мен 

кабинеттерінің үй-жайлары дыбыс өткізбеумен қамтамасыз етілуге тиіс.  

5.5.7.4 Музыкамен  шұғылдануға  арналған  барлық  үй-жайларда  акустикалық 

тамбурлар қарастырылуға тиіс. 

5.5.7.5 Үй-жайларды  әрлеу  үшін  сапасы  мен  қауіпсіздігін  растайтын  құжаттар  бар 

құрылыс материалдары қолданылады.  

5.5.7.6 Станоктық қондырғылар бар үй-жайлардың едендері келесі талаптарға жауап 

беруге  тиіс:  жоғарғы  тозуға  беріктік  (оның  ішінде  металл  жоңқаға  қарсы),  майлар  мен 

еріткіштердің  әсер  етуіне  тұрақтылық,  соққыға  төзімділік,  жинаудың  оңайлығы  мен 

қарапайымдығы. 

5.5.7.7 Физика  мен  химия  зертханаларындағы  еден  жабыны  түрлі  химиялық 

әсерлердің  салдарын  сенімді  жоюды  және  химиялық  реагенттерге  тұрақтылықты 

қамтамасыз етуге тиіс.  



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

14 



5.5.7.8 Шаң  шығару  көзі  болып  табылатын  барлық  қондырғылардың,  жалпы 

айырбасталатын  механикалық  желдеткіш  болған  жағдайда,  жергілікті  механикалық  ауа 

тартқыш желдеткіш болуға тиіс.  

5.5.7.9 Шеберханалар  шуы  аз  қондырғылармен  жабдықталады,  шу  деңгейі  мен 

тербелісі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  талаптарға  сәйкес  жол 

берілген деңгейден аспауға тиіс.  

5.5.7.10 Саяхатшылық-өлкетану, 

экология-биологиялық  бағыттағы  теориялық 

сабақтарды  жүргізу  үшін  эксперименттік  зертханалармен,  гүл  шаруашылығы,  өсімдік 

шаруашылығы және жылыжайлармен жылы өту жолдары арқылы байланысатын ыңғайлы 

оқу үй-жайлары бөлінуге тиіс.  

5.5.7.11 Ғимаратта жылыжай, қысқы бақ  және тірі табиғат бұрышын орнату кезінде 

өсімдіктер  мен  жануарлар  үшін  қолайлы  температуралық  және  ылғалдық  режимі 

қамтамасыз  етілуге  және  теориялық  сабақтарды  жүргізу,  сондай-ақ    құрал-саймандарды 

сақтау  мен  жануарларға  арналған  азықтарды  дайындау  үшін,  оларға  жанаса  орналасқан 

қосалқы бөлмелер бөлінуге тиіс.  

5.5.7.12 Барлық үй-жайларда ортақ жарықтандыру жүйесі қолданылуға тиіс.  

 

5.6 Лагерьлердің сәулет-жоспарлау шешімдері 

 

5.6.1 Лагерьлерді жобалауға қойылатын жалпы параметрлер 

 

5.6.1.1  Лагерьдің    функционалдық-жоспарлау  құрылымын  лагерьлер  мен 



қолданыстағы  халыққа  мәдени-тұрмыстық  қызмет  көрсету  мекемелерін  орналастыру 

шартын,  жайлылық  деңгейін,  каникул  кезіндегі  профильдің  сәйкестігі,  каникулдан  тыс 

кезеңде пайдалану ерекшелігін ескере отырып анықтау қажет.  

5.6.1.2 Үй-жайлардың  құрамы  қысқартылған  лагерьде  функционалдық-жоспарлау 

құрылымы келесі топтардан құралуға тиіс: тұру, қабылдау-вестибюльдік және әкімшілік-

шаруашылық. 

5.6.1.3 Лагерьдің 

функционалдық-жоспарлау 

құрылымы 

ғимаратты 

салу 

кезектілігінің ықтималдығын, лагерьді бөлінген аумақта кеңейтуді, оның ішінде жоғарғы 



сынып оқушылары профилінің өзгеруіне байланысты оны қайта бейімдеуді, үй-жайларды 

каникулдан тыс пайдалану ерекшеліктерін қарастыруға тиіс.  

5.6.1.4 Лагерьдің  функционалдық-жоспарлау  құрылымы  тұру,  тамақтану  және 

мәдени-бұқаралық  бағыттағы  топтардың  үй-жайлары  мен  алаңдары  арасындағы  өзара 

тығыз  байланысты  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Мұнда  қабылдау-вестибюльдік  топтың  үй-

жайларын,  олардың  үй-жайлардың  негізгі  топтары  арасындағы  өзара  байланысты 

қамтамасыз ететіндей етіп орналастыру қажет.  

5.6.1.5 Лагерьдің  көлемдік-жоспарлық  шешімдерін  құрылыс  аймағының  климаттық 

жағдайын есепке ала отырып қабылдаған жөн. 

5.6.1.6  Лагерь  үй-жайының  тобына  тамақтану,  тұрғын,  медициналық,  әкімшілік-

шаруашылық мақсаттағы үй-жайлар, сондай-ақ спорттық алаңдар мен мәдени-бұқаралық 

мақсаттағы құрылыстар кіруі тиіс.  




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау