Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

17 



5.6.6.4 Медициналық  үй-жайларды  ішкі  әрлеу  үшін  қолданыстағы  нормативтік 

құжаттар талаптарына сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.  

 

5.6.7  Лагерьдің  профилі  бойынша  мамандандырылған  құрылыстар  мен 

алаңдар 

 

5.6.7.1 Барлық  типтегі  лагерьлерде  спорт  құрылыстары  мен  алаңдар  қарастырылуы 



қажет.  

5.6.7.2  Лагерьдің  сыйымдылығына  қарамастан,  ондағы  спорт  кешенінің  құрамында 

міндетті түрде футбол алаңы болуы тиіс. 

5.6.7.3 Спорт ойындарына (волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі) арналған 

алаңдар саны лагерь сыйымдылығына байланысты есептеледі.  

5.6.7.4 Спорт кешенін топтарға жинақтап, тұрғын үйлерден жасыл желектермен бөлу 

арқылы жобалау қажет.  

5.6.7.5  Лагерьдің  жанында  су  қоймасы  болған  жағдайда,  оларды  жүзу  және  судағы 

ойындарды жүргізу негіздеріне үйрететіндей етіп жабдықтау қажет.  

5.6.7.6 Сапқа тұру дайындығы өтетін алаңның үсті қатты жабынмен қапталып, ашық 

түсті  белгілеулер  сызылуға  тиіс,  көрнекілік  оқу-құралдары  және  насихат  құралдарымен 

жабдықталуы тиіс.  

5.6.7.7 Қорғаныс-спорттық лагерь учаскесі кіретін кезінде бақылау-өткізу пункті бар 

қоршаумен қоршалуы тиіс.  

5.6.7.8 «Жүзуге» немесе «судағы полоға» мамандануы кезінде міндетті түрде суы ас 

әзірлейтін  блок  қазандығынан  жылытылатын  жасанды  жиналмалы  бассейн  жобалануы 

қажет.   

5.6.7.9 Техникалық  шығармашылықтың  профильдік  лагерьлерінде  техникалық 

шығармашылық  бойынша  жұмыстар  түріне  арналған  қажетті  үй-жайлар  мен  үлгілерді 

сынауға арналған басқару алаңы бар кордодром болуы тиіс.  

5.6.7.10 Көркемөнер  шығармашылығына  маманданған  лагерьлерде  көрермендер 

залы бар клуб корпусы болуы тиіс.  

5.6.7.11  Шығармашылық  лагерьлерінің  мамандандырылған  аймақтарының  құрамы 

оның негізінде осы лагерлер ұйымдастырылған мектептен тыс мекемелермен анықталады.  

5.6.7.12 Сыйымдылығы  аз  лагерьлерге  арналған  мәдени  орталық  құрамына  әмбебап 

пайдалану блогын енгізу қажет.  

5.6.7.13 Сыйымдылығы жоғары лагерьлерде лагерьдің профилі бойынша сабақтарды 

жүргізуге арналған мамандандырылған блоктарды пайдалану қажет.  

 

5.7 Инженерлік жүйелер мен желілер 

 

5.7.1 Жылыту және желдету 

 

5.7.1.1 Мекемелерді  орталық  жылу  жүйесімен,  желдету  және  ауа  баптау 



жүйелерімен жабдықтау қажет.  


ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

18 



Оқушылар сарайлары, жас техниктер мен жас табиғат зерттеушілер станцияларының 

ғимараттарын жылыту және ондағы ауаны жаңартуды ҚР ҚН 4.02-01 және қолданыстағы 

нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.  

5.7.1.2 Барлық  үй-жайлар  ауа  өткізу  жүйесімен,  терезе  жармаларымен,  сырт 

қабырғалардағы  ауа  өткізгіштің,  желкөздің,  ысырмалы  фрамугтың  және  басқа  да  құрал-

саймандардың көмегі арқылы жабдықталуы тиіс.  

5.8.1.3 Мекеме үй-жайлары инсоляциясының жылдың ыстық мезгілінде артық жылу 

әсерін  шектеу  мақсатында  оңтүстік,  оңтүстік-батыс  және  батыс  жаққа  қараған  терезелер 

күннен қорғайтын құрылғылармен немесе перделермен қамтамасыз етілуі тиіс.   

5.8.1.4 Инсоляцияның  артық  жылу  әсерін  шектеу  жөніндегі  шаралар  үй-жайдың 

табиғи жарықтандыру нормасының бұзылуына алып келмеуі тиіс.  

5.7.1.5 Тарту  желдеткішінің  жекелеген  жүйелері  оқу  үй-жайларында,    кабинеттерде 

(ауаны  жылыту  болмағанда),  зертханаларда,  көрермен  залдарында,  дәрісханаларда, 

шеберханаларда,  спорт  залдарында,  бассейндерде,  душтарда,  тамақтану  үй-жайларында, 

медициналық  пункттерде,  киноаппаратханада,  санитарлық  тораптар  мен  жинау 

құралдарын залалсыздандыруға және өңдеуге арналған үй-жайларда қарастырылады. 

5.7.1.6  Медициналық  оқшаулағыш  палаталарындағы  ауа  ауаның  тігінен  кетуін 

болдырмайтын  бөлінген  бөлек  ауа  арналары  арқылы  ішке  соратын  желдеткішпен 

желдетіледі.  

5.7.1.7 Жыл  бойы  қызмет  атқаратын  сауықтыру  ұйымдарының  жылыту  жүйесі 

барлық ғимараттар мен құрылыстарда қарастырылуы тиіс.  

5.7.1.8 Мекемедегі  барлық  үй-жайлар  ауасындағы  зиянды  заттардың  шоғырлануы 

шекті  жол  берілген  шоғырлану  шегі  мен  елді  мекендердің  атмосфералық    ауасына  әсер 

етудің болжамдық қауіпсіз деңгейінен аспауы тиіс.  

 

5.7.2 Сумен қамту және канализация 

 

5.7.2.1 Суық 



және 

ыстық 


сумен 

қамту, 


канализация 

және 


суағарлар  

ҚР ҚН  4.01-01 мен қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына  сәйкес 

жобалануы тиіс.  

5.7.2.2 Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті 

сумен қамту жүйелері жабдықталуы тиіс.  

5.7.2.3 Айналмалы  сумен  жабдықтау  жүйелерінде  табиғи  және  ағынды  сулар 

тиісінше тазартылып, өңделіп, пайдаланылуы қажет.  

5.7.2.4 Орталықтандырылған 

канализациясы 

жоқ 


аудандар, 

тұрғындардың  

санитарлық-эпидемиологиялық  саулығы  саласындағы  мемлекеттік  органның  келісімі 

бойынша септигі бар жергілікті  канализациямен жабдықталады.  

5.7.2.5 Ішкі канализациясы болмаған жағдайда, ғимаратта  ішкі су құбырын орнатуға 

жол берілмейді.  

5.7.2.6 Канализация  бағаналары  мен  құбырларды  азық-түліктерді  сақтауға  және 

өңдеуге, сондай-ақ тағам әзірлеуге арналған және медициналық мақсаттағы үй-жайларда 

орнатуға жол берілмейді.  



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау