Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет11/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

19 



5.7.2.7 Канализация  ағынды  суларды  су  тұтынушылардың  есептік  саны  мен 

белгіленген  санитарлық-техникалық  құралдарға  сәйкес  көлемде  бұрып  жіберуді 

қамтамасыз етуі тиіс.  

 

5.7.3 Жасанды жарықтандыру 

 

5.7.3.1 Балалардың 



және  жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелерінің 

жарықтандырылуы  ҚР  ҚН  2.04-01  мен  қолданыстағы  нормативтік-техникалық  құжаттар 

талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.  

5.7.3.2 Жалпы  жасанды  жарықтандыру  барлық  үй-жайларда  қарастырылуға  тиіс. 

Жекелеген  функционалдық  аймақтар  мен  жұмыс  орындарын  жарықтандыру  үшін 

жергілікті жарықтандыру орнату керек.  

5.7.3.3 Жалпы жасанды жарықтандыру үшін бір типті шамдарды қолдану қажет.  

5.7.3.4 Шырағдандарды жарық түсетін қабырғаға қатарлас орнату керек.  

5.7.3.5  Вестибюльдерде,  дәліздерде,  рекреацияларда,  гимнастика  және  мәжіліс 

залдарында,  шеберханаларда,  баспалдақ  алаңдарында  апаттық  жарықтандыру  орнату 

қажет.  

 

5.7.4 Электрмен қамту және әлсіз токты құрылғылар  

 

5.7.4.1 Мекемелердің  электр  техникалық  құрылғылары  ҚР  ҚН  4.04-07  мен 



қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.  

5.7.4.2  Оқушылар  сарайының  ғимараты  технологиялық  дыбыстық  фикация 

жүйесімен, концерттерді тарату және қызметтік үй-жайлар бойынша хабарлау жүйесімен 

жабдықталуы тиіс.  

5.7.4.3 Электр қалқандарының бөлмелері мыналармен жабдықталуға тиіс.: 

а) сигналды 

диспетчерлік 

қызметке 

шығару 

арқылы 


өрт-қорғаныс 

сигнализациясымен; 

б) электрмен жабдықтаудың бірінші санатты сенімділіктегі айнымалы токтың электр 

қуат көзімен, қорды автоматты түрде қосумен; 

в) қорғаныстық жерге тұйықтаумен. 

5.7.4.4 Электр сымы жасырын орнатылуы тиіс. 

5.7.4.5 Бұқаралық шаралардың көрермен залдарынан және мәжіліс залдарынан шыға 

беріс жерде апаттық жарықтандыру торабынан сәулелік көрсеткіштер орнатылуы тиіс.  

5.7.4.6 Апаттық жарықтандыруды қуаттандыру үшін міндетті түрде аккумуляторлық 

батареялар бар қондырғы қарастырылуы тиіс.  

5.7.4.7 Хабарлау  мен  адамдарды  қауіпсіз  жерге  эвакуациялауды  басқару  жүйесі 

адамдарды өрттің шығуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуы жөніндегі 

ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуі тиіс.  

5.7.4.8 Хабарландыру  мен  адамдарды  қауіпсіз  жерге  көшіруді  басқару  жүйесінің 

жұмыс уақыты объектіден көшіру уақытынан кем болмауы тиіс.  



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

20 



5.7.4.9 Бейнебақылау жүйесі  тек күзеттік қызметтерді орындап қана емес, сонымен 

қатар  тәртіпті  қорғау  жөніндегі  қызмет  басқармасына  үрейлі  жағдайды  бағалау  үшін 

ақпарат беруі тиіс. 

 

 



5.8 Халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтары  үшін  қолжетімділікті  қамтамасыз 

ету бойынша талаптар  

 

5.8.1 Мүгедек 

балалардың  бір  мезгілде  келуіне  арналған  балалар  мен 

жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелері  ҚР  ҚН  3.06-01  талаптарын  ескере  отырып 

жобалау керек.  

5.8.2 Спорт  объектілері  мен  кешендер  аумағының  жоспарлау  шешімдері, 

жабдықталуы  мен  көріктендірілуі  келушілердің  мүмкіндігі  төмен  барлық  топтардың, 

оның ішінде  кресло-арбадағы келушілердің қауіпсіз әрі кедергісіз жүруін және олардың 

барлық құрылыстар мен ашық спорт алаңдарына еркін жетуін қамтамасыз етуі тиіс.  

5.8.3 Мекемелерді  жобалау  кезінде  халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтарының  үй-

жайларға  қолайлы  кіруіне  және  еркін  жүруіне  арналған  арнайы  құрылғылар 

қарастырылуы  тиіс.  Халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтарының  жүру  жолдарында  үй-

жайлардың деңгейлер айырмасын жою қажет.  

5.8.4 Ғимараттарға  кіретін  жерлерде  баспалдақтармен  қатар,  мүмкіндігі  шектеулі 

топтарға арналған пандустар, арнайы есіктер мен тамбурлар, сондай-ақ басқа да құралдар 

жобалануы қажет.  

5.8.5 Мүмкіндігі  шектеулі  топтар  үшін  қозғалыс  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін 

қозғалу  жолындағы  барлық  ұзына  бойғы  еңістер  пандустар  үшін  жол  берілген  тиісті 

параметрлерден аспауы тиіс.   

 

5.9 Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар  



 

5.9.1 Балалардың  және  жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелерін  орналастыру 

кезінде мынадай табиғат қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ету қажет: 

а)  жақын (алыстатылған) экологиялық, экономикалық, оны пайдаланудың басқа да 

салдарларын  есепке  ала  отырып,  табиғи  ортаны,  экологиялық  қауіпсіздікті  қалпына 

келтіру; 

б) қолайлы қоршаған ортаны сақтау басымдығын, биологиялық әр түрлілікті; 

в) объектіні салу орнын таңдау кезінде құқықтық экологиялық талаптарды сақтауды; 

г)  санитарлық  ережелерді  орындау  мен  объектілерді  орналастыру  кезінде  олардың 

санитарлық-қорғаныс аумақтарын орнату. 

5.9.2 Қосымша мынадай экологиялық талаптарды қарастыру қажет, атап айтқанда: 

а) жануарлар әлемінің мекендеу ортасы мен көшу жолдарын сақтауды, аумақтар мен 

акваторийлердің қорғаныс учаскелеріне тиіспеуді қамтамасыз ету; 

б) атмосфералық ауа сапасының нормативтерін сақтау, жағдай деңгейін есепке алу, 

оның сапасының өзгеруін болжау; 



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

21 



в)  объектінің  су  мен  табиғи  орта  жағдайына  әсер  ету  есебі,  объектіні  салу  орнын 

келісу, су қорларын  және қоршаған ортаны қорғау, тиісті органдармен келісілген табиғи 

ресурстарды пайдалану және қорғау; 

г) объектіні салу орнын белгілеуді келісу және жобаның экологиялық сараптамасын 

жүргізу. 

 

6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ 



ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР 

 

6.1 Энергия тұтынуды азайту бойынша талаптар 

 

6.1.1 



Б

алалардың және жасөспірімдердің жаппай демалу мекемелерін

 

жобалау, атап 



айтқанда  энергия  тұтынуды  азайту  қолданыстағы  нормативтік  құжаттарға  сәйкес 

орындалуы  тиіс,  оның  талаптары  энергетикалық  ресурстарды  тиімді  пайдалануға 

бағытталған.   

6.1.2 


Б

алалар  мен  жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелерін

 

қоршау


 

конструкциялардың жылу сақтағыш қасиеттерін заманауи инженерлік энергия үнемдегіш 

әдістер  мен  технологияларды  бір  мезгілде  пайдалану  жағдайында  көбейтуді  есепке  ала 

отырып жобалау керек.  

6.1.3 Жобалау  кезінде  энергия  пайдаланудың  оңтайлы  деңгейі  мен  қолдағы  бар 

ресурстарды  тиімді  жұмсауды  қамтамасыз  ететін  заманауи  энергия  үнемдегіш 

технологияларды пайдалану керек.  

6.1.4 Мекемелер  жылу  энергиясын,  суық  және  ыстық  суды,  электр  энергиясын 

есептеу  құралдарымен  жабдықталуы  тиіс,  сондай-ақ  жалпы  пайдалану  орындарында 

адамдар  болмаған  кезде  жарықтандыруды  өшіруді  қамтамасыз  ететін  қондырғылар 

орнатуға жол беріледі.   

6.1.5 


Б

алалар  мен  жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелерін  жобалаған  кезде 

аумақты  жарықтандыру  үшін  жаңартылатын  энергия  көздерін  пайдалануға  рұқсат 

беріледі.  

 

6.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану 

 

6.2.1  Балалардың  және  жасөспірімдердің  жаппай  демалу  мекемелерін  жобалау 



кезінде  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  үшін  Қазақстан  Республикасының  

табиғат  пайдалану  саласындағы  нормативтік-техникалық  құжаттар  талаптарын 

орындауды қамтамасыз ету керек.  

6.2.2 Жобалау,  салу  және  пайдалану  кезінде  шикізатты,  материалдар  мен  

энергия  тасымалдаушыларды  үнемді  жұмсауды,  ресурстарды  қайталама  пайдалану  мен 

қалдықтарды кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін технологияларды пайдалану керек.  

6.2.3 Жобалау  кезінде  су  ресурстарын  оңтайлы  пайдалану  жөніндегі  шараларды 

есепке алған жөн.  




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау