ҚР ҚН 3.02-16-2014
5
ж) балалар сауықтыру лагерьлері (орталықтар, кешендер, қала сыртындағы
сауықтыру лагерьлері мен күндізгі, шатырлы, киіз үйлі және басқа да лагерьлер);
к) балалар және жасөспірімдер спорт мектебі;
л) балалар және жасөспірімдердің олимпиадалық резервтегі мамандандырылған
мектебі;
м) балалар қызығушылықтары мен қызмет бағытындағы басқа да ұйымдар;
н) балаларға арналған қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы.
Ескертпе - Оқу-әдістемелік орталықтар
республикалық, облыстық және аудандық болуы мүмкін.
Ғылыми-практикалық орталықтар республикалық және облыстық болуы мүмкін.
5.1.3 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау
функционалдық мақсатқа негізделуі тиіс.
5.1.4 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін сейсмикалық
аймақта жобалаған және инженерлік іздестірулер жүргізген кезде ҚР ҚН 1.02-02 және
ғимараттарды сейсмикалық аудандарда жобалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын орындау міндетті.
5.1.5 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін жобалау
кезінде құрылыс шарттарының аймақтық және өңірлік талаптары, негізгі және қосалқы
ғимараттар мен құрылыстардың ерекшеліктері, құрамы мен саны есепке алынуға тиіс.
5.1.6 Мектептен тыс мекемелер желісін жобалау кезінде демографиялық жағдайлар
есептелінуге тиіс.
5.1.7 Оқушылар үйін жобалау кезінде үлгілік жобаларды әзірлеу тәжірибесін
пайдалану қажет, оқушылар сарайында жергілікті шартпен анықталған үй-жайлардың
дербес құрамы болуға тиіс.
5.1.8 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің, сондай-ақ
ғимараттарға немесе құрылыстарға байланысты қауіпсіздік жобалау (зерттеуді қоса
алғанда), салу, пайдалану және кәдеге жарату барысын «Ғимараттар мен құрылыстардың,
құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне сәйкес қамтамасыз ету керек.
5.2 Ғимараттың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша
талаптар
5.2.1 Жүктемелердің нормативтік мәндері, жүктемелердің немесе оларға тиісті
күштердің есепке алынатын қолайсыз үйлесім, конструкциялардың иілуі мен жылжуының
шекті мәндері, сондай-ақ жүктемелер бойынша сенімділік коэффициентінің мәні
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес қабылдануға тиіс.
5.2.2 Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін
ғимараттар мен олардың жекелеген элементтерінің беріктігін, орнықтылығы мен
кеңістіктік өзгеріссіздігін қамтамасыз ететін конструктивтік сызбалар қарастырылуға тиіс.
5.2.3 Ғимараттардың іргетасы мен көтергіш конструкциялары оның құрылысы
кезінде және пайдаланудың есеп айырысу жағдайында мына мүмкіндіктер орын
алмайтындай жобалануы және салынуы тиіс:
ҚР ҚН 3.02-16-2014
6
а) ғимаратты пайдалануды тоқтату қажеттілігіне алып келетін конструкциялардың
қирауы мен бүлінуі;
б) конструкциялар мен ғимараттарда деформациялардың және сызаттардың пайда
болу салдарынан болған пайдаланушылық қасиеттерінің нашарлауына жол бермеу.
5.2.4 Көтергіш конструкциялардың механикалық қауіпсіздік бойынша талаптарға
сәйкестігі бүкіл жобаланатын көтергіш конструкция мен оның элементтерін, кестелік
немесе тәжірибелі деректерді ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз
ету мақсатында қолдану арқылы талдау негізінде іске асырылуға тиіс.
5.2.5 Мекемелерді жобалау кезінде, оларға жүйелі техникалық қызмет көрсету және
ғимаратты пайдалану мен оны жөндеу ережелерінің сақталу жағдайында, беріктігі мен
орнықтылығының сақталуы ескерілуге тиіс.
5.2.6 Ғимараттарды сейсмикалық әсерге, өңдеуге, отыруға және аяздан ісінуді қоса
алғанда, топырақтың басқа да жылжуынаа ұшыраған күрделі геологиялық жағдайдағы
ауданда салған кезде, инженерлік желілер бойынша нормативтік-техникалық құжаттарда
белгіленген талаптарды сақтау керек.
5.2.7 Конструкциялар, бөлшектер мен әрлеу материалдары ылғалдың, төмен және
жоғары температураның, агрессивті орта мен басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал
әсеріне төзімді материалдардан орындалуға тиіс.
5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
5.3.1 Ғимараттың өрт қауіпсіздігі мен көлемдік-жоспарлық шешімдері «Өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Ғимараттарды, үй-жайларды және
құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде
адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау
жөніндегі талаптардың» техникалық регламенттерінің талаптары мен өрт қауіпсіздігі
жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуға
тиіс.
5.3.2 Оқушылар, жас техниктер станциялары және жас табиғат зерттеушілер
станцияларының ғимараттарындағы үй-жайлар ҚР ҚН 2.02-02 талаптары мен
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес автоматты өрт сигнализациясымен
жабдықталуға тиіс.
5.3.3 Лагерьдің аумағы өртке қарсы бақылаудың жергілікті органдары белгілеген
нысан бойынша өртке қарсы қалқандармен, құралдармен және құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етіледі.
5.3.4 Ғимараттың барлық өткелдері, эвакуациялау жолдары мен ғимараттан шығу
жолдары бос болуы тиіс. Қауіпсіз жерге эвакуациялау жолдары шашыраңқы
орналастырылуға тиіс.
5.3.5 Газ тәрізді және сұйық отындағы жылыту пештерін пайдаланған кезде
жарылыс қауіпті жағдайды болдырмау үшін технологиялық жобалау кезінде
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын қатаң сақтау қажет.
5.3.6 Балалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылуға тиіс: