Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа 4-қосымша



жүктеу 2,12 Mb.
бет5/12
Дата14.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#13329
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Іс-шараларды орындау



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

1

Ауданда өнеркәсіп салаларын дамытудың жыл сайынғы өсу қарқынын қамтамасыз ету

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына , аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

аудандық кәсіпкерлік бөлімі

2011-2015 ж.ж.

Аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің 27,6 пайызын өнеркәсіп өнімі құрайды. Ауданда 118 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 9 орта, 95 шағын және 11 қосалқы кәсіпорындар құрайды.Аудан өнеркәсібі 3 басымдықта дамуда:

1 басымдық - тамақ өнеркәсібі саласы - ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сусындар шығару. Бұл салада 2012 жылы 15999,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 17,9% құрады. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 52,8%.

2 басымдық - ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау. Мұнда 985,1 млн.теңгеге өнім өндіріліп, өсім 63,7% құрады.

3 басымдық - құрылыс материалдарын шығаратын өндірістің дамуы. Бұл салада 7465,4 млн.теңге өнім өндіріліп, өсім 46,9 % құрады. Өнеркәсіп саласының 91,6% өңдеу өнеркәсібі құрайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар 30306,6 млн.теңгенің өнімін өндірген. Жалпы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 2012 жылы 33068,0 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2011 жылмен салыстырғанда 113,7% немесе 3973,6 млн.теңгеге артып отыр. Ал нақты көлем индексі 103,7% құрады. Жалпы бұл салада 509 жаңа жұмыс орындары

2

Үдемелі индустриалық-инновациялық даму МБ іске асыру бойынша жобалар ұсыну

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына , аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

аудандық кәсіпкерлік бөлімі

тұрақты

Өнеркәсіп саласының дамуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы едәуір өз әсерін тигізуде. Келісім бойынша Индустриаландыру картасына 2012 жылы 7 жоба енгізу жоспары болса, нақты 10 жоба еніп, 2012 жылы оның 5 жобасы іске асып, барлығы 159 жаңа жұмыс орындары ашылды, олар: 1) «Алтын дән» ЖШС - 500 мал басын бордақылайтын цехты модернизациялап, жаңадан сүт өңдеу жүйесін іске қосты, 22 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылғаннан бері 30 тонна ірі қара мал еті, 665,6 тонна сүт немесе барлығы 31,2 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2) Медицинаға қажетті бір рет қолданатын бұйымдар шығаратын «Эко фарм Интернейшнл» ЖШС кәсіпорны іске қосылып, бүгінгі таңда 65 адам жұмыспен қамтылған.

3) «СММК Жаңа-Талап» ЖШС- сүт фермасы мен сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 19 жаңа жұмыс орнын ашты. Жобаның қуаттылығы жылына 280 тонна сүт өнімдерін өндірді

4) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы, бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның қуаттылығы 2500 дана тігін бұйымдарын шығару.



5) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған "Kagaz Shahary SEZ" ЖШС қағаз шығаратын кәсіпорын, ашылған жұмыс орны 33 адам. Кәсіпорын күніне 20 тонна «Бәйтерек» маркалы қораптық қағаздарын шығаруда. Шикізат беруші Финляндия мемлекеті.

3

Аудан көлеміндегі өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына , аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

аудандық кәсіпкерлік бөлімі

тұрақты

Ауданда 118 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 9 орта, 95 шағын және 11 қосалқы кәсіпорындар құрайды. Ірі кәсіпорындар «Шымкент құс» -өнім көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 105,2%, «Барыс 2007» өсімі -13%, ЮНИКС өсімі- 16,9%, ЮКМЗ АҚ өнім көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 66,3% төмендегін. Кәсіпорынның дебиторлық қарызы 11,6 млн.тңг, міндеттемелер бойынша қарызы 2,6 млн.тңге. барлық кәсіпорындардан тоқсан сайын төлқұжаттары жинақталып тұрады.

4

Кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттігін арттыру бойынша, халықаралық сапа стандартын енгізуге, саланың техникалық-технологиялық жаңғыруына, инновациялы қызметтің дамуына жағдай жасау

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына , аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Жоғары технологиялы өнім өндіретін «Эко фарм интернейшнл» ЖШС кәсіпорны 2012 жылы іске қосылып, бүгінгі таңда 65 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында 24 адам жоғары технологиялы өндірісті игерген. Бүгінгі таңда «ЮКМЗ» АҚ кәсіпорнында халықаралық сапа стандартын ИСО-9000 стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

5

Бәсекелестік өнім өндіретін кәсіпорындарды облыстық, республикалық көрме-жәрмеңкелерге ("Алтын сапа") қатысуын қамтамасыз ету

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудан әкімдігіне ақпарат, жылына 2 рет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

2012 жылдың 17 тамызында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсына ауданнан 3 кәсіпорын қатысты: «Swed kaZ» ЖШС «Тұрғындарға арналған ең үздік тауар» номинациясында 2-ші орынды жеңіп алды, «ЮКМЗ» АҚ «Ең үздік өндірістік тауар» номинациясында жүлдеге иеленді, «Эм Нұр» ЖШС қатысқаны туралы дипломмен марапатталды.

6

Аудан кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкес сертификациялау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізу

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Аудан көлемінде 2012 жылдың 31 желтоқсанына 31 мекеме ИСО халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатын алған. Бүгінгі таңда аталған сертификатты енгізу туралы жұмыстар жалғасын табуда.

7

Ауданның кен қазбаларын пайдаланатын кәсіпорындардың жұмысына мониторинг жүргізу

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудан әкімдігіне ақпарат, ай сайын

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

2012 жылы Сайрам ауданның жер қойнауын пайдалануға облыс әкімдігімен жасалған келісім-шарттың саны - 66. Оның ішінде: барлау және өндіру жұмыстарына жасалған келісім-шарттың саны – 15, өндіру жұмыстарына – 51. Құмды-гравийлі қоспаны өндіру жұмыстарына – 49, саздықты барлау және өндіруге – 16, құмды өндіруге – 1 жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарт жасалған. Аудандық жер комитетінің берген мәліметі бойынша 66 кәсіпорынның 34 жер қойнауын пайдаланушыларда жер теліміне мемлекеттік актілері бар. Келісім шартқа отырған кезде жер қойнауын пайдаланушылардың жер телімдері өзен арналарынан берілгендігі анықталды

8

Аудан каръерлерінің жұмысына мониторинг жүргізу.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудан әкімдігіне ақпарат, ай сайын

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Аудан көлемінде барлығы 22 кәсіпорын су қорғау белдеулерінен шығару жұмыстарынан кейінгі учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бүгінгі күнге жұмысшы топ 15 кәсіпорынға тексеру жұмыстарын жүргізілді. Тексеру жұмыстары барысында 15 кәсіпорында (рекультивация) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгені анықталып, акт түзілді. Акт көшірмелері облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданды.

9

Тамақ өнеркәсібін дамыту

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

Ауданда тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар 2012 жылы 15999,3 млн.теңгенің өнімін өндірген, өнім көлемі жоспарланған (13865,2 млн.теңге) өнім көлемінен 2134,1 млн.теңгеге артық өндірілген немесе 2011 жылмен салыстырғанда 17,9%. Оның ішінде: тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 13166,3 млн.теңгенің (өсім 16,9%), сусын өндіретін кәсіпорындар 2833,0 млн.теңгенің (өсім 23,0%) өнімін өндірді. Салада «Шымкент құс», «Қызыл жар», «Сайрам сүт», «Эм Нұр», «ЮНИКС» және басқа кәсіпорындар белсенді қызмет атқаруда.

10

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісінде өнім көлемін арттыру

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

2012 жылы саладағы кәсіпорын «Оргсинтез СБН» ЖШС Ресейдің Уфа қаласының кәсіпорнынан алынатын шикізаттың (гудрон) тапшылығына байланысты (өйткені шикізат алатын кәсіпорында тексеру жұмыстарының жүруіне байланысты проблемалар туындаған) кәсіпорын өнім өндірмеген. 2012 жылдың қыркүйек айында Ресеймен шикізат алу келісім-шарты жаңаланып, 2013 жылдың сәуір айынан бастап өндіріс толық қуаттылықта іске қосылуы күтілуде. 2012 жылдың қараша айында өндірісте 1709,9 тонна немесе 112398,0 мың теңгеге мұнайлы битум өндірілді.

11

Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісінде өнім көлемін арттыру

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

Салада «Vin House» 185,6 мың литр этил спиртін өндірген. Синтетикалық жуғыш заттар шығаратын «Swed kaZ» орташа және төменгі табысты тұрғындарға қол жетімді бағада "Барф" және "Ракша" маркалы cинтетикалық жуғыш заттар шығаруда. 2013 жылы екінші жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың 12 айында 569,8 тонна немесе 61,2 млн.теңгеге өнім өндірілді.

12

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісін дамыту

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

Салада «Шымпласт» және «Рин К» ЖШС пластикалық су және кәріз құбырларына арналған трубалар мен пластикалық есік терезелер шығаруда. 2013 жылдың наурыз айында «Шымпласт» ЖШС БЖК 2020 МБ аясында пластикалық трубалар шығаратын қосымша жүйені іске қосып, қосымша 8 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.. 

13

"ЮКМЗ" АҚ

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлімі

2011-2015 ж.ж.

«ЮКМЗ» АҚ 2012 жылы 149 456,0 млн.теңгенің өнімін өндірді. Кәсіпорында жұмысшылар саны-168 адам. Орташа айлық көлемі 50947 мың теңге. Жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 11,2 млн.теңге.

14

Оңтүстік АЭА жаңа өндірістерді құру бойынша жұмыстар жүргізу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

"Оңтүстік" АЭА дирекциясы, ОҚО ӨжКБ, Кәсіпкерлік бөлімі

тұрақты

Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы, бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның қуаттылығы 2500 дана тігін бұйымдарын шығару.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған "Kagaz Shahary SEZ" ЖШС қағаз шығаратын кәсіпорын, ашылған жұмыс орны 33 адам. Кәсіпорын күніне 20 тонна «Бәйтерек» маркалы қораптық қағаздарын шығаруда. Шикізат беруші Финляндия мемлекеті.



15

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарына мониторинг жүргізу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Салада «Стандарт Цемент» ЖШС 700,2 мың тонна цемент, «Күмбез құрылыс» және «Сайрам құрылыс» ЖШС кәсіпорындары 17,3 мың текше метр құрылыс кірпіштерін, ЖБИ-С кәсіпорны 14853 тонна құрылыс қажетіне арналған бетон заттарын өндірді.

16

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын өндіретін кәсіпорындарға мониторинг жүргізу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Сала кәсіпорындары 2012 жылы 2922,6 млн.теңгенің өнімін өндірген. Өнім көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 83,8% құраған.  Өнім көлемінің төмендеуі металл құрылымдарға тапсырыстың төмендеуі себебінен болып отыр.

17

Жобаларды қаржыландыру үшін қаржы тарту бойынша мемлекеттік даму институттары және екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) өзара әрекеттесу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында «Team-center» ЖШС, «Максимум» АИО» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры және ЕДБ өкілдерінің қатысуымен 5 семинар-кеңестер өтті.Семинарларда мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай, сонымен қатар қаржылай емес қолдау көрсету бағдарламаларының бірі «Сервистік қолдау» бағдарламаларының тиімділігі атап өтілді.

18

Инвестициялық жобаларды іске асырылуына мониторинг жүргізу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

2012 жылдың сәуір айында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен құсқа арналған жылыту құбырларын шығаратын өндіріс "Қаз құс батареясы" ЖШС іске қосылып, 30 жұмыс орнын ашты. Жобаның құны 307,5 млн.теңге.

19

"Максимум" АИО ЖШС қаржыландыруы

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

«Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС арқылы 829,3 млн.теңгеге 152 жоба мақұлданып, оның 151 жобасы 953,1 млн.теңгеге нақты қаржыландырылды. Осы қаржыланған жобалар есебінен 2011 жылы 263 жұмыс орны ашылса, 2012 жылы 287 жұмыс орны ашылып отыр. Қаржыланған жобалар есебінен 2011 жылы 2367,0 мың теңге, 2012 жылы 638,0 мың теңге салық төленді.

20

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2016 ж.ж.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012 жылы 24 жобаны ұйымдастыру керек болса, нақты 26 жоба ұсынылып, бүгінгі таңда құны 5158,2 млн.теңгелік 20 жоба аталған бағдарлама аясында қаржыланды. Оның ішінде: 14 жоба бірінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау, 6 жоба инфрақұрылымдарды жеткізу бойынша.

21

Инновациялық - белсенді кәсіпорындар үлесін арттыру

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

Аудан көлеміндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың өнім көлемі 6985,0 млн.теңгені құрады. Оның ішінде: Барыс 2007 - 1672,7 млн.теңге, Стандарт Цемент – 5251,1 млн.тңг, «Swed kaz» - 61.2 млн.тңг. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 23%. 2011 жылы бұл көрсеткіш - 8,8% құраған. 2012 жылға жоспарланған өнім көлемінн 884,1 млн.теңгеге артық.

22

Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін енгізген және сертификацияланған кәсіпорындарға мониторинг жүргізу

аудан әкімдігіне облыстық кәіспкерлік және өнеркәсіп басқармасына мәлімет

аудандық кәсіпкерлік бөлім

2011-2015 ж.ж.

Аудан көлемінде 2013 жылыдың 1 қаңтарына 33 кәсіпорын ИСО 900 халықаралық стандарға сәйкес сертификатын алған. Оның ішінде 10 кәсіпорын агроөнеркәсіп кешені бойынша, 23 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдеріне алған.

23

Талаптарға сәйкес жаңғыртуға кедергі жасайтын факторларды анықтау үшін сауда базарларына талдау жасау

ақпарат

аудандық кәсіпкерлік бөлім

тұрақты

Сайрам ауданы аумағында 15 базар сауда орындары бар, оның ішінде 2 базар сауда орталығы толығымен жұмыс жасамауда. Атап айтқанда, (Ақбарыс, Махамбет) базар басшыларымен халыққа жеңілдіктер жасауға өтініш білдіріп әкімшілк тарапынан базарға көше бойында отырған сатушыларға базар ішінен орын алып сауда жасауларына түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Алайда сатушылар базар ішіне адамдардың кірмейтіндігін, салыққа төлем төлей алмайтындығын айтып көше бойына сауда жасауда.

жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау